Жолаушыларды маршруттық жүйемен тасымалдау


Мазмұны
Кіріспе
І Теориялық бөлім
- Маршруттың мінездемесі . . .
- Жылжымалы құрам түрін тандау . . .
ІІ Ұйымдастыру бөлімі
2. 1 Маршруттың техника- пайдалану көрсеткіштерін есептеу . . .
2. 2 Өндірістік бағдарламаны есептеу . . .
2. 3 Автобустар қозғалысының кестесі . . .
2. 4 Маршрут паспортын құру . . .
ІІІ Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауға қойылатын талаптар . . .
Қорытынды . . .
Кіріспе
Менің курстық жобам жолаушыларды маршруттық жүйемен тасымалдау. Жолаушыларды маршрутпен тасымалдағанда ең алдымен жолаушыларға сапалы қызмет көрсете білу қажет. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудін негізгі талаптары қарастырылады оларға жатады:
1. Кіргенде және шыққанда ыңғайлылық
2. Салонның жылытылуы мен желдетілуі
3. Шу мен түтіндеудін болмауы
4. Қозғалыстың жоғарғы жылдамдығы
5. Қозғалыс қауіпсіздігі т. б
Автобустық тасымалдау түрлері 7-ге бөлінеді:
1. Қалалық автобустық тасымалдар;
2. Қала маңы;
3. Ауылдық;
4. Қалааралық;
5. Халықаралық;
6. Экскурсиялық, туристік;
7. Арнайы және бірреттік:
Қалалық маршруттар жергілікті органдарымен келісім бойынша ашылады. Комиссия құрамына жол полиция қызметкерлері кіреді. Жолаушылардын автокөлік мекмесінің қызметкерлері маршруттарға автобус қозғалысына қалыпты шарттармен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар жөніндегі Акт жасайды.
Маршруттық жүйе дегеніміз-қала, аудан, облыс, республика территориясындағы жалпы жолаушылар көлігінің маршруттарының барлық түрінің жиынтығын айтамыз.
Автобустық тасымалдар өлшемі және бағыты бойынша белгіленген немесе анықталған маршрутта ұйымдастырылады.
1. 1 Маршруттың мінездемесі
Маршрут - бастапқы және соңғы пункттері бар жүру жолы. Автобустық маршруттар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты маршруттарда автобус қозғалысы бір жылға, ал уақытша маршруттарда белгілі уақыт периодына ғана ұйымдастырылады.
Қала территориясында орналасуы сипаты бойынша маршруттар диаметрлік, радиалдық, тангенциалдық, сақиналы, жартылай сақиналы және аралас болып келеді. Автобустық маршруттар орналасуы бойынша орталықтанған және периферилі, ал бағыты бойынша - негізгі және маршрутқа көліктің барлық түрлерін таситын болып бөлінеді.
Пайдалану шарттарына және қозғалыс сипатына байланысты маршруттарды жай, қысқартылған, жедел және экспрес түрлерге бөледі.
Жай маршрутта автобустар барлық тоқтау аялдамаларына тоқтауға міндетті.
Қысқартылған маршрут жай маршруттың жолаушы ағыны жоғары болатын белгілі бір бөлігінде ғана ұйымдастырылады.
Қозғалыстың жедел режимінде автобустар тек алдын - ала бекітілген аралық аялдау пункттерінде ғана тоқтайды.
Экспресс автобустық маршрутта автобус қозғалысы соңғы пункттер арасында тіке бағытпен жүріс жолында аялдамайтын етіп ұйымдастырылады.
Автобустық маршруттарды бекіту - тасжолды, қозғалыс бағытын, соңғы пункттері мен аралық аялдамаларды рационалды негіздеу және таңдау
-мұқият әрі қажетті техникалы-экономикалық негізделіп жүргізілуі тиіс, өйткені автобустық маршруттар жүйесі жолаушылар тасымалының
қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы, қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіздігі, автобус бригадаларының еңбек режимі мен автобустарды қолдану тиімділігіне ерекше басымдылық береді .
Автобустар қозғалысының бағытын, сондай-ақ маршруттың соңғы және аралық пункттерін таңдау халықтың тасымалға деген қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады; соның ішінде жолаушы ағыны барлық маршрут ұзақтығында барынша қалыпты болуы керек. Маршрут таңдау кезінде келесі жалпы талаптарды ескерген жөн:
- Автобустық маршруттардың соңғы пункттері етіп жолаушылар ағымы үлкен болатын жерлерді бекітеді (вокзалдар, метролар, базарлар және т. б. ) . Маршруттың соңғы пункттері автобустар тұруға және айналуға арналған аумақтармен жабдықталуы тиіс;
- Тұрақты жолаушы ағыны бар жаппай жолаушы жиналатын қалалық басты пункттер жақын жерлердегі қысқа бағыттармен де, барлық қала аудандарымен көліктік байланысы болуы тиіс. Бұл халықтың жүріске кететін шығын мен уақытты барынша азайтып, жолаушылар ағымын көбейтеді;
- Автобустық маршрут жүйесі жолаушылар жүрісінің негізгі бағыттарына сәйкес келіп, оларға барынша көлік ауыстырусыз жүрісті қамтамасыз етуі керек;
- Автобустық маршруттарды жол қабатының көшелердің жалпақтығы мен көлденең профилі, сонымен қатар жылжымалы құрамның пайдалану - техникалық мінездемесі ескерілетін, автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес, жеткілікті түрде жабдықталған жағдайда бекітіледі.
- Қалалық бағыттағы автобустық маршруттар өзара және өзге де көлік түрлерінің маршруттарымен келісілген түрде болуы керек.
- Автобустық маршруттың ұзақтығын қаланың көлемі мен жоспарына сәйкес бекітеді. Соның ішінде жүрістегі кідірістің неғұрлым аз, ал автобустардың толтырылуын барлық маршрут бойына біртекті болуын ескереді. Таңдаулы бағытқа сәйкес автобустардағы ең көп жолаушы алмасатын пункттерді анықтап, күтілетін жолаушы ағынын есептейді, тасжолдың техникалық-экономикалық негізделген түсіндірмелк жазбасын құрады.
Берілген курстық жобада Чернышевский, Дәріхана, Филармония, Ғ. Ибатов аялдамалары арқылы өтетін қалалық маршрут қарастырылады. Маршрут ұзақтығы 33км. Аралық ұзақтығы 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - Аралықтар ұзындығы
Технологиялық есеп үшін керек берілгендер болып табылады:
Автобустарды линияға шығару коэффициенті 0, 83
Жылдағы жұмыс күндері 365
Нольдік жүрістің уақыты, 0, 78
Сыйымдылық коэффициенті
Маршурттың ұзындығы, 33 км
Бір рейстегі автобустың қозғалыс уақыты, 75мин
Нарядтағы уақыт, 16сағ
Аралық пунктерде тұру уақыты, 4 мин
Түскі үзіліс уақыты, 45 мин
Соңғы пунктерде тұру уақыты, 7 мин
Техникалық жылдамдық, 20, 7 км/сағ
Жолаушының жүруінің орташа ұзақтығы, 15 км
Тәуліктік тасымал көлемі, 286 жолаушы
Бір учаскідегі жолаушылар ағынының ең көп саны, жолаушы 20
Маршруттың сыйымдылығы, 25 жолаушы
1. 2 Жылжымалы құрам түрін тандау
Жолаушылар тасымалдау әр түрлі сыйымдылықтағы автобустармен жүргізіледі. Маршурттағы жолаушылар ағынын зерттеу нәтижелерін біле отырып автобустардың ең тиімді түрін таңдайды және қажетті автобустар санын анықтайды.
Белгілі бір маршуртқа қажетті сыйымдылықты автобусты таңдау кезінде мына жағдайларды ескереді:
- бір бағыттағы қарбалас қарбалас уақыт кезінде аса көп жүктелген участіктегі жолаушылар ағынының санын;
- тәулік сағаттары бойынша және маршурт учаскілері бойынша жолаушылар ағынының тұрақсыздығы;
-күндізгі мезгілдегі қарбалас уақытта, кешкі мезгілде автобустардың арасындағы
- жол шарттарымен;
- жолаушыларға берілетін орындар санын;
- көшелердің өткізу қабілетін;
- маршурттағы автобустардың тасымалдау қабілетін;
- тасымалдың өзіндік құнын.
Қалалық 22 маршрутында (Тұрғынқалашық-Сапар автовокзалы) қолданылады.
Макс. жылдамдығы,
Км/сағ
сыйымдылығы
ІІ Ұйымдастыру бөлімі
2. 1 Маршруттың техника- пайдалану көрсеткіштерін есептеу.
1. Маршурттағы уақыт, сағ.
, (3. 1)
мұнда, - нарядтағы уақыт, сағ;
- нольдік жүріс, сағ.
2. Рейстегі уақыт, сағ.
, (3. 2)
мұнда, - қозғалыс уақыты;
- рейстегі барлық тоқтау пунктеріндегі автобустың тұру уақыты, сағ.
3. Айналым уақыты, сағ.
, (3. 3)
мұнда, -соңғы пунктерде тұру уақыты, сағ.
4. Айналым саны
, (3. 4)
5. Рейс саны
(3. 5)
6. Маршурттағы түзетілген уақыт, сағ.
, (3. 6)
7. Нарядтағы түзетілген уақыт, сағ.
, (3. 7)
8. Ауысу коэффициенті
, (3. 8)
мұнда - жолаушы жүрісінің орташа ұзақтығы, км.
- маршурт ұзындығы.
9. Техникалық жылдамдық, км/сағ
, (3. 9)
10. Бағыттың жылдамдығы, км/сағ
, (3. 10)
11. Бір айналымдағы пайдалану жылдамдығы, км/сағ.
, (3. 11)
12. Нольдік жүріс, км
, (3. 12)
13. Бір күндегі маршурттағы жолаушылармен бірге жүрген жүріс, км.
, (3. 13)
14. Орташа тәуліктік, км.
, (3. 14)
15. Бір жұмыс күні үшін жүрістегі пайдалану коэффициенті
, (3. 15)
16. Бір жұмыс күні үшін пайдалану жылдамдығы, км/сағ
, (3. 16)
17. Рейстегі автобус өнімділігі, жолаушы
, (3. 17)
мұнда, - толу коэффициенті
q - номиналды сыйымдылық, жолаушы.
18. Бір рейстегі автобустың өнімділігі, жолаушы *км.
(3. 18)
19. Бір жұмыс күні үшін автобустың өнімділігі, жолаушы
(3. 19)
20. Бір жұмыс күні үшін автобустың өнімділігі,
жолаушы/ км.
(3. 20)
21. Маршуртқа қажетті автобустар саны.
(3. 21)
мұнда - тасымалдың тәуліктік көлемі, жолаушы.
22. Қарбалас уақыттағы қажетті автобустар саны
(3. 22)
мұнда - максимальный пассажиропоток в час «пик», пасс.
23. Автобустар қозғалысының жиілігі, авт/сағ.
(3. 23)
24. Автобустар қозғалысының интервалы, мин.
(3. 24)
Маршруттың техника- пайдалану көрсеткіштерін есептеулері 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2 - Маршруттың техника- пайдалану көрсеткіштері
2. 2 Өндірістік бағдарламаны есептеу
Өндірістік бағдарламаны есептеуді келесі көрсеткіштер бойынша жүргіземіз.
25. Автобустардың тізімдік саны, авт.
(3. 25)
мұнда - автобустарды линияға шығару коэффициенті.
26. Автокөлік мекемесіндегі автокөлік күндер
(3. 26)
мұнда, -күнтізбелік күндер саны.
27. Пайдаланудағы автокөлік күндер (автокүн)
(3. 27)
28. Период үшін маршрут үшін рейс саны
(3. 28)
29. Пайдаланудағы автомобиль- сағ, сағ. .
(3. 29)
30. Маршурттағы автомобиль- сағ., сағ.
(3. 30)
31. Периодтағы автобус жүріс, км .
(3. 31)
32. Периодтағы жолаушылармен бірге жүрілген жүріс, км.
(3. 32)
33. Периодтағы тасымал көлемі, жолаушы
(3. 33)
34. Периодтағы маршурт үшін жолаушылар ағыны, жолаушы*км.
(3. 34)
35. Жолаушының жүрісінің орташа ұзақтығы, км.
(3. 35)
Өндірістік бағдарламаның есебі 3 кестеде көрсетілген.
Кесте 3 - Өндірістік бағдарламаны есептеу
2. 3 Автобустар қозғалысының кестесі.
Маршруттар бойынша автобустар қозғалысы қатаң бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
Қозғалыс кестесі - пайдалану бөлімінің басты құжаты. Бұл кестеде автобустар қозғалысының режимі, олардың уақыт бойынша қолданылуы, автобустық бригадаларының еңбегін ұйымдастыру және Автокөлік мекемесі жұмысының негізгі пайдалану мен экономикалық көрсеткіштері жазылады.
Автобустар қозғалысының кестесі маршруттық кестесінің негізі болып табылады. Маршруттық кесте қалалық маршруттар үшін кестелік немесе графикалық формада жасалады.
Кесте 4
А - бастапқы пункт Б - соңғы пункт
Кесте 5 - Маршруттың жұмыс кестесі
Тоқтау
пунктінің
аты
АКМ-нен шығу уақыты: 6:30
Түскі үзіліс уақыты:
1 кезек 9:14 - 9:52
АКМ-не келу уақыты: 22:00
2 кезек 18:33 - 19:08
2. 4 Маршрут паспорты.
Маршрут паспорты - маршрут туралы толық мәлімет жазылатын құжат. Маршрут паспорты бекітілген формада құрылады. Маршруттың атауы жазылады, берілген маршрут Пригород-Т/Ж вокзалы аялдамасы. Маршрут паспортында линиялық және жол шарттары: көпір, өзен, батпақтар көрсетіледі.
Маршрут паспортында маршрут өтетін елдімекенннің барлық көшелерінің толық атауы жазылады.
Маршрут бойынша жолаушылардың жол ақысы есептелінеді Пригород-Т/Ж вокзалы.
Тарифтік кесте бойынша пункттер арасындағы сәйкестіктерімен катар маршрут паспортында жол мінездемелері көрсетіледі.
Паспортта міндетті түрде маршруттың ашылңған күні, автобус жол қозғалысының басталуы мен аяқталуы, бір күндік және бір жетілік кестесі көрсетіледі. Пасаорттың соңында жұмыс туралы есеп көрсетіледі. АКМ мен автобус маркасы көрсетілген маршрут жұмыс жасайтындар жұмыс туралы есебі көрсетіледі.
Маршрут паспортында төмендегі мәліметтер өзгеріп тұрады(жылына бір рет)
- маршруттың номері;
-атауы(маршруттың соңғы пункттері аты көрсетіледі) ;
-паспортты жасаған күні, паспортқа өзгеріс енгізілген күні;
-маршруттың ұзындығы әр бағытқа қозғалғаны маршруттың жұмыс уақыты;
-маршруттың уақыты маршрут қозғалысының ашылған себебі жол ақысының тарифінің қолданылуы;
-маршрут өтетін жолдың схемасы көшелердің атымен көрсетілген;
-маршруттағы жеке аялдама пункттерінің ара қашықтығының кестесі;
-аялдама пунктіндегі павилондардың жағдайы туралы мәліметтер;
-маршрут жұмысының жылдық есеп көрсеткіші;
-маршруттың таңертеңгі ашылу, кешкі жабылу уақыты, маршруттың орташа қозғалу интервалы.
№ 22 бағыттың паспорты:
6:30-22:00
Интервалы 11 мин
ІІІ Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдауға қойылатын талаптар
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау
1. Жалпы ережелер
1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут желісі бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлігін дамытудың бекітілген кешендік схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легін талдау негізінде құрылады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жолаушылар мен багажды қала шегінде тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Бұл ретте елді мекендер арасындағы қала маңындағы қатынастарда келе жатқан жолаушыларды қала шегінде отырғызуға және түсіруге жол беріледі. Қала маңындағы автомобильмен тасымалдауда жолаушылар мен багажды отырғызуға және түсіруге арналған аялдамаларды қаланың жергілікті атқарушы органдарының келісуі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршрут желісі, маршруттардың қосарлануы, сондай-ақ бір маршруттың екіншісіне ең аз қабаттасуын
қамтамасыз ететіндей етіп құрылады.
4. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгі жолаушылар легімен негізделеді, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желісінің жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиіс.
2. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты
тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi
5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердің бірінде қызмет көрсетіледі:
1) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегі, қала шегінде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 м дейін болуы тиіс;
2) кемінде екі жолаушы есігі бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетілген аялдама пункттеріне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшін ғана), олардың арасындағы қашықтық 1, 5-ден 3, 0 км дейін болуы мүмкін.
6. Халыққа қызмет көрсету ерекшелігіне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкін:
1) тәуліктің барлық белгіленген кезеңі және аптаның барлық күндері ішінде қолданылатын тұрақты;
2) белгілі бір күндерде немесе тәуліктің кезеңдерінде қолданылатын (демалыс, мерекелік күндер немесе «қауырт» сағаттар) қосымша;
3) алдын ала белгіленген уақыт аралығы ішінде қолданылатын (саяжай кезеңінде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері жұмыс істеген кезде) маусымдық;
4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегі режимде қызмет көрсетуге кедергі жасайтын жол желісінде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.
3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты
тасымалдауды жүзеге асыру тәртібi
7. Жолаушыларды автокөлік құралына отырғызу және түсіру мынадай дәйектілікпен жүргізіледі:
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсіру, одан кейін отырғызу жүргізіледі;
2) екі есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - екі есік арқылы, ал отырғызу артқы есік арқылы жүргізіледі;
3) үш және одан артық есігі бар автобустарда жолаушыларды түсіру - барлық есіктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есіктен басқа барлық есіктер арқылы жүргізіледі.
8. Кезектен тыс отырғызу, сондай-ақ алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.
9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар басым отыру үшін 4-тен 8 орынға дейін (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлінеді.
10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында «сұрау бойынша» аялдама пункттері болған кезде, жолаушылар жүргізушіге (кондукторға) көрсетілген аялдама пунктінде тоқтау қажеттігі туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктінде жолаушылар тұрған кезде, жүргізуші оларды отырғызу үшін аялдама жасауы тиіс.
11. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде:
1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейін немесе қозғалыс кезінде шығуға және кіруге;
2) автобустың есіктерінің ашылуы мен жабылуына кедергі жасауға;
3) жүргізушіні автокөлік құралының қозғалысы кезінде әңгімемен алаңдатуға;
4) автобустың, шағын автобустың салонының ішкі жабдығы мен жарағын бүлдіруге;
5) темекі тартуға, қоқсытуға, спирт ішімдіктерін ішуге;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz