НАУРЫЗ - ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
НАУРЫЗ - ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ - 5
Пайым
Наурыздың кемелдік пен тұтастық сыйпаты
Ежелгі түркілерде жеті саны Ғарыштың кемелдік күйінің сыйпырлық мәні
ретінде мойындалған. Сондықтан да жеті сөзінен жетік түріндегі кемелдік
сыйпаттың мәні аңғарылады. Бұл сөз о баста астарында кемел ұғымы секілді
сын есіммен қатар, діттеген мақсатқа жетуді көздейтіндей құбылыс пен
әрекеттің де мағынасы болған жет (йед) түрінде болса керек. Түркілік
жеті сөзі тәңірлік әмбебап терминдердің бірі.
Оның түбірі кәзір бұйрық райлы жет болғанмен, ол о баста әрі етістік, әрі
зат есім, әрі сан есім мен сын есімдік сыйпатта қатар болған. Осыдан келіп,
кемелдікті, дамуды білдіретін ұғымның сыйпырлық мәні жеті болып туындаған
және кез келген нәрсенің кемелдігі оның жеті сатыдан өтуін талап еткен.
Сөйтіп, Наурыздың санаттары да жетілік санмен қамтылса керек.

Даму құбылысының түркілер өмірінде маңыздылығы сондай, ол адамзаттың
игілігіне жарап отырған талай таңбалардың да өзегіне айналған. Латын тілі
арқылы дүние жүзіне зет (йед, жед, жет) аталатын әріп те соның бірі: Z .
Біздің ойымызша, бұл төменгі және жоғарғы көлденең сызықшалардың ортасын
қыйғаш сызықпен қосудан тұратын, сәйкес түрде Жер мен Көктің арасын
қосатын жол деген мағынаны білдіретін ежелгі таңба болса керек. Оның атауы
да соны меңзеп, Жет! деп тұрғандай. Қыйғаш сызық болса, өрлеуге,
эволюциялық дамуға тән жолдың тұрпаты. Кәзірде бұл дыбысты бейнелейтін әріп
болғанмен, о баста ол адамның ғарыштық даму сатысын көрсететін тұжырым
болған деп топшылаған мақұл.
Енді осы Z -тің астыңғы сызықшасын алып тастасақ, кәдімгі 7 сыйпырын
аламыз, мәні - қазақша жеті. Бұл таңба шын мәнінде, жер бетінің қым-қуыт
тірлігінен ада, кемелдігі Көкке жеткен жанның белгісі, тіпті, Кемел
рухтың таңбасы деуге болар. Ондай рухты Наурызға қатысты алсақ - Қыдыр ата!
Ол - Көктен Тәңірдің бұйрығы бойынша түсіп, жерлік жандарға тиесілі
ырыздығын таратушы.
Басқа жағынан қарағанда, 7 таңбасы (сыйпыры) асатаяқтың нышаны іспетті. Ал,
асатаяқ қазақ ұғымында аңызға толы рухани қуат пен сыйқыр иесі, кемел
адамның қасиетті құралы.
Ежелгі түркілік Ғарыштың кемелдік сыйпаты үш категорияның жеті еселенуімен
анықталады: жеті дәм (наурызкөже); жеті түс (әшекей, киешек); жеті үн
(жетіген, жеті дауылпаз немесе жеті адамның хоры).
Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы
ойластырылған және іске асырылған. Сол себептен Наурызда біртекті дәм емес,
жетітекті наурызкөже пісірілген. Тіпті, мұндағы көже сөзінің өзі ең
ежелгі тәңірлік танымның терминдерінің жұрнағы болып табылады: кө - Көк, же
- ас, Көктің ырқына сәйкес киелі ас деген мағана сыйып тұр.Наурызкөжеге
жеті дәммен қатар ескі жылдан қалған соғымның, басқа да дәмнің
араластырылуы Жыйыл принципін қанағаттандырудан шыққан. Тайқазанға бір
астың пісірілуіне түрлі уақыттағы алуан тұрпатты дәмдердің салынуы Уақыт
пен Кеңістің бір сәттік және бір қауыздық мәнге ие болу сыйпатын паш ету
болып табылады.
Бояудың кемелдік сыйпаты түркілердің түсінігінде ақ түс болып табылады.
Сондықтан да ақ түс қарттықтың нышаны. Ал, қыс - Жылдың қартаю кезеңі
(маусымы). Сол себепті кемеліне келген адамның бейітіне ақ шүберек
байланады да, ал той-думанда жас-кәрісіне қарамастан қазақтар қызылды-жасыл
(ақ пен қара түстен өзге) алуан түсті киім киінеді. Бұл - мерекелік мәнді
жеті бояулы принципті қанағаттандыруға тиіс Көк шартына бағындыру белгісі.
Наурыз мерекесінің жеті үндік принципін Жаңа жылдың алғашқы таңын қарсы алу
кезінде таңмен таласа қыз-бозбалалардың ауылды бастарына көтеріп, құлын-
танаға қоңырау байлап, азан-қазан, у-шуға бөлеу дәстүрі болғандығы
көрсетеді. Ал, ежелгі замандарда, бәлкім, жеті түрлі аспап тартып, адамдар
хормен ән шырқау дәстүрі болуы әбден мүмкін. Бұған ежелгі Шумерде жасанып
киінген жұрттың дауылпаздатып шеруге шығу көрінісін алуға болады. Әсіресе,
қазақтың жетіген аспабының қолданылуы да Наурыздың бас таңын қарсы алу
кезінде тартылуы ғажап емес. Жетіген сөзінің жетіг+үн тіркесінен шығуы
да соны айғақтайды. Ал, бүгінде хордың көптеген діндердің басты ритуалы
болып сіңірілуінде де Наурыз мерекесінің ежелгі сілемі жатқаны анық.
Бір қызығы, көшегендерде ән-күй өнері негізінен жекедаралық сыйпатқа тән
болғанмен, мереке кездерінде Жыйыл принципіне бағындырылуы, Наурыздың
әлдебір киелі қасиетіне сенуден және ешкім де қасиетті сәтте өзінің
жекедаралығын көрсетуге тиісті еместігінен туындаса керек. Бұл дәстүр,
сондай-ақ, көшегендердің салтанатты сәттерінде қолға алынған үдеріс
екендігін, жуырдағы көрсетілген қытайлық Шыңғыс хан тарихи филмі
алдымызға тағы жайып салды.
Наурыздық принциптер мен дәріптер
Соңғы кездері Наурыздың принциптері аяқасты етіліп, оны тек қана күн мен
түннің теңелуіне байланыстырумен шектеле бастадық. Шын мәнінде Наурыздың
мерекелік сыйпатын ашатын үш мән бар:
- Құбылыс басы;
- Жыл басы;
- Маусым басы.
Құбылыс дегеніміз - Дәмнің, Түстің және Үннің үйлесімдік көрінісі.
Ғарыштағы болатын кез келген құбылыстың дәмі, үні мен түсі болады деген
сөз. Осыған орай, түркілер ниет пен іс-әрекеттің нәтижесіне тән дәмнің,
бояудың және дыбыстың болатынын түрлі жолдармен ашып келген. Болашақ
күндердің баянды болуын жақсы ниет пен аталған негіздерді дұрыс қолдану
арқылы жағымды іске (жазмышқа, тағдырға, пешенеге, бұйрыққа) жол ашу
құпиясын ашқан секілді. Сондықтан да ежелгі түркілер жыл сайын ғаламдық осы
негіздердің Наурыз кезіндегі үйлесімді көрініс табуын баянды бастама
ретінде маңызды шараға есептеген.
Тіпті, күн мен түннің теңелу сәтін ғарыштық өлара мезет, жыларалық меже
ретінде таңдауы да бекер емес, оны ежелгі түркілер Уақыт ағынының үзігі
ретінде таныған. Наурыздың Жыл мен Көктемнің басы болуы сол себепті.
Аталмыш өлара апта наурыз айының кәзіргіше 14-20 (ескіше 1-7) аралығын
қамтып, жеті күнге созылса керек. Сонда Наурыздың шарықтау шегі күн мен
түннің теңелетін 21-22-сі.
Алайда, күн мен түннің теңелуі мерекеге мәйек емес, мәселе оның Құбылыс пен
Жылдың, Көктемнің басы ретіндегі маңызында. Бәлкім, моңғолдар мен ебірейлер
өздерінің жыл басын күзгі күн мен түн теңелуіне сәйкес 22 қыркүйекте атауы
да сондықтан болар.
Бүгінде аталып өтілуі түрлі пікірталас туғызып отырған, өзіне тән мерекелік
атрибуттар мен рәсімдерден ажыраған Наурыз мерекесі біршама тоқырауды
бастан кешуде. Мұның төркіні өзіміздің Наурыз жөніндегі тарихи
тұжырымымыздың тарихи талай қатпардан ажыратылмағандығынан,
нақтыланбағанынан және оны өзге рухани деңгейдегі құрсаудан шығара алмай
отыруымыздан көрген дұрыс. Этностық, тарихи, танымпаздық әрі жасампаздық
болмысымыздың көрінісі болып табылатын Наурызды тоқыраған танымнан
арашалап, өз деңгейінде паш ететін күн туды. Ол үшін, 14-20 наурыз аралығын
ескі жылмен қоштасу кезеңі ретінде жариялап, 21 наурызды да демалыс күні
ету арқылы 22 наурызға қараған түнді Қыдыр түні ретінде Ырыс таңын қарсы
алатындай рәсімдермен толықтыратын кез келді. Әсіресе, өзге ертегілік
персонаждармен былықтырмай-ақ, оны фольклор мен этнографиялық еске алу
күніне айналдырмастан, Наурыздың өзіне тән Ұмай ана бастаған он екі жылдық
кейіпкерлерді қатыстыра отырып, Аластау, Ұйқыашар, Селтеткізер
секілді ежелгі дәріптерді заманға сәйкестендіріп жаңғыртатын жағдайымыз
бар.
Алайда, танымы мен тағдыры аса күрделі Қыдырды Аяз ата мен Санта Клаустың
кейпіне, пенделік бейненің деңгейіне түсірмей-ақ, Ырыс таңында Құт
үлестіруші ретінде мифтік бейнесінен ажыратпағанымыз дұрыс. Өйткені, ол -
кісі бейнесінде келбеттенуге тиісті емес Жаратушының басты
қызметшілерінің бірі, рухани әлемдегі шынайы Рух. Тіпті, аса қабілетті
жандардың оны көретіні де рас. Ал Ұмай ана - Жердің киесі, жыйынтық
бейнесі, сондықтан ол адамзатты жамандықтан аластаушы, жер бетін ластан
тазартушы және тайқазанға ие боларлық берекелеуші қаһарман ретінде
Наурыздың басты көрнекті персонажы болуға лайық.
НАУРЫЗ - ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ - 4 
Пайымдама
Аяз атаның тегі
Наурыз мейрамы мемлекеттік ауқымда мерекеленгелі оның атрибуты ретінде
түрлі ертегілердің кейіпкерлері телініп келеді, алайда жасандылық ешуақытта
баянды болған емес, ертегілермен Наурызды байыту жүзеге аспай-ақ қойды. Шын
мәнінде оны соншалықты байытудың қажеті де жоқ еді, өйткені, Наурыз о
бастан-ақ қаһармансыз, кейіпсіз емес, тек оны жаңғырта, орнықтыра білу
керек еді.
Қаһарман дегенде, Наурыздың тұжырымынан туындайтын Көк пен Жердің кейіптері
Қыдыр ата мен Ұмай ананың дайын бейнелері бар.
О баста, Қыдыр ата Көктің періште өкілі ретінде құт таратушы міндетін
атқаратындай киелі тұлға. Тіпті, қыдыр сөзінің өзі түркілік құд және
ыр (гір, ғыр, ғар, гер жұрнақтарының арғы түбі) тіркестерінен туындап,
құт үлестіруші мағанасын білдірсе керек. Бұл қаһарман міндетінің
астарында терең таным жатыр: түркі сенімі бойынша, әрбір жан өзінің ниеті
мен еңбегіне орай Жарылқаушыдан сәйкес түрде несібе алуға мүмкіндігі бар.
Ал, құт дегеніміз - Жарылқаушының киелі де баянды ету құдыреті. Бұл сөзбен
Ебропада гуд түрінде Жаратқанды атайды. Ал, орыстың жыл ұғымын білдіретін
год сөзі де жұмсарған құд ұғымының уақытты мөлшерлеу нұсқасы. Қазақтар
бүгінде бірін бірі Құтты болсын! тіркесімен құттықтауында жақсылықтың
баянды болуы Жаратқанның бұйрығымен бекітілсін деген тілек жатыр.
Қыдыр кейпі басқа діндерде де орын алған. Алайда, Қыдыр міндеті тәңірлік
дүниетанымның төл туындысы екенін жоққа шығару қыйын. Көк пен оның туындысы
болып табылатын адамзат арасында құт пен құрбандық түріндегі алым-берім
қатынасы мыңдаған жылдар бойы орныққан. Ебразиялық алқапты жайлаған бұл
қатынас, тіпті, кеңес өкіметі тұсында да аталмыш дәстүрді Қыдырдың Аяз
ата бейнесінде дорбашамен сыйлық таратып, жалғастыруына ешбір кедергі
болмады.
Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана Көктің дарытқанын молайтушы, құтты (баталық
ақпаратты) материалдаушы бейне. Береке аталатын көбею мен молдықтың басы -
Наурыздың материалдық мәні болып табылады. Берекенің белгісі - көктің
бүршік атуы мен төлдің туылуы. Наурыз айының малдың төлдеу науқанына сәйкес
келуі де құбылыс пен көктемгі маусымның көрінісі, жаңа жылды лайықты қарсы
алудың нәтижесі болып табылады.
Наурыз - түркілік жаңа жыл
Наурыздың рәсімін бейнелейтін үрдіс қазақтың қазырғы жыл сөзінің
астарында жатыр. Жыл сөзі кәзірде Жердің Күнді айналатын уақыт өлшемінің
бірлігін білдіргенімен, оның ежелгі түркілік нұсқасы: йыл. Бұл сөздің
екінші мағынасы жыйыл үдерісін білдіретін ұғым болып табылады. Басқаша
айтқанда, кәзіргі жыл сөзі о баста Уақыт пен Кеңістің жыйылу сәтін
бейнелейтіндей, ғаламның тарының қауызына сыйу немесе ғарыштың бастапқы
қалпына келу үдерісін көрсететіндей ұғымды білдіруден шыққан. Сөйтіп, ол
үдерісті әлгі Жолағашты (Йол) өзек ету арқылы оған Уақыттың өлшем
бірліктерінің бейнесін жыйып, рәсімдеу мен ритуалын қалыптаған.
Басқаша айтқанда, Наурыз мерекесі Ғарыштың старттық күйге түсу рәсімі болып
табылады. Сондықтан да Наурызды түркілік айуандық мүшелдік күнтізбеден
бөлек қарау мүмкін емес. Әрқайсысы айуанмен бейнеленген он екі жылдық
мүшел, о баста Уақыт ағынын мөлшерлеу үшін ғана емес, оны үйлестіру мен
ритуалдық нысанға айналдыру үшін, болашақ Уақытты сыйпаттау мен жүйелеуден
және келешекті болжау үрдісінен туындаса керек. Сондықтан да күн мен түннің
теңелу сәті өлара мезет ретінде Кеңісті тарының қауызына сыйғызу және
Уақыт ағынын қасқағым сәтке жыйу деген ырымнан туылған ЙЫЛ (жыйыл)
рәсімін жасауға итермелеген. Күні бүгінге дейін елдің батыс аймағындағы
қазақтар бір біріне жаңа анықтауышын қоспастан Жыл құтты болсын!
айтысады. Мұндағы жыл сөзі ежелгі йыл ұғымын білдіреді.
Сөйтіп, ежелгі йыл рәсімі Наурыздың әмбебаптық мына сыйпатын аша түседі:
Наурыз - Кеңіс пен Уақытты (бір нүктеге, бір сәтке) жыйу құбылысының сәті,
Жыл мен маусымның (көктемнің) басы.
Бір қызығы, Наурыз рәсімі қазақ халқында барлық жыйылу әрекетінен тұрады:
дәмнің жыйылуы - наурызкөже; түстің жыйынтығы - адамдар мен айналаны
жасандыру, безендіру, әшекейлеу көрінісі; дыбыстың, үннің жыйылуы -
адамдардың қосыла ән шырқауы (хоровод), адамдардың көкіректерін түйістіру
арқылы ниеттерді біріктіруі, малдарды бақыртып-өкіртуі, алуан күй
аспаптарының тартылуы т.т. Мұның барлығы жыйылып келгенде ғарыштық
Кесапатты болдырмаудың алдын алу рәсімдері болып табылады.
НАУРЫЗ - ТҮРКІЛІК ЖЫЛ БАСЫ - 3
Пайымдама
Наурыз - космогониялық рәсім қоры
Наурыздың бүгінге соншалықты әлсіреп жетуі, рәсімдер мен атрибуттан жұрдай
болуы, тек қана тарихи таластың нәтижесі емес, оның аса ежелгі тұрпатының
да белгісі. Тарихи нысан неғұрлым ежелгі болған сайын ол жұрнақ күйінде
ғана талықсып жететіні табиғи жайт, ол үшін біреуді жазғыру дұрыс болмас.
Тіпті, оның туындауына да таластың болуы сол себептен. Сонымен, Наурыз
неден жұрдай болды? Наурыз о бастағы бірегей тұжырымынан ажырап, оларды
әркімге діни, рәсми атрибуттар ретінде таратып бергендей күй кешуде.
Наурыздың тіні үш санаттан (категория) тұратын және үш принципке
негізделген болмысын жоғалтқан деп пайымдауға болады. Оның үш принципі:
құбылыстың, жылдың және маусымның басы екендігі; үш санаты: дәм, үн және
түс.
Наурыздық санаттар о баста Құбылысты құрайтын құрамталар ретінде
мойындалған болуы керек. Құбылыс ретінде санаға бағынышсыз үдеріс (процесс)
барысындағы белгілі бір нәтиженің туындауын қабылдауға болар. Ежелгі
түркілер ондай құбылыстың белгілі бір қорегі (дәм), үдерістің дыбысы (үні)
және нәтиженің өңі (түсі) болады деп мойындаған. Осыдан келіп, Наурыз
Құбылыс басы ретінде қабылданады да, барлық істің бастауы есебінде қайырым
мен жақсылықтың нышанындай бұлақ көзін ашу, дақыл (сүмелек), гүл мен ағаш
егу, болашақ ұлы істі бастау, бойжеткен мен ержеткенді қосуға итермелейтін
ойындар мен кештерді ұйымдастырып, ұйқыашар ырымдарын жасауға,
селтеткізер (сюрприз) сыйлауға т.б. бастамаларға орын берілген.
Наурыз Құбылыстың басы болғандықтан, оның санаттарының жетік те кемел болуы
ойластырылған және іске асырылған. Сол себептен Наурызда біртекті дәм емес,
жетітекті наурызкөже пісірілген. Тіпті, мұндағы көже сөзінің өзі ең
ежелгі тәңірлік танымның терминдерінің жұрнағы болып табылады: кө - Көк, же
- ас, Көктің ырқына сәйкес киелі ас деген мағана сыйып тұр.
Наурыз рәсімінің шарықтау шегі болып табылатын күн мен түннің теңелу сәтін
білдіретін таңғы сәулені қарсы алу кезінде ауылды азан-қазан қылатындай
жастардың дауылпаз ұрып, қоңырау соғып, кернейлетіп, сырнайлату арқылы
түрлі дыбыс пен үнге ерік беруі Ұлы күнді үдеріс ретінде мойындаудың бір
көрінісі және құбылыстың Үнін жетік етуден туатын ырым. Бұл - қуаныштың,
жақсылық пен қайырымның үні ретінде қарсы да кері үнді қашыру,
жағымсыздыққа жол қалдырмау әрекеті. Бәлкім, бүгінде қолданысы тым тарылған
қазақтың жетіген аспабының о бастағы шығуы осы сәттен бастау алуы ғажап
емес. Оның үстіне жетіген сөзі жетіг үн тіркесінен де туындап тұр.
Осылайша бір кезде кең қолданылған бірнеше (жеті) қоңырау тағылған
сылдырмақ аспабы да шығуы кәдік.
Наурыздық түс санатына келсек, ол да жеті бойаумен анықталады. Аспандағы
алғашқы көктемгі жеті түсті көпірқосақтан (көмпір сөзі бұзыла келе
кемпірге айналған) бастап, жер бетіндегі бірыңғай ақ түсті қардың
кетуінің өзі жер бетін талай түске бойайтыны, мереке күнгі түрлі түсті киім-
кешек пен үйдегі алуан түсті заттарды жайу көріністері жетік түсті
принципті қанағаттандыру болып табылады. Ежелгі түркілердің түсінігінде әр
түстің өзіне тән құбылыстық сыйпаты бар: солғын жасыл түс балаңдық пен
бастау түсі; ақ түс кемелдіктің, қартайудың белгісі болып табылады.
Сондықтан да келіннің шымылдығын, жас жұбайлар отауын әлем-жәлем етіп,
алуан түспен жасандырса, қария бейітінің басына шыққан қасиетті ағашқа ақ
орамал байлау оның кемелдігін мойындау болып есептеледі.
Кәзіргі ёлка (йолка) сөзі орысқа тиесілі болғанмен, ол Жер мен Көк арасын
қосатын жол ұғымын беретін ежелгі түркілік йол (жол) сөзі. Жердің мифтік
бейнесі Ұмай болса, Көктің бейнесі Тәңір аталғаны белгілі. Жолдың
материалдық бейнесі қарағайтекті, шырша сықылды мәңгі жасыл ағаштар
таңдалып, оны айналдыра 365 адамды ән шырқату - бізге жеткен наурыздық
рәсімнің бірі. Бұл айналайын үрдісі арқылы болашақ жаңа жыл күндерін
ғарыштық уыз қуатқа кенелту, жаңа жылды алдын ала жағымды жасампаз қуатпен
зарядтау дәстүрі еді. О баста бұл жай ғана айналу емес, жылға мадақ айту
секілді жамырай ән шырқау үдерісі болған. Хор сөзінің өзі түркілік
біріктірінді деген мағананы білдіретін бүгінде қазақша қор, қорық секілді
сөздердің арғы атасы. Бертін келе, ресейлік жаңа жыл мерекесінің атрибуты
болды да, хоровод аталатын ғұрыпқа айналды, ал ежелгі дәстүрінен түркілер
ажырап қалды. Алайда, оның жарапазан түріндегі нұсқасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наурыз мейрамының жаңаша тұжырымдамасы
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Жалпы орта мектепте сюжеттік көп тұлғалық картина композициясын оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін талдап тұжырымдау
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
Араб графикасына негізделген қазақ жазуының ерекшеліктері жәдид және қадим жазуының өзара айырмашылығы
Түркілердің Иран мәдениетіне ықпалы
Дәстүрлі түркілік дүниетанымындағы әлем
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Жетіқарақшы, Үркер жұлдыздарына байланысты мифтік сюжеттер
Пәндер