ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР


ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР. 4
2. 2. Ежелгі Шығыс мәдениеті 18
2. 2. 1. Көне Египет мәдениеті 18
2. 2. 2. Ежелгі үнді мәдениеті 23
2. 23. Көне Крітайдын, мэдениеті 31
2. 2. 4. Ежелгі Месопотамияның (К, ос өзен) мәдениеті 36
2. 3. Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті 42
Ежелгі Грекия мәдениеті 42
Ежелгі Римнің мәдениеті 55
2. 4. Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мәдениеті 63
2. 5. Қайта жаңғыру дәуірі мен Реформация кезеңінің, мәдениеті 75
2. 5. 1. Қайта жаңгыру мәдениеті 75
2. 5. 2. Реформация дәуірінің мәдениеті 84
2. 6. Жаңа заманның еуропалың мәдениеті 90
2. 6. 1. Рационализм гасырының (XVII г. ) мәдениеті 90
2. 6. 2. Агартушылық, гасырының мәдениеті (XVIII г. ) 93
2. 6. 3. XIX гасырдың мәдениеті 97
XX ғасыр мәдениеті 104
Ресей мәдениеті 110
ҚОРЫТЫНДЫ 119
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 120
КІРІСПЕ
1. ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР.
Қауымдық, құрылыс мэдениеті - адамзат мәдениетінің, бастамасы
Алғашқы қауымдық қүрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бүл сүрақтарға нақты жауап беру оңай-лыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыпта-сып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелер-ге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды., Алғашқы қауымдық қүрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүзде-ген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек қүралдарының пайда болғанына 2, 5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті,
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстар-дың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған қүрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас қүралдардан басталуы да тегіннен-тегін емес сияқты. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық қүрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: mac дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) «Палеолит» термині гректің «палайос» - көне, «литос» - тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит) . Археология ғылы-мы саласындағы мүндай ғылыми түжырым XIX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бүдан 2, 5-2, 6 млн. жылдай бүрын басталып, б. з. б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған. ; '
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі - б. з. б 1-2 млн. жыл мен б. з. б. 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші - көне тас дәуірінің орта кезеңі б. з. б. 140 мыңыншы жылдан б. з. б. 40 мы-ңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі - көне тас ғасырының сон-ғы кезеңі - бүл б. з. б. 400 мыңыншы жылдан - 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.
Алғашқы қауымдық қүрылыстың екінші және үшінші кезеңцері - қола ғасыры - б. з. б. екінші және бірінші мың-жылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б. з. б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық қүрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі - син-кретизм (гректің «қосылу» деген сөзінен шыққан) болды. Ал-ғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып-білуі стихия-лық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар - пикантроптар, синантроптар және т. б. жа-нуарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталды^ Ертедегі адамдар тобыры біріге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналыс-ты. Бүл кезеңде адам қүрғақ ағашты үйкелеу, немесе бүрғылау арқылы от алуды үйренді және жыртқыш аңдардан қорғана алатындай дәрежеге жетті. Өнердің түрлі салалары бүл түста қалыптаса қоймаса да, алғашқы адамдар бүл жарық дүниеден өз орнын тауып, өзін орнықтыруға барынша талпыныс жасады.
Осындай тарихи сындарлы кезеңде орта тас дәуірінің түрғын-дары - неандертальдықтардың адамдық бет-нышандары қалып-таса бастаған болатын. Адамдар бір-бірімен ыммен түсінісу қабілетіне ие болды, көне тас ғасырына қарағанда тас қүрал-дардың сапасы да жақсара бастады. Бүдан байқалатыны адам баласының жетілуі, ойлау санасының дамуы, еңбек процесіне деген қабілетінің біртіндеп өсуі болып табылады:* Табиғат қүбы-лыстарымен тікелей байланысты туындаған саналы түбегейлі өзгерістер өмірлік тәжірибеге тікелей байланысты болды!? Киім-кешек тігуді үйрену мен үңгірлерді пана ету, мамонт, үңгір аюлары сияқты ірі аңдарды аулау - осы сындарлы кезеңнің басты табиғи жетістіктері болды. І Ең бастысы - неандерталь-дықтар өздерін қоршаған дүние туралы үғымдарын ыммен ғана емес, көркем тәсілдермен де білдіруге алғашқы талпыныстар жасады. Оған дәлел - біздің ата-бабаларымыздың алғашқы көркемдік тәжірибелерінің өте сирек кездесетін іздері ғана. Олар бар болғаны сүйектегі ою-өрнектер, тастағы бейнелер, қызыл минералдың (охра) түрлі-түсті дақтарыІУақыт өткен сайын олар өлген адамдарды көме бастады (бүрын өлген адамдарды лақты-рып жіберетін немесе жеп қоятын) . Дәл осы түста алғашқы адам-дардың діни наным-сенімдері қалыптаса бастады және соған байланысты салт-жоралар өмірге келді Өздерінің мекен-жайы-на айналған үңгірлерге неандертальдықтар өлтірілген аңдардың сүйектерін жинаған және тастарды үйіп-төге берген. Бүл жа-байы музей-қоймалар неге қажет болды екен? Ғалымдардың пікірінше, осы іс-әрекеттері арқылы алғашқы адамдар қауіп-қатерге толы аңшылықтан кейінгі алған әсерлері мен ішкі жан-сезімдерін осылай білдірген және соған байланысты салт-жора-лар жасаған.
Палеолит кейін мезолит (орта тас дәуірі) жөне неолит (жаңа тас ғасыры) дәуірі кезеңдері басталады. Бүл дәуірлер бірнеше мыңдаған жылдарға созылады. Осы орайда алғашқы қауымдық қүрылыс дәуірінің хронологиясын нақты жылмен белгілеп беру мүмкін еместігін, сондықтан да бүл дәуірлердің үзақтығын шамамен алатындығымызды ескерте кеткенді жөн көрдік, өйткені алғашқы адамдарда жазу-сызу болған жоқ, ең алғаш-қылары тіпті бір-бірімен тілдесе де алмады. Тілдің кейінгі па-леолит дөуірінде шығуы ешбір күмән туғызбайды. Тіл шық-қанға дейін адамзат баласының үзақ дәуірі үнсіздік жағдайында өтті. Одан қалғаны бар болғаны - тастар мен сүйектер, күл мен жартастардағы түрлі бейнелер ғана. Сағымдай бүлдыраған сол бір кезеңді (алғашқы қауымдық қүрылысты) «тарихқа дейінгі кезең» деп атайтынымыз да сондықтан болар.
Өздеріңіз байқап отырғандай, ерте палеолит пен алғашқы қауымдық қүрылыстың кейінгі кезеңдерінің уақыт алшақтығы мен қатар олардың сол дәуірлер тынысына байланысты өзіндік айтарлықтай айырмашылықтары да бар. Олай дейтініміз, уақыт өлшемі адамдардың қалыптасу процесі мен емір-тіршілігіне тікелей әсер етті. Сондықтан да болар, кейінгі палеолит дәуіріндегі адамзат мәдениеті, оның ішінде материалдық және рухани мәдениет жайында ауыз толтырып айтуға болатын сияқты. Олай болса, кейінгі палеолиттің тас ғасыры дәуірінде алатын орны ерекше болса керек.
Біріншіден^ көне және орта палеолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың биологиялық эволюциясы аяқталып «нағыз адам» қалыптасты. Екіншіден, тастан және т. б. жасалған түрлі қүрал-дар кебейіп қана қоймай, сапалық өзгерістерге де үшырады; Үшіншіден, кейінгі палеолит дәуірінің ең басты жаңалығы - экзогания болды да, ендігі жерде неке қарым-қатынастарынан ең жақын туысқандар - ата-аналары мен балалары, туған аға-лары мен қарындастары шығарылып тасталды. Инцестке (қан араласу деген сөз) тыйым салу неке қарым-қатынастарының қоғамдық түрғыдан тәртіпке келтірудің бастамасы болды. Осын-дай түбегейлі Іқоғамдық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде ру және жанүя пайда болды.
Биологиялық-эволюциялық дамудың орнына тарихи-әлеуметтік дамудың келуі азғантай тарихи кезеңнің өзінде-ақ өз жемісін бере бастады. ?Бүл өзгерістердің басты нәтижесі - «мәдениет» деп аталатын дүниежүзілік тарихи қүбылыс болып табылады. Оған еңбек қүралдары, түрғын үйлер мен түрмыс-тық қүрал-жабдықтар, тіл, дін, өнер, білім, адам бойындағы ізгілік қасиеттер және т. б. жаттьь; Антропогенездің (адамның пайда болуы) басында мәдениеттің жекелеген элементтері жөнінде ғана айтуға болса (мысалы: еңбек қүралдары), ендігі жерде мәдениеттің толып жатқан басқа салалары жайында да нақты деректер келтіруге болады.
Кейінгі палеолиттің мәдениеті жөніндегі алғашқы ғылыми мөліметтер Францияның оңтүстігі мен Испанияның солтүстігінде жүргізілген археологиялық қазба жүмыстарының қорытындыларына байланысты негізделген. Ауа райы мен ланд-шафттың өзгергеніне қарамастан, Еуропаның бүл бүрышы адамдардың өмір сүруіне өте қолайлы болған. Сондықтан да болар, бүл өңірді мыңдаған жылдар бойы көптеген халықтар мекендеген. Бүл қүпия жерлерді ғылыми түрғыдан зерттеуде өткен ғасырдан бастап француз жөне испан археологтары үлкен белсенділік көрсетті. 1879 ж. испан археологы М. Саутуола Аль-тамир үңгірінен кейінгі палеолит дөуірінің алғашқы кескіндеме ескерткіштерін тапты. 1895 ж. Францияда Анри Брейль (1877- 1961 ж. ) Везера жазығындағы Ле-Комбатель үңгірінен мамон-тың, бизонның (тағы өгіздің), аюдың, жылқының жүзге тарта бейнелерін тауып, мол олжаға кенелді. Бір ғажабы, бүл бейнелердің арасынан адам бейнелері де кездескен. Дәл осы жылы Ле-Комбательден жақын арадан археолог Пестрони Фон де Гом үңгірін түтастай (сурет галереясын) ашып, мол олжаға кенелді. Оның ішінде жабайы жылқының - 40, мамонттың - 40, бүғының - 17 суреті бейнеленген. Суреттер охрамен және тағы да басқа бояулармен салынған, өкінішке орай, бүл бояулардың қалай дайындалғандығы осы уақытқа дейін қүпия қал-пында қалып отыр.
Тарихқа дейінгі бейнелеу өнерінің тағы бір тамаша туынды-сы 1940 ж. Францияның оңтүстік-батысындағы Монтиньяк қала-шығының қасындағы Ласко үңгірінен табылған «Алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы». Бүл бейнелеу өнерінің әсерлігі соншалық, көптеген адамдар олардың түпнүсқа екендігіне күмән келтіріп, жүртты мазақ ету үшін осы заманғы суретшілердің салған туындылары деген лақап таратты, алайда бүл жалған пікірді ғылыми сараптама мүлде жоққа шығарды.
Кейінгі палеолит дәуірінің үңгір суретшілерінің аң бейнелерін нанымды етіп салынғаны соншалық, олар көрген адамға аты-луға дайын түрған тірі аңдардай әсер қалдырған. Ласко үңгірінің қабырғалары сарғыш балшықпен, күйемен, ақ балшықпен сы-ланып, қарамен жиектелген жүздеген сары, қызыл, қоңыр кескіндермен безендірілген. Ең ғажабы - осы бір бизондардың, жылқылардың, бүқалардың, мүйізтүмсықтардың, жылқылар мен текелердің кескіндері адам таңқаларлықтай етіп бейнеленген. Өнер тарихында бірінші бүқа, екінші бүқа, үшінші бүқа, төртінші бүқа деп бейнеленген, күші тасыған тіпті атылуға дайын түрған бүқа күшін, оның тесіле қараған көз жанарын, делдиген та-науы мен түзу мүйіздері сараң да, қүпия штрихтер арқылы сенімді, әрі өктем етіп бейнеленген.
Альтамир үңгіріндегі жаралы бизонның өркеші монумент сияқты, сүлап түскен тау тәрізді жоталанып көрінеді. Фон-де-Гом (Франция) үңгіріндегі бүғының садақша иілген мүйізі бүкіл композицияға поэтикалық рух берсе, ал Франциядағы Нико үңгірінен табылған бизонның сымбатты кескінінен мүлтіксіз шеберлікпен бейнеленген аң тағылығын, оның айбынды күшін көреміз.
Осы орайда алғашқы қауымдық қүрылыстың «түрмыстық» түрін бейнелейтін, күрделі сюжетті жартастағы бейнелерге толы Ласко үңгіріне тағы да қайтып оралғанды жөн көрдік. Мүнда найзамен жараланып, ішек-қарны ақтарылып бизон жатыр да, оның алдында шалқасынан қүлаған адам бейнеленген. Шеткеріректе мүйізтүмсық түр, адамды жеңген сол болуы да мүмкін деп жорамалдауға болады. Баланың салған суретіндей, адам долбарланып олақ бейнеленсе де, бірде-бір бала (егер бүл суреттерді балалар салды деп есептесек) қансыраған бизонның трагедиясын жеңіп шығып, үзап бара жатқан мүйізтүмсықтың мығым да, саспас қадамын дөл осындай етіп шынайы бере ал-маған болар еді. Сондықтан да, жан тебірентерлік бүл көріністер үңгір суретшісінің жай ғана қиялы емес, үңгір адамдарының нақты емір тіршілігі, тарихи шындық. Осының бәрі - адам қуатын емес, аң қуатын мадақтау, ал оны жеңу табиғаттың дү-лей күштері алдында әлі де дәрменсіз адамның алдындағы ас-қаралы міндеті болып саналады.
Аң аулаумен және еңбек процесімен тығыз байланысты бол-ған алғашқы қауымдық қүрылыс өнері адамның қоршаған ор-таны біртіндеп тануы мен оның сол бір жүмбақ жарық дүниеге деген көзқарасын көрсетті. Кейбір өнертанушылар палеолит дәуіріндегі адамның бейнелеу қызметін үш кезеңге бөледі де, олардың әрқайсысының жаңа сапалық бейнелеу түріне көшіп отырғандығын ерекше атап көрсетеді. Бірінші кезеңі - нату-ралдық шығармашылық кезеңіне - туштан, сүйектерден жа-салған композиция тән. «Табиғи бейнелеу» деп аталатын екінші кезеңде түрлі пішіндер мен нүсқалар, барельф және ірі балшық мүсіндер жасау басты орын аладьь! Үшінші - кейінгі палеолиттік бейнелеу шығармашылығы кеЗеңінде үңгірлердің қабырғала-рына түрлі мазмүндағы суреттерді сүйекке ойып салу кеңінен орын алды. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жайт - алғашқы қауымдық қүрылыс дәуірінде бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің де пайда болғандығы. Олар: графика, кескіндеме мен силуэт (контурлық суреттер), мүсін енері (тастан қашалған немесе балшықтан жасалған фигуралар; кескіндеме (минерал-дық бояулармен салынған түрлі-түсті бейнелер) . Сонымен қатар рельефтер, тас пен сүйекке ою сияқты сөндік өнердің түрлері де пайда бола бастады.
Палеолит дәуірі өнерінің таңғажайып туындылары Украина-ның Мезинск қаласында табылған. XIX ғ. табылған бүл архео-логиялық мол олжаның арасында тас және сүйектен жасалған еңбек қүралдарымен қатар, киім тігетін көзі бар инелер, сүйек-тен жасалған сымбат геометриялық әшекейлер, ал мамонттың азу тісінен жасалған түрлі статуэткалар мен мүсіндер, білезіктер және т. б. әдемі геометриялық әшекейлермен, оюлармен безендірілген. Геометриялық әшекейлер - Мезинск өнерінің басты элементі болып табылады. Ирек сызықтарға толы мүндай геометриялық әшекейлер соңғы кездерде Шығыс және Орта Еуропаның палеолит дәуіріне жататын көптеген қоныстарынан табылып отыр.
Ал осы бір абстрактылы әшекейлер нені білдіреді және ол қалай пайда болды деген сүрақтардың түйінін шешуге талпы-нушылар аз болған жоқ, өйткені реалистік түрғыдан салынған үңгірлік өнер туындыларына (суреттерінде) бүл геометриялық стиль мүлде сай келмейтін еді. Бірақ ғалымдар арнайы үлкейткіш құралдардың көмегімен мамонттың азу тісінің кесілген жерін зерттеп қараған кезде, оның да Мезинск ескерткіштеріне ұқсас иректелген әшекейлі сызықтардан тұра-тындығын анықтаған. Демек, Мезинск әшекейінің негізі - та-биғаттың өзінен туындаған әшекейлер болып табылады. Ме-зинск қонысының бір үйінен мамонттың сүйегінен жасалған музыкалық аспап табылған. Ол ритмдік шу тудыратын дыбыс-тарға арналған.
Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныс-тардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге үшырағанды-ғын қысқаша қарастырып көрейік.
1. Перигорд кезі (35-20 мың жыл) . Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бүл дәуірдің басты ескерткіштері мынан-дай: шеттері өңделген шақпақ тас қүралдары, сүйектен жасал-ған біздер, найзаның үштары жөне т. б. Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адам-дардың бейнелері кездесе бастайды.
2. Ориньяк кезі (30-19 мың жыл) . Бүл дәуірде адамдар ме-кендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қол-дардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым ада-мы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсету-ге, өзінің өмір сүргендігін болашақ үрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының 17 түрін білген жөне оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адам-дарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қара-мастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныс-тар жасады. Жүмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бүл ал-ғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл түрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана үрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің («Венераларының») 150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің әр елдерінде, оның ішінде Италияда,
Австралияда, Чехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет өлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері өйел денесінің сүлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөрі үрпақты көбейтер қасиеті - әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты.
Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40-30 мың жыл өткен. Олар-дың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воро-неж) Венерасы»- деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің үстамдылығымен таң қалды-рады. Бүл өнер туындылары - аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі бол-ған алғашқы нүсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастап-қы бейнелері болғандықтан аса қүнды мәдени еекерткіштер болып саналады.
3. Солютре кезі (18-15 мың жыл) . Мүздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай езгерістер енгізді. Кремнийді өңдеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның үштары, пышақ, қанжар және т. б. жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тіпті кремнийдін көмегімен сүйек пен тастан жасалған бүйымдар безендіріле бас-тады.
4. Мадлен кезі (15-8 мың жыл бүрын) . Бүл дәуірде алғаш-қы адамдар қатал табиғат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде түрды, мамонт, солтүстік бүғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шүғылдану біртіндеп жо-ғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған қүрал-саі мандар, түрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бүрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі үғымы-ның кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.
Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан қалды алғашқы қауым-дық қүрылыс мәдениетінің шыңы деп қарастыруға болатынды-ғын ерекше атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотеспан үңгірлеріндегі өнер туындыларын ғалымдардың осы Мад-лен дәуіріне жатқызуы тарихи шындыққа жанасымды сияқты. Олардың ішіндегі ең атақтысы Альтамир үңгірі - алғашқы қауым бейнелеу өнерінің «Сикст капелласы» деген атаққа ие болды. Бүл үңгірлердегі өнер туындыларының ішінде адамның өз қаруымен мерт еткен жанталас үстіндегі аңның бейнесі, адам-зат баласының келешекте жеңетіндігін мойындап, болжап білгендей әсер қалдырары сөзсіз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz