Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII— VI ғ. )


Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII- VI ғ. )
Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б. з. д VIII- VI ғ. аралығын қамтиды. («Архайос» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді) . Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру - ұлы отаршылдық кезеңі, бұл - құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургая мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымыңда кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көріділес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге ақшалар соғуды, финикиялықтардан - алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған кұлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі б. з. д. VIII-VI ғда етек алған «ұлы отаршылдықтың» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан.
Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис кұлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы - мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың ез жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот лроцестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет қаласының көлемі 8400 шаршы км., ал Спартаның көлемі - 2650 шаршы км. болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері - Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және т. б. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаикалық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары - билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті.
Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі - жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы - Артемиданың құрметіне тұрғызылғап. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен Гелиос - күн құдайы, Ника (Виктория) - жеңіс құдайы, Арес - соғыс құдайы, Дионис - шарап құдайы, Гермес - сауда-саттық құдайы және т. б.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөлінген. Әсіресе 12 рет ерлік жасаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) - ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, заиыбы - Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мусін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары) .
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп сокты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ, діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіңдері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын болған, яғни храмдар - шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі - Коринфтегі Аполлон храмы (б. з. д. VI э. ң екінші жартысы) . Бұл храм - өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс.
қайран тастан қашалған колонналардын ұшы жіңішкере береді олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы - таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның ролі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді.
Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүтінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сактап келгсн өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезеңде жасалды. Үғ. ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бсйнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан қүйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және т. б. жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мәрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан денесі доғадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған. Балғын жастың ерік-күші мен қайраты сомдалып берілген. Сайып келгенде, шоқтығы биік бұл туындысында Мирон өз күшіне сенімді дарынды атлеттің, өз елінің ержүрек дене бітімі мінсіз азаматтың асқақ бейнесін жасаған. Жалпы грек халқының ой-санасында атлеттің дәл осындай сұлулық мұраттарың қайраты мен каһармандық бейнелерін өмірдің өзі қалыптастырды. Бұл жағдай құдайлармен қатар адамдарды да бейнелейтін алып жалаңаш жігіттер мүсіндерінен кең көрініс тапты: олар «куростар» (жігіт, «бозбала» деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Ойымыз дәлелді болу үшін архаикалық өнердің ең көне ескерткшітерінің қатарынан орын алатын - б. з. д. VII-V ғасырлар шамасында тарғыл мәрмәрдан жасалған куростың (бозбаланың) үш метрлік алып мүсінін алып қарастырайық. Ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера - аспан құдайы және неке қамқоршысы.
Жалаңаш пішінді қашағанда мүсінші атлеттік мықты денеге тән белгілерді - жігіттің кең иығы мен қыпша белін әсерлі етш көрсетуге баса назар аударған. Аяқтары алып бағана тәріздес, тізесі мен тобықтары тырысып тұр, бұлшық еттері білеуленген езуінен астарлы күлкінің табы байқалады. Бұл мүсін - әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін оның бойындағы ізгілік қасиеттерді мадақтау үшін жасалғандықтан бұл тұлғалар грек мәдениетінің гуманистік мұраттарымен үндеседі деп толық сеніммен аита аламыз.
V ғ. ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды, Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне ашіалуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.
Периклдің қолында шексіз билік болғанымен ол оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін топтастырды. Вольтер Афинының ұлы мәдени дәуірін «Перикл ғасыры» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Перикл ең алдымен парсылар тадқандаған Афины Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтіруді қолға алды. Ежелгі Русьте Кремлъ қандай орын алса, Элладада Акрополь де сондай жоғары бағаланатын. Ол храмдар мен басқа қоғамдық мекемелерді қабырғаларының аясына алған соғыс кезінде халықтың бас сауғалар орнына айналған қала қамалы болатын Афины акрополі - ізгілік пен сұлулық нұрына бөленген адамның шығармашылық еркі мен бізді қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып саналады. Афинының сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидий болды. Ол Афиныда туып өскен, шамамен 500 ж. туып, 430 ж. қайтыс болған. Афины акрополі Фидийдің туындысы екендігін ескерсек оның сәулет өнеріне қосқан үлесінің қандай болғандығын анықтап жатудың қажеттілігі болмайтын сияқты. Ұлы мүсінші қиялының ұшқырлығы Парфенон сарайындағы биіктігі 12 метрлік Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Алтынмен қапталған піл сүйегін соншалықты шеберлікпен қиюластырып, осындай биік те дара тұлғаның өзіндік көркемдік шешіммен жасалынуы суретшіге оңайға да түспеген сияқты. Өйткені, Зсвстің сүйікті қызы Афина нұрлы аспанның қыз құдайы. Ол әкесімен бірге күн күркіретіп, найзағай ойнатады, сонымен бірге жылу мен жарық та береді. Диханшылықтың, әрі асқан кеменгерліктің, мөлдір парасаттың, ақыл-ойдың, ғылым мен өнердің құдайы. Міне, осындай қасиетті қыз құдайдың бейнесін жасау ұлы фидийдің үлесіне тиді және ол бұл міндетті асқан шеберлікпен жүзеге асыра білді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz