Мәдениет және оның қалыптасуы


ЖОСПАР
Кіріспе2
Мәдениет және оның қалыптасуы2
Мәдениет негіздері7
Мәдениет және қоғам9
Қоғам және оның тұрпаты11
Қорытынды14
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:16
Кіріспе
Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше бай тәжірибе-тағылымы бар, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани шығармашылық маңызының зор екендігін анық.
Ғасыр соңында, әсіресе, бұл та топшылау заңды. Адам басынан өткенге одан сабақ алу үшін, ғы бір мың жылдың ақыры болса, өткенге көз жіберіп, болашақ туралы табыстарға қуанып, ол қылықтарды қайталамау мақсатында үңіледі. Адамдық әлем ең жалпы мағынасында - Кеңістік пен Уақыт әлемі, ал оның түйіні - мәдениет. Мәдениет адамзат тарихын адамдық ететін, оның жалғастығы мен мұрагерлік құпиясын ашатын күш екендігі даусыз.
Ұсынылып отырған еңбек осы тақырыптағы алғашқы зерттеулердің бірі болғанымен, ол әр түрлі теориялық ізденістер мен терең мәдени қайнарларға сүйенеді.
Мәдениет және оның қалыптасуы
“Мәдениет дегеніміз не?” - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдім. Қазақ тіліне бұл термин арабтың “маданият” - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативті (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты “культура” мен “натураны” қарсы қоюшылық. Көне заманда “култура” деген ұғым “жерді өңдеу” деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, “жанды жетілдіру” деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі “білім беру”, “даму”, “қабілеттілік”, “құрметтеу” сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит) мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және т. б. ) ; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т. б. ) ; в) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және т. б. ) .
Мәдениет тарихы - философиялық ілім, ол философияның бір бөлігіне, тарих философиясына жатады. Мәдениет философиясы ілімі Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан. Мәдениет - ашық жүйе, оның негізгі мақсаты - өзін басқаға жеткізу, ол монологтан гөрі диалогқа сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениет философиясында өзін-өзі тарату мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет-ғұрыптар және т. б. ) мен оның ішкі мән-мағынасы (менталитеті, тілі т. б. ) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мәдениет философиясы мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік процесс түрінде қарастырады. Бұдан жалпы философиялық ілімдер мен мәдениет тарихы арасында белгілі бір алшақтық туады. Біздің түсінігімізше, мәдениет тарихы мен мәдениет философиясы мүлдем тұтасып кетпеген. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар: а) егер философия өз мұратында объективтілікке, жалпылыққа, әмбебаптылыққа ұмтылса, мәдениет тарихына типтілік, интровертивтік (ішкілік), субъективтілік тән; ә) тарихилық және логикалық ғылыми тілдерінің ара-қатынасын мәдениет философиясы мен мәдениеттануды салыстырсақ, онда философия негізінен логикалық тәсілге жүгінетінін, ал мәдениеттануда тарихи әдістің басым болатындығын байқаймыз (мәдениет тарихының басты міндеттерінің бірі - тарихи кезеңдер мен өркениет түрлеріне көркем бейне беру) . Осы сипатта тарихы Гегель, Гердер, Кант түсінігіндегі тарих философиясына жақын; б) мәдениет философиясымен салыстырғанда мәдениет тарихында аксиологиялық (құндылықтар теориясы), психолингвистикалық және герменевтикалық (түсіндірмелік) сарындар басым.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, “мәдениет” ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдім. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер - анамен, оны өңдеп - баптаумен тығыз байланысты болды. Демек “мәдениет” ұғымы жерді жырту, бау бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен “мәдениет” ұғымының тәрбие мен білім байланыстығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге айтып кеткендей мәдениет сөзі “құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық” деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы - дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар, белгілі Эльминист макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Полис - шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті “пайдея” (бала) деген ұғым арқылы берген. Бұл термиен тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие болған.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм дәуірінде көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек “пайдейясының” идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құлдылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сақтай білді. Ортағасырлық мәдениет политеизмге монотеизмді, натурализмге - руханилықты, геодонизмге (сүйісініп - рақаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және логикалық арқылы тануға Библияға сүйенген, оны шіркеудің белгілі қайраткерлері арқылы түсіндірілетін - кітаби білімді қарама-қарсы қойды. Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай полетеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы өзіне сену қасиетін мәңгілік кеңестік дүниесінен, оның ішінде ең бірінші кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан пен жұлдыздар әлемі, таулар мен өзендер, ал құдайлар мен болса табиғаттың бөлшегі ғана. Ортағасырларда мәдениетті түсінуде келесі өзгерістер байқалды. Рационалдық ізденісте адамгершілікке, адамның жан-жақты жетілуіне көне түсінігі тұйыққа тірелді. Адамның заттық - аспандық дүниеден, оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат олар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада, кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар екенін аңғара отырып, онда жоғарғы “ақыл-ой” мен ең жоғарғы әділеттіліктік әрекет еткендігін сезіне белді.
Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін “жетілдіру”, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда “табиғи” бұзылмаған және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды “жетілдіру” тұрғысынан адамзат баласының алдында тұрған келесі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия екіге айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рационалдылық қана емес екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы жаңа өлшемдер - махаббат, үміт, сенім және т. б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты. Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен бостандығы оның тәуелсіздігіне емес, оның Құдайтағаланың ықпалында болуы мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне, осындай сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениетті тәлім-тәрбие, үйлесімділік пен тәртіп өлшемі ретінде емес, адамның үнемі рухани жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.
Мәдениет негіздері
Мәдениет негізінің бірі - еңбек. Еңбек неғұрлым күрделенген сайын мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінуінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Егер садақ пен жебе бір кезде адамның табиғатпен байланысындағы төңкерістің куәсі болса, бүгін ғылыми-техникалық революция жетістіктерді де өндірістегі жаңа техника мен технология да материалдық мәдениеттегі төңкерісті білдіреді.
Мәдениетке таптық сипат тән. Әрине таптық жалпы адам заттың мазмұнды терістемейді. Бірақ кейде мәдениеттегі таптықты бекерге шығару кездесіп отырады. В. И. Ленин бұл мәселенің маңыздылығын баса айтқанда болатын.
Мәдениет адамсыз болмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай ғана, мәдениеттің адамзат тарихындағы, адам өміріндегі орнын түсінуге болады.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу қажет, оның өндірістік қатынастары қандай болғанын айқындау қажет, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса мәдениетті адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес екен.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойында сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Кез келген ұлттық мәдениеттің рухани негізі мен дінін, ондағы адамгершілік қасиеттері мен дүниетанымды ұғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жігіну қажет. Таталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында дінді апиын деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелуге тырысады.
Ал, шындығында, дін мәдени дамуда орасан зор рөл атқарады. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдыреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ.
Мәдениет және қоғам
Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайында тәуелді. Бірақ бұл диалектикалық байланысты нақты негізде қарау керек, себебі қоғам мен мәдениеттің арақатынасында қайшылықтар да жиі кездесіп отырады.
Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде - сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Егер біз қоғам мен мәдениетті бара-бар деп санасық, онда мәдениеттің мазмұнын шектен шығарып жіберер едік. Дәлірек айтқанда, мәдениет-қоғамның қасиеті, оның өмір сүру әрекетінің ауқымды да көлемді міндеті. Осы тұрғыдан алғанда, ол қоғаммен диалектикалық байланыста болады. Мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға ену тәсілі
Қоғам мен мәдениет бірлігін, қоғам дамуын басқару үшін мәдениет қажеттілігін объективті көреміз.
Мәдениет қоғамындағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды. Олай болса, мәдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланыста екен.
Қоғамдық атынастар - адам дамуының өлшемі, олай болса оның мәдениеттің де өлшемі екенін мойындау қажет. Ғылыми әдебиетте мәдениет дегеніміздің өзі де сол қоғам туралы ұғым деген пікір кездеседі. Бұл пікірге мәдениеттің әрекет иелері - адамдардың барлық қоғамдық қатынастары мен байланыстарының жиынтығы екені негіз етіп алынады. Айтылып отырған көзқарастың ұтымды жақтары көп болғанмен, онымен толық келісуге болмайды. Мәдениет, әрине, қоғам дамуының көрсеткіші, бірақ синонимі емес.
Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы - мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық - экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелді болады. Сондықтан, ғылым қоғам мен мәдениетті бір-біріне қарсы қоймай, олардың тарихи ажырамас тығыз бірлігін ашып көрсетеді. Бұл бірлік адам дамуы қоғам дамуымен деңгейлес болғанда толық мүмкіндік алады. Адам дамуы - оның қызметінің әмбебаптық сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын, адам болмысы да жан-жақты сипат алады, ал ол мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады.
Капиталистікт қоғам тұсында мәдениеттің жаңа сатыға көтерілуі сөзсіз, заңды процесс. Бірақ “заттық” мазмұн алған мәдениет адам өмірін тарылтады, мәдениет адамнан тыс мәнге ие болады. Жасалуы қоғамдық негіз болғанымен, өмір сүру тәсілі жағынан мұндай мәдениет әлеуметтік қатынастардан тысқары тұрады, әлеуметтік шектелу шеңберінен шыға алмайды. Мәдениеттің шынайы мазмұны қоғамды демократияландыру, адам бостандығын қорғау процесімен байланысты. Адам өз мәнін тек осындай қоғам жағдайында түсіне бастайды.
Жалпы адамзаттық мәдениет ұлттық мәдениеттерден құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің жай жиынтығы емес. ұлттық мәдениетсіз жалпы адамзаттық, интернационалдық мәдениеттің де болуы мүмкін емес. Сондықтан, кеңес үкімет жылдарында пайда болған мәдениеттегі ұлттық нигилизм идеяларын біз қолдай алмаймыз. Ол мәдениет дамуындағы сабқатастықты, мирасқорлықты теріске шығарып қойған жоқ, сонымен бірге мәдениеттегі таптықты түсінуді бұрмалады, мәдени-тарихи процестің заңдылығын мойындамайды.
Ұлттық мәдениетті ұлттар, халықтар тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Ұлттық мәдениет ұлттық, халықтық дәстүрлерден дем алады, сол дәстүрлердің даму дәрежесінің көрсеткіші болады. Халық тарихынан тысқары, оның өмірі салтынан оқшау ұлттық мәдениеттің болуы мүмкін емес. Бірақ қай ұлт, қай халық болсын, басқа ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің ықпалына ұшырамай тұра алмайды. Сондықтан, әрбір ұлттық мәдениетке жалпы адамзаттық, интернационалдық мәдениет элементтері үнемі кездеседі. Мәдениеттегі интернационалдық пен ұлттық диалектикасы халықтар бірлігін, олардың өзара түсінуін, өзара мәдени қарым-қатынасын, бірін-бірі сыйлауын білдіреді.
Қоғам және оның тұрпаты
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz