Наурыз - шығыс халықтарының мерекесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

«Наурыз - шығыс халықтарының мерекесі»

НАУРЫЗ.

Марттың 22- күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.

Шығыс елдерінде, жыл басы наурыз айынан басталады. Бұл - күн мен түннің теңелген күні. Бүл күн баяғыдан бермен қазақтың жыл басы қып ұстап келе жатқан күні. Наурыз күні - қазақ халқы наурыз көже» наурыздама беретін күн.

Бірақ жьгл басыя наурыздан бастап санар жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде гаяа емес, жержүзілік халықтың бәрінде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күз-дігүні суықтың ызгарынан өліп қалған табиғат аспан-нан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды. Көк шы-гады.

Қазақ халқы - мал баққан шаруа халық. Қазақ-тың, мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қал-пына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Соның үшін. қазақта наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

«Наурыз» сөзі - парсы сөзі: «нау» - жаңа, «руз» жыл деген сөзден алынган.

Наурыз бата

Қозыға толсын көгенің,

Түлпар болсын қүлының.

Өрісті болсын жайлауың,

Ырысты болсын қыстауың,

Арыстандай болсын қайратың,

Аюдай болсын айбатың,

Гүлге толсын өңірің,

Көңілді өтсін өмірің.

Асқа толсын табағың,

Ашык, болсын қабағың

Үлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Үлыс бақгы болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Үлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Бата беру - халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Жасы үлкен, қадірлі кісілер тойда, қонақта, шілдехана үстінде, қыз ұзатқанда, келін түсіргенде, дәм соңынан бата берген. Әр қызықтың өзіне лайық батасы болады. Жыл басы - Наурыз мерекесі үстінде де адамдар бір-біріне жақсылық, тоқшылық, ынтымақ, бірлік, құт-береке тілеп, бата берген.

Астыр-ғастыр,

Жұлдыздармен жалғастыр,

Жақсылармен жанастыр,

Жамандардан адастыр.

НАУРЫЗКӨЖЕ

Наурыз көже - жаңа жыл мейрамын қарсы алуға байланысты арнайы дайыңдалатын дәм. Ол су мен тұздан басқа кемінде жеті турлі азыкты пайдалану арқылы пісіріледі (бидай, тары, қамыр, ет, сүт, күріш, май т. б. ) . Бұл асқа соғымнан әдейі сақталған мушелер (бас, жамбас, қазы), айран немесе құрт қосылған. Дәмді ауылдағы әр шаңырақ кезекпен беріп, көрші-көлем, туған-туыстарын шақырған. Қонак, үйінде қанша жан болса, сонша кесе көже ішуі тиіс деп есептелген. Дәм соңынан үлкендер ак, тілеулер айтып, бата беріскен.

Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда ол - жолы болар» - деген тіпті ескі мақал. Және:

Ұлыстың ұлы күнінде,

Бай шығады балбырап,

Қасында жас жеткіншек,

Тұлымшағы салбырап,

Бәйбіше шығар балпиып,

Күндіктері қайқиып.

Келіншек шығар керіліп,

Сәукелесі саудырап,

Қыз шығады қылмиып,

Екі көзі жаудырап,

Бозбала шығар бұрқырап,

Ақбөкендей сырқырап.

Құл құтылар құрықтан,

Күн құтылар сырықтан.

Кетік ыдыс, шөміштің,

Түтіні шығар бұрқырап.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ (орыс тілінде оқытылатын сыныптарға) 9-сынып емтихан тапсырмалары
Наурыз – көне мереке
Наурыз – көне мейрам
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Рождество мерекесі
Наурыз мерекесі
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Бұқаралық мерекелердің тарихы
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Наурыз — халық мейрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz