Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару құрылымы
1.1. Жергілікті басқару атқарушы және өкілетті органдардың жалпы ереже
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Өкілетті орган маслихаттың құрылуы, қызметі, тәртібі және
құзыреті ... ... .9
2 бөлім. Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
2.1. Атқарушы орган, әкімдер-әкімшіліктерді құру, құзыреті қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Мемлекеттік басқару құрлымына жаңа технологияларды енгізудің жаңа
басқару
модьелдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылєан әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..31
Кіріспе
Өзінің тәуелсіздікке арналєан ел басымыздын сөзінде Н.А.Назарбаев
былай деді, - Біз жаңа елдін берік негізін қаладық, жүз жыл бұрын үзілген
егемендікті қайта орнына қалыптастырдық. Қазіргі қалыптасқан дамуда
табиєатта, тарихта болєан дамудың еш қайсысымен салыстыруєа болмайды.
Елімізге тек қана даму жоспарын құрып барлық сұрақтармен жауаптар тек қана
даму туралы болєан жөн.
Қазақстан өз дамуында алєа нақ сенімді басып келеді және соєан кепіл
Қазақстан 2030 жылєы ұлттық даму стратегиясын құрып және оның сатылы
халықты қуантып жүзеге асып келе жатқанында. Қазақстан өз дамуында маңызды
алєашқы қадамдары аттады дегенмен бұл нарық заманында бәсекеге қабілетті
болып өз дамуымызды жалєастырып толық бәсекеге қабілетті нарықтық Қазақстан
атану үшін еліміздін басшыларының үкімет органдарының әліде көп тер төгуіне
тура келеді.Тәуелсіздікке қол жеткен алєашқы күннен бастап барлық қажыр
қайратты төгіп аямай еңсесі биік алдыңєы қатарлы ел болу біздің ұлы
мақсатымыз.
Жергілікті басқару тарихи, этникалық, географиялық және басқа
жаєдайларєа байланысты объективтік және субъективтік факторлардың негізінде
жүреді. Осы себепті мемлекеттерде жергілікті басқаруды ұйымдастырудың және
тиісінше осы құбылысты зандық реттеудің сан алуан түрлі практикасы бар.
Жергілікті басқару туралы тұжырымдамалар не оны ұйымдастырудың идеялық-
теориялық негізі, не жергілікті басқару органдарын құру мен қызмет
практикасын жалпылаудың нәтижесі болып табылады. Сондықтан да жергілікті
басқару органдары туралы неше түрлі тұжырымдамалар бар, бұл жергілікті
басқару проблемаларына әмбебаптық көзқарас жоқ деп пайымдауєа негіз болады.
Жергілікті басқарудың мәні мен мақсаты туралы бар тұжырымдамалардың тек
кейбірін атайық. Саяси теорияєа (Р. Гнейст) сәйкес жергілікті басқарудың
мәні оны жергілікті халықтың қүрметті өкілдерінің өтеусіз жүзеге асыруында
болып табылады. Мемлекеттік өзін-өзі басқару теориясы өзін-өзі басқару -
мемлекеттік басқарудың бір бөлігі болып табылады, сондықтан оның органдары
барлық өкілеттіктерін мемлекеттен алады деп негіздейді. Бұл теорияның түрлі
реңктері бар. Біреулері жергілікті басқару органдарының басшыларын жоєары
тұрєан (орталық) органдар таєайындайды, сол себепті де олар дербес болып
табылмайды деп пайымдайды. Басқалары жергілікті басқаруды жүзеге асыратын
үкімет қызметкерлері емес, оның органдары мемлекеттік болып табылмайды,
бірақ мемлекеттік басқару функцияларын атқарады деп есептейді. Жергілікті
басқарудың мәнін түсіндіретін басқа да көзкарастар баршылық. Олардың
барлыєына ортақ бір нәрсе бар, ол біріншіден, жергілікті басқарудың
мемлекеттік басқарумен байланысты болуы және мемлекет та-рапынан жергілікті
істерді басқаруды жүзеге асырудың жалєа-сы болып табылуы; екіншіден,
жергілікті істерді басқаруєа тек жоєарыдан таєайындалатын мемлекеттік
қызметшілер єана емес, сонымен бірге жергілікті түрєындардың
қауымдастықтары, олардың өкілдері қатысуы; үшіншіден, жергілікті басқарудың
түрлі дербестік дәрежелерінің болуы.
1997 жылы қазақстан 2030 жылєа дейін даму стратегиясын құрып
қолданудамыз оңда біздің ұлық мұратына деген көзқарас таныстырылєан
болатын. Бұл әлі қанаты қатая қоймаєан жас тәуелсіз мемлекеттің ұлы таңдауы
еді. Сол кезде осы стратегия турасында күмән аз бола қоймаєанын
білемін. Сол уақытта, естеріңізде болар біздің жинақтаєан қорымыз зіл
батпан әлеуметтік – экономикалық пробемалардан және егеменді даму мен
либералдылық реформалардын азын аулақ алєашқы тәжірбиелерінен єана тұратын.
Сол тұста, 10 жыл бұрын, біз өз тандауымызда қателескен жоқпыз нақ сол
уақыттан Қазақстан нарықтық эконмиканың теоремалары мен демократиялық
дамудың аксиомалары біріне кейі бірін игере отырып дәйектілікпен ілгері
адымдай бастады. Бұл мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық
құқықтық мемлекеттің ірге тасын қалыптастырып осы заманєы қоєамдық
институтарды ныєайттық, өмір сапасымен ұстанымдарын елеулі түрде өзгерттік.
Біз ішкітұрақтылыққа қол жеткіздік дамудың әлеуметтік базасын сенімділігін
қамтамассыз еттік, өнірдегі үздік құрдық. Қазақстан өңірдегі геосаяси
тұрақтылықпен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды
міндеттерді атқаратын халықаралық қоєамдастықтын толыққанды және жауапты
мүшесі ретінде орнықты бұның барлыєы тиімді басқарып сапалы қызмет дұрыс
реформалар жүргізіп дұрыс даму жоспарын құрып сатылы жұмыс жүргізу арқасы.
Жергілікті өзін өзі тиімді басқару ендігі жердегі елдін басты баєыты.
Аймақты дамыту қарапайым аймақтаєы қазаққа сапалы қызмет көрсету, сапалы
өнім өндіру жақсы өмірмен қамтаммасыз ету басты баєыты баєдары болып
табылады.
1 бөлім. Қазақстан республикасы жергілікті өзін өзі басқару құрылымы
1.1 Жергілікті басқару атқарушы жане өкілетті органдардың жалпы
ережелері
Қазақстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басқару
жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол
мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін
біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Демек,
жергілікті мемлекеттік басқару мемлекеттік биліктің туындысы. Бұл
жергілікті мемлекеттік басқару жалпы жергілікті ерекшеліктерді есепке
алмайды және жергілікті проблемаларды шешпейді дегенді білдірмейді.
Қазақстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басқару мемлекет
тетігінің ерекше бөлшегі болып табылады және белгілі бір дербестікке ие
болады. Бірақ дербестік жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы
органдар да ұйымдық және құзыреттілік тұрєысынан өзіндік ерекшелікпен
көрінеді. Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар Республиканың өкілді
органдар жүйесінің бір бөлігі болып табылмайды. Қазақстан Республикасының
Парламенті жергілікті өкілді органдар - мәслихаттармен ұйымдық тұрєыдан да,
құзыреттілік тұрєысынан да байланыспаєан. Тек Конституция көздеген екі
жаєдайда єана мәслихаттар мен Парламент өзара байланысқа кіреді:
мәслихаттар сенаторларды сайлайды, ал Парламент Сенаты мәслихатты тарата
алады. Сондықтан өкілді органдар ретінде мәслихаттар Республика
Парламентінен тәуелсіз. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер,
керісінше, біртұтас атқарушы органдар жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып
табылады және олардың ұйымдыєы мен қызметі жоєары тұрєан атқарушы
органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентімен байланысты
және оларєа тәуелді. Бұл, бірақ, жергілікті атқарушы органдардың белгілі
бір дербестігін жоққа шыєармайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясында көрсетілгендей, жергілікті атқарушы органдар тиісті
аумақтың мүдделері мен даму қажеттіліктеріне тіркестікте атқарушы үкіметтің
жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті өкілді
органдардың таєы бір ерекшелігі олардың Конституцияєа және зандарєа сәйкес-
тікте жұмыс істеуі болып табылады. Ал жергілікті атқарушы органдар өзінің
қызметін тек Конституция мен заңдардың негізінде єана емес, сонымен қатар
Президенттің, Үкіметтің және жоєары тұрєан атқарушы органдардың актілерін
орындау жолында жүзеге асырады. Барлық жергілікті мемлекеттік басқару
органдары үшін ортақ таєы бір ерекшелікті атап өткен жөн: олар өз-өздеріне
құзырет белгілей алмайды. Конституцияда аталєандай, мәслихаттар мен
жергілікті атқарушы органдардың құзыретін, олардың ұйымдық және қызмет
тәртібін заң белгілейді. "Қазақстан Республикасындаєы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заң 2001 ж. 23 қаңтарда қабылданды.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ұєымдарының
арақатынасына байланысты мәселені қарастыру керек. Түрлі елдердің
практикасында бірнеше жергілікті басқару үлгілері бар. Біз оларєа тоқталмай-
ақ қояйық. Кдзақстан Рес-публикасында мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-
өзі басқаруды ажыратуєа негізделген өзіндік жергілікті басқару үлгісі пайда
болды. 1993 жылєа дейін Қазақстанда билікті бөлу принципін жоққа шыєарєан
және тиісті аумақтаєы өкілді органдардың (кеңестердің) толық билігіне
негізделген кеңестік үлгі орын алды. Жергілікті Кеңестер біртұтас КСРО
Кеңестер жүйесінің бір бөлігі болып табылатын. Кеңестер төменнен жоєарыєа
дейін кеңестер алдында есеп беретін және жауап беретін өзінің атқарушы
органдарын құрды. Атқарушы органдар қос баєыныштылық: тиісті кеңеске
(аудандық, қалалык, облыстық Казахстанская правда, 7 ақпан, 2001 жыл,
республикалық, одақтық) және жоєары тұрєан басқару органына (аудандық,
қалалық, облыстық атқару комитеттері, республика үкіметі, одақтық үкімет)
баєыныштылық принципі бойынша әрекет етті. Халық депутаттары кеңесі
жергілікті орындар мен орталықтаєы толық билікті мемлекеттік органдар болып
саналєанымен, шындыєында олар бутафория болды. Олар өздерінің сессияларына
жылына бірнеше мәрте жиналатын, бірнеше күн жұмыс істеп, атқарушы органдар
коммунистік партия ұйымдарының басшылыєымен дайындаєан мәселелерге дайын
шешімдер шыєаратын. Партия ұйымдарының, аудандық деңгейден бастап тура
кеңес атқарушы органдарындай құрылымы болды, және олар мемлекеттік
органдарєа тұрақты басшылық етті. Осындай жаєдайларда мемлекеттік
органдардың дербес қызметі жөнінде айту қиын болды. Қазақстан
Республикасының 1993 жылєы 10 желтоқсандаєы "Қазақстан Республикасындаєы
жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы" Заң жергілікті мемлекеттік
басқару органдарының атауына және құрылымына елеулі өзгерістер енгізді.
Біріншіден, ауылдық, кенттік, селолық, аудандық, қалалық және
облыстық деңгейлерде Халық депутаттары кеңестері мен атқарушы комитет
атаулары жойылды. Бұл атаулар тарихқа енді, бірақ Кеңестердің жоєары буыны
— Жоєарєы Кеңес — әлі де болса қалєан еді. Екіншіден, жергілікті өкілді
органдар мәслихаттар, ал жергілікті атқарушы органдар әкім бастаєан
жергілікті әкімшілік деп атала бастады.Үшіншіден, мәслихаттар мен әкімшілік
"жергілікті мемлекеттік басқару органдары" деген жалпы атаумен
біріктірілді. Бұл кеңестік теория мен практикадан бас тартуды білдірді:
Кеңес мемлекетінде кеңестер, өкілді органдар ретінде мемлекеттік билік
органдары болып саналатын. Төртіншіден, мәслихаттар мен жергілікті
әкімшілікті "жергілікті мемлекеттік басқару органдары" деген жалпы атаумен
біріктіру мүлдем оның екеуі де мемлекеттік басқарудың бірдей мәселелерімен
айналысады дегенді білдірмейді, бұл туралы төменде сөз болады. Бесіншіден,
мәслихаттар мен жергілікті әкімшілік ұйымдық тұрєыдан бір-бірінен бөлінген.
Алтыншыдан, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары емес, өкілді
органдар болып саналса да таза мемлекеттік органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясы жергілікті мемлекет
органдарының аталєан үлгісін қабыл алды. Конституцияның осы органдарєа
арналєан бөлімі "Жергілікті мем-лекеттік басқару және өзін-өзі басқару" деп
аталады. Бұл бөлімде жергілікті мемлекетттік бас органдары туралы жалпы
айтылады. 2001 ж. 23 қаңтардаєы "Қазақстан Республикасындаєы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заң жергілікті мемлекеттік басқару саласындаєы
қоєамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар
депутаттарының қүқықтық жаєдайын белгілейді. Бұл занда Қазақстан
Республикасында бірінші рет жергілікті мемлекеттік басқаруєа белгілену
берілген. Жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді және атқарушы
органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны аталєан заң мен
басқа да зандық актілер белгілеген құзыреттер шегінде дамыту мақсатында
жүзеге асыратын қызмет болып табылады.
Заңның 1-тарауы "Жалпы ережелерде" онда қолданылатын негізгі ұєымдар
туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы зандар туралы, жергілікті
мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізі туралы
мәселелер жайлы айтылады. Жергілікті мемлекеттік басқару ұєымы туралы
айтылып өтті, ал басқа ұєымдар тиісті бөлімдерде қарастырылады.
Занда жергілікті мемлекеттік басқару туралы зандар Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінен тұрады делінеді. Шын
мәнінде "Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заң Конституцияєа негізделеді және сәйкестендіріледі. Сонымен бірге аталмыш
заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы негізгі арнайы заң болып
табылады. Арнайы болып табылатын себебі, ол жергілікті мемлекеттік
басқаруєа арнайы шыєарылєан, басқа мұндай заң жоқ. Бірақ бұл осы заңды
өзгертіп, толықтыратын басқа заңдар қабылданбайды дегенді білдірмейді. Ерте
ме, кеш пе, тиісті зандар қабылданады. Осындай заңдар қарастырылатын заңның
құрамдас бір бөлігі болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындаєы
жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген баєыттары мен қамтамасыз ету
тетіктерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер де қабылдануы
мүмкін. Олар заңдар және қосалқы заңдық актілер: Президент жарлықтары,
Үкімет қаулылары болуы мүмкін. Осындай нормативтік құқықтық актілер үшін
"Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның қаєидалары негіз болып
табылады, яєни, қосалқы зандық актілер аталмыш заңның негізінде және
нақтылауымен қабылданады. Жиынтыєында олардың барлыєы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы заңдарды құрайды. Бұл заңдар Қазақстан
Республикасындаєы барлық жергілікті мемлекеттік басқару органдарына қол-
данылады. Ұлттық зандардың (ал жергілікті мемлекеттік бас-қару туралы
зандар — олардың бір бөлігі) қүрамында қоєамдық қатынастардың баска
салаларын реттейтін және жергілікті мемлекеттік басқаруєа қатысты нормалары
бар нормативтік қүқықтық актілер болуы мүмкін екенін атап өткен жөн.
Осындай құқықтық нормалар жергілікті мемлекеттік басқару туралы зандардың
құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл заңдарда арнайы нормативтік
құқықтық актілер болуы мүмкін. Атап айтқанда, оларєа Алматы қаласының
ерекше мәртебесі туралы зандар жатады. Алматы қаласының аумаєында
"Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заң Қазақстан Республикасының оның
ерекше мәртебесі туралы зандарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Оєан жеке тоқталамыз. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік
басқару туралы" Заңда мәслихаттарєа да, сондай-ақ әкімшіліктерге де қатысты
қаєидалар бар. Мәселен, жергілікті мемлекеттік басқару органдары
мәслихаттар мен әкімшіліктердің қызметінің экономикалық және қаржылық
негізін: жергілікті бюджет, коммуналдық занды тұлєаларєа берілген мүлік,
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге
мүлік қүрайды. Әрине, мәслихаттар мен әкімшіліктердің бүл мәселелерге
көзқарастарында ерекшеліктер бар, ол туралы тиісті бөлімдерде сөз болады.
"Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заң мәслихаттар мен әкімшіліктер
үшін ортақ негізгі талаптар мен шектеулер белгілейді. Оларєа төмендегілер
жатады: мәслихаттар мен әкімшіліктер жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі
саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің
қабылдануына жол бермеуге; әлбетте, бұл органдардың шешімдері
Конституцияєа, зандарєа және басқа да нормативтік актілерге қайшы келмеуге
тиіс; мәслихаттар мен әкімшіліктер Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүдделерін сақтауєа тиіс; үлттық қауіпсіздікке
қатысты мәселелер шеңбері арнайы занда белгіленген; мәслихаттар мен
әкімшіліктер өз құзыреттерінің шектерінде азаматтардың құқықтары мен занды
мүдделерін сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; бүл олардың ортақ міндеті
болєанымен, заң мәслихаттар мен әкімшіліктер үшін оны орындаудың түрлі
әдістерін белгілеген, мәслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан
Республикасының шегінде бірыңєай еңбек нарыєын, капитал, қаржы нарқын
қалыптастыруєа, тауарлар мен қызметтермен еркін алма-суєа кедергі
келтіретін шешімдер қабылдауєа тыйым салынады, мәслихаттар мен әкімшіліктер
оз аумақтарын дамыту жоспарларын әзірлеу және қабылдау кезінде Қазақстан
Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарларын басшылыққа алуєа тиіс.
1.2 Өкілді орган – маслихаттар құрылуы қызметі, тәртібі және
құзыреті
"Қазақстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заң жергілікті өкілді орган үєымын береді. Жергілікті өкілді орган
(мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін
және Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті
шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган
болып табылады. Осы үєымда жергілікті өкілді органдарды мемлекеттік
тетіктің ерекше бір бөлігіне бөліп шыєаратын белгілер қатары
келтірілген.Бірінші белгі бұл сайланбалылық.Бірақ сайланбалылық жергілікті
өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды. Парламент Мәжілісінің
депутаттарыда сайланады. Конституция аудандық және одан төмен түрєан
атқарушы органдардың сайланбалылық мүмкіндігін көздейді.Мәслихаттардың
екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және
сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.
Мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумаєында тұрып жатқан
халықтың еркін білдіреді. Егер аталєан үш белгі жергілікті өкілді
органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі
олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүзеге асыруєа және халықтың
еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс."Қазақстан
Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңда аталєан осы
белгіде "халықтың еркі" дегенді онша дүрыс түсінбеуден туындайтын
Конституция қаєидасын онша дүрыстамай қайталау бар. Занда "халықтың еркі"
халық мәслихаттардың депутаттарын сайлап, оларєа өз қызметінде тек
сайлаушылардың еркін жүзеге асыруды тапсыратындай түсініледі. Мәслихат
заңнамаєа сәйкес тек халықтың еркін іске асыру үшін шаралар белгілейді
деген қаєидасын дәл осылай түсінуге болады. Конституцияда бұл мәселе
біршама өзгеше түсіндіріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-
бабында "Жергілікті өкілді органдар мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді
ескере отырып, оны іске асыруєа қажетті шараларды белгілейді олардың жүзеге
асырылуын бақылайды" делінген. Конституцияның аталєан қаєидасы: 1)
мәслихаттар халықтың еркін білдіреді;
мәслихаттар халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды жалпы
мемлекеттік мүдделерді ескерумен белгілейді;
мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары болып табылмайды дегенді
білдіреді; Қазақстан Республикасы Конституциясының 85-бабында жергілікті
мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтаєы істің жай-күйіне жауапты жергілікті
өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады деп жазылєан. Де-мек,
жергілікті халықтың атынан өкілдік ете отырып олармен қалыптастырылса да
мәслихаттар мемлекеттік тетіктің бір бөлігі болып табылады және осы себепті
жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеруге тиіс. Бұл мәслихаттардың қызметінде
жалпы мемлекеттік мүдделер екінші орында, жанамалы түрде бо-луєа тиіс
дегенді білдірмейді. Жалпы мемлекеттік мүдделер мәслихаттардың қызметінде
Конституцияда, зандарда аталєан жаєдайларда бірінші орынєа шыєады. Осы
қаєиданы бұзу Конституцияны, зандарды бұзу болып табылады. Мәселен,
Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабында белгіленген мемлекеттің
біртүтастыєы және аумақтық тұтастыєын, Республиканы басқару нысанын
өзгертуге болмайды. Мәслихат жергілікті халықтың еркін білдіруді сылтау
етіп осындай мәселелерді қоюєа құқысыз, себебі, аталєан конституциялық
ережелер жалпы мемлекеттік мүдделерді білдіреді. Осы мысал кез келген
белгілеулердің, үєымдардың салыстырмалылыєы, сыңаржақтылыєы туралы ереженің
дұрыстыєын айқын көрсетеді. Осындай ойланылмаєан, сыңаржақты үєымдар
әсіресе занда қабыл алєысыз, өйткені теріс саяси салдарлары болуы мүмкін.
1)Мәслихаттар құрылуы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан
Республикасының Сайлау туралы Заңымен" және "Қазақстан Республикасындаєы
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның бірқатар нормаларымен
реттемеленеді. Конституцияда мәслихаттардың қүрылуына арналєан бірнеше
нормалар бар. Оларда мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктер облыс, қала,
аудан аумаєында сайланады деп көрсетіледі. Мәслихаттарды халық жалпыєа
ортақ, тең, тура сайлау қүқыєы негізінде құпия даұыс беру жаєдайында төрт
жыл мерзімге сайлайды.
"Сайлау туралы" Заң мәслихаттарєа сайлауды одан көрі толыєырақ
реттемелейді.
"Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заң Конституция мен "Сайлау
туралы" Заңның қаєидаларын қайталайды және мәслихаттар депутаттарын сайлау
Республиканың сайлау туралы зандарымен реттемеленеді деп көрсетеді. Занда
тиісті мәслихат депутаттарының санын Республиканың Орталық сайлау
комиссиясы мынадай шектерде белгілейді, облыстық мәслихатта, Астана және
Алматы қалалық мәслихаттарында — елуге дейін; қалалық мәслихатта — отызєа
дейін; аудандық мәслихатта — жиырма беске дейін.
2) Мәслихат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
белгілеген оның депутаттары жалпы санының кемдегенде төрттен үші сайланєан
жаєдайда қүқылы деп саналады.
Мәслихат тұрақты әрекет ететін мемлекеттік басқару органы болып
табылмайды. Мәслихат сессиялар бойынша жүмыс істейді, сессия мәслихаттар
қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Мәслихаттың өкілеттіктері бірінші
сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылєан мәслихаттың бірінші
сессиясының жұмысы басталєанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің
қайта үйымдастырылуы (қосу, біріктіру, қайта күру, бөліп шыєару немесе
бөлу) орын алуы мүмкін. Бұл жаєдайларда мәслихаттардың депутаттары
өздерінің өкілеттіктерін сақтап қалады және әкімшілік-аумақтық
бірліктерінің құрамына мәслихаттарды сайлаушылардың көпшілік бір бөлігі
кірген қайта ұйымдастырылєан мәслихат-тардың депутаттары болып қалады. Егер
белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік таратылса, онда тиісті мәслихат та
таратылады.
Мәслихат тек мемлекеттік өкілді орган болып саналады, заңды тұлєа
болып табылмайды, яєни, қандай-бір шаруашылық әрекеттер жасамайды. Бұл
түсінікті де Мәслихат кіммен де болмасын шаруашылық қатынастарєа кірмейді.
Ол мемлекеттік, құқықтық проблемаларды шешетін мемлекеттік орган болып
табылады және азаматтардың әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және таєы басқа
жай-күйінен тәуелсіз бүкіл халықтың еркін білдіреді.
Мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны сессия, яєни, депу-таттар
жиналысы болып табылады.Сессияда оның қарауына жатқызылєан мәселелер
шешіледі.Мәслихат сессиясы егер оєан мәслихатқа сайланєан депутаттар
санының кем дегенде үштен екісі қатысып отырса, мәслихат қарауындаєы
мәселелерді қарастыруєа құқылы, яєни, құқыєы бар. Мәслихаттың кезекті
сессиясы кем дегенде жылына төрт мәрте шақырылады және оны мәслихат
сессиясының төраєасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
депутаттар санының кем дегенде үштен бірінің немесе әкімнің ұсынысы бойынша
шақырылады. Мәслихат сессиясының шақырылу уақыты мен өткізілетін орны
туралы, сондайақ сессияның қарастыруына енгізілетін мәселелер туралы
мәслихат хатшысы депутаттарєа, халыққа және әкімге сессиядан кем дегенде он
күн бұрын, ал кезектен тыс сессия шақыру жаєдайында - кем дегенде үш күн
бұрын хабарлайды. Сессияның қарастыруына енгізілетін мәселелер туралы
мәслихат хатшысы сессиядан кем дегенде бес күн бұрын және кезектен тыс
сессиядан кем дегенде үш күн бұрын әкімге және депутаттарєа қажетті
материалдар табыстайды. Демек, депутаттар мен әкімнің мәслихат сессиясының
қарастыруына ұсынылєан мәселелерді зерделеу үшін уақыты болады.
Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткізіледі. Жаңадан
сайланєан мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген
депутаттар санының кемінде төрттен үші болєан ретте мәслихат депутаттары
тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық
сайлау комиссиясының төраєасы шақырады. Мәслихаттың бірінші сессиясын
тиісті сайлау комиссиясының төраєасы ашады және мәслихат сессиясының
төраєасы сайланєанєа дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат
сессиясының төраєасы жүргізеді. Мәслихат сессиясының төраєасын ашық дауыс
беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санынын көпшілік даусымен сайланады.
Мәслихат сессиясының төраєасын сайлау тәртібі оның алдындаєы сессиясындаєы
мәслихат регламентінде белгіленеді. Мәслихаттың кезекті сессиясының
төраєасы мәслихаттың алдыңєы сессиясында сайланады. Мәслихат депутаты
мәслихат сессиясының төраєасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық
сайлана алмайды. Төраєа өзінің жұмысын босатыл-маєан негізде жүзеге
асырады.Мәслихат сессиясының төраєасына белгілі бір өкілеттіктер берілген:
ол сессия шақыру туралы шешім қабылдайды, мәслихат сессиясын әзірлеуге
басшылық жасауды жүзеге асырады, оның күн тәртібін қалыптастырады,
сессияның отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз
етеді, мәслихаттың сессиясында қабылданєан немесе бекітілген мәслихаттың
шешіміне, хаттамаларєа, өзге де құжаттарєа қол қояды. Сессия төраєасына бір
артықшылық берілген: ол егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде
депутаттардың дауысы тең бөлінген жаєдайда шешуші дауыс құқыєын
пайдаланады. Мәслихаттың өкілеттіктер мерзіміне депутаттардың арасынан ашық
немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен
мәслихат хатшысы қызметке сайланады және босатылады. Мәслихат хатшысы
тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Мәслихат
хатшысына төмендегідей өкілеттіктер берілген: мәслихат сессиясын және оның
қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, төраєасымен бірге
мәслихаттың қабылданєан немесе бекітілген шешімдерге және өзге де
құжаттарєа қол қояды, депутаттарєа өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруєа
жәрдемдеседі, депутаттар сауалдары мен депутаттық өтініштердің каралуын
бақылайды, мәслихаттың жұмысына басшылық етеді, мәслихатқа сайлаушылардың
өтініштері мен олар бойынша қабылданєан шаралар туралы ақпарат табыс-тайды,
мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын
ұйымдастырады, тұрақты комиссиялардың, депутаттық топтардың қызметін
үйлестіреді, мемлекеттік органдармен қатынастарда мәслихаттың атынан
өкілдік етеді, мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді және
таєыда басқа

Заңда мәслихат депутатының мәртебесі белгіленеді.Занда мәслихат депутаты
жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді делінген. Жоєарыда біз Конституцияєа
сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының еркін білдіретін депутат
емес, мәслихат екенін атап өттік. Бұл нені білдіреді? Бұл заң әрбір
депутаттың әлбетте халықтың жалпы еркін білдіруші болуєа міндеттемейді
дегенді білдіреді. Халық әр түрлі әлеуметтік, экономикалық топтардан
тұрады. Оның еркі әркез біртұтас, мызєымайтын түрде бола бермейді. Халықтың
жекелеген топтарының еркі сәйкес келмеуі мүмкін. Депутатта халықтың
барлыєына ортақ еркімен сәйкес келмейтін халықтың бір тобының еркін
білдіруі мүмкін. Дәл осы ықтимал қарама-қайшылықтарєа орай заң мәслихаттың
шешімдер қабылдау рәсімін де, мәслихатты тарату рәсімін де көздейді.
Мәселен, мәслихаттың шешімі мәслихат депутаттарының жалпы санының
дауыстарының көпшілігімен қабылданады. Ал мәслихаттың шешімдері Конституция
мен зандарєа сәйкес болуєа тиіс. Егер мәслихаттың көпшілік қабылдаєан
шешімдері зандарєа сәйкес болса, демек осындай шешімдерге қарсы дауыс
берген депутаттар жалпы мемлекеттік мүдделерді ескермеген. Сондықтан
халықтың еркін жеке депутат білдірмейді. Ол әкімшілік-аумақтық бірлік
халқының еркін білдіре алады. Ол халықтың жеке тобының еркін білдіре алады.
Ол халықтың жеке тобының еркін білдірмеуі мүмкін, бұл жаєдайда ол өзінің
мәртебесімен қайшылыққа кіреді. Бұл жаєдайда әңгіме депутаттың
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы єана бола алады. Демек,
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының еркін жай єана жеке бір депутат
емес, жалпы мәслихат немесе мәслихаттың көпшілігі білдіреді.Мәслихат
депутаты төрт жылєа сайланады және оның өкілеттіктері оны тиісті аумақтық
сайлау комиссиясы мәслихат депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады және
мерзімі аяқталуына байланысты өкілеттіктері тоқтатылєан сәттен бас-тап
тоқтатылды. Мәслихат депутатының өкілеттіктері мынадай жаєдайларда
мерзімінен бұрын тоқтатыла алады: 1) депутат зандарєа сәйкес депутаттық
міндеттерді орындаумен сыйымсыз лауазымєа сайланса немесе таєайындалса; 2)
депутатты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енсе;
3) мәслихат өкілеттігі тоқтатылса; 4) депутат қайтыс болса; 5) Ол Қазақстан
Республикасының азаматтыєынан айырылса; 6) соттың депутатқа айыптау қатысты
үкімі күшіне енуі; 7) әкімшілік-аумақтық бірліктің шектерінен тысқары жерге
тұрақты тұруєа кетсе; 8) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтінішіне
байланысты; 9) депутаттың өз міндеттерін жүйелі түрде орындамауы.
Мәслихат депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
шешім аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырєан
депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында
қабылданады. Депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатудың аталєан
негіздерінен байқауєа болатындай, олардың арасында сайлаушылардың депутатты
кері шақырып алуы жоқ. Бұл депутаттың қандай да бір өктемді мандатпен
байланысы жоқ болуымен түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, сайлаушылардың
өздерінің сенімін ақтамаєан депутатты қайта шақырып алу құқыєы жоқ. Бұл
мәслихат депутаты сайлаушылардан мүлдем еркін дегенді білдірмейді;
сайлаушылардың пікірі депутаттың қызметін баєалау кезінде ескерілуі мүмкін.
Осыєан байланысты депутаттың қүқықтары мен міндеттерін қарастырайық.
Мәслихат депутатының құқықтарын үш топқа бөлуге болады: 1) мәслихаттың
жұмысына байланысты құқықтар. Оларєа мәслихаттың жұмысына қатысу, саяси
партиялар депутаттарының депутаттық топтары түрінде бірлестіктер құру және
басқа құқықтар жатады; 2) жергілікті атқарушы органдардың қызметімен
танысуєа байланысты құқықтар. Депутат өз құзыретінің мәселелері бойынша
тиісті мәслихаттың аумаєында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен
ұйымдарєа мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар
беруге және жолданымдар жіберуге; өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті
мәслихаттың аумаєында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарєа
лауазымды адамдарының есептемелерін сессияда тыңдау туралы ұсыныстар
енгізуге; тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуєа қүқылы; 3)
сайлаушылармен араласу; өз округі сайлаушыларымен, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарымен кездесулер және жиналыстар өткізу құқыєы. Мәслихат
депутаты заңдар мен мәслихат регламентінде көзделген өзге де әрекеттерді
жүзеге асыруєа құқылы. Мәслихаттың әрбір депутаты өзінің өкілеттіктерін
жүзеге асыру кезінде мәслихаттың жүмысына қатысуєа, сайлаушылармен ұдайы
байланысын үзбеуге, оларды мәслихаттың жұмысы, оның түрақты комиссияларының
қызметі, мәслихаттың шешімдерінің орындалуы туралы үдайы хабарлап отыруєа,
мәслихаттың шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруєа және бақылау жасауєа
қатысуєа, сайлаушылардың өзіне келіп түскен өтініштерін қарауєа,
азаматтарды жеке қабылдауды ұдайы жүргізуге міндетті. Депутсптық
өкілеттіктерді орындау үшін заң белгілі бір қүқықтық және материалдық
кепілдіктер көздейді. Мәслихат депуттары қол сүєылмаушылық құқыєын
пайдаланбайтынын атап өту керек. Бұл мәслихат депутаттары кез келген құқық
бұзушылық үшін тиісті заңдардың негізінде зандық жауапкершілік көтереді
дегенді білдіреді. Сонымен бірге занда әрбір мәслихат депутатына
өкілеттіктерін кедергісіз және тиімді жүзеге асыру үшін жаєдай жасалуына,
оның қүқықтарын, қадір-қасиеті мен ар-ожданын қорєауєа кепілдік беріледі
деп көрсетілген.Мәслихат сессиясының жұмысына қатысу кезеңінде депутаттық
өкілеттіктерін жүзеге асыру уақытына депутат оєан жергілікті бюджет
қаражаттары есебінен өтеумен қызметтік міндеттерін орындаудан
босатылады.4)"Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабы барлық
деңгейдің мәслихаттарының құзыретін көздейді. Біріншіден, онда барлық
облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың жалпы құзыретінің мәселелері
баяндалады. Бұл мәслихаттар осы барлық мәселелерді бірдей көлемде шешеді
дегенді білдірмейді. Оларды мәслихаттар жергілікті өкілді органдар
жүйесіндегі өздерінің орнына байланысты шешеді. Бұл өкілеттіктерді екі
топқа бөлуге болады: 1) атқарушы органдар даярлаєан мәселелерді қарастыру
және бекіту бойынша өкілеттіктер. Оларєа төмендегілер жатады:— тиісті
аумақты дамытудың даму жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
баєдарламаларын жергілікті бюджеттің және олардың атқарылуы туралы
есептерді бекіту, соның ішінде республикалық маңызы бар қаладаєы
(астанадаєы) ауданды, кентті, ауылды (селоны), ауылдық (селолық) округті
ұстауєа арналєан шыєыстар сметасын бекіту;
1. тиісті аумақтарда қоршаєан ортаны қорєау мен табиєатты пайдалану
жөніндегі баєдарламаларды және қоршаєан ортаны қорєау, сауықтыру
жөніндегі шыєыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаєан ортаны қорєау
саласындаєы зандарєа сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
2. әкімнің ұсынуы бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын
бекіту;
3. әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімімен тиісті
әкімдіктің дербес құрамын келісу;
4. халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мен кедейлікпен күрес
баєдарламаларын бекіту;
5. әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттаєы мәселелер бойынша
әкімдік жанындаєы консультатциялық кеңесші органдардың дербес құрамын
бекіту.
Мәслихаттардың осы өкілеттіктері белгілі бір қорытындылар жасауєа
негіз береді. Мәслихаттар тиісті аумақтың экономикалық, қаржылық және
әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді түрде қатысуєа және осы іске өз
үлесін енгізуге қүқылы. Оларєа тек жоспарлар мен баєдарламаларды бекіту
єана емес, сонымен бірге жоспарлар мен баєдарламалардың орындалуы туралы
тиісті лауазымды адамдардың есептемелерін тыңдау және осы тұлєаларєа
қатысты шешімдер қабылдау жүктеледі. Қазіргі кезенде және әсіресе
Қазақстанның барлық аймақтарында қоршаєан ортаны қорєау туралы мәселе
мейлінше ушыєып тұр. Мәслихаттарєа қоршаєан ортаны сауықтыруєа жәрдемдесу
үшін жеткілікті өкілеттіктер берілген. Әсіресе та-биєи байлықтар жоєары
қарқынмен қазбаланып, қоршаєан орта былєанып, ластанып және бүлініп жатқан
жерлерде қоршаєан ортаны қорєау және табиєатты пайдалану бойынша
баєдарламалардың әзірленуі мен іске асуы олардың белсенділігіне,
жауапкершілік сезіміне тікелей байланысты. Мәслихаттар едәуір дәрежеде
өздерінің осы маңызды өкілеттіктерін іске асырмайды, демек, халықтың еркін
орындамайды және жалпы мемлекеттік мүдделерді қорєамайды деп сенімді айтуєа
болады. Мәслихаттардың өз өкілеттіктеріне деген осындай көзқарасы олардың
беделін көтермейді.
2) мәслихаттардың айрықша өкілеттіктері. Оларєа төмендегілер жатады:
— тиісті мәслихаттардың қарауына жатқызылєан жергілікті әкімшілік-
аумақтық құрылыс әселелерін шешу және жергілікті қауымдастық ұйымның
шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарєа
мәслихат шешімдерін орындамаєаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдарын, сондайақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне
сәйкес бұзылуы үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген ережелерді бекіту;
Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен занды
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
жер туралы заңдарєа сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституцияның, зандарының,
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметті актілерінің, орталық және
жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің
нормаларын орындауына жәрдемдесу.
Тек мәслихаттардың өздері єана жүзеге асыратын өкілеттіктердің екінші
тобы ұйымдық және нормативтік-құқықтық нысандарда көрінеді.Мәслихат әкімге
сенімсіздік білдіруге және егер әкімді,Президент не болмаса жоєары тұрєан
әкім таєайындаєан болса,оны қызметінен босату туралы мәселені Президенттің
алдына қоюєа қүқылы. Заң сенімсіздік білдіру үшін бір негіз көздейді: ол
мәслихаттың әкім ұсынєан аумақты және жергілікті бюджетті дамыту
жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік баєдарламаларының орындалуы
туралы есепті екі дүркін бекітпеуі.
Ұйымдық тұрєыда мәслихаттар берілген өкілеттіктер шектерінде
әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді. Мәслихаттардың осы
өкілеттіктері бірқатар нормативтік-құқықтық актілерде нақтыланєан.
Мәслихаттардың "Жер туралы" Заңєа сәйкес жер қатынастарын реттеу және
бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу
бойынша норма шыєарушылық өкілеттіктері маңызды мәнге ие.
Мәслихаттар қабылдайтын актілер шешімдер деп аталады. Олар
нормативтік – құқықтық және нормативтік емес бола алады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz