Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе5

Ежелгі Грекия мәдениеті5

Гомер дәуірінің мәдениеті (б. з. д. XI-VIII ғасырлар) 8

Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VІІІ-VІ г. ) 10

Грек классикасы мәдениеті (б. з. д. V - IV ғасырлар) 15

Тоқырау кезеңіндегі Грекия мәдениеті (б. з. д. 399-322 жылдар) 18

Эллинизм дәуірінің мәдениеті (б. з. д. IV ғ. аяғы - б. з. I ғ. ) 20

Ежелгі Римнің мәдениеті22

Республика дәуіріндегі Римнің мәдениеті (б. з. д. ІУ-І ғасырлар) 23

Империя дәуіріндегі Римнің мәдениеті (I-IV гасырлар) 26

Қорытынды31

Кіріспе

Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі - оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік) . Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бөлінбеген, олардың арасында үйлесімділік бар (грек филисофиясында ол макрокосм мен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты) .

Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатуымен байланысты болды.

Жағрапия немесе медицина, сәулет өнері немесе театр және басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмаймыз. Гректер мифологиясы тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды.

Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші роль атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.

Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді. Б. э. д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т. б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды.

Ежелгі Грекия мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежелгі) » деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекетгердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т. б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шьшшыддық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары - көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер», ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бүрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғ-да Рим империясының құлауымен аяқталды.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т. б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында - поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т. б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б. з. д. III-II мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б. з. д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит - ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-түра кездесіп қалады.

Бұл мәдениеттің ашылуы - археологияның ең ғажайып жетістіктерінің бірі болды. Криттегі археологиялық қазба жұмыстары Оксфорд музейінің сақтаушысы Артур Джон Эванстың басшылығымен 1900 жылы басталды. Осы жұмысқа бүкіл өмірін арнаған атақты ғалым кейіннен Крит өркениетін ашудағы орасан зор ғылыми еңбегі үшін «Құрметті сэр» атағын алды. Ең бастысы - Эванс өзінің «Минос» мәдениеті (Минос патшаның құрметіне солай атаған) деп аталатын төрт томдық еңбегін жарыққа шығарды. Ол «Минос» мәдениетін үш кезеңге бөлді:

• І-ші кезең - ерте Минос кезеңі б. з. д. III мыңжылдық;

• ІІ-ші кезең - орта Минос кезеңі б. з. д. II мыңжылдықтың бірінші жартысы;

• ІІІ-ші кезең - кейінгі Минос кезеңі б. з. д. ІІ-мыңжылдықтың екінші жартысы. Археологиялық жазба жұмыстары барысында ғалым Кностан (аралдың орталық бөлігі) ең алғашқы Крит сарайларының бірін тауып, оны аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың құрметіне Минос сарайы деп атаған. Крит мәдениетінің мазмұны мен стиліне тоқталмас бұрын, бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктерін қысқаша атап өтелік. Көне замандағы басқа да мемлекеттердегі сияқты Критте де құрылыс өнері кең етек алған. Бірақ, бұл жердегі өнердің негізінен сарайлық сипатта болғандығы аңғарылады, яғни күйреген ескі сарайлардың орнына олардан да зәулім, әрі айбынды сарайлар салынып отырды. Жоғарыда айтылған, Крит сәулет өнерінің ең атақты ескерткіші болып саналатын Кносс сарайы өзінің әсемдігімен, айналадағы пейзаж үйлесімділігімен ерекшеленеді. Сарайда салтанат залдары, ғибадатхана мен патшаның сәулетті үйлері, діни рәсімдерге арналған бөлмелер мен бассейндер, діни табыну салтына негізделіп театр ойындарын өткізетін алаңдармен қатар сарайда жұмыс істейтін қолөнершілер мен суретшілердің шеберханалары рет-ретімен орналасқан. Сарайдың залдарын арқалықты тасқа тіреген ағаш колонналар сүйеп тұр. Сарайдың салтанат бөлмелерінің қабырғалары суреттермен безендірілген. Солардың ішіндегі сый әкеле жатқан жігіттер мен қыздардың ұланғайыр шеруін бейнелейтін көріністің әсерлігін тілмен суреттеп жеткізуге болмайды. Табиғи қалпында салынған 500-ден астам адамның суреті екі қатар етіп орналастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл көріністе Крит патшалығына қарайтын аймақтар мен аралдардан келген салық төлеушілер бейнеленсе керек.

Суреттердің сюжеті де сан-алуан болып келеді. Оларда театр ойын-сауықтары, діни мерекелер, бақтардағы қыз-жігіттердің думанды ойындары және т. б. көріністер тамаша көрсетілген. Археологтар «Париж аруы» деп атанған сұлу келіншектің кескіні бүгінгі күнге дейін жап-жақсы сақталған. Сонау заманда өмірге келген бұл мәдени ескерткіштерге осындай атақтың берілуі тегіннен-тегін емес сияқты.

Крит кескіндемесінің тағы бір тандаулы туындыларының бірі - жігіттер мен қыздардың сүйікті сауығы - бұқамен ойынды көрсететін Кносс сарайындағы фреска. Қыздардың бірі әбден долданған бұқаны мүйізінен ұстай алған сәтте жігіт бұқаның үстінен секіріп барады. Асқан жүректілік пен ептілікті қажет ететін бұл қауіпті «ойын», біздің ойымызша сол кездегі қалыптасқан діни салт-дәстүрлерге байланысты болуы керек, өйткені кез-келген адам бұл ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін. Шындығында да, ғалымдардың пікірінше, «бұқалармен ойнау» табиғаттың қатал күшін бейнелейтін құдай-бұқаға табынуға тікелей байланысты көрінеді.

Критте патша өкіметінің ерекше түрі - теократия қалыптасты, яғни биліктің барлық түрлері бір адамның қолына шоғырланды. Патша сарайы әрі әкімшілік, әрі діни, әрі шаруашылық орталығы болды. Крит патшалары өз сарайларында сән-салтанатпен емін-еркін өмір сүрді. Патшалар мен ақсүйектер егіншіліктен, саудадан және қарақшылық шабуылдан түскен барлық олжаларын бағалы заттарға айналдырып, алтыннан, піл сүйегінен жасалған асыл бұйымдарды жинай беретін болған. Демек, мұндай ағыл-тегіл байлық - шат-шадыман өмірдің бір көрінісі болса керек.

Крит тұрғындары теңізбен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан ба, әйтеуір, Крит суретшілерінен теңізге, ондағы әдемі де, құпия қозғалысқа, теңіз толқындарының құбылмалы бояуларына деген сүйіспеншілікті айқын сезінеміз. Олай дейтініміз, теңіздер тереңі дүниесінен алынған әуендер - ыршып түскен балықтардың, дельфиндердің, аквариумдегі балықтардың суреттері өте табиғи, әрі тартымды болып келеді.

Крит дәуірі мәдениетінің ең гүлденген кезеңі б. з. б. XVI ғ. мен XV ғ-ң бірінші жартысы. Өкінішке орай, аралда болған жер сілкінісі ме, әлде жанартау атқылады ма, әйтеуір Крит патшалығы б. з. б. XV ғ-ң аяғында күйреді. Кейбір зерттеушілер Крит сыртқы жаулардың, солардың ішінде ахейлік гректердің соғысынан күйреді деген пікір айтады.

Тарихтың атасы Геродоттың деректеріне сенетін болсақ, Крит патшасы Минос грек болмаған, алайда екінші атақты тарихшы Фукидид оны грек деп санайды. Криттіктердің тегі жөнінде де ғылымдар арасында алуан түрлі пікір бар. Қалай болғанда да криттіктердің гректермен қандас туыстықта болған-болмағанына қарамастан Крит кезеңі мәдениеті грек өркениетінің, демек еуропалық өркениеттің алтын бесігі болды деп толық сеніммен айта аламыз.

Крит дәуірінен кейін грек өркениеті - материктік Грекияға ауысты. Ол микендік (немесе ахейлік) мәдениет болатын. Алғашқыда Микены мәдениеті Минос мәдениетінің ықпалында дамыды деуге болаіъш. Киім үлгілерінен бастап көптеген құдайларына дейін бірдей. Бірақ, кейіннен Микены мәдениетінің өзіндік бет-бейнесі айқындалып, жаңа даму жолына түсті. Осы орайда, мәдени ұқсастықтардан болу керек, қола дәуірінде Эгей теңізі бассейнінде қалыптасқан Криттік - микенылық мәдениетті «Эгей өнері» деп атанған. Қазіргі заманғы көптеген ғалымдардың пікірінше, Шығыс Жерорта теңізі өнерін гректер келместен бұрын түрлі тілде сөйлейтін талай халықтар мекендеген. Тіпті, неолит дәуірінің өзінде (б. з. д. V-IV мыңжылдықтар) Балқан түбегін, Кіші Азия жағалауы мен Эгей теңізі аралдарын эгейліктер деп аталатын ел мекендеген. Ал сол эгейлік өнердің басты орталығы Крит болды да, ал одан кейінгі кезеңде - Микены болды. Бір таңқаларлық, жағдай, Микены Криттік сарайларға дейін-ақ аршылып алынған екен, сондықтан да эгейлік мәдениет дүниесін бірінші ашқан адам - неміс Генрих Шлиман (1822-1890) болды. Көп уақытқа дейін Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларындағы баяндалған уақиғалар тарихи шындыққа жатпайтын ойдан шығарылған әдемі аңыздар деп саналып келді. Бала кезінде әкесінен Гомер кейіпкерлері жайында естіп білген Шлиман әкесіне: «Троядан ештеңе қалмады дегенге мен ешуақытта да сенбеймін. Қалай болғанда да мен оны табамын!» - деп мәлімдеме жасады. Шлиманның бұл мақсатына ғалымдар күмәнданып қана қоймай, оны келекеге ұшыратты. Көптеген сәтсіздіктерден кейін, ол Эгей теңізінің азиялық жағалауындағы Гиссарлық төбені, яғни Гомердің «қасиетті Троясы» тұрған жерді қазып, мол олжаға кенелді.

Гомер дәуірінің мәдениеті (б. з. д. XI-VIII ғасырлар)

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен - Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі - б. з. д. VIII ғ. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дасхандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонныц айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір үлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейиелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқығанда, «адамдар мағаи екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.

Гомерлік кезеңнің ІХ-УШ ғ-да рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты - грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табаңды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты. «Адам - бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған болар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі - грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.

Ол бойынша: мына жарық дүниені тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы - Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын аңғаруға болады.

Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріл отырды . . .

Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Б. з. д. ІХ-VІІІ ғ. құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары -- б. з. д. VIII ғ. афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардағы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.

Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Диоклон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (б. з. д. VIII ғ. ) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және т. б. шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады.

Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе - құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, б. з. д. I - мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп - керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.

Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ, алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.

Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы түста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.

Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. V ІІІ- V І г. )

Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б. з. д VIII- VI ғ. аралығын қамтиды. («Архайос» грек сөзі, «көне» үғымын білдіреді) . Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру - ұлы отаршылдық кезеңі, бұл - құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті туралы
Мәдениеттану. Ежелгі грекия мәдениеті
Антика әлемінің мәдениенті
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Грек тарихнамасы
Ежелгі Грекия өнері жайында
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия
Ежелгі Грекия мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz