Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі фразеологизмдердің топтастырылуы
Жоспар
Кіріспе
І. Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі, олардың
топтастырылуы
ІІ. Фразеологизмдердің түрлері: көнерген фразеологизмдер, жазба тіліндегі
фразеологизмдер, сөйлеу тілінің фразеологиясы
ІІІ. Фразеологизмдердің өзгертілуі және авторлық өңдеудің қолданысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
КІРІСПЕ
Фразеологиялық мәселелер және алуан түрлі тілдерде сөздердің әртүрлі
үйлесуінің жалпы проблемасы маңызды, өйткені заттық мағынасы бірдей
сөздердің алуан түрлі тілдерде атқаратын мағыналық және стилистикалық
қызметтерінің әртүрлілігімен және алуан түрлі тілдерде мұндай сөздердің
үйлесуінің әртүрлілігіне байланысты. Тіпті берілген тілге тән үйлесудің
ерекшелігі аудару кезінде ашылады, ол басқа жағдайда байқалмауы да мүмкін
деуге де болады.
В.В. Виноградов, Н.М. Шанский, В.Н. Телия, М. Чернышева, М.М.
Копыленко, А.В. Кунин, И.В. Арнольд, І.Кеңесбаев, Ә.Т. Қайдар, Б. Манасбаев
т.б. сынды ғалымдар Фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік
үлес қосқан.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Фразеологизмдердің тіл білімінде,
оның ішінде, қазақ – орыс және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті
зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар
болсақ, фразеологизмдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты
тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А.Байтұрсынов, I.Кеңесбаев,
P.Сәрсенбаев, Б.Адамбаев, Ә.Қайдар, С.Нұрышев, Ғ.Мұсабаев, М.Ғабдуллин,
Ғ.Тұрабаева, салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан А.Нұрмаханов, Э.Мұқышева,
А.Донбаева, Д.Беғалықызының т.б. жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және
орыс тіл білімінде В.В. Виноградов, Н. Н.Амосова, М.Т.Тагаев, Н.М.Шанский,
Г. Л. Пермяков, Л.А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен,
құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен белгілі.
Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және ұлттық таныммен тығыз байланысты
тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген
ғалымдар — Н.Барли, А. Дундэс, А.Крикман, М. Куузи, Г.Мильнер, А. Тэйлер,
Г.Л. Апперсон, Линда және Роджер Флавэлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері
жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылықка алынды.
Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр
түрлі қазақ – орыс және ағылшын тілдеріндегі фразеологизмдерді, мақал-
мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын, тілдік табиғатын,
өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және
этнолингвистикалық төркінін ашу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты —
қазақ-ағылшын мақалдарын, фразеологизмдерін салыстыра зерттей отырып,
олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу,
фразеологизмнің тілдік феноменін зерделеу, оны мәтінде көкейкесті қылу.
Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ
тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау.
Сонымен бірге фразеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде
олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді
анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
І. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ҰҒЫМЫ, ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР ТҮСІНІГІ, ОЛАРДЫҢ
ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
І.1 Фразеологизмдер ұғымы, фразеологиялық бірліктер түсінігі
фразеологизмдердің топтастырылуы
Қазақ фразеологиясы өзінің құрылым, құрылысы мен мағынасы жағынан
басқа тілдердегі тұрақты тіркестерден ерекшеленеді. Фразеологизмдер өзінің
бейнелілік, әсерлілік, көркемдік, экпрессивті-эмоциялық, стильдік
қасиеттерімен кезге түседі. Ойдың нәрін кіргізетін тұрақты тіркестерді
халқымыз кеңінен қолдана отырып, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізген. Сөйтіп, олар
ұзақ уақыт бойы толығып, дами түседі.
Қазақ фразеологизмдері қазіргі заманға ұлттык мәдени ұғымдарды
жеткізіп қана қоймай, ежелгі казақ ерліктерін де жеткізеді.Сонымен қатар,
шығу тегі мен әрі этнолингвистикалық сипатына қарай фразеологизмдер өзінің
семантикалық табиғатына қоса, абстрактылы және ауыспалы мағынада
колданылады. Сөйтіп,тілде коммуникативтік қызметін атқарады.
Фразеологизмнің негізгі және әмбебаб қасиеттері сөз мағынасының
басқа мазмұнда қабылдануы немесе лексика грамматикалық трансп озиция, сөз
тіркесіндегі тұрақтылығымен қайталануы. Көпшілігі мақалдар мен мәтелдер
және қанатты сөздерге жататын фразеологиялық сөйлемдер мен тұрақты
тіркестердің коммуникативтік қызметі диктум және модус (логикалық бағыт)
деген мазмұндарға белінеді, сонымен бірге семантикалық екі жақтылык арқылы
айқындалады.
Енді фразеологизмнің қасиеттеріне, атқаратын қызметтеріне тоқталмас
бұрын, ең алдымен, фразеология түсінігін, оның түрлерін ашып қарастырайық.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімнің
саласы дегенді, екіншісі — бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас
жиынтығы дегенді білдіреді. Алайда фразеологизмдер жеріне жеткізе зерттеліп
біткен ғылым деп айтуға болмайды. Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте
көп. Сондықтан да соңғы 15—20- жылға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы
зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы
деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі
мәлім. Соңғы 20—25 жыл көлемінде түркі тілдерінде фразеология проблемалары
жан-жақты зерттеліп, қыруар еңбектер жарық көрді. Әсіресе, академик I.
Қеңесбаевтың Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі атты көлемді еңбегі тек
қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп
қарауға болады. Автор аталган сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері
туралы” атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялык
мәселелерін жан-жақты қарастырьш, біраз ілгері дамыткан. Біз осы жұмысты
жазу үстінде сол еңбекке сүйене отырып, соны теориялық арқау етіп жаздық.
Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін
мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары.
Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы,
қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-
бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына
тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде
мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп
топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады.
Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын
негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың
құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым-
құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан
топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына
тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік,
Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі.
Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің
бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде
басқаша мағына береді. Мысалы, мұрнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас
төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық
тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді, беліп
жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I.
Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.
Фразеологиялық бірлік — Фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі
жағынан өте тиянақты болып келеді. Апайда құрамындағы сөздердің бірі
екіншісімен қалайда бір мағынапық байланыстаболатындығын аңғартады. Себебі
мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы
мағынада метафораланып Фразеологиял ық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк
шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу(молшылық). Аталған
тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі
тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік
арасындағы айырма- шылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар.
Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп
түсіндіреді. Мысалы, ит басына іркіт төгілу (молшылық), құлаққа ұрған
танадай (жым-жырт тыныштық). Қазақ тілі фразеологиясы фразеологизмдердің
бұл екі тобын бір-біріне өте жақын тұратын сез тіркестері деп қарастырады.
Орыс тіл білімінде идиомалар немесе анапит. мәндегі Фразеологиялық
бірліктер деп атайды.
Фразеологиялық тізбек— еркін мағынадағы сөздер тіркесінің
Фразеологиялық қалпында екі сөздің тіркесуінен жасалып, езгеріссіз тізбек
күйінде қолданылады. Мысалы,жандысөз, тас бауыр, жуан жұдырық, шикі өкпе.
Бұлар сырт құрылымы жағынан күрделі сөздерге ұқсас. Күрделі сөздер үнемі
номинативті атау мағынасында жұмсалса, Мысалы, су тиірмен, тас жол, төс
қалта т. б. Фразеологиялық тізбектерде бағалауыштық, образдылық сипат бар.
Олардың Фразеологиялық мағынапары метафора, теңеу, сапыстыру сияқты
керкемдік тәсілдер арқылы ауыспалы мағынада айтылуына байланысты. Алайда
ауыспалы мағынада айтылып тұрған сөз тіркестерінің бәрін бірдей
Фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды. Мысалы, Көңілсіз құлақ -
ойға олақ (Абай). Жүргемін жоқ қайғының жүгін артып (Мұқағапи)
- метафоралы тіркестер. Метафора, сирек те болса метонимия - керкемдік
тәсілдер әдеби шығармапарда өзіндік ерекше сөз қолданысы. Сөйлеу тілінде
қалыптасқан фразеологизмдер, идиомапар және образды сөздер — жасалуы
жағынан метафоралы қолданыстан туған тіркестер.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын
негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар
1) даяр қалпында жұмсалу белгісі;
2) мағына тұтастығы;
3) тіркес тиянақтылығы.
Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық.
Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен
салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін деп
отыр деген бір сөйлемді өзгерте беруіне болады. Мысалы; Дәурен қалаға
жүрмекші, Дәурен жақын арада қалаға бармақшы, Дәурен қалаға барам ба деген
ойда, Дәуреннің қалаға жүрем бе деген ойы бар т. б. Бұл сияқты еркін сөз
тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады.
Белгілі бір ойды кім қалай етіп жеткізсе де еркі бар деген сөз. Ал тілдегі
фразеологизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мәселен, төбесі көкке
жетті дегенді төбесі көкке жетейіндеп тұр, төбесі көкке жетпекші деп
өзгертуге болмайды. Бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске
ұқсағанымен, сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады.
Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді
де, сол қалпында сөйлемнің қүрамына енеді. Еркін сөз тіркесінің әрбір
сыңары мағыналық дербестігін сақтап, сөйлемде әр басқа мүше ретінде
жұмсалады. Синтаксистік сөз тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер),
формулалар бойынша сөйлеу кезінде жасалады. Еркін тіркес пен фразалық
тіркесті бір-бірінен ажыратудың түрлі амалдары да болады Мысалы: Ерке
магазиннен 40 пышақ сатып алды. Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі
(Абай). Екі сейлемдегі қырық пышақ деген тіркестің алғашқысы — еркін тіркес
те, соңғысы — фразалық тіркес. Алғашқы сөйлемде қырық, деген сан есім
өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымды тікелей білдіреді. Мұндағы
қырық деген сөз сан мөлшерін көрсетіп түр. Соңғы сөйлемде бұл сөз (40)
өзінің сандық ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға
ауысқан. Еркін тіркесте тіркескен сөздердің арасына басқадай сөз салып,
өзгертіп айтуга, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы
сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркесті қырық күміс пышақ деп өзгертуге,
пышақтың санына карап, “Қанша?” деген сұрау қоюға болады. Ал соңгы
сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына
көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы
болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақты
тіркесті қырқысу, аңдысу, жесісу дегендермеп алмастыруға болса, алғашқы
сөйлемдегі еркін тіркесте мұндай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы
сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контекстте тұрса да,
тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық
байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі контексттелінді, бағынышты болып
тұрады. Оң көз бен оң қол дегендерді түсіну үшін де пәлендей контексттің
қажеті жоқ. Өйткені бұлар өзінің тура (заттық) мағынасында жұмсалып тұр. Ал
“менің оң көзім де, оң қолым да бір өзіңсің” десек, мұндағы оң көз бен оң
қол дегендер туынды мағынада қолданылып, фразеологизмге айиалған. Бұлар
сенімді серік, адал да мықты жәрдемші дегендермен баламалық қарым-
қатынаска түседі. Сондықтан фразалық байлаулы мағынадағы сөздер өзіне
лайықты белгілі контекстті талап етіп тұрады.
Фразеологизмдер бір бүтін бірлік ретінде қолданылуы жағынан лексикалық
бірлік - сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде
жасалмайды, даяр тұрған кұрылыс материалы ретінде сөйлемнің құрамына енеді.
Мәселен, бала, балалы, балалык, балалау, бала-шаға, балажан, балажандық,
балалы-шағалы тәрізді сөздер сөйлемнің құрамына енгенде бұлар түбір
морфема, аффикстік морфемаға жіктелмейді, әрқайсысы бір бүтін единица
ретінде жұмсалады. Фразеологизмдер дәл осы сияқты құбылыс деп тану керек.
Бұлар бірнеше сөздсрдің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы
тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас
күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аяғы кеңіді, жерге
қаратты, жерден алып, жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян
тапқандай, жер-көкті басына көшірді, жер ортасына келген адам, жер астынан
жік шықты, екі құлағы тік шықты, жер-көкке сыйғызбады, т. б. Бұлар құрылым-
құрылысы жағынан қаншалыкты күрделілігіне қарамастан сөйлем ішінде
әріқайсысы жеке сөздермен бірдей, теңесіп тұрады. Мәселен, қыздың жиған
жүгіндей деген фраза—әсем, кәркем көрікті деген синонимдердің біреуімен
пара-пар, ит терісін басына қап-тады деген — ұрысты, балағаттады,
сөкті, дегендердің орнын басып, сөйлемнің бір мүшесінің кызметін атқарып
тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын
өтпелі қарым-қатыстық байланыстар болады. Тұрақты тіркестер мен күрделі
сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы келіп шықса,
фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөз бен бірікксн сөзге
айналып кететіндері болады. Мәселен, түйетабан, мысыққұйрық, атқұлақ,
кәріқыз, отағасы, ақсақал, жандайшап, атқамінер, атамекен, аткөпір,
ауызекі, ауызба-ауыз, қырып-жою, өліп-өшу, күйіп-пісу, сүйіп-құшу, ат-
сайман, атарман-шабармап, жатпай-тұрмай,- өліп-тіріліп сияқты біріккен
сөздер мен қос сөздер идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму-
өзгеру процестерін басынан өткізді. Қазіргі кезде бұлар лексика-
грамматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан бірыңғай болып барып
фразеологизмдерден күрделі сөзге айналып кеткен.
Олай болса, күрделі сөздерді жалаң сөз бен тұрақты тіркестерді өзара
байланыстырып тұратын дәнекер (көпір) деп есептеуге болады. Күрделі сөздер
жалаң сөзбен де, фразеологизмдер мен де екі жақты байланыста болады.
Өйткені есім фразеологизмдср мен күрделі сөздері бір үлгімен (модельмен)
жасалады. Мысалы: жел аяқ, жел бау, жел буаз, жел бұйда, жел көз, жел
қайық, жел көңіл, жел куық, жел құйын, жел құяң, жел өкпе, жел сөз, жел
тиірмен, т. б.
Осылардың бәрі бір үлгімен жасалғанымен, мән-мағыналары бірдей емес,
Бұлардың біреулері күрделі сөзге (желбау, жел қайық, жел тнірмен), енді
біреулері фразеологизмдерге (жел аяк, жел буаз, жел көңіл, жел күйын, жел
сөз, жел өкпе) жатады. Ал қайсыбіреулерінің (жел бүйда, жел көз, жел кұян,
т. б.) қайда барары күмәнды болып тұрады. Бұларды түр-тұрпатына қарап бәрін
бір категорияға жатқызу ғылыми жағынан ағаттық болады. Демек, күрделі
сөздер мен фразеологизмдерді өзара жіктеп бөлу үшін бұлардың әрқайсысына
тән өзіндік белгілерін жете тани білу керек деген сөз.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі — мағына тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол
тұрақты тіркесті құрастырушы сынарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға
тәуелсіз, өзді-гінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегсн-
нен қатты куанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағына жер, жеті, қоян,
табу дегсн төрт сөздін бір дс біреуімсн байла-ныспайды, бірақ сол төрт
сөздің қаз-қатар жұптасып қолдануы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір
бүтін единица ретінде қолданып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас
единица ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен,
туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тық-сырды, састырды), инемен құдык,
қазғандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш стектен (көп, мол), аттың жалы,
түйснің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердін, бәрі де құрылым-
қүрылысы жағынан түрлі-түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына түтастығымен
сипатталады. Фразеологизмдердің мағына түтас-тыгын жеке сөзбен нақ бірдей
дсп санауға болмайды. Сөз түбір мағынаны, ягни лексикалық магынаны
білдіреді. Ал фразеологизмдер әрқашанда туынды мағынада жұмсалып, сөзбен
бала-малық қатыста емес, жанамалыі^байланыста тұрады. Зерттсуші-лер қазіргі
кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық
катыста болатын түракты тіркестердін мағынасын фразеологиялық магына деп
жіктеп бөледі. Мәселен біреулсрдің басыныц көлеміие қарап, үлкен бас, кіші
бас нсмесе басы үлкен, басы кіші деуге болады.
Мұндағы улкен мен кіші дегенде сшқандай эмоциялық бояу жок. Сөздін. дәл
ұғымын көр-сетіп тұрады. Осы ұғымды фразеологизмдермен де білдіруге болады.
Мәселен, бастың үлкенін — қауға бас, кішісін — шақша бас десек, онда бастың
соншалықты үлкен, я кіші екендігін біл- дірумен қатар, оған күшті эмоциялық
мән жамайды. Сөйтіп біреулердің ар-намысына тиіп, ашу-ызасын келтіретіндей
жағдай жасайды. Сол сияқты кісілердің аузына қарап біреуін — дорб
ауыз, екіншісін — оймак, ауыз десск те жағымды-жағымсыз көз қарас пайда
болады. Олай болса, жеке сөздін лексикадық мағы- насы мен тұрақты
тіркесіін, фразеологиялық мағынасы бір-бірі не тецбе-тең балама болмайды
деген сөз. Жеке сөз де кейде ауыс мағынада қолданылып, бейнелі мәнге ие
болады. Міысалы: Жыл- қыныи жылқысы бар, Қазанаты бір бөлек. Жігіттіц
жігіті бар Азаматы бір бөлек (Мақал). Осындағы азамат дегсн сөз катар- дағы
жән жігіт емес, адамгершілігі мол, парасатты ерекше кісі дегенді бейнелсп
көрсетіп түр. Жеке сөздердегі бұл сияқты бейислілік мағына соқпа-соқпада
елең етіп, бір көрініп қалатын сирек құбылыс деп танылады. Ал фразеологизм
біткеннің бәріне тәон басты бслгі туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі
мән тудырады. Фразеологизмдердің мағынасында жағымды не-месе жағымсыз
әйтеуір бір экспрессивті реңк болады. Сөз бен тұрақты тіркестердің айырықша
көзге түсетіь бір ерекшелігі осында.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ен негізгі бел-гілерінің біріне
жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркім-нің қалауынша емес,
қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Өзара тығыз жымдасып орналасқан
сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге
сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.
Мәсслен, мүрнын көкке көтерді дегеннін, орнына қолын көкке көтерді десек,
мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тірксске
айналып кетеді. Ал көк деген сөздін, орнына оиың синонимі аспан сөзімен
ауыстырсақ (мурнын аспанға .көтерді), мағына тұтаастығы онша
бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды
тимейді. Кәтерді дегсн етістікті көтермеді, көтеріп түр,
көтермейікші дегендей түрлендіріп, өзгерте беруге де көнбейді. Тек өзінің
сіресіп қалыптаеқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бар-мағын
тістеді деудін, орнына саусагын тістеді десек, фразеологиялық мағынасынан
ажырап, баскаша мән алады.
Сондай-ақ санын соқты деген тұрақты тіркестің күрамындагы сан деген
сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданыл-майды .Қолданыла қалған
күнінде тұрақтыдан еркін тір-кеске ауысады.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздін әр түрлі формасынан
әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге
тигенше(өле-өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер жаетәнды), жамбасы
жерге тимеген (ешкімнсн жығылып көрмеген, күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың
бір өзі–ак тұрақты тіркестің мән-магынасын бүтіндей өзгертіп жібереді.
Мәселен, тіл тиді дсгсннен сүк, өтті, көз тиді дегенді тусінсек, тілі
тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып, мүлдем басқаша
магынаға ауысады. Сол сиякты іш тартты, ішін. тартты, ішіне
тартгы дегендсрдің сыртқы құрылым-кұрылысы бір-біріне соншалықты жақын
болғанымен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті мен ауызға
ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын ашырмады дегендердін бәрі де өэ
алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есептеледі. Бүл жағынан карағанда
фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрактылығы сөздің морфемалық қүрамының
тұрақтылык сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш
түрлі белгі (түрақтылық, тутастық, тиянақтылық) арқылы фразеологизмдер
тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес
өмір сүреді.
І.2 Фразеологизмдердің түрлері: көнерген фразеологизмдер, жазба тіліндегі

Көнерген фразеологизмдер
Тілімізде тек қана көнерген сөздер ғана емес, сонымен қатар көнерген сөз
тіркестері де бар. Фразеологизмдердің құрамында архаизмдер де, историзмдер
де кездеседі. Сондықтан оларды фразеологиялық архаизмдер мен фразеологиялық
историзмдер деп екі түрлі атау орынды сияқты.
Фразеологиялық архаизмдерге тілдің даму процесінде жалпылама қолданудан
шығып қалған кейбір тұрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топтағы
фразеологизмдер көбінесе діни ұғыммен және салт, әдет-ғұрыппен байланысты
сөз тіркестерін қамтиды.
Діни ұғыммен байланысты келетін сөз тіркестеріне бесін намаз, сегіз
жұмақ, жеті тамық, қыл көпір, ақыр заман, топан су, құрбан айт, құрбан
шалу, құрмалдық айту, көк қошқарың болайын, жерге түскен жеті эліп, ғайып
ерен қырық шілтен, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып т. б. жатады Салт,
әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерне жататындар: қырық жеті, отыз жеті,
ұрын бару, ірге көру, отқа май құю, шашу шашу, қол ұстатар, бет ашар, шаш
сипатар, бауыздау құда, өлі-тірісін беру, қос қатын алу, тоқал алу, төсек
жаңғырту, сүйек жаңғырту немесе ат-шапан айып, үйірімен уш тоғыз, заманың
қалай болса, бөркіңді солай ки, аузы -қисық болса да бай баласы сөйлесін,
құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас, әйелдің шашы ұзын, ақылы
қысқа, байтал шауып бәйге алмас, шынжыр балақ шүбар төс, алтын басты
әйелден бақа басты ер артық т. б.
Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбылыс туралы
ұғымды білдіріп, қазір онша көп қолданылмайтын тұрақты сөз тіркестерін
жатқызуға болады.
Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай баласы, жарлы баласы,
ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы байлылық, кедей теңдігі, әйел
теңдігі, өз ара салық, тап жауы, халық, жауы, кедейлер комитеті, жер
аудару, төре аға, жүз басы, ; өкімет, қызыл отау т. б.
Ал кейбір фразеологиялық историзмдердің бір компоненті жаңартылып
қолданылады.
Октябрь төңкерісі — Октябрь революциясы, кеңес өкіметі — Совет өкіметі,
кеңес үкіметі — Совет үкіметі, партия ұясы — партия ұйымы, қызыл тақта —
құрмет тақтасы, қызыл керуен — автомашиналар керуені т. б.
Фразеологизмдер ертеден халықпен бірге жасасып келе жатқан бейнелі
сөйлеу үлгілері болғандықтан, онда көнерген граматикалық формалар да
кездеседі. Мысалы: “ат жақсысы қартады, негізіне тартады” немесе “жақсы
сылаумен жариды, жаман сылаумен кәриді” дегендегі “кәриді”, “қартады”
формалары — көне формалар. Бұлар осы күнгі қазақ тілініқ грамматикалық
формасы бойынша “қартаяды”, “кәртейеді” түрінде айтылуы керек еді ‘.
Тұрақты сөз тіркестерінің ішінде өзінін, көнелігі жағынан идиомдар
ерекше орын алады. Бұл ретте академик I. Кеңесбаев былай дейді: “Идиомдар
әрбір тілдің өзіне тән категориясы болумен қатар, бұл категория- басқа сөз
тізбектеріне қарағанда анағұрлым көнеленген категория. Басқаша айтқанда,
бірнеше сөздің тобы идиом болу үшін көп замандар болу керек, өйткені
идиомның шеңберіне енген сөздер дерексізденіп (абстрактанып) өзінің
тікелей мағынасынан айрылу үшін белгілі бір мерзімдік шарт керек. Әр тілдің
өзіне лайық идиомды сөздері болу үшін, ол тілге бұл шарттан басқа халықтың
салт-сана, әдет-ғүрып, тұрмыс-күй, мәдени дәрежесі, ортақтылығы керек
екендігі белгілі нәрсе”
Қөнерген фразеологизмдер көркем әдебиетте бейнелілік, мәнерлегіштік
қызмет атқарады. Көнерген түрақты сөз тіркестері өз болып отырған кезеңге
дәуірлік сипат беру мақсатымен әсіресе тарихи шығармаларда көбірек
қолданылады. Мысалы: “Ел салтына, әдет-ғұрыптың бәріне әрі ойша мойындап,
әрі соны бір үлкен романтикалы күндей ыстық көріп, Сыздык, бұл жолы ұрын
баратын болған. Немесе: Өзі пәлендей батыр, өнерлі, әрлі жігіт болмаса
да, ата баласы ғой деп атасының аруағын сыйлап ел осыны болыс қойған: аузы
қисық болса да байдың ұлы сөйлесіннің кері болған”.
Мысалда келтірілген соңғы мақал өткен қоғамдағы үстем тап пен
еңбекшілердің арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетед. Идеясы бізге жат
ескі өмірдід мақал-мәтелдері де кездесе; (Құм жиылып тас болмас, құл жиылып
бас болмас. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа, байтал шауып бәйге алмас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz