2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы


2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік.экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық.іс жүргізу, қылмыстық.атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы . Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы . Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы . Бюджет, Салық кодекстері әзірленіп, қабылданды.
Мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, олардың қатарында: заң жобалары қызметін перспективті жоспарлау; нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар енгізу, қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету процестері бар, шаралар қабылдады.
Сонымен қатар, әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай.ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізілгенмен шектелтіп қоймайды. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талабына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажет.
21.ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісінің өлшемдері негізінен сақталды.
Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар бүгінде мемлекеттегі істің жай.күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік алады.
Азаматтық қоғам институттарының жан.жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс.қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 12 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат
тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі
дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және
қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды
заңнамалық актілер қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі
салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы,
кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық
заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы – Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері;
2007 жылы – Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы – Бюджет, Салық
кодекстері әзірленіп, қабылданды.
Мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік
беретін, олардың қатарында: заң жобалары қызметін перспективті жоспарлау;
нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми (құқықтық, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар енгізу,
қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету процестері бар, шаралар
қабылдады.
Сонымен қатар, әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі
өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол
жеткізілгенмен шектелтіп қоймайды. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талабына
сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің норма түзушілік және
құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажет.
21-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа
кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда “Қазақстан Республикасының
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып,
онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт
тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісінің өлшемдері
негізінен сақталды.
Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының
рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар
бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік
алады.
Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам
қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және
қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық
тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен
қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі
жаңартылды.
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға
бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде
қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен
ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр
қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс
жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді,
прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым
алып тасталды.
Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі
демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі
шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан
әрі іске асуға тиіс.
Норма түзушілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы
заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны
ескірген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі
олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды
жою; заңдардағы сілтеме нормаларды азайту және Конституцияға сәйкес
заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде тікелей
қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты
жалғастыру қажет.
Құқық шығармашылығы қызметін құқық салаларының және құқықтық жүйенің даму
үрдістеріне ұдайы мониторингке, нормативтік құқықтық актілерді қолдану
практикасын талдауға негізделетін болжамды-талдаулы қамтамасыз етуге ерекше
көңіл бөлу керек.
Бұл реттеу мазмұны мен әдістері бойынша норма түзушілік және құқық қолдану
қызметінің әрбір актінің - оны әзірлеу, қабылдау, қолдану, өзгерістер мен
толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану не жаңа акт әзірлеу жөніндегі
барлық кезеңін айқын көрсететін қазіргі заманғы жүйе жасауға мүмкіндік
береді.
Осындай рәсімдер мен тетіктер арқылы мемлекеттік органдардың норма
түзушілік қызметі оңтайланып, жүйеге түседі. Бұл ретте құқықтық мониторинг
кезіндегі әлеуметтік әдістерді кең қолдану құқықтық саясатты жүзеге асыру
барысында қоғамдық пікірді неғұрлым ескеруге мүмкіндік береді.
Нормативтік құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық стандарттары
енгізілетін болады, бұл азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін
неғұрлым толық ескеруге, құқық нормаларының тиімділігін, үнемділігін және
ұтымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Акт жобаларының ғылыми сараптамаларының барлық түрлерін олардың өлшемдерін,
міндеттерін, сондай-ақ оларды жүргізу сатыларын анықтау арқылы нормативтік
бекітудің маңызы зор. Сараптамаға нақ осындай көзқарас құқық шығармашылығы
процесі барысында нормативтік құқықтық актілер қабылдаудың қаржы-
экономикалық, әлеуметтік-саяси салдарларын толықтай есепке алуға мүмкіндік
береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына да ғылыми
сараптама енгізу қажеттігі туындауда.
Осылайша, ғылыми сараптама жүйесін дамыту қоғам мен мемлекеттің қазіргі
заманғы жай-күйі мен перспективаларына жауап беретін нормативтік құқықтық
актілер жобаларын дайындау міндетін шешуге көмектеседі.
Қазіргі уақытта құқықтық реттелуі кодекстермен жүзеге асырылуы тиіс
заңнаманың 17 саласы заң деңгейінде анықталды.
Сонымен қатар, кодификациялау – заңнаманы жүйелеудің жалғыз құралы емес.
Басқа да құралдарды, мысалы, бір заңнамалық актіде белгілі бір қатынастарды
реттейтін құқық нормаларын біріктіруді білдіретін топтастыруды пайдаланған
дұрыс.
Осыған байланысты нысанасы кешенді сипаттағы құқықтық қатынастарды реттеу
болатын “топтастырылған” немесе “кешенді” заң ұғымдарын енгізу және
заңнамалық бекіту перспективті болып табылады.
Кодификациялауға келсек, құқықты жүйелеудің осы жоғарғы нысанын таразылап
және неғұрлым шектеулі түрде, негізінен, кодификациялаусыз тиімді құқықтық
реттеуге қол жеткізу мүмкін болмайтын біртектес қоғамдық қатынастар
салаларында қалыптасқан құқық салаларына пайдалану керек.
Кез келген кодекстің қабылдануына ауқымды норма түзушілік және құқық
қолдану практикасы, оған мұқият мониторинг, талдау және бағалау, жүйелік
негізге қойылған алғышарт болуы тиіс. Құқық саласы кодификациялау деңгейіне
дейін “пісіп-жетілуі” тиіс.
Кез келген қоғамда әлеуметтік маңызды мүдделердің күрделі жүйесі болады.
Мұндай мүдделерді іске асыру заң шығармашылығы процесіндегі ресми және
бейресми мүдделік қолдау тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Осыған
байланысты мүдделік қолдау тәрізді құбылысқа заңдылық ая беріп, соған сай
заң жобаларын әзірлеуді, талқылауды және Парламенттің қабылдауын
насихаттаумен байланысты қатынастарды регламенттеу қажет.
Норма түзушілік қызметке жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке
кәсіпкерліктің мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өкілдерін кеңінен және
тұрақты негізде тарту қажет.
Нормативтік құқықтық актілердің сапасын және тұтастай алғанда мемлекеттік
аппаратта құжаттармен жұмыс мәдениетінің деңгейін айқындайтын заң
техникасының деңгейін тұрақты жетілдіру және арттыру қажет.
Құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру перспективалары көп жағдайда құқық
шығармашылығы және құқық қолдану процесіне ақпараттық технологияларды
кеңінен енгізумен байланысты.
Осыған байланысты, “электрондық үкімет” инфрақұрылымының базалық құрамдас
бөліктерін қалыптастыру, нормативтік құқықтық актілер дерекқорын жасау және
тиімді енгізу мақсатында Нормативтік құқықтық актілердің электрондық
форматтағы эталондық банкінің жұмыс істеуі ұтымды болып табылады. Сонымен
бірге заңнамаға нормативтік құқықтық актінің электрондық түрін көздейтін
ережелерді енгізу қажет, бұл ұлттық құқықты ақпараттандыруда маңызды қадам
болады.
Норма түзушіліктің қолданыстағы практикасын жетілдіру жөнінде бұдан әрі
шаралар қажет.
Заңдардың елде жүргізіліп жатқан өзгерістерге барабар мазмұны мен сапасы
мемлекеттік билік институттарының тиімді қызмет етуі, биліктің заңнамалық
және атқарушы салаларының сындарлы және серпінді өзара іс-қимылын
қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Демек, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне, жинақталған тәжірибеге
және қазақстандық мемлекет пен қоғамның таяу және алыс перспективалары
туралы ғылыми негізделген, іргелі ұсынымдарға сүйенген бірыңғай құқықтық
саясат қажет.
 
2. Ұлттық құқықты дамытудың негізгі бағыттары
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық,
ұйымдастырушылық және басқа да шараларымен жүзеге асуы тиіс құқықтық
идеялары мен принциптерін одан әрі іске асыру қажет.
Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының
барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге
асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс.
Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында
Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің
жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау
қажет.
Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса
қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да
қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас
барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы
тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін
қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен
жаңғыртуға мүмкіндік береді.
2.1. Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады.
Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі
түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптері мен
нормаларына сүйенеді.
Еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан идеялар мен принциптер ұлттық
құқықтық жүйенің негізгі бағыттары мен даму тетіктерін, оның ішінде
конституциялық құқықты ұзақ мерзімді перспективада айқындайды. Яғни
Конституцияның принциптері мен нормаларын, ең алдымен, мемлекеттік билік
органдары мен оның лауазымды адамдарының қызметінде толыққанды іске асыру,
бұл ретте Конституцияны тікелей қолданумен қатар ағымдағы заңнама және
құқық қолдану арқылы оның әлеуетін қамтамасыз ету маңызды міндет болып
табылады.
Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің
түбегейлі принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша
халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм,
мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен
шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және
саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негізі, мемлекеттің
егемендігі мен біртұтастығы конституциялық заңнаманы және оны қолдану
практикасын жетілдіру арқылы нығаятын болады.
Конституциялық құқықты дамыту перспективалары мемлекеттің құрылымын,
мемлекеттік биліктің біртұтастығын, оның тармақтарының жұмыс істеу
тетіктерін және Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық сайланған
Президенті тарапынан стратегиялық басшылықпен, бақылаумен және төрелікпен
олардың өзара іс-қимылын анықтайтын қолданыстағы конституциялық заңдарды
жетілдірумен байланысты.
Конституциялық заңдылық режимін, Конституцияның принциптері мен нормаларын
нақты түсіндіру, ұлттық құқық пен құқық қолдану практикасын дамыту бағдарын
қалыптастыруды қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі Конституциялық
Кеңес қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттің құқықтық саясатында
оның нормативтік қаулыларын толығымен іс жүзіне асыру болып табылады.
Елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір
жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші
жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар
мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы
маңызды.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін
біздің Конституция талап ететіндей, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,
нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз
құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін жағдай жасау
болып табылады.
Осы орайда ұлттық келісімді сақтау мен нығайтуда, Қазақстанның көпұлтты
халқының бірлігін қамтамасыз етуде құқықтық тетіктердің рөлі арта түсетін
болады.
Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен
келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты
ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет
саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз
етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін
осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасуы тиіс.
Діни сенім бостандығы туралы заңнаманы миссионерлік қызметті реттеу, діни
өнімдерді тарату, діни бірлестіктерді тіркеу бөлігінде одан әрі жетілдіру,
сақтау және біркелкі қолдану қажет.
Қазіргі жағдайларда мемлекеттік және қоғамдық өмірде гендерлік теңдік,
әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету
факторы айтарлықтай рөлге ие болуда.
Қазақстанның өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, серпінді, қазіргі
заманғы мемлекет ретінде қарышты да орнықты дамуы адами әлеуетті,
азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғам институттарын нығайту
негізінде ғана мүмкін болады.
Осыған байланысты азаматтық қоғам институттарының дамуына және азаматтық
бастамаларды іске асыру мүмкіндігіне қосымша қарқын беретін құқықтық
құралдар қажет.
Үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін жетілдіру ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының фискалды саясат ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь