Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық
мәдениет — XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда
қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны
қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап
айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия,
Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы
Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды
жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде
емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды.
Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген
бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды:
Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы
қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды
айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат
саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе
жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып бюргерлік мәдениеттің
барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар,
отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен
таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай
дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни
соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты
болды.
Қайта жаңғыру термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және
өнер тарихының асқан білгірі Джордано Вазари (1512—1574) өзінің
Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих (XVI ғ.)
деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы — көне
заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін дәлірек айтқанда,
XVIII ғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және
гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV— XV г. Италия мәдениетін былай
сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты,
өйткені тұңғыш рет адам табиғаты, адамгершілік деген ұғымдарды енгізген
осы дәуірдің алыптары Леонардо Бруни мен Колюччо Салютати болатын.
Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, гуманизм латынның адамгершілік деген
сөзінен шыққан (гомо — адам деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді жаңа
адамдар — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат
баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп білуге ұмтылу
болып табылады. Олай болса, Қайта жаңғыру заманының басты жаңалығы —
ғасырлар қойнауына көз жүгіртіп, өткен замандардағы көне мәдени мұраларды
қайта жаңғырту болып табылады. Белгілі ғалым — гуманист, Леонардо Бруни
(1370—1444 ж.) гуманизмді адамның өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне
қатысты дүниелерді танып-білумен және адамды рухани жағынан жетілдіріп, оны
әсемдікке, ізгілікке баулитын жағдайларды ғылыми тұрғыдан зерттеп білу деп
түсінді. Оған: поэзия, грамматика, риторика, тарих, философия, музыка және
т.б. жатқызды. Сөйтіп, көне мәдениет құндылықтарын игеруде басты рөлді
гуманитарлық ғылымдар атқарады деп есептелді. Бұл кезеңде қоғамды мәдени
тұрғыдан қайта құруды мақсат еткен білімді, рухани байлығы мол Еуропа
интеллигенциясының қалыптасу процесі басталды. Қоғамда алатын орнына,
қызмет дәрежесіне, байлығына, тіпті тұрмыс-тіршілігінің әртүрлілігіне
қарамастан оларды ортақ мақсат біріктірген болатын. Мысалы, Лоренцо Медичи
— ел басшысы болса, Полициано — университет профессоры, Пико делла
Мирандоло — граф, ал Лоренцо Вониконтри — офицер болды. Сонымен гуманизм —
мәдениеттің басты принциптерінің бірі, оның салалық өлшемі, оның
акиқаттығының айнасы болды.
Осы орайда, қайта жаңғыру мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала
кеткенді жөн көрдік. Олар: гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық
христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту
(философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас
болып табылады.
Ренессанс мәдениетінің жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктері оның
дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман
ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақикат.
Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген
белгілер енді ғана біліне бастаған кезең проторенессанс (қайта жаңғыру
қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры
(XIII ғ. дученто, ғ — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер
сахнасына шығарды. Солардың бірі — Қайта жаңғыру мәдениетінің бастауында
болған ұлы Данте Алигьери (1265— 1321 ж.). Ұлы дарынның қыл қаламынан
шыққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген
ұрпақтары бұл туындыңы Құдіретті комедия деп атады. Данте, Франческо
Петрарка (1304—1374 ж.) және Джованни Бокаччо (1313—1375 ж.) Қайта өрлеу
(жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян тілінің негізін
қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған
тамаша туындылар қатарынан орын алды. Мысалы, Петрарканың Мадонна Лаураның
өмірі мен өліміне арналған сонеттері өзінің тірі кезінде-ақ әлемге әйгілі
болды. Оның жолын қуушылардың бірі Декамеронның авторы атақты Боккаччоның
гуманистік идеяларға толы реалистік новеллалары — дүниежүзілік әдебиет
саласындағы соны құбылыс болып саналады.
Қайта жаңғыру кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән
ерекшеліктері айқындала бастаған кезең — XV ғасыр, яғни Бастапқы Қайта
жаңғыру дәуірі (кватроченто). Ал Италия мәдениеті идеялары мен
принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын — Кемелденген
жаңғыру кезеңі (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір XVI ғасырды қамтиды.
Қайта жаңғыру мәдениетінің басты назары адам түлғасына аударылды. Адам
бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге
көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау — басты орынға қойылды. Міне
сондықтан да болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты
болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар
арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік
принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жәйт, Қайта жаңғыру заманының
гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды, яғни дін мен шіркеу
ықпалын әлсіретуге барынша күш салды. Ендеше, бұл дәуірдің гуманистік
идеялары — рухани төңкерістің негізі болды, ал өз кезегінде бұл төңкерістер
буржуазиялық революциялар толқынымен және жаңа Еуропаның мәдениеттің
қалыптасу процесімен тығыз байланысты болды.
Қайта жаңғыру мәдениетінде басты назардың адамға, оның табиғатына
аударылу сырын қалай түсіндіруге болады? Қоғамдағы мұндай түбегейлі
өзгерістің — әлеуметтік-экономикалық факторларға, оның ішінде тауар-ақша
қарым-қатынастарының дамуына тікелей байланысты болды. Адамның
тәуелсіздігін сезіне бастауына, енді ғана туындап келе жатқан еркіндікке
қол жеткізуіне, ең бірінші кезекте қала мәдениеті себепкер болды. Италия
қалаларында тамаша ірі өнеркәсіп орындарының болғаны тарихтан белгілі.
Солардың ішінде Қайта жаңғыру мәдениетінің ошағы болған — Флоренцияның
мерейі үстем болды. Табиғи байлықтардың тапшылығы және тағы да басқа
жағдайларға байланысты Италия басқа мемлекеттермен сауда-саттық жасауға
ерекше мән берді. Италия қалалары Батыс елдерімен де, мұсылман елдерімен де
сауда-саттық жасады. Мұның өзі ел экономикасының одан әрі дамып, қала
мәдениетінің гүлденуіне әкеліп соқты, ал қала мәдениетінің ықпалымен жаңа
адамдар қалыптасты. Бірақ, жаңа адамдардың қалыптасуы әлі де болса
ортағасырлық заман ықпалына байланысты болды, қаншама уақыт етсе де
христиандық дәстүрлердің қаймағы шайқалмаған болатын сондықтан да болар
адамдар ортағасырлық шырмаудан шыға алмай аласұрды. Міне, осындай тарихи
кезеңде көне мәдени мұраларды тірілтуге деген жаппай кұлшыныс жаңа
адамдардың қайталанбайтын ерекше мәдениеттің қайнар бұлағын ашуына
мүмкіндік берді.
Бұл мәдени төңкерістің барысында Қайта жаңғыру даналарының басты
назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болуын қалай
түсіндіруге болады. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл
жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру
дәуірінің өкілдері мәдениетті ортағасырлық догматтан тазартты, оны қайта
қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы
неоплатонимнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық —
космологиялық, екіншісі — ортағасырлық — теологиялық үшіншісі — жаңғырған —
антроцентристік неоплатонизм. (Г.В. Драч. Культурология. Ростов на Дону.
1995, с. 217.) Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып
рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын
космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық
неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс
тудыратып абсолюттік жан теориясына негізделді. Жоғарыда атап көрсетілген
антропологиялық жаңырған неоплатонизм бір жағынан, көне заман
неоплатонизмінің көмегімен материалдық дүниені жоғары көтеріп, орнықтыруға
тырысса, екінші жағынан оның ортағасырлық неоплатонизммен ортақ қасиеттері,
белгілері бар. Демек, сұлулық пен әсемдікке толы дүниені аңдап-түсіну —
жаңғыртушылық дүниетанымдық мақсаттардың бірі болып саналады. Құдай
жандандырған дүние әруақ-ата да адам назарында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz