Конфуцийлiк - даосистiк мәдениет туралы
Конфуцийлiк-даосистiк мәдениет
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетiнiң
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмiр мен
өлiм мәселелерiнен гөрi жарылқаушыларға бас иiп, оларға елiетеудi өздерiнiң
қасиеттi парызы деп санады. Қытай елiнде о дүниедегi рахат өмiрдi
уағыздаушылардан гөрi, осы нақты өмiрдiң мән-мағынасын түсiне отырып “өмiр
үшiн өмiр сүруге” үйретушiлердi ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық
қағидаларына бас иген.Дәстүрлi қытай мәдениетiнiң өзiндiк бет-бейнесiнiң
қалыптасуына дiннен гөрi, салттық этиканың ерекше әсер етуi де осы жағдайға
тiкелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрi де адамзатты
қоршаған дүниенiң бейнесi жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуны да, оның
эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигiзбей қойған жоқ. Мысалы, дiни
құрылымында дiн адамдарының ролi алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған
жоқ. Мысалы, Қытайдың дiни құрылымында дiн адамдарының ролi алғашқы
кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретiнде Аспан құрметiне
байланысты өткiзiлетiн дiни рәсiмдердi ғалым адамдардың емiн-еркiн атқара
беретiндiгiн атап көрсетуге болады. Өйткенi, Қытайда сол заманның өзiнде-ақ
ғалымдарға ерекше құрмет көрсетiлiп, оларды жоғары сословиге жатқызған,
бiрақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрi мемлекеттiк iстерге өте жақын
тұрды. Қытайдың дiни құрылымының бұл ерекшелiгi сонау көне заманда, атап
айтқанда, б.з.б. екiншi ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытайлар да дүниежүзiнiң басқа халықтары сияқты құдайлар мен
рухтардың құрметтерiне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қандай
құрбандықтар да берiлетiн болған). Бiрақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар
мен рухтардың iшiнен Ұлы Құдай дәрежесiне жетiп, аты аңызға айналған Шанди
басты орынға шықты. Әрине, дiннiң даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар
әлемдiк басқа дiндерде де жиi кездеседi(мысалы Египетте). Бiрақ Қытайда Ұлы
Қытай Шандидi өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша
қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерiнiң
негiзiн қалаушы ретiнде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының
тұрмыс – тiршiлiгiндегi барлдық мәселелердiң түйiнiн шешу – Шанди құдайға
табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмiрiнде орын алған түбегейлi өзгерiстерге
байланысты, кейiннен яғни Чжоу династиясы кезеңiнде (б.з.б. Х1ғ) Шанди
құдайға табынушылық орнын Аспанға табынушылық басты.
Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушiсi Аспан тәңiрiнiң ұлы деп, ал
Қытай империясы Аспан аясындағы қасиеттi империя деп жарияланды. Бұл атақ
пен қытай елiнiң бұл аты ХХ ғасырға дейiн сақталып отыр. Қытайлықтардың ел
билеушiлерiн осыншама дәрiптеп, оларға жоғарғы атақ бергенiне қарағандар
олар басшылары құдайлармен генетикалық байланысты деп түсiнгендiгiн айқын
аңғаруға болады. Чжоу дәуiрiнен бастап-Аспан қытайлықтардың басты құдайына
айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды.
Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшыларды жарылқап, ал мейiрiмсiз
қатiгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсiнген. Адамгершiлiк, қайырымдылық
және т.б. ұғымдар Аспанның космостық күштерiнен қуат алған, онымен ұдайы
байланысты болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушiсiнiң бойындағы iзгi
қасиеттермен байланысытырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеушi ғана
өз елiн, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттерден ада болғандар ел
басқару құқысынан айырылады. Ежелгi қытайлықтар өмiрдiң мәнiн адамдардың
космос кеңiстiгiмен дұрыс қарым-қатынастар орната бiлумен де
байланыстырады.
Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрiнде, әдет-ғұрыптарында және
т.б. дiн этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және
адамгершiлiк жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетiн бiр жайт,
Қытайда халық Аспан еркiнiң жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда
халықтың жағдайына ерекше мән берiлдi, ал бұл жағдай қытай мәдениетiнiң
дамуына өз әсерiн тигiзбей қалған жоқ. Мәдениет тарихына тереңiрек үңiлiп
қарасақ, табиғат дүниесiмен етене байланысты болып, оған ерекше сезiммен,
әрi сенiммен қарау қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет
екендiгiн аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестiгi, табиғатты аялау,
оған деген сәбилiк махаббат сезiмi халықтық мәдени туындыларды одан әрi
нәрлендiре түстi. Табиғатқа табыну және оның өзiндiк табиғи қасиеттерiн
бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетiлген, iзгiлiкке толы
дүниенiң бейнесiн жасады. Олардың ұғымынша, дүние қарама-қайшылықтардың
абсолюттi үйлесiмдiлiгi үстемдiк еткен шым-шытырық дүние, бiрақ мұнда
қандай жағдай болса да, олар бiрiн-бiрi еш уақытта жоққа шығармайды,қайта
бiрiн-бiрi толықтырып өзара үйлесiмдiлiк тауып отырады. Табиғаттың әрбiр
құбылыс- бүкiл табиғат атаулының жалынды жаршысы. Әрбiр табиғи құбылыстың
өзiндiк құпиясы, өзiндiк сыры бар-олардан даналық лебi өседi. Демек, қытай
халқының түсiнiгiнде дүние бейгнесi өзiнiң тұтастығымен, өз ара
үйлесiмдiлiгiмен таң қалдырады.Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын
бес қасиетпен байланыстырады. Олар адамгершiлiк (жень), парыз сезiмi(и),
әдептi қылық (ли), iзгiлiк(синь) және даналық (чжи).
Қытай мәдениетi космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты iс-әрекетке
шақырады, өйткенi адамның әрбiр iс-әрекетi, тiптi оның шығармашылық
қасиеттерi де Аспанға, оның құдретiне тiкелей байланысты. Мұндай тәңiрлiк
көңiл-күйдi қытайлықтар былайша бiлдiредi: “Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен
баяндап тұрмын”. Ұлы уағызгер Конфуцийдiң көзқарасынша, адамм бойындағы
қасиеттердiң барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын
бередi, ал дарындылық- табиғаттағы шығармашылық процестердiң заңды нәтижесi
болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесiмдiлiгi негiзiнде
Аспанәлемiмен, оның табиғи iс-әрекеттерiмен байланыстырыла қарастырылатын
әлеуметтiк –этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және
Конфуций iлiмiнде одан әрi түрленiп, толықтырыла түстi. Халық тарапынан
қолдау тапқан бұл идеяны қытай мәдениетiнiң рухани өзегiне айналған будда
дiнi де кеңiнен пайдаланып, одан әрi дамыта түстi. Соның нәтижесiнде будда
дiнi даосизм мен Конфуций iлiмдерiмен қосыла отырып философиялық-дiни
үштiктi (сан цзяо) құрады.
Даосизм адамзатты табиғатпен бiрлiкке шақырды. Сонау көне заманда
басталған бұл тамаша дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күнi бүгiнге дейiн
өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсетiп отыр. Сондықтан дақытай халқының мәдени
туындыларында адамның табиғатпен байланысты жан-жақты көрсетiлiп,
тамашабейнеленедi. Даосизiмнiң негiзiн қалаушы – Лао-Цзы өз заманында “кәрi
дана” деген атаққа ие болған. Бұл дiни жүйе дiннен гөрi философияға
жақындау болып келедi. Даосизм жергiлiктi дiн ретiнде бзб. У1 ғасырда
қалыптаса бастаған. Лао-Цзының өмiрi туралы мәлiметтер өте аз, әрi жұмбақ
жақтары аз емес. Сол кезеңдегi тарихи деректерге сүйенсек, этикалық iлiмнiң
негiзiн қалаушы Конфуций Лао-Цзыға арнайы келiп одан өзiнiң шығармащылық
қызметi жайындағы пiкiрiн бiлгiсi келетiндiгiн бiлдiредi. Бiрақ, “кәрi
дана” Конфуцийдi “Әлеуметтiк жобалар мен реформалар жасауға босқа уақыт
кетiрдiң, оның барлығы да бос әурешiлiк” деп қатты сынға алды.Лао-Цзының
тұжырымдауынша, халық даоны (дао-жол деген мағынаны бередi) негiзге алу
қажет, өйткенi даосизм iлiмiнiң негiзi табиғатпен байланысты. Одан әрi ол
былай деп пайымдайды : ‘Адамзат жерге, Жер Аспанға тәуелдi, Аспан даоны, ал
өз кезегiнде дао табиғғилықты қажет етедi”. Олай болса дао-адамзат
баласының тiршiлiгi мен бiздi қоршаған жарық дүниенiң дәнекершiсi болып
табылады. Дао-жер бетiндегi тiршiлiк атаулының негiзi, бүкiл заттық
дүниемен табиғат құбылыстарының қайнар көзi. “Дао- iлiмiнде жеке адамның
адамгершiлiк тұрғыдан жетiлуi-өзiн қоршаған ортамен үйлесiмдiлiгiмен
байланысты қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық дiни-
қағидаларды “О пути к добродетели” атты еңбегiнде жан-жақты баяндалады.
Қытай мәденитетiнiң екiншi бiр қайнар бұлағы - Конфуций iлiмi болып
саналады. Оның негiзiн қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б.з.б.
551 ж,шамасында өмiрге келген. Бала кезiнен-ақ бiлiмге өте құштар болған
Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескi салт-дәстүрлердi өте
жақсы көрген. Өмiр жолында талай қиындықтарды басынан кешiрген Конфуцийдiң
бойында өзi өмiр сүрген ортаға көңiлi толмаушылық сезiмi белң алды. Ол
елдегi бей-берекетсiздiктен құтылу және халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн дұрыс
жолға қоюдың басты жолы- ата-бабалар дәстүрлерi мен заңдарына, көне-заман
тәртiбiне оралу деп санады. Конфуцийдiң ойынша, бұл мақсатты жүзеге асырылу
жолындағы шараларды әрбiр адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзiне жоғары
талаптар қоя бiлуi және қабылданғане ережелер мен канондарды мүлтiксiз
орындай бiлу шарт, мiне, сонда ғана қоғамда келелi өзгерiстердi жүзеге
асыруға мүмкiндiк туады. Бұл-қағида – оның этикалық -әлеуметтiк
бағдарламасының негiзi болып табылады және Қытайдың мәдени-тарихи дамуына
ерекше ықпал жасады.
Конфуций өзiнiң өмiрлiк қағидаларын қағаз бетiне түсiрген жоқ, бiрақ
оның айтқан ой-тұжырымдарын шәкiрттерi жазба түрiнде “Суждения и беседы”
деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кiтаптағы, әрбiр қағида, ойтолғаулары
“Ұстаз былай деген екен” деп басталады.Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы
даланың iлiмiнен толық мағлүмат беретiн жалғаз жазбаша дерек болып
табылады. Өзi өмiр сүрген ортаны өткiр сынға алып, болашақтан үлкен үмiт
күткен Конфуций екi заманды өзара салыстыра отырып “Жетiлген адамның”
(цзюнь-цзы) идеалын жасады. Жан-жақты толысқан, адамгершiлiк қасиеттерi
“мол жетiлген адамның” бойында, негiзiнен екi қасиет болуы қажет, олар
адамгершiлiк пен парыз сезiмi. Ол былай дейдi “Мемлекеттi басқаратын адам-
халқын шын ықыласымен сүюiмен қатар парсатты және шыншыл болуы шарт”. Нағыз
цзюнь – цзы болу үшiн тек қана адамгершiлiк қасиет жеткiлiксiз. Ол үшiн
тағы да басты қасиет-парыз сезiмi (и) керек. Парыз-бұл моральдық мiндет
болып саналады. Парызды сезiне бiлудiң өзi бiлiм мен жоғары принципке,
жалпы алғанда, адам бойындағы iзгi қасиеттерге тiкелей байланысты болып
келедi. Осы орайда Конфуций “Қайырымды ердiң” бейнесiн жасап оны “қасиетсiз
ерлерге” (сяо жень) қарама-қарсы қойды. “Қайырымды ер” өз парыздарын терң
түсiне бiлдi, қоғамдық заңдарды бұлжытпай орындаййды, ал “қасиетсiз ер”
болса текөз қара басының құлы ғана, бас пайдасын ойлаудан аспайды.
Алғашқысы өз-өзiне талаптар қоя бiлсе, екеiншiсi басқалардан талап етудi
ғана бiледi. Алғашқысына жауапты iстердi сенiп тапсыруға болады, адамдармен
татулық қарым-қатынастарджап болады, қайғы мен қуанышқа ортақтаса бiледi,
қажет болған жағдайларда өз өмiрiн қияды және қандай құрбандықтарға болса
да бара алады, ал екiншiсi болса бұл айтылған қасиеттерден мүлде жұрдай
қасиетсiз адам. “Қайырымды ер” үш нәрседен қорқады, олар: киелi Аспан, ұлы
адамдар мен даналардың айтқан сөздерi, ал “қасиетсiз ер” көктен де
сескенбейдi, ұлыларды жек көредi, дана адамдардың сөзiн ескерусiз
қалдырады.
Уақыт өткен сайын Конфуцийдiң беделi өсiп, оның iлiмi қытай қоғамында
ғана емес, адамдар санасында, олардың бүкiл тұрмыс-тiршiлiгiн де берiк
орныға түстi. Б.з.б Ш ғасырда және б.з Ш ғасырларында оның iлiмi Хань
династиясының тұрақты идеологиясына айналды, тiптi жоғары мемлекеттiк
қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы Ұстаздың iлiмiн терең игеру талаптары
қатаң қойыла бастады. Бiрақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлi терең
өзгерiстерге байланысты Конфуций iлiмi айтарлықтай өзгерiске ұшырады. Оның
тұрақты идеологияға айналуына байланысты бұл iлiмнiң рухына нұқсан келдi.
Дәлiрек айтқанда, өткенге құрметпен қарау, үлкендердi сыйлау сияқты
адамгершiлiк iзгi қасиеттер жасандылық сипат алып, жалғандыққа,
қанағатсыздыққа, пайдакүнемдiкке жол берiлдi. Кейiнен, яғни ортағасырлық
Қытайда бiртiндеп әрбiр адамның қоғамдағы алатын орныа байланысты тұрақты
ережелер мен стеротиптердiң белгiлi бiр жүйесi қалыптаса бастады. Бұл заңды
қағидалар қытай салтанаттарындаайқын аңғарылды. Өмiрдiң әрбiр жағдайына
байланысты барлық адамдар үшiн мiндеттi орындалуға тиiстi тәртiп ережелерi
қалыптасты. Конфуцийлiк еределер бойынша адам қандай жағдайда болса да өзiн
тежеп ұстау керек, iшкi жан-сезiмдерiн ақылға билеттiруi қажет. Демек,
адамның еркi қалыптасқан ережелерге тәуелдi болды., өз декгенiн жүзеге
асыра алмады. Конфцийдiң iлiмi бойынша, әрбiр адам өзiнiң қоғамда алатын
орнын жете бiлу қажет. Адамдар өз құқын ,өзiне тиiмтi орнын, қандай
жағдайда не iстеу қажетiгiн толық бiлгенде ғана қоғамда тәртәп орнап,
тыныштық жағдай қалыптасады. Мұндай қоғамдық -әлуеуметтiк тәртiптi Конфуций
және оның жолын қуушылар мәңгiлiк, әрi мүлде өзгермейдi деп есептедi.
Сөйтiп, қытай қоғамыжоғарыдағылар және төмендегiлер болып екiге бөлiндi,
алғашқылары мемлекеттi басқару iстерiмен шұғылданса, соңғылары қарапайым
еңбекпен шұғылданып, бағыныштылық жағдайда болулары тиiс болды.Қоғамды
жоғарыдағылар және төмендегiлер деп жiкке бөлудегi басты өлшем тек қана
байлық қана емес, сонымен қатар қытай азаматтарының цзюнь-цзы идеалдарына
жақындығы және оған жан-тәнiмен берiлгендiгi болып саналады. Формальды
түрде бұл жағдай кез-келген қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол
ашқанымен, шын мәнiсiнде, мүлде олай емес едi, өйткенi шенеунiктер
сословиесi қарапайым халықтан алынбас қамалмен бөлiнген болатын. Ол-қамал
сауаттылық, яғни ироглифтер қамалы болатын. Қытай елiнiң бүкiл тарихында
адамның қоғамда алатын орны мен оның әлеуметтiк жағдайы сауаттылықпен
өлшенiп келгендiгiн еске алсақ және қарапайым халықтың бұл межеге шығы
бермейтiндiгiн ескерсек, қалыптасқан жағдайдың сырын түсiнуге толық
мүмкiндiк аламыз.
Конфуциий ел басқарудың басты мақсаты-халықтың мүддесi деп жариялады.
Оның әрбiр қағидасын ескере отырып, ұлы уағызгердiң басты элементтерiн атап
көрсеттi, олар: бiрiншiсi- халық, екiншiсi-құдай, үшiншiсi-әмiр-патша.
Бiрақ, халықты бiрiншi орынға қоя отырып конфуцийшiлдер “қарапайым халықтың
мүдделерi өздерiне де түсiнiксiз, сондықтан да бiлiмдi ел билеушiлердiң
көмегiнсiз мүлде өмiр сүре алмайды” деп санады. Конфуцийдiң әлеуметтiк
тәртiбiнiң басты қағидаларының бiрi-үлкендердi сыйлау, оларға бағыну. Олар
үлкен бедел иелерi, олай болса, олардың айтқандарын мүлтiксiз орындап,
еркiне бағыну-мемлекет iшiндегi мүлтiксiз орындалуға тиiстi ережелер болып
есептелiнедi. Бұл жағдай жанұялық өмiрге де қатысты болды. Сондықтан да
болар, Конфуцийдiң “Мемлекет дегенiмiз- үлкен жанұя, ал жанұя кiшi
мемлекет” деген қағидасы Қытай елiнде берiк орнығып, өзiнiң өмiршеңдiгiн
көрсетiп отыр. Оның басты нәтижесi күнi бүгiнге дейiн қытайлықтардың ата-
анасын және үлкендердiң сыйлап-құрметтеудi ұлттық дәстүрге айналдырғандығы
болып табылады. Жанұялық-мемлекеттiк бағыныштылық принциптерiнiң
өмiршеңдiгi 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы(Пекинде) студенттер
қозғалысының жеңiлiсiнiң қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар
бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәрiптеген қытай қоғам саяси билiкте
мемлекеттiк даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл
айыптады.
“Ата-бабаларға” табыну-ежелгi Қытайда кеңiнен орын алғаны тарихтан
белгiлi. Осы бiр ежелден қалыптасқан дәстүрдiң мазмұны мен түрiн ғана
өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отрып, бұл табынушылықты әрбiр
қытай азаматының қоғамдағы басты мiндетiне. Тәртәп нормасына айналдырды.
Сөйтiп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негiзделген “Сяо” яғни, “балалар
құрметi” iлiмi өмiрге келдi. Конфуцийдiң пайымдауынша “сяо” адамгершiлiктiң
негiзi болып саналады. “Сяо” ережелерi-ата-анаға қалтқысыз құрмет
көрсетудi, оларды ли дәстүрiмен жерлеудi және дәл осы тәртiппен ата-аналар
құрметiне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етедi. “Сяо” тәртiптерi
бойынша қандай жағдай болса да, тiптi әкесi ұры немесе кiсi өлтiрсе де
балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт.
Уақыт өткен сайын “сяоның” ата-ананы құрметтеу туралы өмiрлiк
қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексiз құрметiне
бөлендi. Айтылған пiкiрiмiз дәлелдi болу үшiн баланың ата-анаға қарым-
қатынасын көрсететiн бiрнеше мысалдар келтiрейiк. Бiрiншi мысал Сегiз жасар
бала маса өзiн қанша шақса да, әке-шешесiн мазаламаймын деген оймен оларды
ешбiр қақпай осы бiр азапқа төзiп, шыдамдылық танытады. Екiншi мысал, аштық
жылында әбден әлсiреген әкесiнiң өмiрiн сақтап қалу үшiн “үлгiлi бала” өз
етiнен ет кесiп, әкесiне сорпа пiсiрiп бередi.Бұл мысал әңгiмелерден
қытайлықтардың өз балаларын жас кезiнен бастап-ақ, әке-шеше үшiн қандай
құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтiндiктерiн байқауға
болады.Осы орайда, қытайлықтардың бүкiл өмiрi ата-бабалардың қатал да,
талапшыл “қазылардың” алдында ұдаый есеп берумен өттi ме екен сияқты ойға
да қаламыз. Қытайлықтар, тiптi өлiлер де тiрiлердiң iс әрекеттерiн
бақылайды деп түсiнген.
Конфуцийдiң “ата-бабларды” құрметтеу және “сяо” ережелерi
қытайлықтарды жанұяны ыдыратпай, тату-тәттi өмiрге тәрбиеледi. Жанұя
қоғамның негiзгi тiрегi деп саналды, жанұялық мүдделер жеке адамдардың
мүддесiнен жоғары қойылды. Сондықтан да болар,олар махаббатты жәй ғана
сезiмдiк құбылыс деп санап, оны жанұя мүддесiнен төмен алып қарады. Жас
жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкiн, бiрақ бұл жағдай жанұяның
тату-тәттi өмiр сүруiне ешбiр нұқсан келтiрмеуi және ерлi-зайыптылардың
қоғам алдындағы әлеуметтiк –жанұялық парыздарын ойдағыдай өтеуiне
ешбiр кедергi жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесiне дәл
осындай мемлекеттiк дәрежеде мән берiлуiнiң арқасында Қытайда жанұялардың
саны өсiп, ал өз кезегiнде, бұл жағдай халық санының күрт өсуiне себепкер
болған. Бiр атап өтетiн жәйт, Қытайда үлкен жанұялар өте көп болған.
Олардың құрамында ағайындылардың жанұяларымен қатар, ағайынды адамдардың
туған-туысқандары, немерелерi де болған. Мұндай жан-ұялардың iргенсi,
әдетте, әкесi қайтыс ьолған жағдайда ғана бөлiнетiн болған. Әкесi қазаға
ұшыраса үлкен ұлы жанұяның бүкiл билiгiн қолына алған, әкеден қалған
мұраның үлкен үлесi де үлкен баланың еншiсiне тиген, ал қалған дүние-
мүлiктер басқа жанұялар арасында тепе-тең бөлiнген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz