Беларуссия Республикасының геосаяси жағдайы. ТМД саяси картасындағы орны мен маңызы
Жоспар
Кіріспе
1. Беларуссияның географиялық орны. Табиғатының басты ерекшелігі
2. Тектоникалық құрылымы, жер бедері, пайдалы қазбалары
3. Климаты, ішкі сулары
4. Табиғат зоналары (өсімдігі, жануарлары)
5. Беларуссияның туристік-рекреациялық мүмкіндігі. Шығыс Еуропа
туризміндегі орны
2.1 Беларуссияның экономикалық-географиялық жағдайы
2.2 Беларуссия Республикасының геосаяси жағдайы. ТМД саяси картасындағы
орны мен маңызы
2.3 Беларуссия Республикасының халқы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі
2.4 Беларуссия Республикасының табиғат ресурстары, шаруашылықты дамытудың
маңызы
2.5 Беларуссия Республикасының өнеркәсібі, маманданған салалары
2.6 Беларуссия Республикасының ауыл шаруашылығы, оның даму бағыттары
2.7 Беларуссия Республикасының көлік кешені және байланыс құралдары
2.8 Беларуссия Республикасының ішкі айырмашылықтары, экономикалық аудандары
3.1 Беларуссия Республикасының ТМД кеңістігіндегі орны, нарықтық экономика
жағдайындағы даму мүмкіндігі
Кіріспе
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы басты оқиғалардың бірі – социалистік
жүйенің және оның негізінде құрылған халықаралық экономикалық қатынастардың
ыдырауы. Социалистік жүйенің темірқазығы болып саналатын Кеңестер Одағының
бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі жаңа мемлекеттік құрылымдардың
қалыптасуына, өндірістің қысқаруына, елдер арасындағы шаруашылық-
экономикалық және әлеуметтік – мәдени байланыстардың әлсіреуіне, тіпті
үзілуіне апарып соқты. Соның нәтижесінде 50 жылға жуық 10 социалистік елді
біріктіріп, үздіксіз жұмыс жасаған, үш құрлыққа қанат жайған Өзара Көмек
Кеңесі (ӨКК) ұйымы өз қызметін тоқтатты. Бұл ұйымға мүше елдердің үлесіне
дүние жүзінде өндірілетін ұлттық табыстың 25%-ы, өнеркәсіп өнімінің 30%-дан
астамы, ауыл шаруашылығы өнімінің 20%-ы тиесілі болатын.
Кезінде Кеңестер Одағы құрамында болған тәуелсіз мемлекеттер өздерінің
экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра отырып, бұрынғы
одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан еңбек бөлінісі мен өзара
ынтымақтастықтың қажеттілігіне көз жеткізді. Сөйтіп, ынтымақтастықты дамыту
және одан әрі жетілдіру мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.
Жаңа құылған ТМД елдері экономикалық - әлеуметтік жағдайды орнықтырумен
қатар, шекаралық мәселелермен де айналысуға мәжбүр болды. Өйткені Кеңестер
Одағы кезінен бері оңтүстіктегі көрші Қытай елімен шекаралық мәселелер өз
мәніндегі дұрыс шешімін таппаған болатын.
Тәуелсіздік алып, қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз
мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басымдылықтарын қалыптастыра
отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи қалыптасқан еңбек
бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді. ТМД елдері арасындағы өзара
экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен басталды. 1993 жылдың
қыркүйегінде Мәскеуде мемлекет пен үкімет басшыларының қол қоюымен ТМД
елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісімшарт жасалды. Экономикалық
одаққа алғашында 8 мемлекет, яғни Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей,
Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова кірді.

Жерінің ауданы – 207,6 мың км2. Халқы – 9,8 млн адам (2004 ж.).
Астанасы – Минск. Мемлекеттік құрылымы – республика. Мемлекет басшысы –
президент. Заң шығарушы органы – парламент. Беларусь Республикасының заң
шығарушы органы – Ұлттық жиналыс (екі палаталы Парламент). Ол Өкілдер
Палатасы және Республика Кеңесінен тұрады. Өкілдер Палатасы (төменгі
палата) жалпыға бірдей, ерікті, тең, тікелей жасырын дауыс беру арқылы
сайланады. 110 депутаттан тұрады. Мемлекеттік тілі – беларусь тілі. Ұлттық
валютасы – беларусь рублі. Ресми атауы – Беларусь Республикасы. Ірі
қалалары – Гомель, Могилев, Витебск және Гродно. Діндері – дінге
сенушілердің 70%-ы – православиелік христиандар. Рим-католик шіркеу
діншілдердің 20%-ін біріктіреді. Сонымен қатар, униаттық, иудейлік және
исламдық конфессиялар өз қызметтерін жалғастыруда. Ұлттық мерекесі –
Тәуелсіздік күні (1990 жылдың 3 шілдесі).
Беларусь Республикасы солтүстік-батысында Литва және Латвия
мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, ал батысында
Польшамен шектеседі.
Елдің теңіздік шекаралары жоқ; ол ұзақ уақыт бойы Ежелгі Орыс
мемлекетін Еуропа елдерімен жалғастырып жатқан көпір іспеттес болды.
Географиялық орнының бұл ерекшелігі Беларусь жерінің соғыс өртінің отына
орануына себепші болды. Әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Беларусь
аумағын Германияның түгелімен дерлік басып алуы ел халқы мен экономикасына
елеулі зиянын тигізді. Соғыстан кейінгі жылдары елдің экономикалық-
географиялық орны түбірімен өзгеріске түсті. Ендігі жерде одақтас және
бауырлас социалистік елдердің қоршауында орналасқан Беларусь
Республикасының географиялық орны өте қолайлы сипат алды. Беларусь жері
арқылы аса маңызды құрлықтық қатынас жолдарының (теміржол, тас жолдар,
құбыр жолдары) өтуі елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға
мүмкіндік берді.
Аумағының қалыптасу тарихынан. VIII—ІХ ғасырларда Беларусь жеріндегі
князьдіктер Киев Русінің құрамында болды. Бұл ежелгі славян мемлекетінің
ыдырауы нәтижесінде бытыраңқы сипат алған князьдіктер XIII ғасырда Ұлы
Литва князьдігіне бірікті. Ал XVIII ғасырда Беларусь шамамен қазіргі
шекарасында Ресей империясына қосылды. XIV ғасырдан бастап Белая Русь, яғни
қазіргі Беларусь атауы пайда болды. 1919 жылы 1 қаңтарда Беларуссия
Кеңестік Республикасы құрылғаны жарияланды, оның құрамына елдің батыс
бөлігіндегі Гродно және Брест облыстары тек 1939 жылы ғана қосылды. 1991
жылы 25 тамызда Егемендік туралы декларация қабылданып, Беларусь тәуелсіз
жеке мемлекетке айналды. 1997 жылы ел Ресей Федерациясымен одақ құрды.
Беларусь аумағы шекараларының 13-ін Ресеймен шекарасы құрайды.
Беларусия Балтика, Азов – Қара теңіз және Касспий бассеиіндерінің
орталығында жайғасқан, сол себеп географиялық орналасуы өте қолайлы.
Беларусия шектесіп жатқан мемлекеттер Россия, Польша, Украина,
Литва болып табылады. Беларусия территориясы Рессей, Петербурк, Киев,
Балтық мемлекеттерінен шамамен 500 км жердей қашықтықта жатыр.
Шекара бойлап табиғат тосқауылы болмаған соң оның территориясына
өтуге оңай болады. Мемлекет арқылы үлкен транзитті магистрал
өткен. Бұл транзитті магистрал арқылы Ресейге және басқа мемлекетке
өту өте қолайлы. Беларусияда теңізге шығатын жолы жоқ. Кәзіргі
кезде Беларусия Балтық теңізі жағалауын пайдаланып Ресейдің
Колинград обылысымен қарым қатынасы өте ықпалды орын иеленді. Бұл
жерде Калинграттың Светлый қаласына бағытталған терминал қрылып
жатыр. Кәзіргі таңда Беларусяия және Ресей мемлекеттер арасында
балық аулау компониялары құрылды.
Беларусияның географиялық орналасуын барлық кезде жақсы болды
деуге болмайды. Себебі оның территориясы арқылыталай рет зиянды
соғыстар өтткен. Екінші дүние жүзлік соң Совет Одағы кезінде
территориясына экономикасына бір – біріне жәрдем беру одақтарына жақын
болған себепті өркендеуге үлкен үлес қосты. С \ 5\
Өркендеудің барлық кезеңінде Белорусияның геополитикалық стратегиялық
орналасуы қажетті болды. Оның маңызы Совет Одағы ыдырығаннан соң
күшие түсті. Себебі Еуропалық Одақ және Ресей ді Беларусия өзінің
стратегиялық қызығу жағынан қарастырды. Кәзіргі кезде Балтық
елдерімен саяси географиялық қарым – қатынасы өте жақсы.
Елдің теңіздік шегаралары жоқ; ол ұзақ уақыт бойы Ежелгі Орыс
мемлекетін Еуропа елдермен жалғастырып жатқан көпір іспеттесі болды.
Географиялық орынның бұл ерекшелігі Беларусь жерінің соғыс өртінең
отына орануына себепші болды. Әсіресе Екінші дүние жұзлік соғыс
кезінде Беларус аумағын Германия түгелімен дерлік басып алуы ел
халқы мен экономикасына елеулі зиянын тигізді. Соғыстан кейінгі
жылдары елдің экономикалық географиялық орын түбірімен өзгеріске
түсті. Ендігі жерде одақтас және бауырлас сойиалистік елдердің
қоршауында орналасқан Беларусия Республикасыны географиялық орыны өте
қолайлы сипат алды.
Беларус жері арқылы аса маңызды құрлықтық қатынас жолдарының (темір
жол, тас жолдар, құбыр жолдар) өтуі елдің сыртқы экономикалық
байланыстарын дамытуға мүмкіндік берді.
Беларусия территориясы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстігінде
орналасқан. Жерінің көп бөлігін яғни 3\5 бөлігтеңіз денгейіне 100 –
200 метр биіктікте орналасқан. Ең биік нұктесі Минск биіктігі
болып келеді. Минск биіктігі теңіз денгейіне 346 метр биіктікте.
Беларуия аумағының оңтүстіктен солтүстікке қарай биік емес қырыттар
алып жатыр. Ортасында Минск биіктігі орналасқан. Беларусияның
оңтүстігінен солтүстігіне қарай Полесья алып жатыр Оның жалпы аумағы
6,1мли гектарды алып жатыр. Бұл Беларусияның 30% жерін құрайды.
Климаты: Ауа райына тоқталар болсақ бұл аумақ Атлан мұхитына
жақын орналасқан, яғни қоңыржай ылғалды болып келеді. Қаңтардың
орташа температурасы аймақта екі түрлі байқалады. Оңтүстік батыста
- 4С, болса, ал солтүстік шығыста -8С-қа дейін жетеді. Ал шілденің
орташа температурасы солтүстігінде 17С болса, оңтүстігінде 19 С
болады.
Оңтүстік батыста Солтүстік шығысқа қарай аумақта вигитациялық
кезең өтеді. Вигитациялық кезең оңтүстік батыста 208 күн болады, ал
солтүстік шығыста 178 күн болады. Жылдық жауын шашын мөлшері
оңтүстік және оңтүстік батыста 500 мм – ге дейін жетсе, ал биік
аймақтарда 600 – 700 мм – ге дейін жетеді. Жауын шашынның көп мөлшері
вигитациялық кезеңде болғандықтан, егіншілікке өте қолайлы болып
табылады.
Беларусь Республикасының Туы
Беларусь Республикасының Гербі
МИНСК – БЕЛАРУССИЯНЫҢ АСТАНАСЫ
2. Климаты, ішкі сулары
Батыс Шығыс Еуропа жазығында Днепр, Батыс Двина мен Неман өзендерінің
аңғарларын алып жатыр. Жерінің басым бөлігі теңіз деңгейінен 100 - 200 м
ғана биік. Климаты коңыржай континенттік. Қысы аса суық емес, ылғалды, жазы
салқын, жаңбырлы. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600 700 мм. Батпақ жиі
кездеседі. Басты өзендері: Днепр (салалары Припять, Сож, Березина), Батыс
Двина, Неман (саласы - Вилия). Жерінің 33%-і орман болып келеді. Ормансыз
жерлері – шалғын, жайылым. Хайуанаттардан зубр, елік, тиін, түлкі, қоян,
т.б. мекендейді. Березина қорығы мен Беловеж нуы сирек кездесетін аңдардың
көбеюіне септігін тигізуде.
Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған. 2-5
ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастады да, 9
ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде
славяндардың 3 ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде
дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы
жағына кривичтер қоныстанған. 9 ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты
Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді. 9-11 ғасырларда егіншілік
кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің
ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың
2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды. 14 ғасырдың аяқ
кезінен бастап кейбір қалалар (Брест, Гродно, Минск, Могилев) өзін-өзі
билеу құқын алды. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор
көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 14 ғасырдың аяғында Тевтон ордені
шабуылы күшейгендіктен 1385 ж. Польшамен Литва арасында Хрево униясы
жасалынды. Орден әскері талқандалғаннан кейін 1413 ж. поляктар мен
литвандар арасында жаңа уния (Городельск) жасалынды. Бұл келісім бойынша
Ұлы Литва князьдігінің дербестігі сақталды, бірақ поляк королі оның үстінен
қарайтын болды. Литва князьдігінің Ливон соғысында (1558-83) Ресейден соққы
алуы оны Польшамен бірігуге мәжбүр етті. 1569 ж. Люблин униясы бойынша Ұлы
Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін
құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін
ығыстырып, католик діні енгізіле бастады. 1648 ж. басталған Украинадағы ұлт-
азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды. 18 ғасырдан бастап поляктарға қарсы
ұлт-азаттық қозғалыс онан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет
бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19
ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір жолдар
салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 - 18)
кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады. 1917
ж. Ақпан төңкерісінен кейін 1917 ж. шілдеде құрылған Белорус радасы
тәуелсіз мемлекет болу жолында күрес жүргізді. Олар 1918 ж. ақпанның 19-нан
20-на қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып
алды да, Беларусь Халық Республикасын құрды. 1919 ж. қаңтарда бұл үкіметті
Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 ж. 1 қаңтарда Белоруссия
Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. 30 желтоқсанда
КСРО құрамына енді. Молотов — Рибентрон келісімі бойынша 1939 ж, қараша
айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғайды. 2-дүниежүзілік
соғыс кезінде Беларусь жері тағы да неміс әскерлерінің қол астында қалып,
зор ауыртпалықтарға ұшырады. Соғыстан кейін қираған шаруашылықты калпына
келтіру жұмыстары жүргізілді, өнеркәсіптің жаңа салалары (автомобиль, кеме,
трактор жасау. т.б.) құрылды. Экономикасы дамыды. Ауыл шаруышылық өнімдері
де артты. Ағаш өңдейтін, қағаз жасайтын кәсіпорындар ашылды. 1990 ж.
Беларусь Жоғарғы Кеңесі елдің тәуелсіздігін жариялады. 1991 ж. 8
желтоқсандағы Беловеж келісімінен кейін Кеңес Одағы таратылып, Беларусь
толық тәуелсіздік алды. 1994 ж. 10 шілдеде алғашқы президенті болып А.Г.
Лукашенко сайланды. Беларусь Қазақстан тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Екі ел
арасында экономикалық, кедендік және мәдени келісімдер жасалынып, достық
қарым-қатынас орнаған. Беларусь Кеден одағына БҰҰ-на, ТМД-ға мүше. Ресей
Федерациясымен Беларусь арасында қол қойылған (1999 жылы желтоқсан) шартқа
сәйкес жаңа одақтың келісімі жасалынды. Беларусияда химия өнеркәсібі,
автомобиль және трактор жасау, қорғаныс өнеркәсіп кешендері, электр
бұйымдарын шығару, ет-сүт, ауыл шаруашылық және т.б. өндіріс салалары
дамыған. Республикада қалий, тұз, көмір, мұнай, темір, фосфорит кен
орындары бар. 20 ғасырдың 90-жылдары ел экономикасы дағдарысқа ұшырап,
жалпы ішкі, өнім 10 жыл ішінде 12%-ке төмендеп кетті. Экономикалық
құрылымындағы мемлекеттік емес салалардың үлесі экономикада 34%. (1998), ал
шеттен тартылған инвестиция мөлшері 6,5% (1997).

Беларусия экспортқа шығаратын көп бөлігі өндірілетін өнімдер.
Ауыл шаруашылық өнімдері соның ішінде машина құрлымдарының
өнімдері ( автомобил, станоктар, ауыл шаруашылық техникалары,
мұздатқыштары, тоңазтқыштар ) 30 % экспорты құрайды. Химия өндірісі
бойынша ( азот калий, минералды тынайтқыштар, пласмасалар) 30% құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдері және тамақ өнеркәсіп өнімдері жеңіл
өнеркәсіп 3% - құрады. Мемлекетте жасалтын эмипортың көп бөлігін
жанармай 30% құрады. Машина құрал жабдықтары 20 % - ті құрады,
ауыл шаруашылық өнімдері 13 % және металл 12% құрады.
Сыртқы сауда қатынасында басты орында ТМД елдері иеленеді соның
ішінде Ресей басты орынды иелеп экспортың 84,5 % - ін құрады.
Беларусиядан шығататын 90% жүк автомобилі, 80% станоктар мен
мұздатқыштар, 60% шикізат Ресейге шығарады. Ресей Беларусияға
жанармай және металл шығарады. ТМД елдерінің арасында екінші орында
Украина иеленіп 12,6 % экспорты 5,7% импорт құрайды. Алыс
шетелдерден Гемания, Польша, Литва, Нидерланды елдерімен сыртқы
экономикалық қарам – қатынаста көзге түседі.

Республика Кеңесі (Жоғарғы палата) территориялық өкілдіктер палатасы
болып табылады, оның құрамына 64 депутат кіреді: олар жасырын облыстық және
Минск қалалық Кеңестерінің отырыстарында сайланады, 8-ін ел Президенті
тағайындайды.
Парламент өкілеттігінің мерзімі — 4 жыл.
Атқарушы билікті Премьер-Министр бастаған Үкімет — Министрлері Кеңесі
іске асырады. Үкімет Президент пен Ұлттық жиналыстың алдында есеп береді.
Сот билігін Беларусь Республикасы Заңдарында қаралған территориялық
және мамандаңдырылған принциптерге құрылған жалпы шаруашылық және де
басқадай соттар іске асырады. Жалпы соттарға мыналар жатады: Беларусь
Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық, Минск қалалық, аудандық (қалалық),
сондай-ақ әскери соттар. Шаруашылық соттары: Беларусь Республикасының
Жоғарғы шаруашылық соты, облыстардың және оларға теңелген соттар, қалалар
мен аудандардың шаруашылық соттары.
Мемлекетте нормативтік актілердің конституциялығын бақылауды
Конституциялық сот іске асырады, оның алты мүшесін Президент тағайындайды,
алтауын Республика Кеңесі сайлайды. Өкілеттік мерзімі — 11 жыл.
Саяси партиялары мен қозғалыстары. Беларусьтің Әділет министрлігінде 18
саяси партия, 39 республикалық кәсіподақ. 1500-ден астам қоғамдық
бірлестіктер тіркелген.
Аса белгілі саяси партиялар: Ұлттық Громала Беларусь социал-
демократиялық партиясы, Біріккен азаматтық партия, Беларусь халық майданы
партиясы. Либералдық-демократиялық партия, Консервативтік-христиандық
партия, Беларусь әйелдерінің "Надзея" партиясы, Беларусь Коммунистік
партиясы, Аграрлық партиясы.
Негізгі қоғамдық бірлестіктер: Беларусь жастарының патриоттык одағы.
Беларусьтік Хельсинки комитеті. Яблоко.
БР Статистика министрлігінің мәліметі бойынша, 2005 жылы ішкі жалпы
өнімінің (ВВП) өсуі — 9,2%. инфляция — 8%, өнеркәсіп өндірісінің өсімі —
10,4% болды. Жан басына шаққанда жалпы өнім 7700 долларды құрады. Қазақстан
- Беларусь қарым-қатынастары. 1992 жылдың 16 қыркүйегінде
Қазақстан Рсспубликасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық
қарым-қатынастар орнады.
1993 жылдың 9 қаңтарында Беларусь Республикасында ҚР Елшілігі ашылды.
1997 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасында БР Елшілігі ашылды.
Саяси қарым-қатынастары. Казақстан мен Беларусь арасындағы қарым-
қатынастар өзара түсіністік пен сенім аясында дамуда, және халықаралық
мәселелердің көпшілігі бойынша біздің аймақтық елдердің позициялары бірдей.
Мұндай қатынастардың позитивті тез қарқынмен дамуына жоғарғы денгейден екі
жақты және көп жақты әртүрлі кездесулер өз ықпалын тигізуде.
1999 жылдың қарашасында Беларусь Республикасының Президенті
А.Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді.
Ал 2000 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев Беларусь Республикасына ресми сапармен барды.
2000 жылдың қазанында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі
В.Ермошин ресми сапармен Қазақстанға келді.
2004 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары С.Мыңбаев Минскіге жұмыс сапарымен
барып қайтты.
2005 жылдың 18—19 мамыры аралығында Беларусь Республикасының
Президенті А.Лукашенко ресми сапармен Қазақстан Республикасына келіп
қайтты.
2006 жылдың 11 қаңтарында Беларусь Халық жиналысы Кенесінің төрағасы
Геннадий Новицкий басқа қонақтармен бірге Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурация рәсіміне қатысты.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық. 2005 жылы Қазақстан мен Беларусь
арасындағы сауда айналымы 234,5 млн. долларды құрады (Қазақстан экспорты —
26,5 млн., импорты — 208,0 млн.). Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 168,1 млн.
доллар болған еді (тиісінше экспорт — 18,3 млн., импорт — 143,8 млн.).
Қазақстан Беларусьтен кондитерлік өнімдер, дәрі-дәрмектер, шиналар мен
подшипниктер, тұрмыстық электротехника, тракторлар мен бульдозерлер,
жиһаздар, жүк автомобильдері, жол техникасы және басқа да өнімдер әкеледі.
Беларусь Қазақстаннан мақта талшығын, арпа, бидай, темекі, жүн, болат
прокатын алады.
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық. Екі жақты қарым-қатынастардың негізі
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметінің
арасындағы 1996 жылдың 17 қаңтарында жасалған мәдени, ғылым және білім
салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісім болып табылады.
Сыртқы саясат жөніндегі ведомстволардың атсалысуымен екі елдің бір-
бірінің тарихымен, дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен, қазіргі мәдениетімен
танысу, оларды насихаттау жүзеге асырылып келеді. Бұл шараларға
Беларусьтегі Елім-ай қазақ қоғамдық бірлестігі мен Қазақстандағы Беларусь
мәдени орталықтарының септігі тиюде.
2005 жылдың 11-13 көкегінде Минскіде Астана қаласының Мәдениет күндері
етті. Ал осы кезде дәл осындай іс-шараларды Астанада өткізуге Минскі де
дайындалып жатты.
Қазір Беларусьті азат ету үшін болған шайқастарда опат болған 70
қазақстандық Советтер Одағының Батыры туралы естелік кітапты шығаруға
дайындық жүріп жатыр.
Саяси байланыстарды реттеу және шығармашылық ынтымақтастықты тереңдету
үшін Қазақстан Жазушылар Одағы мен Беларусь Жазушылар Одағының арасында
Келісімге қол қою 95 жоспарлануда.
Қазақстан мен Беларусь арасындағы ғылыми байланыстың негізі — ғылыми-
техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісім.
1999 жылдың маусымында Беларусь жағының бастамасы бойынша Беларусь
Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Президумы жанынан сол академияның
мүшесі болып саналатын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың
жеке өкілдігі ашылды.

Халқы. 2004 жылдың сонына қарай Беларусь халқының саны 9,8 млн адамға
жетті. Беларусь Республикасы — ТМД елдері арасында халқының саны өте баяу
өсіп келе жатқан елдердің бірі. Табиғи өсу 2000 жылы — 0,5%-ды құрады, яғни
ел бойынша туудың орташа көрсеткіші — 9%, ал өлім 14% шамасында болды.
Қазіргі кезде ауыл мен қаланың демографиялық көрсеткіштері үлкен айырма
жасап отыр. Қалаларда туу 12% болса, ауылды жерде бұл көрсеткіш бар болғаны
— 8%. Өлім тиісінше 9% және 18% болады. Беларусь тұрғындарының өмір жасының
орташа ұзақтығы — 68 жас. Халық санының өзгеруіне көші-қон да елеулі түрде
әсер етеді. Жалпы алғанда, Беларусь жерінен көшіп кеткендер санынан көшіп
келгендер саны әлдеқайда артық.
Ел халкының ұлттық құрамында беларустар (78%) басым, олардан басқа
орыстар (13%), поляктар (4%), украиндар (3%) және басқа ұлт өкілдері
тұрады. Мемлекеттік тілдері — беларусь және орыс тілдері, шекаралық
аудандарда поляк, украин тілдері де кеңінен тараған. Халықтың 45-і
христиан дінінің православие бағытын ұстанса, 15%-ға жуығы католиктер болып
табылады.
Елдегі халықтың орташа тығыздығы әр шаршы км-ге шаққанда 47,4 адамнан
келеді, ен жоғары тығыздық Минск каласы мен облысында (1 км-ге 85 адамнан)
байқалады. Ал Витебск облысы елдегі халық ең сирек орналасқан аумақ болып
табылады. Урбандалу деңгейі әсіресе Могилев және Витебск облыстарында
жоғары. Ірі қалалары: Минск (1,6 млн тұрғыны бар), Гомель, Могилов,
Витебск, Гродно, Брест. Беларусь аумағында сақталып қалған Полоцк, Туров,
Минск, Витебск, Минск сияқты ежелгі славян қалаларында тарихи көне
ескерткіштер мол. Елдін солтүстігі мен орталық бөлігіндегі ауылдық елді
мекендер (хуторлар) ұсақтығымен көзге түседі, олардың 90%-ының халық саны
200 адамнан аспайды. Оңтүстікте салыстырмалы түрде ірі ауылдар орналасқан.
Беларусь қырқасы - Беларусь Республикасының солтүстік-батысындағы
адырлы-қырқалы алқап. Балтық жазығы мен Полесье аралығында жатыр. Солтүстік-
батыстан оңтүстік-шығысқа, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 500 км-
ге созылған қыраттар жүйесінен тұрады. Оңтүстігінде Гродно, Волковысск,
Новогрудск, Копыл, солтүстігінде Минск, Ошмян, Орша, Витебск қыраттарын
қамтиды. Басым көпшілігі биіктігі 200 м-ге дейінгі қыраттар, ең биігі —
Минск қыраты (645 м). Жер қыртысын негізінен ежелгі Орыс платформасының
Беларусь антиклизасы құрайды. Іргетасының тереңдігі 500 — 1000 м. Жер
бедерінде эрозиялық-денудациялық процестер әсерінен тегістелген мореналық
ірілі-ұсақты төбелер басым. Климаты қоңыржай континентті. Қаңтарда ауаның
орташа темпрасы ~8°С, шілдеде 18°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600 — 800
мм. Басты өзендері: Батыс Двина, Неман. Топырағы шымды-күлгін, күлгінді-
батпақты. Солтүстігінде шыршалы-жалпақ жапырақты, оңтүстігінде шыршалы-
шегіршінді ормандар басым. Қайың, қарағай кездеседі. Ормандардың аумағы
кейін азайған. Жыртылған жерінде қара бидай, картоп, зығыр, қант қызылшасы
өсіріледі.

Табиғаты және табиғат ресурстары. Беларусь аумағын Ежелгі Орыс
платформасы негізінде қалыптаскан жазықтар алып жатыр. Батпақты сипат
алатын ойпаттардың ең ірісі оңтүстікте орналасқан — Беларусь полесьесі. Ел
аумағын батыстан шығысқа қарай кесіп өтетін салыстырмалы түрде биік
қыраттар мен жалдар жүйесін жалпы атпен Беларусь жалы деп атайды. Ел
аумағының ең биік бөлігі болып саналатын Минск қыраты (345 м) солтүстік-
батысқа қарай орналасқан. Жер бедерінің тегіс болуы Беларусь аумағын ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану мүмкіндігін арттырғанымен, батпақтардың көп
болуы қосымша мелиорациялық шаралар жүргізуді қажет етеді.
Ежелгі платформа шегінде жатуы минералды шикізат құрамына да әсер
еткен. Солигорск маңында калий тұздарының дүние жүзіндегі ең ірі кен
орындарының бірі (барланған қоры 42 млрд т) орналасқан. Мозырь, Давыдов кен
орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар. Ел аумағында құрылыс
материалдары (саз балшықтар мен құмдар, қиыршық тастар, құрылыс тастары,
цемент және шыны шикізаты) да мол.
Беларусь жеріне қоңыржай континентті климат тән. Ел аумағында климат
көрсеткіштері үлкен айырма жасамайды (оның себебі неде деп ойлайсыңдар?).
Қыс кезінде ауа райының кенеттен құбылуы жиі байқалады. Қаңтардың орташа
температурасы 5 С тан -8°С-қа дейін өзгеріс жасайды. Жазы коңыр салкын,
жаңбырлы, әдетте, шілденің орташа температурасы + 15°С-тан жоғары
болады. Бұлтты, бұлыңғыр күндер саны басым, жауын-шашынның жылдық мөлшері
500—700 мм шамасында. Ауыл шаруашылығын жүргізуге ылғал мөлшері жеткілікті
болғанымен, кейбір дакылдарды өсіруге жылу жетіспейді.
Беларусь ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz