Материалдық және рухани мәдениет. Рухани мәдениет - қоғам тірегі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім

Министерлігі

Факультет: Филология
Кафедра: Түрік ағылшын

Тақырыбы: Материалдық және рухани мәдениет

Орындаған: Қауыс
Берік

Тексерген:
Додаева Қуаныш Жанұзаққызы

Алматы 2004

Жоспары:

Кіріспе :

А) Мәдениет туралы ұғым.

Негізгі бөлім :

А) Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

Б) Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қорытынды :

А) Рухани мәдениет- қоғам тірегі.

Мәдениет, қоғамның, адамның творчестволық күштері мен адам қабілетінің
тарихи дамуындағы белгілі бір саты, деңгейін адамдардың өмірі мен іс-
әрекетін ұйымдастырудың формасы мен типін, адам баласы жасаған рухани және
материалдық игіліктердің дәрежесін көрсетеді. Мәдениет деген ұғым адам
баласының тіршілік әрекетінің тіршіліктің биологиялық формасынан өзгеше
екендігін, сондай-ақ адамзаттың қалып-тасуы мен қоғамдық-тарихи дамуының
түрлі тарихи кезеңдеріндегі, қоғамдық-экономикалық формациялар-дағы,
адамдардың этникалық және әлеуметтік бірлестіктеріндегі тіршілік әрекетінің
нақты формаларын білдіреді: Мәдениет деген ұғым сонымен бірге қоғамдық
өмірдің нақты бір саласының даму дәрежесін де аңғартады (еңбек М-і, тұрмыс
М-і, саяси М, музыкалық М.) Мәдениет деген ұғымның маңызды бір саласы –
адам іс-әрекетінің жеке басына ғана тән формасы мен әдіс-тәсілі, оның өз
бойына біткен күш-қуатының, қабілеті мен дарынының дамып жеткен дәрежесі
(өзін-өзі ұстау М-і, қарым-қатынас жасау М-і, ойлау М-і, сөйлеу М-і, сезім
М-і). М-тің негізіне адамның тіршілік әрекетіндегі мазмұнды қоғамдық әдіс-
тәсілдер - өндіріс, еңбек творчествалық жасампаз іс-әрекеті алынған:
сондықтан да творчествалық әрекеттің қоғамдық негізі екі формасына -
материалдық және рухани формасына сәйкес түрде материал-дық және рухани
мәдениет болып екіге бөлінеді. Материалдық мәдениеттің даму дәрежесін
байқататын көрсеткіш – еңбек құралы. Қазіргі заманда еңбек құралдарының
бәрі де ғылымның материалдық күшке айналған жетістіктері блоып табы-лады.
Рухани мәдениет – қоғамдағы этникалық және әлеумет-тік топтарды және жеке
адамдардың рухани өмірін қамтиды, олардың рухани творчествалық процесі мен
соның жемісте-рін, қоғамдық және жеке сана формаларының жиынтығын,
адамдардың бір-біріне,табиғатқа деген қоғамдық қатынас-тарының идеалдық
формаларын, сондай-ақ олардың рухани әрекеттерінің барлық саласын
қамтиды(мифология, дін, өнер, философия, ғылым, адамгершілік таным,
дүниетану,сезім, тәлім, мүдде, ниет). Қазіргі жағдайда Мәдениетті құртып
жойғысы келетін, тіпті адамзаттың өзін жоқ қылғысы келетін күштердің белең
алуына байланысты Мәдениеттің қайшы-лықтарға толы проблемалары күн
тәртібіне қойылып отыр.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта
ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәениеттің дәстүрлерін жалғасты-
рады.Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар XV ғасырдан кейін
Қазақстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік
берді.
Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанын XV-XVIII
ғасырлардағы Яссы, Сауран, Отырар, Сығанақ тәрізді қалалар, Орт.
Қазақстандағы Домбауыл, Алашахан, Жошыхан ғибадатханалары, Оңт.
Қазақстандағы және Маң-ғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә. Орта Азия
тарихшысы Рузбихан1 қазақ хандығының көп жылдар астанасы болған Түркістан
туралы мынадай жолдар жазады:Солтүстік жақтағы қазақ жерлерімен және
Әндіжанға апаратын жолдармен Қытай шекарасына дейін Яссыға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Адам және мәдениет
Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері
Мәдениет пен өркениет туралы
Мәдениет пен өркениет жайлы
Философия тарихындағы мәдениеттанулық теориялар
Мәдениет және өркениет
Мәдениет пен өркениет
Мәдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары туралы
Пәндер