Мәдениет пен өркениеттің қайшылықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мәдениет пен өркениеттің қайшылықтары

Біздің заманда мәдениет және өркениет, олардың айырмашылығы мен
қарым-қатынасы туралы тақырыпты өткір ештеңе жоқ. Бұл танымға да, өмірге
де қатысты, себебі келешек тағдырымызбен байланысты. Адамзатты
тағдырдан артық ешнәрсе қобалжыта алмайды. Тарих белестерінде, күйзеліс
пен қирау уақытында халықтар мен мәдениеттердің тарихи тағдырының
жүрісі туралы терең ойлау үлкен қажеттілікке айналады.
Шпенглер өркениет көрінген мәдениеттің соңы деп сынаған, ал өркениет
өліп тынады. Барлық мәдениетте көркею, күрделену және нақтылаудан кейін
шығармашылық күштің сарқылуы, рухтың аластауы мен сөнуі басталады.
Мәдениеттің бүкіл бағыттары өзгереді, ол өзінің қуаттылығын реалдық іске
асыруға, жер бетіне жайылып өмірді практикада ұйымдастыруға ұмтылады.
Реалдық өмірдің өзіне, өмірдің практикасы, күші мен қызығына
бағытталған ерік – жерік туады, өмірге билік ету ұмтылысы оянады.
Күнделікті өмірге арналған осы ерік – жігер мәдениетті аңсатады, оның
өлуіне жеткізеді.
Мәдениеттің көркею кезеңі реалдық өмірге табылудың ерік-жігерін
шектеуді талап етеді, өмірге құштарлықты тиюға жетелейді. Мәдениет жаңа
өмірді, жаңа болмысты орнату емес, ол бірінші кезекте жаңа
құндылықтарды игеру. Олар танымды, философия мен ғылыми кітаптардп –
Ақиқат, әдет-ғұрып, қоғамдық қатынас, мораль – этика, құқылық заңдарда
– Игілік, ән-күй, өлең, сурет, архитектура, театрда – сұлулық болып
беріледі. Шығармашылық акт төменгі әлеуметтік топтарға тарайды. Жаңа
өмір жоғарғы болмыс тек ұқсастық, бейне мен символдарда беріле
бастайды. Танымдағы шығармашылық ғылыми кітаптарда; көркемдік
шығармашылық акт догматтар мен символдық шіркеу құрылымында (онда
аспандағы, о дүниедегі бағыныштылық тек ұқсастық күйде берілген) көрініс
табады. Мәдениеттің ішкі диалектикалық қозғалысы, өзінің кристалданған
формаларымен, міндетті түрде жаңаны мәдениет шеңберінен шығуға
итермелейді, өмірге құштарлық практикада тарайды. Осы жолмен мәдениет
өркениетке өтеді.
Өмірге құштарлық бұқара халық арасында кең тарағанда мақсат жоғарғы
рухани мәдениетке ұмтылуын тоқтатады, соңғысы әрқашан аристократтық, саны
емес сапалығымен құнды. Мақсат күнделікті өмірге, оның практикасы, өмір
күші мен бақытқа бағытталады. Мәдениет өзіндік құндылық болудан қалады,
сондықтан мәдениетке деген ерік-жігер тоқтайды. Мәдениет жоғарғы
деңгейде қала алмайды, міндетті түрде төмен құлдырайды. Әлеуметтік
энтропия басталады, мәдениеттің шығармашылық энергиясы шашырап күші
кетеді. Мәдениетті жасаушылардың рухындағы мақсат пен міндеттердің іске
асыруы мәдениеттің шексіз дамып жетілуін тоқтатады.
Мәдениеттің ерекше гүлденуін біз XVIII ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында
Германияда көреміз. Аса дарындылыққа ұмтылу жігерін басқа тарихи кезеңде
көру өте қиын, Германия осы кезде ақындар мен философтар деген атышулы
елге айналды. Аздаған онжылдықтарда әлем пен Гендер, Гате мен
Шиллер, Кант пен Фихта, Гегель мен Шеллинг, Шлеймахер мен Шопенгауэр,
Новалис және бүкіл романтиктерді таныды. Келесі тарихта осы әлемдік
мәні бар кезеңге үлкен қызғанышпен қарады. Виндельбонд, мәдениеттің
өшу заманындағы философ, осы кезді рухани құндылық пен
дарындылықтың уақыты деп, жоғалған жұмақ ретінде таниды. Ал
реалдық өмір сол кездегі Германияда кедей, мешандық, қыспақта
болғанын әркімде біледі.
Европа тарихында шығармашылықтың шыңына жеткен Ренессанс
дәуірінде де реалдық өмір адам шошырлық, қатігез болды. Леонардо
мен Минеланжело өмірлері түгелдей азап пен трагедияда өтті. Бұл
әрқашан осылай, мәдениет өмірдің үлкен сәтсіздігі болып келеді. Бұл
өмір мен мәдениеттің қарама-қайшылығы деседе болады. өркениет өмірді
қалыптастыруға ұмтылады, әлемдік билік пен ұйымдасуды қалайды. Бірақ
енді сол қуатты Германияда Гате, ұлы неміс идеалистері мен
романтиктері, асқақтаған философия, Ренесанстық өнер т.б. қайтып
көркеймейді – бәрі де техникалық күйге көшеді, философиялық ойлар
(гнесеологияда) – мен өнерде техникалыққа айналады. Шекспир мен
Байронның болуы, Италияда - Донте мен Петрарканың болуы енді мүмкін
болмай қалады. Бұл мәдениеттің трагедиясы, және, өркениеттің де
трагедиясы.
Мәдениет наным, рәміз, символдармен (культ) байланысты, діни сенімнен
басталады. Ол осы культтің мазмұнын жан-жақты айқындау, жіктеуден
шығады. Философиялық ойлар, ғылыми таным, сәулет, сурет, мүсін, ән, өлең,
мораль – органикалық біртұтастық қалыпта, әлі бөлінбеген, ашылмаған
түрде діни культта қалыптасқан. Ең ежелгі мемлекеттің бірі Египетте
мәдениет Храмда басталды, оны жасаушылар абыздар болды. Мәдениет ата-
баба культті өсиеті және дәстүрмен байланысты. Ол киелі символдарға
толы, онда өзгеше рухани шындықтың белгілері мен нұсқалары берілген.
Барлық мәдениет, тіпті материалдық болса да – рух мәдениеті: көрінген
мәдениеттің рухани негізі бар, ол рухтың табиғат стихияларына
бағытталған шығармашылық жұмысының нәтижесі. Бірақ мәдениеттің өзінде
осы діни және рухани негіздерді бөлшеутекге, символдарды жоюға
бағытталған тенденциялар бар. Антикалық және батыс европалық
мәдениеттер ағартушылық үрдістен өтті, онда діни ақиқаттардан
арылу, мәдениеттің символдарын ыдырату жүрді. Мұнда мәдениеттің
тағдырынан қаша алмайтын диалектикасы байқалады. Мәдениетке, белгілі –
бір кезеңінде, өзінің негіздеріне күмән келтіріп, оны бөлшектеу
тән. Сөйтіп ол өзінің өмірлік бастауларынан бөлініп өз өлімін
дайындайды. Өз рухын жоғалтып, энергиясын шашыратып алады.
Органикалық сатысынан ол сыншылдық сатыға өтеді.
Мәдениет тірі үрдіс, тірі халықтардың тағдыры. Бірақ мәдениет
өзінің гүлденген кезеңіндегі орталық биіктік деңгейінде сақтала
алмайды, оның тұрақтылығы мәңгі емес. Мәдениеттің барлық тарихи
типтерінде үзіліс, кері кету байқалады, осы қашып құтыла алмайтын
күйге өту жағдайын мәдениетті деп атай алмайсың. Мәдениеттің өз
ішінде жаңа өмірге билік пен қуаттылыққа, практикаға, бақыт пен
рахаттылыққа аса зор ынтық – жігер байқалады. Не болсада билікке жету
еркі – мәдениеттегі өркениеттілік бастама, тенденция. Мәдениет өзінің
жоғарғы жетістіктерінде еш пайда ізделіндейді, ол өркениет әрқашан
мүдделі. ағартушылық ақыл-ой өмірді пайдалану, өмірмен рахаттану
жолындағы рухани кедергілерді ысырып тастағаннан кейін, билік және
өмірді ұйымдастырып игеру еркі өзінің жоғарғы күйіне жетеді,
мәдениет тоқтап өркениет басталады. Өркениет – мәдениеттен, тікелей
қабылдаудан, құндылық шығармашылығынан өмірдің өзіне өмірді
іздеуге, өмірді ұйымдастыруға, оның ағымына еріп өмір күшіне ынтығуға
өту. Мәдениетте практикада унитарлық, реалдық, яғни өркениеттік қисаю
байқалады.
Үлкен философия мен үлкен өнер, діни символдар сияқты, енді
қажетсіз, өмірге жатпайды. Мәдениеттің жоғары саналатын үлкен
жетістігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Ислам және өркениет
Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Рационализм ғасырының мәдениеті
ХХ ғ.-ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия
Орта ғасырдағы Еуропа мәдениетінің қалыптасуы
Экстенциализм және өмір философиясы
Батыс Еуропаның мәдени – тарихи аймақтары
«Қоғамдық білім негіздері»
Тарих философиясы. Қазіргі өркениет, оның ерекшеліктері мен қайшылықтары. Адамзаттың даму үрдістері
Пәндер