Рухани мәдениеттiң элементтерi және құрамдас бөлiктерi


ЖОСПАР
Бірінші бөлім. Мәдениеттанудың бiлiм жүйесi және мәдениеттiң мәнi. 1
I. Мәдениеттану және оның бiлiм жүйесi1
2. Мәдениет туралы түсiнiктiң тарихи дамуы13
Екiншi бөлiм. Рухани мәдениеттiң элементтерi және құрамдас бөлiктерi27
1. Қоғамның рухани элементтерi31
2. Рухани мәдениеттiң құрылымдық сыңарлары42
Бірінші бөлім. Мәдениеттанудың бiлiм жүйесi және мәдениеттiң мәнi.
I. Мәдениеттану және оның бiлiм жүйесi
Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшiншi ширегiнде өзiндiк пән ретiнде гуманитерлық бөлiмдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтiк және табиғилық, жаратылыстық және мәдениеттiлiк сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде п. б. Мәдениеттанудың бiлiм жүйесi, жалпы мәселелерi «философия тарихында», «философия мәдениетiнде» қашанда елеулi орын алып, қарастырылып келедi. Мәдениеттi зерттеудiң бұл терең философиялық дәстүрi басқа да гуманитарлық ғылымдар өкiлдерiнiң назарынан тыс қалған жоқ. Мәдениеттануға осы уақытқа дейiн антропология, социология, психология, тарих, тiл бiлiмi, семиотика сияқты әр-түрлi пәндер ғылымның әр тектiлiгiн туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкiм де оған шүбә келтiре қоймайды. Көпшiлiк жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың негiз ретiнде қарастырылып жүр. Дегенмен бiртұтас, бүрыңғай мәдениеттану теориясы әзiрге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейiн мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрiнде, не сол мәдениеттану мамандарының белгiлi бiр жүйеге ыңғайланып құрылымдары тұрғысында көрiнуде. Мұның өзi мәдениеттану ғылымыеың елеулi ерекшелiгiн көрсетедi.
Әйтсе де, олар мәдениеттану бiлiмiн жетiлдiру бағыттарына келгенде, жалпы негiзгi принциптердi ортақьаса жасауда. Бұл бағыттардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi, тиiмдiлiгi, өз пәнi, ыңғайлдылығы бар. Оларға 1995 жылдан бастап шыға бастаған қазақ және орыс тiлдерiндегi мәдениеттану оқулықтарын да жатқызуға болады.
Бұгiнгi таңда мәдениеттану өзiнiң пәнi мен тәсiлiн анықтап, екi аяғынан қаз тұру дәуiрiн басынан кешiруде. Оның әрi ғылыси теориялық кәмелеике жеткен бейнесi толығынан көрiне қойған жоқ. ғазiргi iзденiстер мәдениеттанудың философиямен тығыз байланыстылығының дәлелi және сол философияның «қамқорлық» шеңберiнен босанып, өзiндiк қырынан бiлiмнiң жаңа саласына айнала бастауының айғағы. Мәдениеттанудың өзiндiк ерекше бiлiмдер жүйесi тұрғысынан көрсететiн дәлелдер аз емес. Оған мысал ретiнде қәзiргi заман мәдениетiндегi құбылыстарды алуға болады:
Бiрiншiден , әлем өзiнiң 2000-шы жылдықтарында техника мен мәдениет туындытатын орасаң зор әлеуметтiк өзгiеiстерге толық жаңалықтар қарсаңында тұр. Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат индустриясы бүгiнгi күнi дамудың орасан зор катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкiл қоғамдық өзгерiстердiң және қазiргi заманның даму күшiнiң маңызды факторы болып отыр. Бұл құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет арасын мына мәселе туындайды: Техника жетiстiктерiнiң адамдар болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өмiрiне қандай өзгерiстер әкелуі мүмкiн? Ақпараттың ақыры не болмақ? Мәдениет пен компьютерлендiру өркениеттiлiгiнiң арақатысы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелердi белгiлi бiр гуманитарлық пәндер тұрғысынан қарастыру мүмкiн емес.
Екiншiден, дiни ренессанс - қазiргi мәдени жағдайлардың өте белгiлi құбылысы.
Ренессанс (франц. тiлiнде - қайта өрлеу, қайта туу) . Италия
Және басқа европа елдерiндегi 15-16ғ. ғ аралығындағы өнердiң
даму кезеңiн белгiлiеу үшiн Якоб Буркхард енгiзген.
Әлем бүгiнгi күнi бұрын болып көрмеген, стихиялы түрде жүрiп жатқан дiннiң қайта өрлеуiн басынан өткеруде.
Әрине XX ғасырдың соңында дiн мәселесi мәдениет өмiрiнде соншалықты елеулi орын алады деп ешкiм де ойлаған жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары дiни көзқараты арнайы сынға алуды артықшылық деп санады. Өйткенi болмыстың бастапқы құпия көзiн ғылымның өзi-ақ ашады деп тұжырымдады. Тiптен, өткен ғасырдың теологтарының өзi бiрнеше онжылдықтарын кейiн шiркеу қызметкерлерiн дiннiң дағдарысы, құдайды құрметтеудiң дәстүрлi түрлерiнiң апатқа ұшырауы және дiни сенiмнiң қайта өрлеу мәселелерi ойландырады деп тұжырымдаған емес. Американдақ социолог өзiнiң “2101 жылғы дiн” атты кiтабында, дiн болашақта өзiндiк рухани “рухани туризмге” айналды дейдi. Болашақ оның ойынша Құдайдың жаңа бейнесiн талап етедi.
Қәзiргi туындап жатқан дiни - рухани көзқарастарда Құдайдың “табиғатына” байланысты көптеген қарама - қайшы концепциялар көп-ақ.
Концепция (лат. тiлiнде - қабылдау, ұғыну, түсiну, түйсiк) .
Белгiлi құбылыстар жайындағы көзқарас жүйесi, бiрдеме
Негiзi пiкiр.
Әлемдiк денелердiң фундаменталдық идеялары да дiндердегi ынтымақьастыққа қайшылық әкелуде. Жалпы, адам туралы, тарих туралы, ғарыш туралы дәстүрлi түсiнiктер жiк - жiкке бөлiнуде. Олар әртүрлi мәдени- философиялық образдарға немесе гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарына негiзделген әлемнiң жаңа бiлiмдер жүйесiне айналып өзге мәнге ие болуы мүмкiн.
Үшiншiден , адамзат мәдениетiнде, мәдениеттiң болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменiн қалай тануға болады? Өркениеттiлiк пен мәдениеттiң арасында қандай байланыс бар?
Феномен (грек тiлiнде - келiп көрiнетiн, құбылыс) . Филосо-
фияда - санада болатын субьективтiк және сезiм тәжiрибелерi
ұғынуға болатын құбылыс (феноменолизм) . Сирек, әдетте-
гiден тыс, төтенше құбылыс.
Мәдениет пен табиғаттың ара қатынасы қандай? Әлеуметтiк өзгерiстер неден туындайды? Әрине бұл сұрақтар бiр жақты философиялық паиымдаудың белгiлi бiр түрлерi арқаылы шешiмдерiн табу мүмкiн емес екендiгiн қәзiргi ғылыми iзденiстер көрсетiп отыр.
Осы келтiрiлген үш жағдайдан туындайтын мәселелердiң түсiнiлуi, танылуы: жеке ғылым, дiни сенiм, философия, не басқа да гуманитарлық бiлiмдер негiзiнде мүмкiн емес екендiгi белгiлi. Олар қазiргi уақытта әмбебап бiлiмдер арқылы жүргiзiлуде. Көпшiгiк жағдайда бұл әмбебап қасиет мәдениеттану ғылымына тән. Бұл арада мәдеиеттанудың бастапқы мақсаты мәдениеттiң тарихи дамуын және әлеуметтiк қызметiн зерттеу, ал нәтижесi - мәдениет туралы жүелленген бiлiм.
Алайда, мәдениеттануды тек ғана бiлiмдер жүйесi тұрғысында қарастыруға болмайды. Мәдениеттануда рационалды бiлiмдер жүйесiмен қатар, рационалдықтан тысқары түсiну жүйесi бар, мұның екеуi де iштей үйлесiмдi және екеуi бiрдей мәдениеттi ғылыми - гуманитарлық тұрғыда түсiнуде маңызды роль атқарады. Түсiнудiң толықтығына сүйене отырып толығынан түсiну, мәдениеттанудың ең жоғарғы жетiстiгi болып табылады.
Мұның өзi, өзге мәдениеттiң өмiр сүру әлемiне енуге, олармен сұхбаттасу арқылы өз мәдениетiн тереңiрек ұғынуға мүмкiндiк бередi. Оның ең бiр амал-тәсiлi мәдениеттанудағы түсiдiру мен түсiнудiң бiрлiгi. Рационалды ұғыну жолы арқылы түсiне алатын, өзiнiң iшкi логикасы, өзiндiк мәнi бар әрбiр мәдениет тiкелей нақты байланыссыз өмiр сүре алады. Мәдениеттанудың да негiзгi мақсаты - мәдениеттердiң сұхбатын жүзеге асыру.
Жалпы шыға бастаған мәдениеттану оқулықтарында мәдениеттану ерекше феноменге айналған мәдениет туралы бiлiмдердiң жиынтығы. Олай болса мәдениеттану әр дәуiрде туындаған киелiлiктер мен рәмiздерлi тiзу жиынтығы емес. Бұлай болған жағдайда ол, әлемдiк мәдениеттiң тарихымен ғана шектелген болар едi.
Бiрiншiден , жағарыда айтып өткендей мәдениттану ерекше бiрегей феноменге айналған мәдениет туралы бiлiмдердiң жиынтығы. Олай болса мәдениеттану әр дәуiрде туындаған киелiлiктер мен рәмiздердi тiзу жиынтығы емес. Бұлай болған жағдайда ол, әлемдiк мәдениеттiң тарихымен ғана шектелген болар едi.
Екiншiден , мәдениеттану - мәдениет және оның мәнi туралы теория. Оған өзiнiң ерекшелiктерi арқылы әрi әмбебап феномен ретiнде ғылыми түрде қол жеткiзудiң обьектiсi. Шынтуаайтқа келсек, дүние жүзiнде өзiнiң мәдениетiнiң бағытын жасамаған халық жоқ. Олай болса көптеген кiшiгiрiм мәдениеттерден тұратын жалпы бiр бағыттағы жағдайдан - мәдени - тарихи типтердiң бой көрсеткенiн аңғаруға болады. Ал, мәдениеттану сол жергiлiктi көптеген мәдеиеттердiң арғы жағындпғы бәрiне ортақ жалпы даму жағдайдан көрсетуге бағытталған.
Үшiншiден , мәдениетану - пәнаралық метатеория. Былайша айтқанда адамдар мен халықтардың психологиясына терең бойлауды қамтамасыз ету арқылы мәдениет тарих қимылының механизмi, адам болмысының асыл құпиясы, шығармашылық жиынтаығының шымылдығын аша бастағандығын көрсетедi. Бұл жағдайда идеологияда, саясатта немесе экамомика да емес, дәл алғанда мәдениет ғана дүниенiң сырын ашуда эвристикалық құрал болып табылады.
Сонымен мәдениеттану пәнiн талқылау барысында мәдениет туралы ғылымның әр тектi айырмашылығының маңыздылығын ескерген жөн. Мәдениеттануға осы уақытқа дейiн антропология, тарих, социология, психология, педагогика, тiл бiлiмi, семиотика сияқты пәндер әр түрлi жақтарынан өз үлестерiн қосып келедi.
Семиотика (грек тiлiнде - белгi, нышан) . Мед. Аурудың бел-
гiлерi туралы ғылым. Табиғи және жасанды тiлдердi таңба-
лар жүйесiн зерттейтiн ғылым.
Әрине, олар мәдениет және мәдени құбылыстарды әр тұрғыдан таниды. Ал, мәдениеттану адамзат қоғамының әр кезеңiндегi мәдениетiн зерттейтiн бiртұтас әр түрлi ғылымдар комплексiнiң белгiлеу жиынтығы. Нақты айтсақ теориялық, түсiндiрме - сипаттау және көркемсөздi мазмұнға негiзделеген бөлiмдерден құралатын мәдениеттану ғылымдарының жинақталған ерекше түрi.
Мысалы, мәденитетану мiдеттi түрде «мәдениет археологиясына» назар аударады, оның шығу тегiн, даму кодын, мәдениет мұрагерлерiнiң тәсiлiн, тұрақтылығын ашады. Яғни, мәдениеттiң сақталу, жаңару, оның мүлдем өзгеруi арқылы өнер, философия, саясат, экономика салаларындағы жасалу түрлерiн қамтиды. Сонымен қатар мәдениеттiң жетiстiктерiн саралап қана қоймай, олардың құрылымын, iс - әрекеттiгiнiң түрiн, мәдентеиттiң бiртұтастығын және сондай бiртұтастықты жасау жолдарындағы концептуациялық тауқiметтерiн қою және шешу жатады.
Мәдениеттану адамдардың ерекше өмiр сүру тәсiлi тұрғысында өзiнiң тарихи, мәдени - мұрагерлiк жағдаят ретiнде ашады. Оның пәнiне - мәдениеттiң шығу тегi (генезисi) мiдеттi iсi, дамуы жатады, ал негiзгi мақсатына - мәдениет «генетикасын» жасау, тарихи - мәдени барысып түсiндiрiп ғана қоймай, сонымен қатар оларды болжау, ал болашақта оларды басқару жатады.
Жалпы мәдениеттанудың ғылыми пән ретiндегi қалыптасуын, оның ерекше бiлiмдер жүйесi ретiндегi түсiнiктер тұрғысынан қараған жөн. Әрине мәдениеттанудың пәнiн, мақсатын, бағдарлмасын осылайша түсiну оның ғылыми ауқымына әлеуметтiк шығармашылықтың басқа да өзгерiстерiн әр түрлi ақпараттарды қамтуды қает етедi, бiрақ бұл синкретикалық бiлiмдер облысының негiзгi зерттейтiн алаңы, тарих «субьектiсiнiң» қатардағы iс - әрекеттiң образы, өмiр - салты, ой кескiнi болу керек. Бұл айтылғандар, бiлiмдер жүйесi ретiнде мәдениет өрiстерiнiң өз-ара байланысын сипаттауға мүмкiндiк бередi. Оған айғақ ретiнде бұрыннан және қазiргi уақытта қалыптасып келе жатқан әлеуметтiк мәдениеттану, экологиялық мәдениет бiлiмдерiн келтiруге болады. Сонымен, мәдениеттану - өзiне тән ерекше бiлiмдер жүйесi арқылы сана - сезiммен мәдениеттi түсiну, ұғыну деген сөз. Мәдениеттану - адам тұлғасына арнайы бағыталғыан мәдениет туралы ғылым.
Мәдениет өзiнiң iшкi шынайы болмысымен адам тұлғасына бағытталғандықтан, оны өзiн - өзi танып бiлу немесе адамның рухани өмiрбаяны деп есептейдi. Мәдениеттiң өмiр сүру шарты, ол бiр ұрпақтан екiншi ұрпаққа сабақтастықпен берiлiп отырады. Сондықтан мәдениет өзiн - өзi тарту мәселесiн алдыңғы орынға қояды. Яғни, мәдениеттану қабылдаудың, принциптердiң, түсiнiктердiң жүйесi болып саналады да солар арқылы мәдениеттiң трнасляциялау барысы iс жүзiнде асады. Бұл жүйе адам тұлғасының өлшемi туралы мәдениетте қолданған тиiстi бiлiмдi, шеңберлiктi, тәжiрибенi жария етудi қамтамасыз етедi.
Мәдениеттану, бұл мәденит ткралы ғылым, ал әлеуметтiк мәдениеттану адамдардың мәдени қызығушылықтары мен қажеттiлiктерiн туындатып қалыптастыруға ықпал жасайтын алғы шарттар мен факторларды қамтиды, олардың мәдени құндылықтарды табыс етуге, сақтауға, көбейтуге ынталығының қарым қатынасын зерттейдi. Әлеуметтiк мәдениеттану негiзгi мәдени - тарихи типтердiң ерекшелiктерi мен қол жеткен табыстарын айқындай отырып, әртүрлi қоғамның мәдени өмiрiн зерттесе, ал мәдениеттанудың мақсаты бiр нәрсенi (бiлiмдi, тәжiрибенi т. б. ) игеру немесе тарихи фактологияны жылнамалық түрде түзу ғана емес және де адам тұлғасын, мәдениттiң субьектiсi ретiнде жәй ғана өндiру емес, ұдайы өндiруге жол ашу. Адамның дүниеге келуi аз, адам өзiнен өзi адам қылып дүниеге келтiру қажет. Сондықтан да, мәдениеттанудағы - «оқыту - рухани дүниеге келу» деген принциптiң жалпы азаматтық мәнінiң маңызы анықтан анық.
Мәдениеттанудың мiдетi, курстың моарльдық императивiн ой елегiнен өткiзумен қатар құндылықтарды таңдап, өзiндiк ұстаған жолды қалыптастырумен, өзiнiң тану қабiлетiн төселдiрумен байланысты.
Императив (лат. Тiлiнде - бұйрық, әмiршi, жарлық) . Филос.
Кесiмдi императив - этикада. Кантта - о баста ақылға бе-
Рiлген, мәңгiлiк өзгермейтiн, өнегелiктiң негiзiн құрайтын
Сөэсiз болатын моральдық жарлық.
Арнайы және гуманитарлық бiлiмдердi үйлестiре отырып, кәсiби этика мен өнегелiктi тәрбиелеуде ықпалын тигiзiп қол ұшын беру және мәдени символдарда, өнердегi бағытарда, музакада т. б. дүниелерде ептiлiк көрсетiп, хабардар болу.
2. Мәдениеттанудың негiзгi көзқарастар жүйесiнiң дамуы
Мәдениеттанудың гуманитарлық бiлiмдердiң ерекше саласы ретiнде қалыптасуы этнография, дiн, өнертану т. б. арқылы қол жеткен табыстармен ғана емес, сонымен қатар, қазiргi заманның философиясының генезисiмен (генезис - тегi, т. б., қалыптасу барысы) де тiкелей байланысты.
ХХ ғасырдың мәдениеттануы философия мәдениетiмен тығыз байланыста бола отырып өз алдына жеке ғылым ретiнде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының мәселелерi философия Тегеурiндi ықпалының мәселерi философиялық бiлiмнiң бiр бөлiгi ретiнде қалыптасты. Көптеген ықпалының нәтижесiнде немесе философиялық бiлiмнiң бiр бөлiгi ретiнде қалыптасты. Көптеген ғалымдардың шығармашылығында философия мен мәдениетану мәселелерi бiрiмен бiрi араласып, иiнтiресiп, өрiлiп, тығыз байланыста болып жатады.
Тарихта қазiргi заман мәдениеттануының мәселелерiне қатысты, тiптен олардан айыруға болмайтынкөптеген идеялар мен теориялар болды. Әрине, оларды толығынан жан-жақты қамту мүмкiн емес. Алайда оқырман қауымды мәдениеттанудың негiзгi мәселелерiнiң төңiрегiндегi көзқарастар жүйесiнiң даму барысымен таныстырып өту үшiн мүмкiндiгiнше жинақты түрде кейбiр жақтары ғана берiлiп отыр.
Адамның өзiн өзi жасай алатын, дүниенi өзгерте алатын, шығармашылыққа бейiм жан иесi екендiгi туралы ұлы ой Ағартушылық кезеңiне бұрынғы қайта өрлеу дәуiрiнен келiп жеттi. Адамның өзiн өзi дамытуы ақыл-ойдың күшi арқылы ғана iске аса алады. Осылайша мәдениет, адамзат ақыл - ойының жан-жақты iске асу нәтижесi деген дiни емес, жаңа, зайырлы түсiнiктер қалыптасты. Алайда ақыл-ой өзiнiң өзгермейтiн мәнінде жеке жанның мүмкiндiгi екендiгiн көрсеттi. Бұл идеялар мәдениеттi ұғу жолындағы орасаң зор қадамдар едi, бiрақ ерте ме, кеш пе әйтеуiр олар да өз шектеулiгiн бiлдiрдi: Бiрiншiден , мәдени мақсаттардың ұлылығы мен жеке жандардың мүмкiдiктерiне, жағдайларына байланысты туындайтын шектiлiгi арасындағы алшақтық; мәдениеттiң бiртұтастығы мен iшкi байлығы түсiндiрiлмей жәй жоба, жорамал деңгейiнде болды. Екiншiдiен , адамның өзiн өзi жасау түсiнiгi мен мәдениеттiң шексiз дамуы, ақыл - ойдың бақилық және өзгермейтiнмүмкiдiгi сәйкес келмедi. Яғни, даму жетiстiктерiнiң шыңы - адамның өз мәнiне қозғау салмады.
Қалай болған жағдайда да осы мәселелердi көре бiлудiң өзi оңай түскен жоқ. Ол үшiн мәдениеттi, ақыл-ойды, адамды жаңаша ұғу керек едi. Оны ұлы философ, немiс классикалық философиясының өкiлi В. Гегель (1770-1831) жасалы. Гегельде мәдениет бұрынғыша, ақыл-ой арқылы жүзеге асады, бiрақ ол әлемдiк рухтың, не әлемдiк ақыл-ойдың жүзеге асуы. Бұл әлемдiк рух - бүкiл халық тағдырында, ғылымда, техникада, дiнде, өнерде, қоғамдық құрылымдардың түрлерiнде және мемлекет өмiрiнде өзiн жүзеге асыру арқылы, не тарихи қатты тұлғаның жеке мақсаты арқылы түсiндiрiп болмайтын өзiнiң жалпыға бiрдей мақсатының соңына түсуде.
Әрине, мәдени шығармашылық туындыларының тiкелей жасалынуы адамдардың жеке күштерiне байланысты. Бiрақ, Гегель теориясында, адамдардың бар iсi, тарихта көрiнбей ыңғайластырып отыратын “әлемдiк рух” мақсатының жүзеге асуы. Гегельдiң әлемдiк ақыл-ой рух дәуiнiң өзi тектен тек айтыла салған нәрсе емес. Өйткенi әлемдiк мәдениеттiң даму барыссын жеке адамдардың бүкiл халықтың шығармашылығы көрiнбейтiн логикаға бағынышты емес. Олар әртүрлi мәдени құбылыстарды өзiн өзi дамытушы бiртұтастық тұрңысынан түсiнген жағдайда ғана өзiн өзi анықтай алады.
Гегель әлемдiк мәдениеттiң жеке тұлғалардан жоғарғы заңдылықтарын көрсетiп қана қоймай оны ұғымдардың логикасында бiлдiре алады. Олай болса сол логика, дүние мен адамзаттың бастапқы негiзi болуы мүмкiн. Гегель үшiн бұл табиғи нәрсе, өзiн құрған жүйе де сол тектес; болмыстың негiзiнде ақыл-ой жатады, бiрақ ол адамзаттың ақыл ойынан бөлек, өзiнен өзi бар, бүткiл әлем; ақыл - ой мен болмыс барабар.
“Философия тарихы”, «Эстетика», «Тарих философиясы» сияқты еңбектерiнде Гегель, өз теориясының жалпы принциптерiнiң қисынын жасап қана қойған жоқ, ол әлемдiк мәдениеттiң даму жолын сараптап шықты. Мұндай, өте өте күрделi және логикалық үйлесiмдi көрiнiстi ойшылдардың ешқайсысы да жасаған жоқ. Мдениеттiң дамуының барлық түрлерiнiң көрiнуi - дiн, философия, өнер, тiптен әр - алуан мемлекеттерге дейiн тұңғыш рет бiртұтас заңдылықтар процесi ретiнде қаралды. Гегель, адамзат тарихында орын алып келген ұлттық мәдениеттердiң сапалық өзгешелiгiн және мәдениеттiң түрлерiнiң әр түрлiлiгiн елемей қалған жоқ. Әрбiр - нақты тарихи мәдениет бұл арада тек қана өзiнiң толық iске асырылуына талпынған әлемдiк рухтың өз- өзi шығару сатысы ғана.
Сонымен қатар Гегель Ағартушылық идеалына адал, әсiресе бостандық идеалына. Баллық мәдениеттiң дамуында тек бостандық ғана әлемдiк рухтың ең соңғы негiзi, субстанциясы бола алады.
Субстанция (лат. тiлiнде - мән бiрдеме негiзiнде жатқан) . Iшкi
түптастық тұрғысынан қаралатын обьективтiк шынайылық.
Сезiмнiң әртүрлiлiгi мен өзгермелi қасиеттерiн белгiлi бiр
тұрақшылыққа апаруға мүмкiндiк жасайтын, өзiнен өзi бар
ақырғы негiз.
Рухтың мәнi, субстанциясы бостандық болады . . . Рухтың барлық қасиеттерi бостандық арқасында ғана бола алады . . . олардың бәрi дерлiк бостандық үшiн құрал ғана. Гегельше, рух өзiнiң толық құндылығын адам арқылы iске асырса, онда рух бостьандығының iске асуы адам бостандығының өсуiмен сәйкес келедi.
Оның ойынша, шығыс халықтары рухтың, не жалпы тұрғыдағы адамның өзiне ерiктi екендiгiн әзiрге бiлмейдi; бiрақ олар, адамның бәрi емес, кейбiреулерiнiң ғана бостандығын бiледi. Жалпы тұрғыдағы адамның ерiктi екендiгi тек герман халқына ғана христиан санасы арқылы жеттi; бұл принциптi қауымдық (дiни) енуi ұзақ процесс, оның өзi сол тарихты құрайды.
Алайда, Гегель ыңғайының өзiне шектiлiк жатыр. Өйткенi ол, мәдениет субьектiсiн (мәдениеттi жасаушы) тұлғасыз оймен барабар етедi, ал мәдениеттiң дамуын өзiмен-өзi шектелген ақыл - ойдың бiр өзi, өзiн шығару негiзiнде берген.
Сонымен әлемдiк ақыл - ой мәдениет, мемлекет түрiнде жеке адамдардан жоғары, оларды өз мақсатына құрал ретiнде пайдаланды. Әрине, Гегельдiң еңбектерiнде бүгiгi оқырманды толықтыратын көптеген мәселелердi табуға болады. Бiрақ сол уақыттағы ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы философтар, мәдениеттанушылар оның, адамды ақылдың тұлғасыз логикасына сиыстыру идеясына қанағаттанбады.
Ф. Ницше (1844-1900) . Дүниедегi болып жатқан барлық жағдайларды, табиғи және психологиялық құбылытарды Ф. Ницше «ерiктiң күрделiлiкке» бөлiнуi деп есептедi. Адамның санасының барлық модустарын және олардың ұғымдарын өздiгiнен бiрiктiретiн «Мен», «субьект» сияқты ұғымдарды жеке
Модус (лат. тiлiнде - шама, тәсiл, бейне) . 17-18. ғ. философи-
ясына - материяның жағдайларына, жеке түрлерiне берiлген
ауыспалы қасиет; жалпыға бiрдей субстанцияның белгiлi бiр
нәрсе ретiнде көрiнуi.
Адамдардың шығармашылық ерiктiлiгiннiң интенциясы ретiнде жеңiлдетiлген бнлгiсi деп түсiну керек.
Интенция (лат. тiлiнде - ынта, талап, ұмтылу) . Схоластика
философиясының ұғымы; белгiлi бiр затты көрсететiн ниет;
мақсат, сананың бағыты, ақыл - ой.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz