Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс - тәсілдер негізі


Жоспар
Кіріспе . . . 4
Глоссарий . . . 5
§1. Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдер негізі пәнінің негізгі ұғымдары. . 8
§2. Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау . . . 9
§3. Бейімделу мәселелері . . . 10
§4. Туристік жорықтарды жоспарлау . . . 10
§5. Қозғалысты ұйымдастыру . . . 12
§6. Маршрутта кездесетін күрделі аймақтардан ӛтудің әдіс-тәсілдері . . . 15
§7. Асу және оның түрлері . . . 19
§8. Туристерді жорыққа дайындау . . . 20
§9. Туристік саяхаттар кезінде жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету . . . 21
§10. Алау және оны жағу әдістері . . . 25
§11. Бивуак орындарын белгілеу . . . 26
§12. Су туризмінің әдіс-тәсілдері . . . 28
§13. Жаяу және шаңғы туризмінің әдіс-тәсілдері . . . 30
Лабораториялық сабақтарының тапсырмалары . . . 30
Студенттің ӛзіндік жұмысы . . . 30
Аралық бақылау сұрақтары . . . 33
Әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Туризмнің белсенді түрлері деп маршрут бойынша әрекет ету әдістерімен
ерекшеленетін туристік жорықтарға айтылады. Туризмнің белсенді түрлеріне
спорттық туристік жорықтардың кӛпшілігі, яғни жаяу, шаңғымен, тауда,
суда(моторсыз қайықтармен), велосипедпен және т. б. ӛткізілетін жорықтар
тиісті. Кей жағдайларда кӛлікті пайдалану арқылы ӛтетін туристік саяхаттардың
құрамына белсенді жорық түрлері қосылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық
туристік фирмалар туризмнің осындай түрлерін ұсынуда. Бұл жұмыста
туристердің дұрыс тамақтану және физикалық дайындық мәселелеріне ерекше
кӛңіл бӛлінген.
«Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдер негізі» пәні туризмнің
белсенді түрлерінің туристік - рекреациялық ресурстарын, туризмнің белсенді
түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негізгі түсініктерін, туризмнің белсенді түрлерінің
отандық және шетелдік жүйеленуін, туризмнің белсенді турлерінде тәсілдік
ӛңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұнын, туризмнің белсенді турлеріндедұрыс
тамақтануды ұйымдастыруды, туризмнің белсенді түрлеріне физикалық
дайдындықты, туризмнің белсенді түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді,
туризмнің белсенді түрлеріне арналған құрал-жабдықтардың анықтамасын және
туризмнің белсенді түрлерінің медициналық және профилактикалық тұрғыдан
қамтамасыз етілуін, түрлі деңгейдегі саяхаттарды ұйымдастыру негіздерін
үйретеді. Пән I семестрге жоспарланған, 3 кредиттен (135 сағат) тұрады, бақылау
түрі-емтихан.
Пәннің мақсаты: Халыққа туристік экскурсиялық қызметтер түрін
кӛрсетуге қабілетті туризм саласының білікті мамандарын даярлау. «Туризмнің
белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдер негізі» курсы ЖОО-да болашақта туризмді
басқара алатын кәсіби мамандарды даярлаудағы ең басты пәндердің бірі ретінде
салады.
Пәннің міндеті: а) Студенттерге Қазақстандағы туризмнің болашақта негізгі
қызмет түрлерінің бірі есептелетін туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдері
және туризмнің белсенді түрлерін ұйымдатсрыу туралы түсініктер беру.
Қазақстанның туристік - рекреациялық ресурстарының ерекшеліктеріне сәйкес
курсты тауда және суда саяхат жасау түрлеріне басымдылық берілген.
б) Туризмнің әр түрлі салаларында белсенді жорықты ұйымдастрыра білу.
5
Глоссарий
Азимут - (араб. ас - сумут - жол) - бақылаушының тұрған нүктесіндегі
меридианның бағыты мен сол нүктеден бағытталған затқа қарай жүргізілетін
бағыттың арасында пайда болатын бұрыш. Сағат тілінің айналуы ретімен 00-тан
3600-қа дейін есептелінеді. Азимут нағыз және магниттік болып ажыратылады.
Нағыз Азимут географиялық меридианнан есептелінеді. Компаспен магниттік
Азимут ӛлшенеді;
Асу - тау жотасының ӛтуге қолайлы, ең аласа жері. Биіктігі тау рельефінің
жалпы сипатына байланысты;
Атырау - ӛзен сағасының ерекше бір түрі. Теңіздің тайыз шетінде тұнбасы
мол ӛзен құйған жерінде пайда болады. Ӛзен жазықты бойлап қолдың
саласындай тармақтарға бӛлініп кетеді де, саға тұнбаның жинақталуынан
теңіздің ішіне қарай бірте-бірте ӛсе береді. Нәтижиесінде саға табаны теңізге
қараған үшбұрыш формасын алады. Атырауды ғылыми географиялық
әдебиеттерде дельта депте атайтыны содан (гректің ∆ - дельта әрпіне
ұқсатуынан) . Атыраудың жер беті тегіс келеді, үстінде үзіліп қалған кӛптеген
ескі арналар, ұсақ кӛлдер кездеседі. Ауданы ондаған мың шаршы км-ге барады.
(Амазонканың Атырауы 100 мың км2) ;
Ауа райы - атмосфераның нақтылы бір мерзімдегі немесе қысқа уақыттағы
жай-күйі. Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық, бұлттылық, жауын-
шашын - Ауа райы элементтері деп аталады. Бұлардан басқа Ауа райының жай-
күйін анықтауға ерекше атмосфералық құбылыстар (дауыл, боран т. б. ) да
қатынасады. Ауа-райын арнаулы метеорологиялық станцияларда бақылайды;
Бивуак - жорықтар кезіндегі туристердің тамақтануы мен демалысын
қамтамасыз етуге қажетті орындар мен жұмыстар Бивуак - француз тілінен
аударғанда «қонатын жер» деген ұғымды білдіреді;
Ботель - су саяхаттары бойынша су объектілерінің жағасында орналасатын
қонақжайлық кәсіпорын, жүзу құралдарын жӛндеу мен сақтау үшін техникалық
жағынан жарақталынады;
Жаға - құрлық пен су алқабының (теңіз, кӛл, бӛген, ӛзен) астарласқан
жеріндегі су үнемі шайып отыратын жіңішке ӛңір;
Жалпы географиялық карталар - алынған территорияға жалпылама
сипаттама беретін карталар. Жер бетіндегі объектілер - рельеф, гидрография
торы, ӛсімдік, елді қоныстар, қатынас жолдары, шекаралары т. б. ерекшеленбей,
бірдей дәрежеде бейнеленеді;
Жеке (дара) туризм - туристер ӛз бетімен ұйымдастыратын, жүріп тұрудың
белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат;
Жорық кітапшасы немесе маршруттық парақ деп -жорықтың ӛзіндік
маршруттық құжаттарын айтамыз;
Компас - (голл. Kompassare - ӛлшеу) - жер бетінде бағытты бағдарлау үшін
қолданылатын құрал. Оны мен азимут және горизонт тораптары анықталады.
Компас градустар мен румбыларға бӛлінген шеңберден және үшкілдің үстіне
орнатылған горизонталь бағытта айналатын магнит тілінен тұрады;
Қар - бұлттан түрлі формадағы ұлпалар түрінде түсетін, қатты күйдегі
жауын-шашын. Желсіз, тымық кезде қар жапалақтап жауады. Қоңыржай және
6
биік ендіктерде қыста қар тұрақты жамылғы құрайды. Оның қалыңдығ
сантиметрге бӛлінген рейкамен ӛлшеніледі;
Қар көшкіні - таулардың қия беткейінен қалың қар қабатының тұтас сырғып
түсіп кетуі. Қар ӛте кӛп жауғанда, әсіресе салмағы ауыр ылғалды қар шамадан
тыс жиналғанда жүреді. Қар кӛшкіні жойқын күшпен жолындағының бәрін
қиратады: жолдарды, кӛпірлерді, үй құрылысын бұзады. Кавказда, Алтайда,
Тянь-Шаньда жиі қайталанады;
Қатты ағын - бұзылған тау жыныстарының ӛзенмен ағатын бӛлшектері
немесе тосқын. 1 м3 судағы грамм (г) куб м есебімен ӛлшенеді. Ӛненнен ӛтетін
тосқынның белгілі бір мерзімдегі (жыл, маусым, ай) мӛлшері Қатты ағын
шығыны деп аталады. Мыс. Сырдария ӛзенінің орташа жылдық қатты ағын
шығыны 33 800 тонна;
Сарқырама - арнасында шайылуға берік, қатты тау жыныстары кездесетін
жерлерде ӛзен суының жартасты сатыдан тӛмен қарай құлап ағуы. Әсіресе тау
ӛзендерінде жиі кездеседі. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама -
Оңт. Америкадағы Ориноко ӛзеніндегі Анхель. Ең ірілері - Африкадағы
Виктория, Солт. Америкадағы Нигара сарқырамалары;
Саға - ӛзеннің басқа ӛзенге, кӛлге теңізге құятын жері. Құрғақ арналардың
да осындай біртер жері саға деп аталады;
Сай - ӛсуі тоқтағаннан кейін жыраның түбі тегістелген және беткейлері
түйетайлыланып, ӛсімдік басқан кезі. Сай түбі кӛбінесе құрғақ болады. Қар
еріген кезде немесе нӛсер жаңбыр жауғанда уақытша ағыс ӛтеді;
Сел - таудан түсіп, кенет лап қоятын, лай, тас аралас тасқы. Күшті нӛсер
жаңбыр ӛткенде немесе тау басындағы қар мен мұздық күрт ерігенде пайда
болады;
Су тасу - жыл сайын белгілі бур маусымда ӛзен суынынң арнасынан ұзақ
уақытқа шығып жайылуы;
Мұздық - құрлық бетінде ұзақ уақыт жиналған мұз қабаты. Қатты күйінде
түсетін жауын-шашынның (қар, бұршақ т. б. ) мӛлшері еритін мӛлшерінен артқан
жағдайда пайда болады;
Табиғат ескерткіштері - ғылыми, әсемдік, білімділік маңызы зор, сирек
ұшырасатын немесе кӛрікті табиғат объектілері;
Тау - жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау кӛтеріліп жатқан,
беткейлері қия, биік бӛлігі;
Тау етегі - таулы ӛлкенің немесе тау жотасының аласарған шеті, жазыққа
іргелес бӛлігі;
Тау жотасы - ұзыннан созылып жатқан, бір-біріне қарама қарсы
беткейлермен шектелген тау ғимараты;
Тасқын - ӛзен деңгейінің кенет және үлкен биіктікке кӛтерілуі;
Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма тӛрт сағаттан бір жылға
дейін, не жиырма тӛрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы
тӛлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп ӛтетін саяхаты;
Турист - жиырма тӛрт сағаттан бір жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша
болатын елді (жерді) аралап кӛретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде
7
сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және ӛзге де мақсаттарда
кемінде бір түнеп шығатын жеке тұлға;
Туризм нұсқаушысы - тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп
ӛту тәжірбиесі бар кәсіби даярланған жеке тұлға;
Тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша
жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет кӛрсетулер кешені;
Тұман - ауаның жер бетіне іргелес қабатында ӛте майда су тамшыларының
немесе мұз кристалдарының жинақталуы. Жерге жанасқан ауаның түнде, таң
алдында салқындауынан немесе күзде ӛзен мен кӛлден буланған су буының
қоюлануынан пайда болады. Кейде шеттен жылы ауа массасы салқын жерге
келгенде ұзақ тұратын қалың тұман түседі;
§1. Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс тәсілдер негізі
пәнінің негізгі ұғымдары
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс тәсілдер негізі пәні студенттерге
туристік жорықтарды дұрыс ұйымдастыра білуге және кездесетін табиғи
кедергілерді жеңе білуге үйретеді. Сондай-ақ жорыққа қажетті құрал-жабдықтар
түрлерін білуге және оларды қажетті жағдайда пайдалана білулеріне
кӛмектеседі.
Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс тәсілдер негізі пәні, қолданылатын
құрал-жабдықтарына, түнеп ӛтетін жерлеріне және т. б. байланысты бірнеше
негізгі ұғымдар қолданылады.
Туристік жорық - алдын-ала дайындалған жаңа немесе белгілі маршрут
бойынша, әр түрлі танымдық, сауықтыру, спорттық, оқу жаттығу және т. б.
мақсатпен жүріп ӛтуге бағытталған жұмыстар.
Караванинг - саяхаттардағы түнеу үшін қажетті автофургоны бар
автомобильдер;
Комбинациялық маршрут - туризмнің әр түріне жататын қозғалыс түрлерін
(теміржол, автобус, су жолы, жаяу жүру, шаңғы т. б. ) ӛз бойында біріктіретін
туристік жорықтардың, саяхаттардың, экскурсиялардың маршруты;
Спелеотуризм - үңгірлерде, әр түрлі рельефпен күрделі лабиринттер
жағдайында ӛтетін, үңгірлердегі тӛмен температура мен жоғары салыстырмалы
ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын
жұмыстарды ұйымдастыру. Спелеотуризм бойынша маршруттар 2 бӛлімнен жер
үсті маршруты яғни үңгірге дейінгі жүру маршруты және жер асты
маршрутынан тұрады;
Су туризмі - белгілі-бір су объектілері (ӛзендер, кӛл жағалары) бойынша
ұйымдастырылып ӛткізілетін, арнайы жүзу құралдары бар жорықтарды
ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер;
Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, кӛптеген километрге (1100км
дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық құрал;
Автомото туризм - арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут ӛтетін
жерлердің жағдайына байланысты, үлкен қашықтықты қамтиды. Атомобильдер,
мотоциклдер, мопедтер т. б. қолданылады.
Мотель - автотуристерге арналған қонақ үйлер. Ірі автомобиль
жолдарының бойында орналасады немесе туристік орталықтар құрамына кіреді.
Тұрақтары, автожанармайлары, техникалық қызмет орындары бар, орташа
сиымдылығы 100-300 орындық
Ботель - су саяхаттары бойынша су объектілерінің жағасында орналасатын
қонақжайлық кәсіпорын. Жүзу құралдарын жӛндеу мен сақтау үшін техникалық
жағынан жарақталынады.
Бивуак - жорықтар кезіндегі туристердің тамақтануы мен демалысын
қамтамасыз етуге қажетті орындар мен жұмыстар;
Жеке туризм - туристер ӛз бетімен ұйымдастыратын, жүріп тұрудың
белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхат.
Адаптация - үйрену - организмнің қоршаған ортаға бейімделуі. (3000-
3500мм) . Таулы аймақта ауадағы оттегінің азаюынан, қан қысымының
9
тӛмендеуі, сонымен қатар организмге суық ауаның, күн радиациясының және
т. б. факторлардың әсері. Таудың белгілі бір биіктігіне келгеннен кейін алғашқы
5-10 күнді қамтиды. Ауру белгілері: адам әлсірейді, күш қаблеттілігі жоғалып
кейде тамаққа тәбеті болмай, ұйқысы бұзылады және т. б. Адаптацияда белгілі
биіктік ережесін сақтаған жӛн;
Негізгі жіп - Альпинистерді және туристерді күрделі табиғи-кедергілерден
сақтандыратын негізгі техникалық құрал-жабдықтар құрамына жатады.
Синтетикалық (капрон, пермен, нейлон) иірілген жіп. Маршруттық қозғалыста
және сақтандыруда кӛбінесе диаметрі 10-12 мм. болатын жіп қолданылады. Жіп
жақсы жылжитын, тез түйінделіп байланатын, ыңғайлы болуы қажет;
Көмекші репшнур - диаметрі 6-8 мм. капронды ӛрілген жіп. Күрделі емес
жорықтарда сақтану мақсатында кеудені байлау үшін («беседок»), тіреуішке,
таудың шығыңқы жеріне, тор ілмешікті жоғары кӛтерілгенде немесе тӛмен
түскенде негізгі жіппен бірге іліп қояды. Сондықтан репшнурды «кӛмекші
репшнур» деп атайды.
Альпеншток - сӛзбе-сӛз аударғанда альпенист таяқшасы. Шаңғы
таяқшасының тӛменгі шеңберін алып тастап альпеншток ретінде сонымен қатар
оны шатыр тұрғызатын тіреу немесе костер шаруашылығын ұйымдастыруда
пайдалануға болады. Альпеншток қолайлы және тиімді.
§2. Жорықтың мақсаты мен міндетін анықтау
Туристік жорықтар ӛзінің мақсаты мен міндетіне қарай танымдық,
спорттық-сауықтыру, діни, іскерлік, оқу, тарихи ӛлкетану және т. б. болып
бӛлінеді.
Туристке жорықтың белгілі-бір түрін ғана таңдап алу қажет, сонда ғана
алға қойылған мақсатты орындауда белгілі бір нәтижеге жетуге болады.
Әрбір туристік жорықтың мақсаты маршруттық кітапшада белгіленіп,
қатысушылардың барлығына белгілі болуы керек.
Туристік жорықтардың бірінші ерекшелігі - олардың танымдық мақсаты,
яғни олар белгілі-бір тақырыпқа байланысты немесе жалпылама ӛлке
территориясымен, оның ерекшеліктерімен, табиғатымен және т. б. танысуға
бағытталады. Таңдалынып алынған жорық танымдық мақсат бойынша
жүргізіледі.
Туристік жорықтар ең алдымен адамзатты сауықтырудың ең негізгі үлгісі
болып табылады. Туризммен айналысушылардың жан-жақты дене бітімі
деңгейін кӛтеруге спорттық шеберлігін арттыруға ықпал жасайды. Жорықта
туристер ӛлкетанудан табиғатты тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудан
қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарып ғылыми және басқа да ұйымдардың
тапсырмаларын орындауға, кӛмектесуге жаңа туристік маршруттар
әзірлемелерін жүзеге асыруға ықпал етіп, тұрғындар арасында салауатты ӛмір
салтын орнықтыру бағытында белсенді түрде насихат жұмыстарын жүргізуі
мүмкін.
Әрбір жорық, саяхат, экспедиция жетістігі оның қаншалықты жақсы
әзірленгеніне байланысты. Лайықты әзірліксіз оны ӛткізу мүмкін болмайды.
10
§3. Бейімделу мәселелері
Жорыққа қатысушылардың сыртқы ортаға бейімделу реакциясы әр түрлі
болып келеді.
Туристік жорықтарда адам организміне әсер ететін факторлар: тӛмен
атмосфералық қысым, температураның шұғыл ӛзгеруі, ауаның абсолюттік
ылғалдылығының тӛмендеуі, күнгей және ультрокүлгін радиациялар, жорыққа
қатысушылардың үлкен биіктікте болуы, ауада оттегінің азаюы.
Атмосфералық қысым биіктік артқан сайын ауа қабаты қалыңдығының
кемуіне байланысты тӛмендейді. Сондай-ақ қысым биіктікке қарай емес
температураға байланысты да ӛзгереді. Ауа температурасы жоғарылағанда ауа
кеңейіп, қысым тӛмендейді, ал температура тӛмендегенде керсінше, қысым
жоғарылайды. Жорыққа қатысушылар неғұрлым биікке шыққан сайын
қысымның азаюына, оттегінің жетіспеушілігіне байланысты тау ауруына, қан
қысымының жоғарлауына және т. б. ұшырауы мүмкін.
Туристік жорықтар кезінде күн ӛту нәтижиесінде, жаздың басында, таулы
аудандарда кӛктемде ультракүлгін сәулелерінің күшеюі кезінде тері күю қаупі
бар. Терінің күю кезінде, оны ешкінің сүтімен, әтірмен немесе спиртпен сүртуге
болады.
Күюдің ерекше бір түрі ол, қар шағылысы (снежная слепота), қардың беткі
қабатынан қайтатын күшті ультракүлгін сәулелердің әсерінен кӛздің қабынуы.
Бұл кезде кӛздің сыртқы қабықшасы қызарып, жансызданады, жарыққа қарай
алмай, кӛз жасаурап, кірпіктер бір-біріне жабысады. Жорық кезінде осындай
ауруға ұшыраған кезде, кӛзді марганцовкамен, қою жылы шәймен шаяды.
Қоршаған ортаның жоғарғы температурасы және күн сәулелері, күн ӛтуге
немесе дененің қызуына әкеп соғады.
§4. Туристік жорықтарды жоспарлау
Жорық маршрутын құру кезінде маршрут сызығының қандай жерлермен
ӛтетіндігі анықталып, ол жеке күндер бойынша бӛліктерге бӛлінеді. Туристік
жорықтың мақсатын анықтағаннан кейін барып оған қажетті құрал-жабдықтар,
азық-түлік алынады. Сонымен қатар жорыққа сай жаттығу жұмыстары
жүргізіледі.
Жорықты ӛткізетін ауданды таңдағанда алғашқы жылдары алыс аудандарды
алғанға қарағанда, жорықты ӛзіңнің туған ӛлкеңде ӛткізген дұрыс.
Жорық маршруты анықталғаннан кейін барып оны жете зерттеу жұмыстары
жүргізіледі. Маршрутты зерттеуге барлық жорық мүшелері қатысуы тиіс және
қатысушының мүмкіншілігіне қарай отырып барлығына бірдей жұмыстары
бӛлініп беріледі. Жорықты зерттеу кезінде қатысушының қызығушылығын
оятатын сұрақтар тудындайды, олар бұрын ашылмай кеткен жерлерді
анықтайды. Сонда ғана туристік жорық қызықты ӛтеді.
Дайындық кезеңінде жорық маршрутын мақсатына қарай жоспарлау, құру
ең басты мәселе. Егер маршрут бұрыннан белгілі болса ондағы болған
ӛзгерістер жайлы соңғы әр түрлі информациялық кӛздерден деректер жиналады,
олар талданып, жорық жоспарына, календарлық графикке түзетулер енгізіледі.
11
Туризмнің тағыда бір жұмыс істеу формасы - туристік жорықтар. Алдын-
ала құрылатын белгілі-бір маршрут бойынша (танымдық, сауықтыру-спорттық
т. б. ) әр түрлі мақсатпен белгілі-бір мерзімді, қозғалыстың активті түріне
негізделген туристік іс-шара. Туристік жорықтар бір-екі күндік (кӛбінесе
демалыс күнгі жорықтар), кӛп күндік, спорттық немесе категориялық деп және
туризмнің жеке түрлері бойынша (тау, жаяу, су т. б. ) бӛлінеді.
Туристік маршруттағы қауіп-қатерлер түрлерін және оларды жеңудің
тәсілдерін білу қажет.
Туристік секция жұмысын ұйымдастыру және мазмұны. Кәсіпорынның,
мекеменің оқу орнының туристік секциясы, оқушы жастарды және т. б.
адамдарды ӛз күштерімен жасақтаған туризм сабақтарына кеңінен қатысуы
жӛнінде жүйелі жұмыс жүргізеді:
- ӛз күштерімен жасақтаған туризмді насихаттауды, үздік әуесқойлық
фильм, фотосурет, туристік ӛлең, әңгіме, сондай-ақ туристік кештер, ауызша
журналдар, лекциялық және басқа кӛпшілік шараларды ұйымдастырады;
- кәсіпорында, мекемеде, оқу орнында ӛз күшімен жасақталған туризмді
жоспарлау және даму жұмысы есебін жүргізеді;
- туристер мен оқу-жаттығу жұмыстарын, туристік жиындар (слѐттар) және
туризмнің түрлерінен жарыс, туған ӛлкеге жорықтар және кӛп күндік саяхат,
экскурсия, жол жүрулер, шаңғы серуенін ұйымдастырады;
- туризм мәселелері жӛнінен кеңестер ұйымдастырады, жорық және
экскурсия ӛткізуге кӛмек кӛрсетеді;
- туристік қоғамдық кадрларды әзірлеу және қайта даярлауды жүзеге
асырады;
- сәйкесті спорттық туризм федерациясы анықтаған құқық шеңберінде
туристік жорықтар мен саяхаттар ұйымдастыруға және ӛткізуге рұқсат береді;
- жорықтағы, саяхаттағы тӛтенше оқиға жағдайларын, дене жарақатының
алдын алу және «Қазақстан Республикасы аймағында туристік спорттық
жорықтар ӛткізу ережесіне» түсінік беру жұмыстарын жүргізеді;
- туристік жұмыстарын ӛткізеді және туристерді қоршаған ортаны, тарихи,
мәдени ескерткіштерді қорғауға белсене қатысуға тартады, маршрутта
туристердің қоғамдық пайдалы жұмысын ұйымдастырады;
- кәсіпорын, оқу орныдары туристік-спорттық сауықтыру орындары, демалу
аймақтары жұмысына белсене қатысады;
- туристік және құқықтық атақ беру материалдарын құқық шеңберін
қарайды және бекітеді;
- жоғарғы ұйымдардың туризм түрлерінен жарыстарына, туристік жиындар,
конкурстар, оқу семинарлары және басқа да шараларына белсенді түрлеріне
қатысады.
Туристік жорықтарда немесе саяхаттарда маршруттың жоспарының
мысалы:
1. Жорықтың немесе саяхаттың мақсаты және міндеті
2. Жорық немесе саяхат ауданын таңдау
3. Топтарды іріктеу
а) саны-жасы жағынан топ құрамы;
12
б) жорыққа немесе саяхатқа қатысушыларға және жетекшілерге
қойылатын талаптар:
в) топта міндеттерді бӛлу
4. Маршруттың карта сызбасы құжаттарын әзірлеу
5. Жорық немесе саяхат ауданын оқып-үйрену
6. Топты маршрутқа шығуға дайындау:
а) күн сайынғы саяхат жоспары
б) жорыққа қатысушылар тізімі
в) қатысушыларды медициналық куәландыру
г) маршрутта тамақтану
д) шығын сметасы
е) жарақтар тізбегі
ж) маршрут сызбасы
з) байланыстар және нүктелер тәртібі
7. Мамандыққа баға беретін комиссиядан саяхатқа рұқсат
алу
8. Саяхатты қозғалыс нүктесіне сәйкесті ӛткізу
9. Ӛз бетімен жорықтар ӛткізуді бағалау
10. Құжаттарды жинақтап рәсімдеу
11. Саяхатты жинақтап қорытындылау
12. Ӛз күшімен жасақталған туристік топтың кеші.
§5. Қозғалысты ұйымдастыру
Туристік жорықтарды ұйымдастырып, ӛткізудің дайындық кезеңінен кейінгі
екінші кезең - ӛткізу кезеңі. Жорық кезінде топ мүшелері колонналық тәртіппен,
яғни бірінен-кейін бірі жүруі керек. Алдымен топ бастаушы жүреді. Ол туристік
топқа қажетті белгілі-бір жүру жылдамдығын сақтайды, ең қолайлы және
қауіпсіз жолды таңдап алады. Қажет болған жағдайда қалған туристер ӛту үшін,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz