Қожа Ахмет Иасауи ғимараты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Иасауи ғимараты

Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өкілі дуалы
ауыз данышпан кемеңгер ақын Ахмет Йасауи 1093 немесе 1094 жылы Исфиджаб
(Сайрам) қаласында туған. Оның ата-анасы Ибрахим Ата мен Қарашаш Ана осында
тұрып осы жерде қайтыс болған. Олардың зиратына орнатылған күмбездер де осы
Сайрамда.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін
Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы – Исфаһан, Бағдад шаһарларынан
ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын,
әдебиетін, фәлфасын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап өзі де өлең
жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі
шайырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі—түркі
тілінде жазған. Йасауи шығармашылығының құндылығы да осында.
Жауқазын гүлдердің әдемілігін тамашалап, өмірді жырлаған акынды арада
біраз жыл өткен соң араб елдерінен сыңсып жеткен сопылар поэзиясының үні
мен жаңғырығы өз қайығына отырғызбай қоймайды. Ол Бұхараға барып дәріс
алуға тілек білдіреді. Онда парсы жұртынан келген оқымысты Әбу Йағкуб Иусуф
әл-Хамаданиден (?—1140) тағлым алып, білімін молықтырады. Соңыра туған
жеріне қайта оралып, сопылықпен айналысады.

Ахмет ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй
даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді
деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге
тарайды.
Қожа Ахмет өмірінің соңғы жылдары Мәуераннаһр даласында дүрбелең,
аламан-тасыр оқиғалар көбейген кезеңде өтті. Мұны Орта Азия халықтарының
тарихын көп зерттеген ғалым, академик М. Е. Массон да растайды. Ол Қожа
Ахмет Йасауидің заманында Орта Азия шығыстан келген мұсылман емес халық -
қытайлардың (қарақытайлардың) шапқыншылығына ұшырады. Олар әуелі Шу бойын
басып алып, онда орныққан соң 1137 жылы Ходжент қаласының маңында
Самарқанның ханы Махмұдты (1137-1141), ал 1141 жылы Қатауан даласында
самарқандықтар мен селжүктердің сұлтаны Санжардың (1118-1157) біріккен
колын жеңіліске ұшыратты. Қарақытайлар өздері басып алған жерлерде мемлекет
құрды. Олар бірте-бірте мұсылман дініне шек қойғандықтан, ислам өзінің
бұрынғы беделінен айрыла бастады деп жазған.
Бірақ арада көп уақыт өтпей-ақ халық жатжерлік басқыншыларға қарсы
көтеріледі. Міне, осындай күреске Қожа Ахмет тілектес болған. Сондықтан да
оның халық арасындағы қадір-құрметі бұрынғыдан да арта түскен.
Қожа Ахмет 1157 жылдар шамасында алпыс үш жасқа толғаннан кейін
пайғамбар жасына жеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік деген оймен осы
күнгі өзінің мүрдесінің үстіне тұрғызылған оңтүстік батысқа қарап жүз
метрдей жерде Аллаға құлшылық ететін бір кісілік жер асты жертөле мешітін
салдырады. Күні бүгінге дейін сақталған бұл үйдің ортаңғы бас бөлмесінің
кеңдігі 2x2, ал биіктігі бір жарым метрдей, яғни орта бойлы адам еркін жүре
алатындай. Бөлменің екі қабырғасында шырақ қоятын текшелер жасалған.
Ахметтің бұл жер асты мешітін жергілікті халық, аздап өзгеріске түскен араб
сөзімен қылует (оңаша орын — Ә. Д.) деп атаған. Қазіргі тарихшы
ғалымдардың жазбаларында осы сөз хильвет деп те бұрмаланып жазылып жүр.
Міне, алпыс үш жасқа толғаннан кейін Қожа Ахмет бар дүниені тәрк етіп өз
қылуетіне түскен.
Халық аңызына қарағанда Сайрамнан басталатын жер асты жолының бір
ІІІеті Түркістандағы Қожа Ахметтің осы қылуетінен шығады делінген. Ал,
кейбір деректерге қарағанда, Қожа Ахмет қылуетте күні бойы құдайға құлшылық
етіп, ал ымырт қараңғылығы түскен соң өзінің жер асты мешітінен әрі қарай
қазылған жолмен Йасыдан он үш шақырым ұзап шығып, жусанды даланың жұлдызды
түндерінде таза ауамен тыныстайды екен.
Қылуетте ғұмыр кешкен он жылдың ішінде Қожа Ахмет өзінің атақты
Хикмет (Даналык сөздер) деп аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз
бәйіттерінде:
Құл қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса өлгенше жырласам мен,-
деп, даналық сөздерінің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен. Бірақ,
өкінішке орай, шайырдың даналық сөздерінің түп нұсқасы сақталмаған. Ал,
бізге жеткен варианттары XV және XVII ғасырларда көшірілген нұсқалары ғана.
Қожа Ахмет Йасауи хикметтері Қазан төңкерісіне дейін Қазанда (1889,
1902), Стамбулда (1901), Ташкентте (1902, 1913) бірнеше рет басылды. Бір
қызығы Қазан басылымында татар, Стамбул нашриятында түрік, Ташкент
жарияланымында өзбек тілінің элементтері басым болып келеді. Бұл біздіңше
хаттаттар (көшіруші) қаламының әсері болса керек. Әйтсе де ақын бабамыздың
өсиеттері күні бүгінге дейін егжей-тегжейлі терең зерттелген жоқ. Соңғы
жылдары белгілі ақын Әбіраш Жәмішев адалдық пен ақиқат жолын толғаған
ойшылдың 1, 45-49, 51-54, 63-хикметтерін тәржімалап, өз оқушыларымен
таныстырса (Заман–Қазақстан, № 13, 9-шілде, 1993 ж.), әдебиетшілерден X,
Сүйінішәлиев Йасауидің даналық сөздері жайлы өз пайымдауларымен ой бөлісті.
Бабамыз ұстанған, уағыздаған хақ жолы идеясы тек Қазақстан мен Орта
Азия ғана емес, сонымен қатар бірте-бірте Үндістан, Пәкістан, Иран,
Арабстан, Кіші Азиядағы Түркия, Еділ бойы мен Кавказ тауларын мекендеген
мұсылман жамағатына да жетіп, өз қостаушыларын тапқан.
Түріктің атақты ақыны, кемеңгер данагөйі Жүніс Әміре (1250-1320) де
қайтыс болады.
Йасылық шайыр сөйтіп, жоғарыда айтылғандай, 1167 жылы 73 жасында
қайтыс болады. Жергілікті халық және оның ізбасарлары, шәкірттері ақын
денесін қазіргі ғимарат тұрған жерге жерлеген. Оның басына әуелде кішігірім
әсем күмбез орнатылғанымен, ол құлап қалған.
Он төртінші ғасырдың екінші жартысынан бастап Түркістан өлкесін әлемге
Темірлан (Әмір Темір — Ә. Д.) деген атпен әйгілі болған, жоғарыда айтылған,
Орта Азиялық қолбасшы биледі, 1370 жылы ол өзінің бақталастары мен негізгі
қарсыластарымен күйрете жеңгеннен кейін Мәуераннаһр жұртына билік жүргізді.
Астана етіп Самарқан қаласын таңдап алды. Темір ғылым мен мәдениеттің
өсуіне, өркендеуіне айрықша көп көңіл бөлді, әскери жорықтарда қолға түскен
шеберлерге Орта Азия мен Қазақстанның қалаларында мешіт, медресе, кесене
ғимараттар салдырды. Соның куәсі — сәулеткерліктің тамаша үлгісі ретінде
күні бүгінге дейін сақталған Түркістандағы Әзірет Сұлтан қорығындағы Қожа
Ахмет Иасауи ғимараты.
Міне Әмір Темір жергілікті халықтың көңілінен шығып оларды өз
ықпалында ұстау мақсатымен 1395 жылдан бастап Түркістанда Қожа Ахметтің
басына бұрынғының орнына екінші рет күмбез тұрғызуға бұйрық берген. 1395
жылдан бастаудың да көп сыры бар сияқты. Өйткені ол сол жылы ғылым, білім
өнерімен аты шыққан Иран еліндегі Исфаһан, Шираз қалаларын жаулап алып,
өзіне бағындырған соң, ондағы шыңылтыр қыш, ағаштан шекпе түйін түйген хас
шілеңгерлерді Самарқан, Бұхара, Түркістанға қаптатқан. Бұған екі дәлел бар:
бірі — ескерткіштің солтүстік жақтары сыртқы қабырғасындағы араб тілінде
жазылған бұл ескерткіштің шебері, сәулеткері Худжа Хасан Ширази деген
жазу. Екіншісі — ақынның мүрдесі қойылған қабырханаға шырақ жағуға арналған
биіктігі бір, бір жарым метр келетін екі қола шырағдандағы араб тіліндегі
жазулар. Онда бұл шамдарды жасаушы Из ад-Дин бин Тадж ад-Дин әл-Исфаһани
799 жыл деп жазылған. Һиджыраның 799 жылы біздің жыл санауымыз бойынша
1396 жылға сәйкес келеді, яғни бұл уақыт Темір Иранды жаулап алғаннан кейін
Исфаһанда Қожа Ахмет күмбезіне арнап шырағдан жасатқан деген ойымызды
қуаттай түседі.
Бірақ Әмір Темірдің өмірі мен жорықтары жайлы 1429 жылы жазылған
Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (?-1454) атақты Зафар наме (Жеңіс нама) атты
жылнамасы Қожа Ахмет Йасауи күмбезінің салыну тарихын мына жәйтпен
байланыстырады; Һиджраның 799 (1396) жылының күзінде Моғолстан әміршісі
Хызыр Қожа Ханның қызы Түкелі ханымға үйлену мақсатымен Әмір Темір Самарқан
маңында Дилкуша (жүрек қуанышы - Ә. Д.) деп аталатын мәуелі бақтың
құрлысын аяқтатқан соң, болашақ, жарын күншілік жерден күтіп алу үшін жолға
шыққан.
Жолай қар жауып кеткендіктен, салтанатты жасақ Аханғаран төңірегіндегі
ІІІыназ қыстағына шатыр тіккен. Ал Әмір Темірдің өзі Йасы шаһарындағы Қожа
Ахметтің қабіріне барып бас иіп қайтпақ боп жүріп кетеді. Мұнда келген соң
тәубе рәсімін бітіріп, мазараттың күтушілері мен қамқоршыларына сый-
сияпаттарын үлестіреді. Содан Шыназдағы өз жасағына оралған жерде оған
Түкелі ханым керуенінің жақындап қалғандығы жайлы хабар жетеді,— дей
келіп, жылнамашы өз хикаясын Әмір Темір Йасыға келген дәл осы сапарында
Қожа Ахмет мүрдесінің үстінен күмбез тұрғызуға жарлық беріп еді, бұл
ғимарат содан бір жылдың ішінде дайын болды деп аяқтайды. Бірақ М.Е.
Массон Зафар наме авторының күмбез бір жылда салынып бітті дегеніне
шүбә келтіріп, оған үзілді-кесілді қарсы шығады. Әмір Темір Йасыға 1397
жылы келген кезде ғимараттың кұрылысы біраз жерге барып қалған еді, сондай-
ақ бұл құрылыс бір-екі жылда емес, араға көптеген жылдар салып барып біткен
деген жорамал ұсынады .
Массон пікірінің жаны бар. Өйткені жоғарыдағы датадағы 1396 жыл
деген уақыт та Массон жорамалын қуаттайды. Себебі, ескерткіш салынбай
тұрып, оған шырағдан жасатты деу қисынсыз.
Асылы Әмір Темір ғимарат құрылысын 1395 жылы бастатқан. Ал 1396 жылы
Шыназ арқылы Йасыға осы құрылыстың қарқынын біліп қайту үшін келген сияқты.
Бір қызығы Молла Имам Сығынақи Аусаф Хамид Сұлтан (Хамид Сұлтанның
жаугершілігі жайлы жазбалар) деген еңбегінде Қожа Ахмет күмбезі жайлы мына
бір деректерді келтіре кетеді. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Темір
сұлтанатына жасаған кезекті бір шапқыншылығында ақынның мазары мен онда
тұратын шырақшы-шайхылардың (мал-мүлкін) тонап алып кетті. Әулиені
қорлағаны үшін Темір асыл су маңында татарларды қуып жетіп талқандады.
Қазына, дүниелерді қайтарды. Осы жорықта қолға түскен әскери олжаның
қаражатынан Қожа Ахмет бейітінің үстіне тұрғызылатын күмбездің құрылысын
бастады. Әміршінің соңдай-ақ медресе де салдырмақ ойы бар еді, бірақ
тұтқиылдан келген ажал оған оны орындатқызбады,- дейді. Әмір Темір
Тоқтамыспен 1395 жылы соғысқан. Олай болса, жоғарыдағы Молла Сығынақи
естелігінде де белгілі бір шындық бар деуге болады. Дегенмен бұл сияқты
аңызы мен шындық аралас келетін деректердің ақиқатын анықтау үшін де ұзақ
іздену мен зерделі зерттеу қажет екені сөзсіз.
Бір қызығы – құрылысқа қажетті қыш құюға пайдаланылған топырақтың
Түркістаннан теріскейге қарай қырық шақырым жерде жатқан Сауран маңынан
әкелінгені. Құрылыс қышының құрамын зерттеген ғалымдар да мұны растайды.
Құрылысты салушы сәулеткер жергілікті халықтың тұрмысын, сенім-
нанымын, ою-өрнегін жақсы біліп, сабақтастырған. Кейбір қабырғалардың оюы
қазақтың киіз үйінің керегелерін, басқұрларының әшекейлерін, кілем,
текемет, түрлі өрнектеріне еліктегендікті білдіреді... Құран аяттарын
қабырғаларға әсем оймыштар арқылы сиыстырып, оны жазудан гөрі оюға ұқсатып
жіберген. Яғни шебер шығыс құрылыс өнерін жергілікті халық өнерімен тамаша
ұштастырған. Даланың табиғаты, өсімдік, гүл, шешек көріністері де құрылыс
бойынан жарасымды орын тепкен. Мешіттің шыңылтырлы бояуы даланың қуаң түрін
бейнелесе, күмбезі көк жасыл көктемін, аспан әлемін елестеткендей деген
проф. X. Сүйіншәлиев пікірінде де шындық бар. Тіптен ғимараттағы
бөлмелердің әшекейінің бірін-бірі қайталай бермейтіні тағы бар.
Әрбір бөлменің өзіндік атауы бар. Мысалы, Қазандық. Бұл ғимараттағы
ен үлкен зал. Оның Қазанды аталуына осы бөлмедегі биіктігі екі жарым
метрге жуық, жеті түрлі бағалы, жартылай бағалы материалдардың қоспасынан
Әмір Темірдің бұйрығымен құйылған қазан себеп болған.
Бір қызығы Қазандықтың күмбезі Орта Азия мен Қазақстандағы
ғимараттар күмбездерінің барлығынан үлкен. Дәлірек айтқанда диаметрі 18,2
метр. Жалпы көлемі 330 шаршы метр де, биіктігі 39 метр келетін осы үлкен
залға дәліздерден, құжыралардан 14 есік шығады. Күмбездің ауа алмастырып
тұратын төрт желдеткіші бар.
Қазандықпен дәліз арқылы жалғасып жатқан залдардың бірі — Асхана.
Мұның құрылысы да Орта Азия сәулет ескерткіштерінің ешқайсысын
қайталамайды. Асханада бықтырылған бидай мен жас еттен арнайы ботқа
пісіреді екен. Дайын болған тағамды үлкен астауларға қотарып Қазандықта
күтіп отырған жұртқа таратып беретін болған. Ғимараттың оңтүстік жағына
орналасқан бұл бөлме XVIII—XIX ғасырларда жат жерлік баскыншылармен болған
соғыстарда біраз зақымдалған.
Кітапхана—кішігірім бөлме. Мұнда ертеректе ескі қолжазбалар мен
кітаптар сақталған. Іс қағаздары да осында жүргізілген. Мұнда ежелгі жазба
мұралар ішінен XII ғасырға жататын екі Құран мен Қожа Ахмет Йасауидің
Хикметті қойылған.
Қабырхана - мавзолейдің солтүстік-батыс жағына орналасқан. Мұнда Қожа
Ахметтің өзі жерленген. Бір ғажабы ақын қабірінің үстіне қойылған құлпытас
өте қарапайым. Тіпті жазулары да жоқ.
Үлкен Ақсарай және Кіші Ақсарай атты ғимараттың солтүстік шығысына
орналасқан залдар да Қазандықпен дәліз арқылы жалғасып жатыр. Бұл залдар
о баста дәруіштердің жиналатын орыны болған. XV — XVIIІ ғасырларда мұнда
қазақ хандарының қаршысы (резиденция) орналасқан. Шетелдік елшіліктер де
осында қабылданған, әскери, сауда мәселелері бойынша келіссөздер де осы
залдарда жүргізілген дейді зерттеушілер. Сонымен мұнда да өлік жерлене
бастаған.
Құдықхана- бұл да Қазандықпен дәліз арқылы жалғасып жатқан
залдардың бірі. Мұнда XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-
азаттық қозалысы кезінде қазылған құдық бар.
Сөйтіп, орта ғасырлардағы сәулет өнерінің биік шоқтығынан саналатын
осы бір ғажайып ескерткіштің іргетасы 1395 жылы қаланып, жедел
жүргізілгенімен, 1405 жылы Қытайға қарсы жорыққа дайындалып жатқан кезде
Әмір Темірдің қайтыс болуына байланысты құрылыс аяқталмай қалған. Оны
оңтүстік порталдың үстіне тұрғызылатын тимпанның жоқтығынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи дүниетану жағынан сопылық бағытта
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Йсауидің өмірі
Қожа Ахмет Ясауи
Ахмет Йасауи тарихы
Ясауи ілімі
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қазақстандағы ежелгі сәулет өнерінің дамуы
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Мәдени ескерткіштер және сәулет өнері, туризм
Пәндер