Қазақстан Республикасының жайылымдық жер ресурсына кешенді – географиялық баға беру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Жайылым жер ресурстарын физикалық – географиялық бағалау
1.1 Жайылым және жер бедері
1.2 Агроклиматы, өсімдік, топырақ жамылғысына және су ресурстарының
жайылымда қамтылу ерекшелігіне сипаттама
2 Жайылым жерлерге экономикалық – географиялық баға беру
2.1 Жайылымды жерлердің әлеуметтік – экономикалық орталықтарға қарасты
орналасуын бағалау
2.2 Қазақстан Республикасы экономикалық облыстарын табиғи аймақтық
жайылымдарға бөліп қарастыру
3 Қазақстан жайылым жер ресурстарының геоэкологиялық мәселелері
3.1 Негізгі геоэкологиялық мәселелер
3.2 Геоэкологиялық мәселелердің шешу жолдарын ұсыну
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптық маңыздылығына негіздеме. Жайылым – мал еркін жайылып,
бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және екпе жайылым деп екіге
ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін өсімдік түрлеріне және
пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік, күздік, қыстық) және жыл
бойы пайдаланылатын жайылым болып бөлінеді. Екпе жайылым бір жылдық, қысқа
мерзімді (5 – 6 жыл) және ұзақ (7 – 10 жыл) мерзімі болады. Табиғи жайылым
негізінен, көп жылдық жабайы өсетін шөптерден, кейде қыналардан (тундрада),
бұташық пен бұталардан (тундра, шөл және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылымға
бір жылдық, көп жылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып
егеді. Еліміздің климат жағдайына, белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің
ботан. құрамына қарай жайылым түрлері көп. Далада және қуаң далада
орналасқан жайылымдар далалық жайылым деп аталады. Мұнда жусан еркекшөп,
шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер өседі. Далалық жайылымның әр
гектарынан 3 – 8 центнер шөп түседі. Шөлейт дала жайылымдарының құрамында
жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен, теріскен, т.б. өсімдіктерден
тұрады. Әр шектарынан 0,5 – 7,0 центнер шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың
13 –і құмды жерлерде орналасқан Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша,
жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр гектарынан 1 – 7 центнер шөп түседі. Тау
жайылымдардың оты да алуан түрлі. Жазық жерде орналасқан жайылымдармен
қатар мұнда альпі және субальпі шалғындарынан тұратын жазық жайылымдар көп.
Олардың әр гектарынан орта есеппен 10 центнер шөп түседі. Жайылымдар
жекетелімдерге бөлініп, мезгіл – мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш
себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау, арамшөптен тазарту, т. б. шаралар –
жайылым ауыстыруға қойылатын негізгі талаптар. Жайылымды шөп шығымдылығына,
бағылатын мал санына, жайылым мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп
пайдаланады. Ойпат жер жайылымын 6 – 12, орманды алқап 6 – 8, далалы
жайылымды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр бөлікке көктемде шөп аз кезде 2
– 3 күннен, шөп көбейе бастағанда 5 – 6 күннен жаяды.
Жумыстың өзектілігі. Табиғи жайылым – Қазақстанның ұлттық байлығы.
Осы жайылымдық жерлерден қоғамдық және меншіктік мал шаруашылығы үшін 50
пайыздан аса мал азығын алуға болады. Жайылымдық жер сонымен қатар аймақтың
экологиясы деуге болады, өйткені бүкіл республика жерінің 67,4 пайызын мал
жайылымы құрайды.
Бүгінгі таңда республика аумағындағы 187 миллион гектар көлемді алып
жатқан жайылым 5 миллион гектар шалғындық және 2,4 миллион гектар мал азығы
дақылдары егістіктері жем – шөптің негізгі қоры болып табылады. Жайылым
көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде бесінші орын алады. Еліміздің бүкіл
жер көлемінің 67 пайызы және ауылшаруашылығына пайдаланылатын жердің 80
пайызы жайылымның үлесіне тиеді. Жайылымның азық сиымдылығы 25 – 28 млн.
тонна азық өлшеміне тең. Дүниежүзілік банк сарапшыларының деректеріне
сүйенсек, жайылымдардың жыл сайынғы қайта
қалпына келетін азықтық ресурстары 1,2 млрд. АҚШ долларымен бағаланады
екен.
Республика бойынша шөлді және шөлейтті жайылымдар 122,6 млн гектарды
құрайды. Сонымен қатар мал өсіретіне пайдаланылатын жайылымдық жерлердегі
азық сиымдылығы жылдан – жылға нашарлауда. Жайылымның шамамен 21 млн.
гектары толығымен тозуы салдарынан шаруашылықта пайдаланудан қалып,
миллиондаған гектарын желінбейтін улы және арамшөп өсімдіктері басып
кетуде.
Ғылыми жаңалығы - жайылымдық жерлерге экономикалық – географиялық баға
беруде мен бес экономикалық аудандар бойынша орталық Қазақстан, солтүстік
Қазақстан, батыс Қазақстан, шығыс Қазақстан мен оңтүстік Қазақстан
облыстары бойынша жайылымдық ресурсына салыстырмалы зерттеу жұмысын
жүргіздім, бұған байланысты диаграмма, схема, карта жасадым.
Барлық республика жерлерінің 70 пайызын жайылымдар құрайды, сондықтан
мұндағы экология жағдайы бүкіл республика бойынша экологиялық болжауды
анықтайды. Жалаңаштанған, тозған жайылымдар шаң дауылдарын тұрғызып, мұнан
ең алдымен ауыл тұрғындары зардап шегеді. Сондай – ақ қазақ халқы үшін
жайылымдар – адамды табиғатпен, ескі тұрғылықты тарихымен, әдет – ғұрпымен,
салтымен, мәдениетімен, өзінің шығу тарихымен байланыстырады. Болашақ
ұрпақты ойлай отырып, осының барлығын сақтап, ақылмен пайдалану қажет.
Жұмыстың басты мақсаты болып, Қазақстан Республикасының жайылымдық жер
ресурсына кешенді – географиялық баға беру болып табылады. Яғни физикалық –
географиялық, экономикалық – герографиялық, геоэкологиялық тұрғысынан
талдау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасының жайылымдық жер үлесі;
2. Қазақстан Республикасының дүние жүзіндегі жайылымдық алатын үлесі,
орнына, алқабына сипаттама беру;
3. жайылым үлесіндегі Қазақстанға физикалық – географиялық тұрғыда
сипаттама беру;
4. жалпы жайылымдық жер бедері, агроклиматы, өсімдік және топырақ
жамылғысы, су ресурстары жайылымда қамтылу ерекшелігіне тоқталу;
5. жайылым жеріне экономикалық – географиялық сипаттама беру;
6. Қазақстанның бес экономикалық аудандарын бір – бірімен салыстыру;
7. қосымша материалдар ретінде диаграммалар мен схемалар, карта қолдану;
8. Қазақстан Республикасы экономикалық облыстарын табиғи аймақтық
жайылымға бөліп қарастыру;
9. геоэкологиялық мәселелері;
10. геоэкологиялық мәселелерін шешу жолдарына сипаттама беру;

2008 жылдың берілген деректер бойынша Қазақстанда 183702,8 мың т га
жайылым бар. Жайылымдардың ең көбі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе,
Маңғыстау, Қызылорда облыстарында жатыр. 2008 жылдың жайылымдардың облыстар
бойынша бөлінуі, мың га (1-кесте) [1, 467 б.].
1-кесте
2008 жылдың жайылымдардың облыстар бойынша бөлінуі, мың га.
№ Облыстар Жері Жайылымдар
1 Ақмола 14620,7 6880,7
2 Ақтөбе 29137,4 24652,9
3 Алматы 22394,7 14698,0
4 Атырау 11113,5 9007,6
5 Батыс Қазақстан 136524 10108,8
6 Жамбыл 11937,1 8285,9
7 Қарағанды 35649,9 31104,1
8 Қызылорда 19600,1 12072,2
9 Қостанай 24035,9 11832,1
10 Маңғыстау 16564,2 12690,7
11 Оңтүстік Қазақстан 11725,8 9107,2
12 Павлодар 12470,5 8157,8
13 Солтүстік Қазақстан 9804,3 3531,9
14 Шығыс Қазақстан 28346,8 19948,7
15 Барлығы 261053,3 182078,6
Қазақстанның кең аумағы (2,7 млн ш. ш.) сан алуан: мәңгілік қар жамылған
таулар; мұхит деңгейінен төмен жатқан ойпаттар, төбешікті орташа таулар
мен шоқы тәріздес қыраттар; өте үлкен жазық пен ойыпат жерлер. Дегенмен
жазықтық жер беті басым. Республика алаңының үштен біріне дерлігі ойпатты
жерлер, жартысына жуығы – қыратты жазықтар, үстірт және биіктігі 300 – ден
600 м дейінгі дөңес жерлер, бесінші бөлігі – аласалау таулар, жердің оныншы
бөлшегі таулылықпен берілген.
Республика жерінің батысын Каспий теңізі мен Каспий маңы ойпаттары
қоршап жатса, оңтүстігінде Тұран жазығымен орналасқан, солтүстік –
шығысында ол Батыс Сібірмен шекараласады.
Шығысы мен оңтүстік – шығысында Алтайдың, Жоңғар Алатауының және Тянь –
Шанның биік таулы қыраттары көрініс алады. Солардың арасында немесе соларға
жанаса Іленің ар жағындағы, Балқаш – Алакөл, Іле және Шу – Талас ойпаттары
жатыр. Балқаш – Алакөл шұңқырында өте үлкен Сары – Ішік отырау құмдық шөлі
етек жайса, Шу – Таласта – содан кем емес Мойынқұм шөлі жатыр.
Жайылым – мал еркін жайылып, бағылатын жер алқабы. Табиғи жайылым және
екпе жайылым деп екіге ажыратылады. Табиғи жайылым орналасуына, өсетін
өсімдік түрлеріне және пайдалану әдісіне байланысты маусымдық (көктемдік,
күздік, қыстық) және жыл бойы пайдаланылатын жайылым болып бөлінеді. Екпе
жайылым бір жылдық, қысқа мерзімді (5 – 6 жыл) және ұзақ (7 – 10 жыл)
мерзімі болады. Табиғи жайылым негізінен, көп жылдық жабайы өсетін
шөптерден, кейде қыналардан (тундрада), бұташық пен бұталардан (тундра, шөл
және шөлейтте) тұрады. Екпе жайылымға бір жылдық, көп жылдық астық және
бұршақ тұқымдас шөптерді араластырып егеді. Еліміздің климат жағдайына,
белгілі бір аймақтағы өсімдіктердің ботан. құрамына қарай жайылым түрлері
көп. Далада және қуаң далада орналасқан жайылымдар далалық жайылым деп
аталады. Мұнда жусан еркекшөп, шайқурай, тобылғы, қараған сияқты өсімдіктер
өседі. Далалық жайылымның әр гектарынан 3 – 8 центнер шөп түседі. Шөлейт
дала жайылымдарының құрамында жусан басым. Сонымен қатар күйреуік, изен,
теріскен, тағыда басқа өсімдіктерден тұрады. Әр шектарынан 0,5 – 7,0
центнер шөп түседі. Шөлдегі жайылымдардың 13 –і құмды жерлерде орналасқан
Мұнда изен, теріскен, еркекшөп, қылша, жүзгін, сексеуіл жиі кездеседі. Әр
гектарынан 1 – 7 центнер шөп түседі. Тау жайылымдардың оты да алуан түрлі.
Жазық жерде орналасқан жайылымдармен қатар мұнда альпі және субальпі
шалғындарынан тұратын жазық жайылымдар көп. Олардың әр гектарынан орта
есеппен 10 центнер шөп түседі. Жайылымдар жекетелімдерге бөлініп, мезгіл –
мезгіл ауыстырылып отырады. Тыңайтқыш себу, мал жемейтін өсімдіктерді отау,
арамшөптен тазарту, т. б. шаралар – жайылым ауыстыруға қойылатын негізгі
талаптар. Жайылымды шөп шығымдылығына, бағылатын мал санына, жайылым
мерзімінің ұзақтығына қарай бөліп пайдаланады. Ойпат жер жайылымын 6 – 12,
орманды алқап 6 – 8, далалы жайылымды 15 - 20 бөлікке бөледі. Малды әр
бөлікке көктемде шөп аз кезде 2 – 3 күннен, шөп көбейе бастағанда 5 – 6
күннен жаяды.
Бөлінген жайылымды түгел пайдаланғаннан кейін, малдың шөбі өскен бірінші
бөлікке қайтадан жаяды. Жайылым жазда 2 – 5 рет ауыстырылады. Жайылымды
пайдалану кезіндегі мал жаю циклдары арасындағы жайылым тынықтыру уақытын
дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Шөл, шөлейт аймақтардағы жайылымдар
белгілі бір жүйе бойынша пайдаланылады. Дала, орманды дала белдемдерінде
мал 180, шөлейт белдемде 240 – 250 күн, шөл белдемінде жыл бойы жайылымда
бағылады [1, 467 б.].

Тонна азық өлшеміне тең. Дүниежүзілік банк
сарапшыларының деректеріне сүйенсек, жайылымдардың жыл сайынғы қайта
қалпына келетін азықтық ресурстары 1,2 млрд. АҚШ долларымен бағаланады екен
[2, 122 б.].
Табиғи жайылым – Қазақстанның ұлттық байлығы. Осы жайылымдық жерлерден
қоғамдық және жеке меншіктік мал шаруашылығы үшін 50 пайыздан аса мал
азығын алуға болады. Жайылымдық жер сонымен қатар аймақтық экологиясы деуге
болады, өйткені бүкіл республика жерінің 67,4 пайызын мал жайылымы құрайды.

Агроклиматтық баға беру. Жер бедерінің ауа райының түзілуі мен оның
табиғи көріністеріне тигізетін әсері көп. Қазақстан жері Еуразия құрлығының
ішінде тереңірек біркелкі белдіктің оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Мұхиттардан алыс тұруы, алдыңғы және Орта Азия тау кедергілері – осының
бәрі ауа райының континенталдығын түзеп, құрғақтығымен және жауын – шашын
мөлшерінің аздығымен және ауа температурасының тез өзгеріп тұруын
ұштастырады. Қазақстандағы қыс көбіне суық, ал жазы ыстық.
Республиканың солтүстігінде жыл бойы күн сәулесінің ұзақтығы 2000 сағат,
ал оңтүстігінде 3000 сағатқа дейін құрайды. Тікелей және шашыраңқы түрдегі
күннің сәуле тарату қуаты жылына 1 ш.ш. Жер бедерінің көлденеңдік бетіне
солтүстікте 100, ал оңтүстікте 150 ккал жылу береді. Алматы күн сәулесін
Тбилисиге қарағанда 20 % артық алады.
Қазақстан климатының қалыптасуына Атлант мұхитынан, Арктикадан,
Сібірден, Иран және Орта Азияның оңтүстік бөлігінен келетін ауа массалары
үлкен әсер етеді. Олар өздерімен жылу немесе суық ылғалдылық немесе
қуаңшылық әкеледі.
Атланттық теңіздік ылғалды ауа әдетте жауын – шашын әкеледі және сонымен
бірге қыста жылылықты көтереді, ал жазда температураны төмендетеді.
Арктикадан ылғалы аз және өте суық ауа желі еседі. Солтүстіктен оңтүстікке
жылу көбірек аймақтарға жылжи отырып, ол жылжиды, құрғайды, сондықтан жауын
– шашын да сирейді. Оның келуімен антициклонды ауа райы тұрақталады.
Сонымен бірге – қыста қатты аяздар, жазда аптап ыстықтар болады. Көктемде
арктикадан келген ауа қалың қар жауғызады және осы уақыт үшін тиімсіз
қатқақ түседі. Көктемде осы құбылыстан гүлдеп тұрған бақтар, ал күзде пісіп
жетілмеген дақылдар өледі [5, 22б; 6, 654б].
Сібірден келетін континенталды ауа қозғалысының әсері көбінесе қыста
желтоқсаннан ақпанға дейін болады. Олар шығыстан – батысқа қарай шамамен 50
– ші параллельдің бағытталады, осы арада жоғары қысымның белдігі құрылады.
Осыдан ауа тыныш қана солтүстіктен оңтүстікке, аспанды бұлттан тазарта және
бірге қатты суықты әкеле жайылады.
Иран мен Орта Азияның оңтүстік бөліктерінен қуаңшылығы және ыстығымен
ерекшеленетін тропикалық ауа массалары келеді. Олар
Қазақстанның оңтүстік облыстарына басым әсер етіп, қыста қардың қалың
жаууы мен жылылық әкелсе, ал жазда қызудың күрт жоғарылауын туғызады.
Ауа желісінің келуіне биік таулы сілемдер әсер етеді. Қазақтанның
оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы биік Тянь – Шань мен Жоңғар Алатауы
қыраттары солтүстіктен келетін суық ауаны ұстап қалып, жауын – шашыны жиі
ылғалды ауа райын түзіп, циклондық қызметін күшейтуге мүмкіндік туғызады.
Қазақстанның барлық барлық жерінде қатты жел тұратыны белгілі. Қыста,
көктемде және күзде желдің күшті жылдамдығы секундында 25 – 35 метрге дейін
күшейіп, дауылдық дәрежеге жетеді, ал қыста жел жылдамдығы кейбір жерде
секундына 40 – 45 м болады, яғни орташа көрсеткіштен 10 есе дерлік көп.
Сондықтан қыста боран жиі болады, ал жылдың көктемгі жазғы уақытында күшті
жел жеңіл ұшатын топырақтың бүлінуіне және егістіктің жойылуына мүмкіндік
туғызады [7, 2-3 бб.].
Қазақстан үшін ауа қызуының ауытқу күші айтарлықтай суық және өте жылы
айлардың арасындағы жылдық ауытқуы 30 - 35, ал солтүстікте 40 – 41– қа
жетеді. Мүлде жоғарғы және мүлде төменгі деңгейдің арасындағы ауытқу 80 -
90 - қа дейін өседі.
Қазақстанда атмосфералық жауын – шашынның түсуі жеткіліксіз.
Солтүстігінде жауын – шашынның түсуі орташа есеппен 300 мм және одан да
жоғары болса, оңтүстіктің кейбір шөлді аудандарында олардың жылдық орташа
түсу мөлшері 100 милиметрге әрең жетеді.
Қазақстанда, оның таулы бөліктерін ескермегенде, жыл бойына түсетін
жауын – шашын булануға тиісті ылғалдан бірнеше есе кем түмеді. Ауа райының
мұндай қуаңшылығы шөлді және шөлейтті табиғат көріністерінің басым болуына
және республиканың көптеген облыстарында, әсіресе оңтүстігінде, жасанды
жаңбырсыз егіншілікпен айналысудың мүмкін еместігіне себепшіл болады.
Республиканың солтүстігіндегі ылғалдылық біркелкі жерде жылына 700 – 750 мм
буланса, бұл көрсеткіш осы жерге түсетін жауын – шашын мөлшерінен 2,5 есе
көп, ал оңтүстіктің қуаңшылығында – 1500 – 1700 мм буланады, яғни жылдық
жауын – шашын қосындысынан 7 – 10 есе көп.
Қазақстанның солтүстігінде қыс қазан – қараша айларында түсіп, бес айдан
аса созылып, сәуірге дейін жалғасады. Қаңтарда ауаның орташа суықтығы - 18۫۫
-қа, кейде ең жоғарғы суықтығы - 40۫۫ -қа дейін, тіпті - 50۫۫ -қа дейін
де жетеді.
Қазақстанның өсімдіктері аймақтар бойынша таралады. Ылғалдылығы молырақ
солтүстікте орманды – дала аймағы, ал оңтүстікке қарай қуаңшылықтың
көбеюіне сәкес, далалар, шөлейттер, одан кейін өте үлкен шөлді аймақ
орналасады.
Топырақ жамылғысының алалығы мен жер бедері әр түрлілігі әрбір аймақ
шеңберінде, аймақтыққа өзіндік сипатты өсімдіктер түрлерінен басқа,
республиканың барлық жеріне шашылған шағын аймақтар (мысалы, тоғайлы орман,
шөлдер аймағындағы сексеуілдіктер) және аймақтық емес шалғындықтар мен
батпақтарда кездесетін түрлер.
Қазақстанның бүгінгі өсімдіктер әлемінде жоғарыдағы өсімдіктердің 4750-
ден аса түрлері бар. Солардың ішінде ағаштардың 68 түрі, бұталардың -
266,
жартылай бұталардың - 433, біржылдық шөптердің - 849 және көп жылдық
шөптердің 2598 түрі бар.
Қазақстанның негізгі жер беті табиғи көріністер пішінін далалармен
шөлдер құрайды.
Қазақстан бойынша Шығыс Қазақстан, ВНИИЗХ көлтабан, СибНИИСХОЗ 189,
Далалық 460 сорттары аудандастырылған. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік
шығысында қырғыздың сорттары жақсы нәтиже беруде.
Таралау. (ломкоколосник (волоснец) ситниковый). Psathyrostachys juncea
(Elymus junceus) (Fisch.~ Nevski. Астықтұқымдастар туысындағы көпжылдық
өсімдік. Республиканың құрғақ дала мен шөлейтті аймақтағы қоңыр топырақты
және сұр топырақты жерлерінде, әсіресе 2 – 5 күнге су басатын көлтабандық
шет жақтарында, Алтай мен Тянь – Шанның далалық аймақтарындағы тау
беткейлерінде жабайы түрінде кең таралған.
Олардың тұқым себілетін алаңы қазір 60 мың гектарға жетті. Құрғақ
жайылымдыққа өнімділігі гектарына 9 – 12 –ден 30 центнерге дейін өзгеріп
тұрады. Сорттары; Бозойлық, Шортандылық.
Кәдімгі тарғақшөп. (ежа сборная). Dactylis glomerata L. Көпжылдық бұталы
астықтұқымдас. Тамыр маңындағы жапырақтар саны көп, көпсабақты түп.
Сабақтары қатайғаншөп, тіке, тегіс, биіктігі 1 метрге жетеді, жақсы
жапырақтанған, сабақтағы түйінаралық саны 3 тен 7 –ге дейін, жапырақтың
қынаптары тұйық, сабақ жапырақтарда олар анық көрініп тұратын сызық қырлы.
Кәдімгі тарғақшөп пішені – барлық малға жақсы азық болады. Ол
республиканың таулы аудандарында сиыржоңышқа мен қызылбас бедемен аралас
себілген екпе шабындықтар жасауда кең қолданылады. Бұл Қазақстанның
оңтүстік пен оңтүстік шығысындағы суармалы екпе жайылымдарда жоңышқа,
қызылот арпабас, субетегемен араласып егілетін негізгі астықтұқымдас сыңар
және дұрыс суарылып, күтілсе 8 – 9 жылға дейін оттылығын жоймайды [14, 33
б.].
Шалғындық атқонақ. (тимофеевка луговая). Phleum pretense L.
Көпжылдық
борпылдақ бұталы, биік бойлы астықтұқымдас. Далалыққа енгізілгеніне 300 жыл
шамасы болған. Бұл бұрынғы КСРО – ның Еуропа бөлігіндегі қаратопырақты емес
аймақта далалық пен шалғындыққа егілетін шөптердің негізгісі болып
есептеледі. Қазақстанда жабайы түрінде Алтай мен Тянь – Шань тауларында
кездеседі. Шалғындық атқонақ жыныстық және өзінен көбейетін өркендер
есебінен қуатты бұталар құрайды. Іле Алатауының екпе жайылымдарында бір
орымда гектарына 60 – 100 центнер пішен алады. Пішен алады.
Аудандастырылған сорттары болмағандықтан себуге қара топырақты емес
аумақтардан алынған Моршандық 1935, т. б. Сорттары пайдаланылған.
Субетеге. (овсяница луговая). Festuka patensis Huds. Бұл өзінен
көбейетін өркендері борпылдақ бұта құрайтын ұзындығы 120 см, ал көптеген
қысқартылған өспе шығымдары 30 см-ге жететін, көпжылдық өсімдік. Ұзарған
ұрпақсыз өркендері сирек кездеседі.
Субетеге аязға және қуаңшылыққа төзімді өсімдік, тарғақшөп едәуір
төзімді, бұл қасиеті бойынша шалғын атқонақтан, жатағанбидайықтан,
еркекшөптен кейін тұрады. Субетеге баяу өсіп - өнетін астықтұқымдастың
күздік түріне жатады, тіршілігінің бірінші жылында, әдеттегіндей, тұқымдық
өркендерін құрмайды. Астықтұқымдас өсімдіктердің өте жоғары сапалысына
жатады.
Қазақстанда бұл өсімдік солтүстік пен оңтүстік аудандарында суармалы
жайылымдар құру үшін, сондай – ақ өзен аңғарларында таулы шалғындықтарда
егіледі, жоңышқа, қызылот арпабас және тарғақшөппен араласа егілгенде өте
бағалы мал азықтық өсімдік.
Жатаған бидайық. (пырейник шероховатостебельный, пырей бескорневищный).
Elymus trachycaulus (Link) Gold. et Shinnners. (Agropyron tenerum Vasey).
Көпжылдық биік бойлы, борпылдақ түпті жаздық астықтұқымдас. Ол тік өсетін
бұта түріндегі орташа жапырақтанатын, биіктігі 50 – 100 см, жапырақтары
жіңішке, құлақсыз, тілшігі төмен, ал масағы жіңішке, ұзын, тік немесе
салбыраңқы өсімдік. Масақтары 2 – 3 гүлді, қылтанақсыз, алшақ тұратын,
сабаққа жабысыңқы, бірақ тығыз емес, масақтық қабықшалары ұзыншалау, қиық
тәріздес, көзге көрініңкіремейтін қырлы, желмен ұрықтанатын өсімдік [15, 33
б.].
Жатаған бидайық бұрынғы КСРО – ның табиғи жайылымдықтарында көп кездесе
бермейді, оның отаны Солтүстік Америка. Бұл қуаңшылыққа төзімді өсімдік,
қара топырақты және қоңыр топырақты жерлерде жақсы өсіп - өнеді, батпақты
топыраққа төзімсіз, ал бірақ тұзды топыраққа төзімді. Қазақстанның орманды
– далалық және далалықтарында екпе шалғындық құру үшін қолданылады.
Қырғыстанның ылғалды альпілік шалғындарында 2800 – 3100 метрлік биіктікте,
қысқа төзімді өсімдік ретінде жақсы нәтиже береді.
Жайылымдарда масақтану кезінде жақсы желінеді. Республикада
аудандастырылған сорттары Қарабалықтық 86, Марусиндік 996.
Республикада өзен аңғарлары мен көлтабандықта, көбіне шалғындықтарда
егіп өсіру жайында тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде, олар жақсы нәтиже
беруде. Өзен алқабында экотүрі – Павловтық сорты егілуде. Кең сұрыптау
жұмыстары мен жаңа сорттар шығаруға лайық өсімдік. Далалық және шөлейтті
аймақтарда, өзен аңғарлары мен көлтабандық шалғындықтарда шабындық пен
жайылым жасауға пайдалануға болады [16, 122 б.].
Құмдық эспарцет. (песчаный эспарцент). Onobrychis arenaria (Kit.) D. C.
Соңғы 70 жылда дақылдық өсімдік қатарына енгізілген, бұршақтұқымдастар
туысынан шыққан көпжылдық шөптесін өсімдік. Құмдық эспарценттің түптері
қисайыңқы немесе тік көтерілетін сабақтардан тұрады. Басқа дақылдық
түрлерімен салыстырғанда, сабақтары қырлы, түсіңкі және аз тармақты.
Олардың биіктігі 90 – 120 см. Түптері жартылай жатыңқы, 10 – 20 сабағы
болады.
Құмдық эспарцет жабайы түрінде Тянь – Шанның тау баурайлары мен аласа
тауларында, республикамыздың оңтүстік шығысында кең таралған. Ол қуаңшылық
пен қысқа төзімді өсімдік ретінде Қазақстанның Солтүстік, Орталық және
Шығыстағы далалы және шөлейтті аудандарында аса көп
таралған. Ауыспалы егісте егіп өсіру үшін, сол сияқты далалық шөлейтті
таулы
аудандарда екпе шабындықтар құруға пайдалануға болады. Ең жақсысы оны таза
күйінде емес, далалық аудандарда қызылот арпабаспен және еркекшөппен,
шөлейтте еркекшөппен, таулы шалғындықтарында шалғындық артқонақпен араласып
сепкен дұрыс.
Жайылымдыққа пайдалануда көпжылдық емес, дегенмен малдың ішін
кептірмейді. Бедегеге қарағанда, далалық пен шөлейтті аудандарда оның
өнімділігі едәуір жоғары: далалық аймақта гектарына 23 – 35 центнер, құрғақ
далада 12 – 30 центнер, шөлейтте – 10 – 13 центнерге дейін пішен алынады.
Таулы шалғындықтарында гектарына 50 – 60 центнер және одан да жоғары пішен
алуға болады. Сорттары: Құмдық 1251, Құмдық жақсартылған.
Қазақстанның шөлді, шөлейтті және далалық құрғақ аймақтарда жаздық –
күздік және қыстық жайылымдар құру үшін бұл өсімдік өте бағалы болып
саналады.
Изен барлық мал үшін өте бағалы, ал қойлар үшін қоң жинайтын өсімдік
болып табылады. Оның өнімділігі табиғи жайылымдарда гектарына 1,0 – 1,5
–тен 3 – 4 центнерге дейін, шөлді немесе шөлейтті жерлерде құрғақ шөбінің
салмағы 7 – 8 –ден 16 центнерге дейін, ал құрғақ далаларда 20 центнерге
дейін, одан да көп болуы мүмкін.
Күйреуік сораң. (солянка восточная, корявая, кейреук). Salsola orientals
S. G. Gmel (S.rigida) Pall. Биіктігі 15 – 75 см, одан да биік,
сортұқымдастарына жататын көпжылдық жартылай бұта. Күйреуік – қуаңшылыққа
өте төзімді немесе шөлдік өсімдік, Қазақстанда Каспий жағалауы, Орталық
Қазақстаннан бастап, оңтүстік Балқаш жағалауындағы шөлдерде де өсіп -
өнеді.
Республиканың солтүстік пен оңтүстік шөлдерінде себілетін жаздық –
күздік жайылымдағы ең басты мал азықтық дақылдардың бірі болып табылады,
изен мен теріскенмен араласа себілгені өте жақсы. Бұндай жайылымдардағы
құрғақ салмақтың өнімділігі гектарына 8 – 12 центнер.
Бұл бағалы азықтық өсімдік, күздік – қыстық жайылым құру үшін
пайдаланылады. Бұл кезеңзе, ешкі, түйе үшін бағалы азық. Теріскенмен және
басқа да жартылай бұталармен араластыра егіліп пайдаланылады. Бұндай
жайылымдардың құрғақ салмағының өнімі гектарына 25 центнерге жетеді.
Суармалы жайылымда оттылық негізінен тез өсетін биік астық
тұқымдастардан тұрады. Олардың тез өсуі мен қатайып кетуінің алдын алу үшін
малды ерте көктемде жайған пайдалы. Осы мақсатта малды жайылымға әдеттегі
мерзімінен 5 – 6 күн бұрын жібереді.

2.1 Жайылымды жерлердің әлеуметтік – экономикалық
орталықтарға қарасты орналасуын бағалау

жатқан жайылым, 5 миллион гектар шалғындық және 2,4 миллион гектар мал
азығы дақылдары егістіктері жем-шөптің негізгі қоры болып табылады.
Жайылым көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде бесінші орын алады.
Еліміздің бүкіл жер көлемінің 67 пайызы және ауыл шаруашылығына
пайдаланылатын жердің 80 пайызы жайылымның үлесіне тиеді. Жайылымның
азықтық сыйымдылығы 25 - 28 млн. тонна азық өлшеміне тең. Дүниежүзілік банк

Республиканың әралуан аймақтарында жүргізілген ғылыми - зерттеулер соңғы
жылдары жайылым күйінің барлық жерлерде нашарлағанын көрсетті. Бұл құбылыс
негізінен жайылымды жүйесіз пайдалану және экологиялық қауіпсіз жүктеме
мөлшерінің сақталмауынан туындап отыр. Нормативтік жүктеме барлық
жайылымдарда 2 - 3 есе және одан да артық өскен. Малды жүйесіз жаю
салдарынан қолданыстағы жайылымдарда шөп өнімділігі 50-60 пайызға дейін
төмендеген. Соның салдарынан топырақ пен құм көшкінін туындататын эрозиялық
процестер белең алып, 26,5 миллион гектар алқап деградацияға ұшырады. Қазақ
мал шаруашылығы және жем - шөп өндірісі ғылыми - зерттеу институтының
мәліметтері бойынша, қазіргі кезде малдың жайылымдық азықпен қамтамасыз
етілуі 70 пайыздан аспайды.
Барлық 5 миллион гектар шалғындықтың 2,3 млн. гектары суармалы және 0,5
млн. гектары таулы жерлер. Жалпы шалғындық жер көлемінің 0,4 млн. гектары
бүгінде улы өсімдіктер мен бұталардан тазартуды және жер бедерін тегістеуді
қажет етеді. Сонымен қатар, тасқын сулардың көтерілу деңгейінің азаюына
және инженерлік құрылыстардың жөнделмеуіне байланысты көлтабандардағы
суармалы шалғындықтардың шөп өнімділігі гектарына 9 - 12 центнерге дейін
төмендеді. Аталған себептер шалғындықтардың қуаңданып, құнды жемшөптік
өсімдіктердің құнарсыз түрлермен алмасуына әкеліп соқтырды. Пішен тапшылығы
мен сапасының төмендеуі себепті құрамажем пайдалану күрт артып, бұл жем-
шөптің шамадан тыс шығындалуын туындатты.
Жемшөптік дақылдар өсірілетін егістік көлемі 2378,5 мың гектарды
құрайды. Оның 74,4 пайызы көп жылдық шөптер, ал 10 пайызы бір жылдық мал
азығы дақылдары үлесіне тиеді. Сүрлемдік дақылдар бүкіл егістік жердің 3,5
пайызында өсіріледі. Агротехникалық шаралардың сақталмауы себепті жемшөптік
дақылдар өнімділігі өте төмен. Әр гектарға көп жылдық шөптер – 15, бір
жылдық шөптер – 11 және дәнді-бұршақты дақылдар 10 центнерден
ғана айналып отыр.
Жем - шөп базасының аталған жағдайында қарқынды өсіп келе жатқан мал
басын жем - шөппен толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан экологиялық
қауіпсіздікті сақтай отырып, жайылымдық және пішендік жерлер өнімділігін
арттыруға бағытталған түбегейлі шаралар қабылдау қажет.
Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми - зерттеу институты
осы мәселелерді шешу жолында бірқатар шаралар атқарды. Атап айтқанда,
оңтайлы жүктеме мөлшерін назарға ала отырып, негізгі табиғи және
географиялық аймақтар үшін жайылымдарды тиімді пайдаланудың ғылыми
негізделген сұлбасын жасады. Мысалы, Алматы облысында мал жаю кезеңінде
жусанды-сораңды-эфемерлі жайылымда бір ересек қойға 2,9 гектар, ал, тамыр
жусанды-теріскенді-изенді аралас шөпті жерде 3,8 гектар қажет болатыны
анықталды. Жасалған нормативтерді қатаң сақтау жайылымдар деградациясын
болдырмауға және олардың ұзақ жылдар бойы өнімділігінің тұрлаулы болуына
мүмкіндік береді. Елімізде алғаш рет жасалған “Ландшафттарға жүктемелерді
орналастыру нормалары” картасы Қазақстан Республикасының Ұлттық атласына
енгізілген. Жайылымды дұрыс пайдаланудың классикалық сұлбасы бойынша малды
бір мерзімдік телімнен екіншісіне ауыстырып, жазда – тауда, қыста құмда
бағу болса, қазіргі кезеңде малшылардың оған жағдайы жоқ. Пайдалануға бір
ғана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz