Жастар және ұлттық мәдениет


Жастар
және
ұлттық мәдениет
"Жастар және ұлттық мәдениет"
"Жастар және ұлттық мәдениет"
"Ең үлкен қазына - жақсы кітапханада" деген ойшылдардың тұжырымында жаңсақтық жоқ. Еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған бұл шарамыз білім мен мәдениетке қосар үлесіміздің бірі болмақ.
Ойды ой қозғайды. "Көп айтса көнді, жұрт айтса болды, әдеті жаман адамның", - деген Абай атамыздың өлеңінің қазіргі өмірмен байланысты өміршеңдігін ұқтық. Бүгінгі алмағайып заманда ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, төңірегімізде болып жатқан оқиғалардың ақ-қарасын ажырата білу үшін жастарға өзіндік көзқарас ауадай қажет деп ойлаймын. Біз өмір сүріп отырған қоғам, оның қиыншылығы, жетістігі, дамуы, болашағы жастардың араласуымен болады. Демек, осы жайттар жастарды ортақ мақсатқа жетелейді. Ол - еңсесі биік ел болу. Соңғы жылдары рух деген сөз ауыздан түспейтін болды. Ұлттың рухы оянуы үшін табанды тіреп тұратын негіз болуы шарт. Ол негіздің аты - білім, мәдениет. Белгілі жазушы, ағартушы С. Көбеевтің сөзімен айтсақ: "Кішіпейілділік, сыпайылық, адамға деген мейірімділік, адамды құрметтеу, адамдардың айтқанына көніл қою, тыңдау керек болған жағдайда қолдан келген қадірінше адамға көмектесу - мәдениеттіліктің белгісі болып табылады".
Адам баласының рухани өмірінде қол жеткен зор игілігі- сәлемдесу. "Әдетілік белгісі - иіліп сәлем бергені" дей келіп, ортаға екі команда шығып, өздерін таныстырады: "Ар-намыс" және "Аққулар".
Шын мәнінде халықтың рухани күші - сөз өнерінде көрінеді. Қоғамдағы өзгерістер білімді, өнерді меңгеруде адамның еңбектенуін талап етіп отыр. Әрбір парасатты адам өзінің білімін, өнерін тек өз ісінде ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің рухани жетілуі үшін бағыттауы тиіс. Осы мақсатта ауызекі сөйлеу өнері, шешендік өнердің мәні артуда. "Өнер алды - қызыл тіл" деп түсінген ата-бабамыз "ақылдың көзі сөйлей білу де өнер" деп бағалаған. "Таяқ еттен өтсе, сөз сүйектен өтеді" дейді халық.
- тур. "Асыл сөздің майданы": пікірсайыс.
- Қазақ баласы қашанда мәдениетті, иманды болған. Көшеде жүргенде өзін-өзі сыпайы ұстап, кішілерге үлгі көрсетіп, үлкендерге жол беріп асыл қасиеттерді көрсете білген. Ал қазіргі кезде көпшілік ортада жүргенде өзіңді-өзің ұстаудың тәртібі қандай деп ойлайсыңдар?
- Сұлулық - адам жанын марқайтатын, тәнті ететін, тамсантып, таңырқататын, сүйсіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, піші немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі - адам, соның сұлулығы. Ендеше даның сұлулығы неде деп ойлайсыңдар?
- Адам баласы өмір бойы өзін-өзі жетілдіру, кемшілігі болса түзеп, жақсылыққа ұмтылу жолында болады. Өз бойыңызға қандай асыл қасиеттерді жинаған дұрыс деп ойлайсыңдар?
- Адамның жеке басының қалыптасып, саналы еңбек ететін азамат болып өсуі үшін жан тәрбиесі мен тән тәрбиесі қатар болуы керек. Жан тәрбиесінің өзі тән тәрбиесінен туындалатын процесс. Осыны екі ауыз сөзбен топшылаған ата-бабаларымыз "тәні саудың - жаны сау" деп қоғамдағы рухани байлықты игеру үшін тән тәрбиесінің дұрыс болуын қалаған. "Тәні саудың - жаны сау" дегенді біз дұрыс түсініп жүрміз бе?
- Әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласы қашанда тыныш- бейбіт, басы аман, бір-бірімен тату тәтті өмір сүруді қалаған. Соның негізін сәлемдесі әдебі салған. Сәлем, сәлемдесу, сәлем беру- қазақ халқының адамгершілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиесінің, кісілік мінез-құлқының әліпбиі емес пе? Енді сыйласудың негізгісі - амандасу төңірегінде пікірлесейік.
"Аққулар" - "Мәдениетін жоғалтқан ару қыз"
Әдептілікке тәрбиелеуде өнердің орны бөлек. Бұл жөнінде белгілі білімпаз сыншы В. Г. Белинский: "Өнер үстем болмаған жерде адамдар қайырымды емес, олар тек ой сапырушылар. Олар әдепті, инабатты да емес, тек үдірейе қауіптеніп қараушылар. Олар жауыздықпен кездеспейді, одан қашады. Демек, өнер адамның жүрегін жібітіп, көңілін көтеріп, мейірмандықтың дауылпазы болуы керек. Оның ұраны - сүйіспеншілік" деп тамаша айтқан. Ендеше тек ой сапырушылары болмай, өнерді адамның жүрегін жібітіп, көңілін көтеретіндей етейік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz