Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Ежелгі Грекия мәдениеті.
Антик,ежелгі Грекия мен Рим мәдени мұрасы ретінде Еуропа мен дүние
халықтарының саяси және діни ақыл-ойына, әдебиеті мен өнеріне, философиялық
және құқықтық көзқарастарына зор ықпалын тигізді. Бұл жерде роман елдерінде
негізінен Рим дәстүрі етек алды. Ортағасырдың аяғына таман Алманияда Грек
мәдениеті өзінің ықпалын тигізе бастаса, ал Шығыс Еуропада, Закавказьеде
және кейбір Таяу Шығыс аймақтары өзіне Византия мәдениетінің әсерін сезіне
бастады. Антикалық мұраның адами бастамалары революциялық өзгерістер
кезінде прогрессивтік күштердің идеялық қорына айналды. Мысалы, Ренессанс
дәуірінде, Француз революциясының кезеңінде және немістің классицизм
дәуірінде анық көруге болады. Антикалық идеялар мен дәстүрлердің қоғам
тарихына, тіліне тигізген зор ықпалы сан ғасырлар бойы еуропа ғылымы мен
білімінде сақталып ерекше орын алды.
Еуропалық өркениеттің күре тамырлары шын мәнінде, антикалық дәуірден
нәр алды. Байырғы гректерге Шығыс елдерінің мәдениеттерінің жетістіктері
таныс болды. Дегенмен, гректер Египет пен Вавилонның тәжірибесін игере
отырып жаңа әлеуметтік саяси қатынастарда, философиялық ізденістерде, тағы
дүниеге көркемдік эстетикалық келу мәселелерін шешуде өз жолдарын айқындай
білді. Антикалық Греция азиялық дәстүрдің ықпалына онша көне қоймады.
“Алайда бүкіл азаматтық өркениет бастамасын тек Элладаға әкеп
тіреп қойған еуроаплықтардың көзқарасы келісімсіз. Грек және Рим
өркниеттерін ұлы Шығыс мәдениеттерінсіз қарастыруға болмайды. Бұл жерде
“Қытай дуалы” тұрған жоқ. Тіпті Грек өркениетінің бастапқы түрі Крит Минай
мәдениеті үндіеуропалық халықтар Элладаға қоныс аударғанға дейін
қалыптасқан”.
Жалпы, классикалық антик мәдениетімен танысуды оның негізгі
тақырыптарының (даңқ, ізгілік, әдеттілік) қалыптасуын, сондай-ақ одан
шығатын әралуан түрлерін (эпос, лирика, құқық) қарастырудан бастаған жөн.
Антикалық мәдкниетті қарстырудың негізі болып адамға бет бұру, оның ішкі
дүниесі мен сыртқы бағдарларын қайта құру болып табылады. Еуропа
мәдениетінің бастамасында микен өркениеті тұрды.
Крит және Микен мәдениеті Ежелгі Шығыс пен Батыстың арасындағы су
айырығындай болған жоқ. Оның үстіне ол дәуірге тән (б.д.д. II мың жылдықта)
“сарайлықтар” мәдениеті, оны шығыс прототипімен жақындатты. Египет
мәдениетіндегідей шаруашылық, діни және әскери-саяси өмірді орталықтандыру
байқалды. Египетте шешуші тұлға жазғыштың болуы, ал өкімет пирамидасының ең
шыңында патша-абыздың ьұруы, абыздар қауымы қуатты бюрократияның баршылығын
күшейтті.
Алғашқы қауымның ыдырау кезеңіндегі Гректердің өзіндік ежелгі қоғамы
жөніндегі мағлұматтар жоқтың қасы. Тек ғана жалғыз бұлақ деп гректер соқыр
жырау-ақын Гомердің поэмалары “Илиада” мен “Одиссеяны” есептейді. Гомер
шамамен б.д.д. VIII ғ. өмір сүрген. Гомер байырғы классикалық ақын, сонымен
қатар ол бүкіл антикалық дәуірдің ұстазы және үлгісі. Гомер дәуірінің
ерекшелігі сонда, ол мәдени дамудың негізгі вектры, рулық, тайпалық емс,
керісінше жеке тұлғалық мәдениеттің нормаларына бағытталған. Гомер
кейіпкерлерінің мінез-құлқы, тәртібі күрт жекеленген, негізгі құндылығы-
жауынгерлік айбын (“арете”), ал оған қолдың жетуі, “ержүректік кодекспен”
шектеледі. Даңққа қол жеткізуден кейін, қоғамдағыалатын орны мен байлығын
құттықтау басталады. Ержүрек жауынгердің шамадан шегінуін кіналайтын
халықтың әсері “ұят мәдениеті” қоғамдық бақылаудың негізгі түрі болып
есептелінеді. Мінез-құлық рационалдыққа бейімделіп, оның негізгі және
тиісті өзіндік сана сезімі қалыптасады. Құдайлар табиғаттың бөлігі ретінде
бағаланды, адам құдайларға бас ие отырып олармен қарым-қатынасын рационалды
түрде қалыптастыруға міндетті. Гомер дәуірі мәдени шығармашылықта да жарыса
бәсекелесуді (“агон”) нормаға айналдырды және онымен бүкіл Еуропалық
мәдениеттің негзін қалады.
Аталмыш дәуірде, Грекияның, тұйықталған саяси немесе әлеуметтік қаумы
болған жоқ, керек болса біртұтас емес еді. Әрбір кіші-гірім мемлекеттің
экономикалық-географиялық жағдайларының ерекеліктеріне қарамастан,
өздерінің диалектісі, саяси құқықтық ұйымы, құдайлары мен ержүрек батырлары
(алайда оларды көрші қалалар–мемлекеттер дәл дәріптейтін), күн тізьегі,
монеталары болды. Бәрі бар, аталған айырмашылықтарға қарамастан, ұзақ уақыт
көп мәселелерде мүдделерінің ортақ екендігі саналы түрде сақталды, сонымен
қатар, үлкен бір біртұтастыққа бағытталған, өзара адалдық сезімдерінің
құшағында болды. Б.д.д. VII-VI ғ. Тайпалық аттар (ионяндықтар, доряндықтар,
ахеяндықтар) екінші орынға ығысып –эллин деген жалпы атқа көше бастады. Бұл
атпен тайпалар грек топтарының құрамына кіретін және біріне-бірі жақын
диалектіде сөйлейтін барлық гректер аталды.
Осыған дейін Грецияның көптеген аймақтарында құдайларға табыну
қалыптасып бітті де, оның негізгі орналасқан жері Балқан Грекиясындағы ең
биік тау - Олимп болды. Гректердің нанымына ел құрметтеген көп құдайлардың
ішінде, “құдвйлар мен адамдардың атасы” күн күркіреу мен найзағайдың құдайы
–Зевс болды. Заманында Зевстің әкесіне, Кроннан туған балалардың бірі оны
тақтан құлататындығы туралы аян берілген. Болжаммен Зевстің туған жері Крит
аралы болды да, оны әкесі Кроннан жасырып Амалтея өз омырауын беріп
өсіргенді. Ержеткен соң, айтқандай-ақ Зевс әкесін тақтан тайдырды да,
ертеректе әкесі жұтып қойған балаларын дүниеге қайта келтіруге мәжбүр етті.
Өзінің інілері Посейдон және Аидпен әлемді бөлісіп, өз үлесіне аспанды
қалдырды. Зевстің орын тепкен жері Олимп болды. Олөзінің барлық жауларын
өзіне қаратты. Оның бірінші әйелі Метидтен Афина туды. Зевстің ең басты
әйелі өзінің қарындасы Гера болды. Зевстің құдай және жәй әйелдерден
көптеген балалары болды.
Құдайлар мен ажалды адамдардың, олардың балаларының, аңызға айналған
ержүрек батырларының іс-әрекеттері туралы нанымдар мен әңгімелер Грекияның
әртүрлі аймақтарында дүниеге келді. Өз жауларымен өлтірілген, бірақ дүниеге
қайта оралған, шарап пен ойын-сауықтың құдайы Дионис қарапайым гректердің
арасында аса танымал болды.
Әр полистің өзі құрметтейтін қамқоршы құдайы мен ержүрек батыры
болды, олардың құрметіне храмдар тұрғызылып, малдардан құрбандық шалынды.
Кейбір храмдарда діни адамдар абыздар арқылы болашақты құдайдан болжап
беруді өтінді. Сәуегейлерді оракулдар (ғайыптан хабар берушілер) деп атады.
Әсіресе Дельфадағы Аполлон және Додондағы (Эпир) зевс храмдарындағы
оракулдардың атағы күшті болды. Грекиядағы Олимпте Зевс храмындағы Зевс
құрметіне 4жылда бір өтетін ойындар ең әйгілісі болды. Бұл, төрт жылдық
уақытты гректер ”Олимпияда” деп атады. Олимпиялық ойындарға қатысушылар мен
жанкүйерлер Грекияның жерінен және колонияларынан келді. Бұл жерге жұрт
жарыс үшін ғана емес, сонымен қатар сауда келісімдерін жасауды, ақындар,
шешендер және оқымыстылар халық алдында сөйлеп өздерінің жаңа
шығармаларымен таныстырды, суретшілер мен сәулетшілер, мүсіншілер өздерінің
шығармаларын жиналғандардың пікіріне салды. Мемлекеттің осы жерде жаңа
заңдары, келісімдері және де басқа маңызды құжаттарды жариялауға құқығы
болды.
Кейініректе Олимпиялық ойындарда Аполлонға бағышталған Дельфадағы
Пифийялық ойын,Посейдон құдайының құрметіне арналған Истмийялық ойын, Зевс
құрметіне арналған Немейялық ойындар қосылды. Ойындар дене құрлысының
жетістігіне діни мақұлдау (санкция) – “арете” және адамдарға билік жүргізу
мақсатында моралдық құқық берді.
Антикалық мәдениет
Антикалық мәдениет – еуропалық рациональдық мәдениеттің типі. Грек
ғарышты сол күйінде өзгертпестен қабылдады, антикалық әлем құрлысын ойлап –
талдамай, мәніне терең жетпей–ақ бақылады. Бірақ оны қабылдаса грек
міндетті түрде алғашқы таза сенімге негізделген нәрселердің бірін есептеп
шығарып, дәлелдеп сенімге қабылдау керек. Аристотельдің пайымдауынша
үйлесімдік “қозғалыс пен жағдайы” бар өлшемінің қатынасы болса, нәрселердің
байланысы мен тепе-теңдігі арқылы көрінсе, онда ол байланыстардың
математикалық шамасы болғаны. Осыдан барып адам келбетінің үйлесімдік
идеалының пропорциясын анықтайтын ережелердің жиынтығы - канон дүниеге
келді. Адамдардың денесі егжей-тегжейлі геометриялық тұрғыдан зерттелді,
нәтижесінде оның барлық бөліктерінің бір-бірімен пропорционалды
қатынастарда болатындығы туралы ережелер түзілді.Тарихшылардың
жорамалдауынша, пропорцияның теоретигі,мүсінші Поликлет (“Канон” атты
еңбектің авторы) болып есептелінеді. Поликлеттің пропорция туралы теориясы
оның “Дорифора” (Копьеносец) және “Диадумена” (“Шүберек таққан жігіттің
жеңісі”), сияқты атлеттерге арналған мүсіндерінде баяндалған.
Математикалық есептеулер реалды адамның денесіне негізделді. Ал, әсем
және шегіне дейін жетілген дененің өзі антикалық әлемнің үйлесімдік
тұлғасының бір бөлігі еді. Грек полисінде әр азаматының талпыну идеалы, ол
- калокагатия. Әсемдікті және жақсылықты, жомарттықты адам денесінің
мінсіздігімен жалғастырады,ол оның жан – дүниесінің байлығының жалғасы
болып табылады. Адам көзінің жауын алатын -әсемдік, ал кім өзімен өзі
болса, ол әрі әсем, әрі көркем болып көрінеді, -дейді, ақын әйел Сапфо
(б.д.д. VIIғ. ). Идеалға денені жаттықтырумен, білім және тәрбиемен қол
жеткізуге болады. Тәрбие, дене еңбегі мен ой еңбегінің бірлігіндей бір
деңгейде “гимнастикалық” пен “мусикалықты” қажет етті. Екіншісін “муза
айдыны” деп аталды да оған бар өнер (ән, музыка, би, поэзия) және есептеу
өнері, пікір таластыру өнері ендірілді. Әдеби білімділіктің негізінде
Гомердің, Гесиодтың, Эзоптың шығармалары жатты.
Сайып келгенде, грекия мәдениетінің ғарыштылығы антроцентризімді
ұйғарады. Ғарыш адаммен, ал табиғаттың обьектілері- адам денесі арқылы
арақатынаста болады.
Антроцентризм (грек тілінде-адам, лат. тілінде ортасы). Дүниенің
тетігі адам, ол әлемнің ортасы және ең жоғарғы мақсаты деп түсіндіретін
көзқарас.
Бұлай келу антикалық гректің жер бетіндегі өмірге деген жалпы
қатынасы. Күнделікті қуанышқа құштрлық идеал ретінде қалыптасты, өліммен
өмірдің артықшылығы даусыз болды да, соны түсіне білу антикалық көзқарастың
мәні болды: “Дүниеде тірі қалатын ешкім жоқ, ертең не боларын ешкім де
білмейді. Бұлардың бәрін жақсы ұғынған адам қамсыз болады. Ләззатты
махаббаттан алған жөн, өйткені сенің өмірің бір-ақ күндік. Басқа
ауыртпалықтардың бәрін тағдырдың үлесіне қалдырамын”.
Антикалық грек аталмыш ұсыныстарды жоғары бағалады. Ол өзін құрбан
етуге асқан ерлікпен дайын тұрды, бірақ ол өліп бара жатып жарық дүниенің
кереметін тастап бара жатқанына өкініш білдірді. Софокл трагедиясының ең
басты кейіпкері антикалық Греция мифтерінің ең атақты ержүрек
жауынгерлерінің бірі Антигона өлімді қабылдау алдында, әлі де болса
көптеген бақытты күндерді силайтын өмірді тастап бара жатқанына өкінді.
Троян соғысының бас батыры Ахилл өлгендердің өлік патшасы болып
жарияланғаннан гөрі далада, егістікте диханға жалданып нан тауып өзін
асырауды артық көретіндігін айтады. Антикалық Грек мәдениетінің
антропоцентризмі адам ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz