Салт - дәстүрлер халық тәжірибесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

салт-дәстүрлер халық тәжірибесі

Салт-дәстүрлер халық тәжірибесі. Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сан ғасырлық наным-сенімін, таным-түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері халық тәжірибесінен жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады.

Салт-дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі.

«Халықың қандай десең, салтыңнан сұрап, біл, Өзің қандай десең, халқыңнан сұрап біл» деген нақыл сөз бар.

Біздің дана халқымыз, бүгін, жетпіс жылдан аса жетелеген әміршіл-әкімшіл жүйенің құрсауынан аман-есен арылып, енді қазақ атты ұлтымызды, Қазақстан деген тәуелсіз елімізді бүкіл әлемге танытып отыр. Қайта құрудың әкелген бір жақсылығы ұлттың мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрді дамытуға көп көңіл бөлініп отыр. Ал осынау рухани қазынамызды өркендетіп, болашаққа жалғастыратын жастар.

Дарынды халқымыз сайыл дала төсінде мал-жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қойнында көшіп жүрген. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта сайлы табиғат, тұрмыс-тіршілік олмысын ел-жұрт арасындағы қарым-қатынас, ел басынан өткен қилы-қиыл кезеңді жақсы-жаман жағдаяттарды ой-сана елегінген өткізіп, оған деген өз көзқарасын білдіреді. Әдет-құрып, салт-дәстүр, наным сенімін қалыптастырды. Көшпелі қазақ халқы 6-ай жазға жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахараны кезіп, көшіп жүріп, жер суының қадір-қасиетін жетік білген жүміл болған, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған, біздің тілімізбен айтқанда ботаник әрі зоотехник болған. Төрт түлік малының аузынан үрлеп, аяғынан жарасын сыпырып төлдете жүріп, «сырын» алған, сынын түйген, шетінен мал маманы болған. Сонымен қатар қазақ халқы қумай тазы, қыран құс ұстап, құсбегі, саяткер болған, сондықтан да оның өлең-жырында, ән-күйінде аққудың үні, тотықұстың «тілі» бар.

Қазақ халқы қысы жазы мал бағып, аң аулап ат үстінде жүріп жартылай жауынгерлік өмір кешкен, үнемі дала кезіп, далаға түнеген, аспан дүниесін бақылап әрбір жұлдыздың «атын» білген, қозғалысын бақылаған, күн тәулігінен жыл мезгілін соған қарап болжап, строном болған. Жерінің табиғатымен, елдің тіршілік кәсібімен байланысты осы ерекшеліктердің барлығы, сайып келгенде келер ұрпаққа үлкен әсер еткен, үлгі өнеге болған.

Қазақ халқының салт дәстүрлері сарқылмайтын кен мен тең. өмір сүру дағдысы, жер жағдайы, тұрмыс тіршіліктері қазақ халқының өміріне өз салттарын сіңіріп, олардың бойындағы шынайы қасиеттердің табиғаттың өзіндей шыңдалып, шымырланып түлей түсуіне ықпал етіп, күнделікті характерінде өзге (елге) халықтарға ұқсамайтын салт-сана дәстүрлерін қалыптастырған.

Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес. Бұрынғының парқын білгендер ғана бүгінгінің нарқын ұғады деген болатын. Ғабит Мүсірепов ағамыз «Халқымызда бұрыннан бар жақсы жоралымын тапқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізге мүмкіндігінше қанық болғанымыз дұрыс. Шынында да асырып айтқандық емес, ұлттық салт-санамыздың, әдет - ғұрпымыздың жақсы жақтарынан әдептілік, инабаттылық, силасу жағынан халқымыз алдында жан салмаған. Бір өкініштісі, уақыт ағымына қарай осынау асыл қасиеттеріміз кешіп бара жатқан сияқты. Қазақ халқы небір зобалан, соғыс қиындықтарды басынан көп өткерген. өткен қиындық, соғыс, зобалаңда қаншама боздақтың аты өшті. Еліміздің елдігін, халқымыздың халықтыңын сақтап қалу үшін емес пе еді сол құрбандықтар. Қандай жағдай болса да ата-ана тәрбиесінен шықпай, қандай өткелден өтсек те, ата-бабамыздың дәстүрін, салт-санасын көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. «Алты жыл аш болсаң да ата-салтыңды ұмытпа» деген мақалдың айтылуы да тегін емес-ау.

Тіршіліктің тірегі, шуағы - аналар дейміз. Яғни болашақ аналар - қыздар. Ата-бабамыз бала тәрбиесіне, оның ішінде қызға ерекше мән берген. Үлкен кісіге бақырайып қарап отырма, аузыңды ашып есінеуден, керілуден сақтан, қатты сөйлеме, қатты күлме, тізеңді көрсетпе т. б. көптеген ұлағатты сөздер, осынау ақыл-кеңестің төркіні қыздар үшін тұнып тұрған ұлағат қой. Ал біздің көрікті санайтын бойжеткен қыздарымыз батыстың үлгісіне еліктегенің жөні осы екен деп, еркіндікке тым бой алдырып жүрген секілді. Біздің қыздарымыздың мейірімі, тәртібі, жүріс-тұрысы, намыс пен абыройды сақтай білуі сөз жоқ ұлтымыздың болашағына әсері көп.

Айта берсек халқымыздың ғибрат берерлік салт дәстүрлерін тауыса алмаймыз. Халық тәрбиесінен жинақталған салт-дәстүрлерді мынадай тарауларға бөлген:

1. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

2. Тұрмыс салт-дәстүрлері.

3. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлері.

4. Жаңа заман салт-дәстүрлері.

Бұл салт-дәстүрлерді тек қана оқып, білу ғана емес бойға дарытып, сіңіру. Сонда ғана өз халқының салт-дәстүрін бойына сіңірген көзі ашық, көкірегі ояу, елін сүйетін, жерін сүйетін, қорғайтын, табиғаттың аялайтын саналы азаматы болмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Этнопедагогиканың негізгі түсініктері
Қазақ салт-дәстүрлері туралы
Халық педагогикасы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тарихы
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz