Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Жоспар.
1. Кіріспе
2. Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру
жүйесіндегі негізгі мәні.
3. Этнопедагогиканың мазмұны.
4. Этнопедагогикалық зерттеу әдістері. Өзге зертеу әдістері
салаларымен байланысы.
5. Қорытынды.
6. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Ұлттық педагогика, халық педагогикасы – Халықтың ұрпақ тәрбиелеу
тәжірибесін зерттеп, ғылыми жүйеге келтіретін педагогика ғылымының саласы.
Адамның белгілі бір этносқа тән қасиеті сәби кезінен қалыптасады. Бала
өмірінде отбасы тәрбиесі басты рөл атқарады. Отбасы мүшелерінің қарым-
қатынасы, бір-біріне көзқарасы, ойлау жүйесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы –
ұлттың анықтаушы, бөлінбес бөлшегі. Ұлттық мінезқұлықтың отбасы
қалыптасуында ұлттық тәлім-тәрбие (этнопедагогика) шешуші рөл атқарады.
Халық педагогикасының негізіне ұлттық рухани, мәдени мұралар (ою-өрнек, қол
өнері,ән-күй, өлең-жыр, т.б.), салт-дәстүрлер, әлеуметтік мінез-құлық
нормалары кіреді. Ауыз әдебиетінің үлгілері, оның ішінде мақал-мәтел, өлең-
толғау, термелер, жұмбақтар – ақыл-ойды жетілдірудің, батырлар жыры, ән-
күй, терме-тақпақ – эстетикалық және ерлік рухта тәрбиелеудің, ертегілер
мен аңыздар – адамгершілік мінез-құлықтар мен қарым-қатынасты
қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланылады. Ұлттық педагогика түрлерінен
халықтық идеялар көрініс табады, оның мазмұнын айқындайды. Сөйтіп,
жастардың
бойына ізгілік, қайырымдылық, досты қ, батырлық, адалдық, шыншылдық, ба уырмал
дық, т.б. қасиеттерді сіңіреді.
Этнопедагогика - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық
арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық
құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық
педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы.
Этнопедагогикалық зерттеудің көзіпедагогика мазмұнды және сол
бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие материалдары, ойынш ықтар, халықтық және жастар мерекелері,
отбасылық тәрбие тәжірибесі т.б. Халықтық педагогика - ойыншықтарда,
ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтыктарының
ережелерінде, батырлық дастандарда, халық ауыз шығармашылығында сақталған
тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы.
Этнопедагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің
жолдары мен құралдары енеді. Этнопедагогика құндылықтары өсіп келе жатқан
ұрпақтың бойында ұрттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне
бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі
туралы тусінігін дамытуға көмектеседі. Этнопедагогика (этнопедагогика)
білім жиынтығы және тәрбие дағдысы этномәдени дәстүрде сақталып қалған,
халық этникасында және көркемдік творчествасында, тұрақты ұлттық
спецификалық қарым-қатынас формаларында және уәкілдердің әртүрлі
нәсілдермен және ең маңызды болып келетіні бірлік және этностық бүтіндігі.
Этнопедагогика - ол ұлттың мәдени сызығын өзінде
сақтаған, әдістері және тәрбие дағдысы, өзіндік халықтың жиналу және басқа
этностардың салты. Оқылудың көз бұлағы халық-педагогика фольклор-
этнографиялық және антропологиялық материалдар, археологиялық,
табыстар, мемуарлық әдебиеттер және т.б. нормативті талаптар болып табылады
1. Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру
жүйесіндегі мәні.
Этнопедагогиканың мәнін анықтау барысында біз Т.И.Огородниковтың:
этнопедагогика – педагогиканы этнография және фольклористикамен
байланыстырушы жаңа ғылым саласы деген тұжырымына сүйендік. Біріншіден,
этнопедагогика – педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, сондықтан
этнопедагогиканың қасиеттері мен негізгі мәндік сипаттамасы осы жүйе арқылы
айқындалады, яғни көрнекті ғалым А.И.Ракитовтың пікірінше, этнопедагогика
тек педагогика аясында ғана өзінің функционалдық түсіндірмесіне,
дәлелдемесіне ие болады. Екіншіден, этнопедагогика – этнография,
педагогика және фольклористика ғылымдарының түйіскен саласы болып табылады.
Педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, этнопедагогика дербес, сонымен
қатар педагогикадан айтарлықтай айырмашылықтары бар.
Тұтастыққа, бір жүйеге бағына отырып, құрамдас бөліктер салыстырмалы
түрде дербестікке ие болады. Бұл дербестік белгілі бір кезеңде олардың
әрқайсысының ерекше, тек өзіне ғана тән қызметтерді орындау қабілеттерінен
көрінеді, - деп жазады В.Г.Афанасьев. Этнопедагогиканың дербестігі оның
өзіне тән зерттеу пәнінің қалыптасуымен де дәлелденеді. Алайда жүйелі
зерттеу кезінде талданатын нысан бөлшектерін сипаттау өздігінен емес,
негізінен олардың орнын есепке ала отырып қана жүргізілетіндіктен
(В.Н.Садовский), біз этнопедагогиканың педагогика ғылымдары жүйесінде
алатын орнын және оның басқа ғылымдармен анықтау үшін, ең алдымен
этнопедагогиканың ғылымаралық байланысын нақтылауға, сол сияқты оның
құрылымына, педагогикалық ғылымдар ішіндегі, педагогикалық пәндер
арасындағы байланыстар типін қарастырдық. Тек осы байланыстарды нақтылау
арқылы ғана біз осы жүйенің нақты құрамдас бөліктерін анықтай аламыз.
Этнопедагогика құрамына енетін құрамдас бөліктерді зерттеу, педагогиканың
құрамдас бөлігі этнопедагогикада пеедагогикалық заңдар, заңдылықтар,
қағидалар қолданылатынын дәлелдеді, сонымен қатар этнопедагогиканың өз
құрамы есебінен олардың ерекшеліктерін зерттеуде біршама өзгеше тәсілді
талап ететін айрықша қасиеттері бар екені байқалды. Біздің зерттеу
жұмысымызда педагогика аясында әрқайсысы этнопедагогиканың өркендеуіне өз
үлесін қосатын төмендегі ғылымдар: этнофилософия, этнопсихология,
этномәдениеттену және этнографиялардың ықпалдасуы этнопедагогиканың өзіндік
ерекшеліктерін көрсетеді. Сөйтіп, педагогика аясында этнография,
этнофилософия, этнопсихология, этномәдениеттанудың бірлесуінен, олардың
этникалық аспектісін зерттейтін интегративті сала – этнопедагогика пайда
болды. Өйткені этнопедагогиканың нысандық саласы – этнос тіршілігінің
этникалық жақтары:
Этнопедагогика үшін – дамып отыратын этнопедагогикалық болмыс;
Этнология үшін (этнография) – этнос және өзі сияқтылармен қарым-
қатынасы;
Этномәдениеттану үшін – сол этностың мәдениеті;
Этнопсихология үшін – ұлтық сана-сезім, ұлттық мінездің қалыптасу
заңдылықтары;
Этнофилософия үшін – қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктері;
Алайда аталған салалардың әрқайсысы өз аспектісін: яғни этнопедагогика
– этникалық тәрбие ерекшеліктерін қарастырады. Олардың барлығын біз мына
сурет арқылы бейнелеп көрсеттік.
Осы деректерге сүйене отырып, біз педагогиканың құрамдас бөліктері
мен этнопедагогикасындағы байланысты пәнішілік топқа жатқызамыз, себебі
этнопедагогика – педагогиканың құрамдас бөлігі болып саналады, онда ғылыми
теориялар, заңдар, заңдылықтар, принциптердің тікелей генетикалық байланысы
белгіленеді.
Этнология мен педагогиканың арасындағы нысан бойынша байланыс –
этностың тіршілік әрекеті. Этнологияның зерттеу пәні – этнос теориясы
болса, этнопедагогика үшін – этнос теориясы этнопедагогиканың этникалық
мәнін анықтайтын терминологиялық аппараттың негізі.
Этномәдениет пен этнопедагогика арасындағы байланыс. Этнопедагогика –
халықтың рухани мәдениетінің тұрақты бөлігі, демек этнопедагогиканың
мазмұны, оның құралдары этномәдениетпен айқындалады.
Этнопедагогика мен этнософия арасындағы байланыс. Этнопедагогиканың
мазмұны халық даналығын, оны сусындатып отыратын халық білімін де қамтиды.
Этнопедагогика мен этнопсихология арасындағы байлансы. Ол – зерттелетін
мәселелер бойынша байланыс, яғни ұлттық сана-сезім, ұлттық мінез, ұлттық
сезім қалыптасуы.
Этнофилософия және этнопедагогика арасындағы байланыс. Этнофилософия –
дүниетаным. Осы мағынасында ол этнопедагогика мазмұнының дүниетанымдық
бағытын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сөйтіп, жоғарыда айтылған пәндердің арасындағы байланыстардың тамыры
тереңде жатыр, бұл – бір нысан шеңберіндегі, яғни кірігу деңгейіндегі
байланыс. Бұл жөнінде И.М.Кантор: Әлемнің біртұтастығы, заттар мен
құбылыстардың жалпыға ортақ байланысы мен өзара ынтымақтастығы, материя мен
қозғалыс формаларының тарихи сабақтастығы, сапасы әртекті жүйенің танымал
изоморфизмі кірігудің шынайы негізі болып табылады, - дейді. Сонымен,
этнопедагогика мен педагогиканың құрамдас бөліктерін зерттеу барысында
педагогика, этнопедагогика және қазақ этнопедагогикасы бір-бірімен: ортақ,
ерекше, бірегей қатынаста болатындығына көз жеткіздік.
Этнопедагогикаға берілген көптеген анықтамаларды талдау зерттеушілердің
негізінен оның этникалық ерекшелігіне баса назар аударатындығын көрсетті.
Біз қолданып отырған этникалық деген ұғым тәрбие мен білім берудегі
мәдениет, дәстүр, тіл, психалық тұрпат, этникалық сана-сезім және өзіндік
сана ерекшеліктеріне негізделген этникалық ерекшеліктер сапасына баса назар
аударуды көздейді. Қазақтың этникалық педагогикасы білімнің осы саласында
қазақ этносының тарихи этникалық жағдайында қалыптасқан мәдениеті, тұрмысы,
салты, дәстүрі, тілі, діні арқылы оның этникалық тәрбиесінің нақты
ерекшеліктері зерттеледі.
Педагогика әдіснамасы қазақ этнопедагогикасының бағыттаушы негізі бола
отырып, бізге этнопедагогика әдіснамасын, этнопедагогика теорисын,
әрқайсысында өзінің қайталанбаскатегориялық құрамы болатын практикалық іс-
әрекетін қамтитын бірегей құрылымын белгілеуге мүмкіндік туғызды. Жоғарыда
айтылғандар бізге қазақ этнопедагогикасының анықтамасын беруге, нысанын
айқындауға, сол сияқты басқа салалардан алынған (этнос теориясынан, қазақ
философиясынан, этнопсихологиядан, мәдениет теориясынан) этнопедагогикалық
ұғымдардан тұратын ұғымдық-терминологиялық жүйесін нақтылауға мүмкіндік
туғызды. Қазақ этнопедагогикасы – этнография, қазақ философиясы, этникалық
мәдениеттің тоғысуында қалыптасқан педагогика ғылымының құрамдас бөлігі,
саласы, ал оның зерттеу пәні – білім беру мекемелерінде, отбасында өмір
бойы үздіксіз жүзеге асырылататын қазақтың этникалық тәрбие жүйесі болып
табылады. Этнопедагогика студенттерге педагогикалық білім берудің бір
бөлігі ретінде этнопедагогикалық білім беру жүйесінде басты орын алады.
Осыған байланысты біздің профессор С.А.Ұзақбаевамен авторлық бірлестікте
дайындаған Жоғарғы мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру
тұжырымдамасында болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық іс-әрекетке
даярлығын қалыптастыру мақсатында жоғарғы оқу орнында оқытудың өн бойына
этнопедагогикалық пәндерді енгізу қажеттілігіне, маман біліктілігін
жетілдіру жүйесінде этнопедагогикалық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне
назар аудардық. Бұл мәселелер өз шешімін көптеген облыстық білім жетілдіру
институттарындағы этнопедагогикалық зертханалардың атқарған жұмыстары
арқылы жүзеге асырылады.
2. Этнопедагогиканың мазмұны.
Этнопедагогика – этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін
педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Педагогоканың дамуын халықтың педагогикалық дәстүрлерімен бірге
қарастыру тек қызығушылық туғызып қана қоймайды, сондай-ақ тарихи-
педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық
теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті
екендігін тексерудің де айғағы.
Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың
бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең
өзгешелігі болғандықтан оны мазмұндау қазіргі тәрбие теориясы мен
практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық
өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық
тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада
қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі
жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті
дамуындағы рөлі жайлы ашып-көрсетілуі қажет. Этностың орнықты әлеуметтік
қауым ретінде тұлға, тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе
этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін
көрсетудің мәні үлкен.
Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз
эмпирикалық педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе,
этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі көрініс берген нақты этникалық
педагогикалық дәстүрлермен байланысты екендігі жөнінде аық түсініктің
қалыптасуына ықпал етеді. Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің
ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік
етудің түрлі тәртіптеріне дайындауға қабілеттілігі жайлы ұғымды
тереңдетеді.
Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән
әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму
заңдылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық тәртіптегі
элементтер құрайтынын; жалпы заңдылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс,
өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына
тәуелділігімен анықталса; даралық заңдылық этнопедагогиканың ұлттық
адамшылық табиғаттың адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау
және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету
басты міндет болып табылады.
Болашақ маман тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы
қалыптасқан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пйдаланумен анықталатынын
түсінуі аса қажет. Сондықтан педагогикалық оқу орнындағы студенттің халық
өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мәнін талдап, олардың тәрбиенің
қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ
мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және
жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың
қазіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі
халықтық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, қазіргі
салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу
дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен
байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық
түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этноедагогиканы алдымен оқу-тәрбие процесіне кеңінен
енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қиынсыз алынып тасталған халықтық
және табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екендігі
арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие
құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі жөніндегі
қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта
тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын аса
бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқытылатын материалға
қызығушылығын, арттырады.
Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен
көрініс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz