Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

1. Түркі мәдениетінің өзіндік ерекшелігі

1. 1. Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы

Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары кезінде қалыптасқан мәдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы - Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған.

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта және Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының этникалық субстраты болып табылады. Мамандардың пікірінше, түркі сөзінің этимологиясы «әскери адам», «әскери лауазым» деген мағынаны білдіреді. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік қағанатына бағынышты өмір сүрген. Түрік қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедегі негізгі тілге айналған. Түркілер негізгі планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жетік біліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке ат қойып белгілеген. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына қарап, ауа-райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған.

Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған. Оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, қарауыл төбелер тұрғызуға, тағы басқаларға пайдаланған. Ежелгі түркілер негізінен қос күшке, Көкке және жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымы мен елді билеген қағандар - Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп аталған. Түркі жазуларында олардың барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Әрбір түрік өзін Тәңірінің үкімін орындаушысы ретінде сезінген. Көне түркілердің космогониясын, яғни әлем құрылымы туралы көзқарастарын төмендегі жолдардан байқауға болады: «Жоғарыда - Көк Тәңірі, төменде - Қара Жер жаралғанда, екеуінің арасында кісі ұлы жаралған екен». Түркілер әлемнің төрт бұрышты моделін жасаған: «Ілгері» (күншығыс), «кейін» (күнбатыс), «бері» (күн ортасы, оңтүстік), «ары» (түн ортасы, солтүстік) . Ежелгі түріктер кейін Көк пен Жер - Судан кейін тұрған құдыретті күш - Әйел, ошақ басы құдайы - Ұмайға да табынған. Ол бала-шағаны, үй берекесін қорғайды деп сенетін болған1. Ежелгі түркілер адамзат өркениетіне аз олжа салған жоқ. Солардың ішінде біреу де болса, бірегейі - әскери тактика, стратегия және соғыс өнері жайында қалдырған мұрасы. Орхон-Енисей жазба деректерін оқи отырып, арғы бабаларымыз стратегиялық шабуыл мен қорғаныс, әскерді материалдық-техникалық, азық-түліктік жабдықтау, дұшпанды тұтқиылдан басу, қоршап алу, қашқан жауды қуа жүріп талқандау, әскери барлауды ұйымдастыру, майдан мен тылдың бірлігін қамтамасыз ету, әскери мамандарды даярлау, тәрбиелеу, тиімді пайдалану тәрізді күрделі мәселелерде уақыт үдесінен шыға алғанын байқаймыз. Байырғы түркі қоғамының ұғымы бойынша мемлекеттің қуаты бірінші кезекте қағанның тәңірлік жаратылысымен, даналығымен, содан соң ел ішіндегі татулық пен бірлікпен, үшіншіден қарулы күштердің мүмкіншілігімен анықталады. Әскерлер қауымы байырғы түркі қоғамындағы әлеуметтік құрылымның ірі бөлімін құрағаны белгілі.

6-8 ғасырларда қазіргі Қазақстан мен Орталық Азияның сайын даласында үздіксіз қақтығыстар, жаулап алу, соғыс қимылдары жүргенін еске алсақ, байырғы түркілердің тұрақты әскері болған деп пайымдағанымыз жөн болар. Айталық, Күлтегіннің өзі бір жылда бес мәрте соғысқанын мәңгі тасқа қашап жазғызған2. Мұншалықты соғыс қимылдарын жүзеге асыру орталықтанған, пәрменді мемлекеттік билік пен тұрақты қарулы күштерді қажет ететіні сөзсіз. Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшы міндетін қаған атқарды. Жорыққа даярлану, соғыс жариялау, қызметке тағайындау, жаудан түскен олжаны әділдікпен бөлу бәрі қағанның ұйғарымымен ғанар жүзеге асырылатын. Бүгінгі ұғымдағы Қорғаныс министрі термині «соғыс иесі», «әскер иесі» деп аталып, бұл қызметті қағанның лайықты жақын туысы немесе асқан талантымен көзге түскен Тоныкөк тәрізді тұлғалар атқарды. Өйткені Тоныкөк мемлекеттік биліктен алыс тұрған түркі тайпасынан шыққанымен, табиғат сыйлаған дарыны арқасында Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар тұсында қолбасшы дәредесіне көтерілген ақыл иесі еді. Түркілердің атақ-даңқын, күш-қуатын арттырған тамаша жеңістер иесі Тоныкөк өзін әрқашан қағанның бұйрығын орындаушысы ретінде ғана исипаттап отырады. Байырғы түркі әскерлері темірдей тәртіпке бағында. Бұйрықты орынлдаудан бас тартқан немесе орындай алмаған жауапты адамдар қатаң жазаға тартылып отырды. Мәселен, қырғыздарды тапжылтпай басу үшін тау асып бармақ болған Тоныкөк әскері адасып, көп қиыншылық көреді. Ал, сол қателікке ұрындырғаны үшін жол көрсетуші адам өлім жазасына кесіледі. Байырғы түркілер қандай соғысқа бармасын жаулап алу, одан қорғау, азаттық үшін мұқият дайындалған. Қауіп қандай болса, қатер содан дегендей, өздеріне қырғиқабақ мемлкеттердің ішкі қоғамдық-саяси өмірін жіті қадағалап отырғаны өз алдына, сол елдерге тыңшы жіберіп, жасырын ақпараттар жинауды, дипломатиялық қарым-қатынастардың мүмкіншілігін пайдалануды дәстүрге айналдырды. Бүгінгі және болашақтағы қатынас елдің қарулы күштерінің санына, әскер басшыларының қабілет-қарымына, кімдермен одақтасуға ұмтылатынына зор мән берілген. Әліптің артын бағып отыра бермей, соғысты дұшпанның территориясында жүргізуге ұмтылғанын да байқау қиын емес. Тоныкөк ескерткішіндегі мәлеметтерге зер салсақ, байырғы түркілер өздеріне қарсы одақ құру жолына түскен табғаштарды, оғыздарды, қидандарды басын біріктірместен, жеке-жеке талқандағанын көреміз.

Осынау тарихи фактілерден екі теориялық-методологиялық тұжырым түюге болады: 1) байырғы түркі қоғамының әскери соғыс ілімінде дұшпанға привентативті соққы беру теориясы мен практикасының қалыптасуы; 2) ел экономикасының сол заман үшін ұзақ саналатын соғыс жүргізу үшін қажетті шығындарды көтере алатындығы. Орхон-Енисей ескерткіштерінде соғыс тақырыбы басымдық алып жатқанына байырғы түркілер қоғамы соғысқа сүйеніп қана күн көрген екен, жер бетінде сақталып қалған деген ой тұрмайы тиіс.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі жорық пен соғыс мәселесінің жиі көтеріліп, есесіне экономикалық жай-күйдің жай баяндалуының ел басылар мен қолбасшылардың соғыс құмарлығы ретінде емес, қайта олардың ұлттық қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойғаны ретінде қабылдауымыз керек.

Байырғы түркі қоғамының әскери соғыс ілімінде жауынгерлердің әскери патриоттық рухын көтеруге зор мән берілген. Соғыстың барысын өз пайдасына шешу үшін байырғы түркілер жер ыңғайын, географиялық мүмкіндікті, уақыт факторын т. б. сәттерді оңтайлы кәдеге жаратудың мол тәжірибесін жинақтағаны тастағы жазулардан тайға таңба басқандай көрінеді. Олар жауласқан мемелкеттің бейбіт халқын ақпараттық-психологиялық тұрғыдан ырқына көндіруді де ұмытпағаны бүгінде белгілі болып отыр.

Әскери-соғыс ілімі мен тәжірибесі бір сәтте пайда бола қалған жоқ. Олар ғасырлар бойы тірнектеумен жиналды. Бұл қазынаның теңдесі жоқ құнды екендігін қапысыз ұққан арғы бабаларымыз ұрпақтан-ұрпаққа ауызга аманаттауды місе тұтпай «мәңгі тасқа» өшпестей қылып қашап жазуды қалағанында біз әлі игере қоймаған тылсым сыр мен құпия бар. Ежелгі түркілердің әсери-соғыс ілімдерін кейінгі этностар мен мемлекеттер оңтайлы қолданып, уақыт талабына сай байыта түскені сөзсіз.

Қазақ халқы этногенез жағынан алғанда үш мың жлдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Бір тарихқа алтыншы ғасырда «түркі» деген атпен енсек те, алтайлықтар, сақтар, ғұндар мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың ортасы әрі куәгері болған.

Түркі елінің ежелгі тарихы б. з. б. ІІІ ғасырдан ертедегі ғұндар империясының құрылу кезеңінен басталады да б. з. ІХ ғасырын қамтиды3. Менталитет термині ХХ ғасырда батыс мәдениетінде «сана» мен «ақыл» ұғымдарыың бірлігін қамтамасыз етіп, олардың қарама-қайшылығын жою үшін дүниеге келді.

Менталитет - шетел сөзінен, француздар «mentalite» «ой құрылымы», «дүниені сезіну», «дүниені қабылдау» дегенді білдіреді, ағылшындар «mentality», немістер «mentaliat» деп атайды. Бірақ бұл терминнің шыққан тегі латын тілінен «адамның рухани өмірі, ойлау образы деген мағынаны білдіреді. Кеңес дәуірінде бұл термин А. Я. Гуревич, Л. Н. Гумилев т. б. еңбектерінде мәдениеттану зерттеу контексінде қолданылады. Менталитет ұлттық әлеуметтік топтың, жеке адамның менталитеті болып көрініс табады. Бұл терминнің белсенді түрде қолданыла бастауы социология, психология, этнология, философия т. б. гуманитарлық ғылымдардың ХХ ғасырдың ішінде теориялық-методологиялық жағынан түбегейлі бір өзгерістерге бет алғанын көрсетеді. Менталитет табиғаттың барынан және әлеуметтік келісілген компоненттерден шығатын ортақ және адамның өмірлік әлемінің көрінісін ашып көрсетеді4. Менталитет неге байланысты? Егер ол ойлау процесіне сай келмесе, онда ол қайдан шығады, қайнар көзі қайда? Әрине, ол қоршаған ортадн, табиғи жайлардан, тұрмыс қалпынан, дәстүрден шығады. Осы жерден әрбір халықтың өздерінің белгілі бір мінез-құлықтары, ойлау стилі, дәстүрі, әдет-ғұрпы қалыптасады. «Американдық іскерлік», «немістік нақтылық», «жапондық әдептілік», «француздық юмор», «ағылшындық үнемділік», т. с. с. бекер айтпаған ғой. Осылайша бұл мәселеге назар аударып қарайтын болсақ, онда әрбір халықтың ұлттық ерекшелігі мен мінез-құлқын көре аламыз. М. С. Орынбековтің жазуы бойынша, «менталитет - бұл қоғамдағы ойлау қатарын және мінез-құлқын коллективті түрде қалыптастыратын оның барлық мүшелерінде бар және индивиуалды дәрежеде көрінеді»5. М. С. Орынбековтің берген анықтамасы дұрыс. Өйткені менталитет барлық халыққа және оның жеке мүшелеріне тән.

«Менталитет», «ментальность» терминдері ХХ ғасырда батыс ғылымында жаңа термин болып, «дүниеге көзқарас» мағынасында тарай бастағанының негізгі себебі психология мен мәдениеттану ғылымдарының жетістіктеріне байланысты «сана», мен «ақыл», «интеллект» ұғымдарының бірдей емес екендігін білдіру үшін нақты адамның дүниетанымында, дүниеге көзқарасында тек саналы ғана емес, оған қоса бисаналық импульстардың болатыны, нақты адамға тән дүниеге көзқарас тұтас екенін және оның ішінде абстракті-логикалық білім мен сезімдік образдар, таза ғылыми түсініктер мен мистикалық түйсіктер - барлығы ұштасып, байланысып жататынын көрсету үшін керек болды. «Жалпы менталитет» мәселесмін ХІХ ғасырдың психоаналитиктері З. Фрейд пен К. Густав, Юнгтер бастап зерттеген болатын. Сонымен «менталитет» - «ұлттық сана» немесе «ұлттық мәдениет» (дәстүр) ұғымдарынан анағұрлым кең әрі күрделі мағынаны білдіреді. Соңғы екі ұғымнан айырмашылығы: біріншіден, менталитетке бисаналық, беймәдени түсініктер, сезімдер, көзқарастар кіре береді. Екіншіден, (ол біріншімен тығыз байланысты) бұл термин жалпы халықтың келбетті, мінезді білдіруге арналған (саналы элита, мәдениетті жасаушылар мен бұқара деп қарамай) . Олардың барлығына ортақ бүкіл этносқа, ұлтқа тән сипаттар жинағы. Үшіншіден, бұл ұғым халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін баса көрсету үшін дүниеге келген термин. Осы термин арқылы нақты бір ұлттың басқалардан айырмашылығын, өзінің қолтаңбасын, қайталанбас дара келбетін танимыз. Олардың ойлау, дүниені қабылдау, әлемді игеру сезімін т. б. өзіндік ерекшеліктері арқылы «ұлттық менін» білуге болады.

Сонымен «ұлттық менталитет» - бұл бір халықтың (ұлтқа) тән болған типтік түрге айналған тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан дүниетанымдық, іс-әрекет, жүріс-тұрыс формалары мен тәсілдерінің жиынтығы. Сонымен қатар ұлттық менталитет құбылысының қайшылықты дақтары да жетерлік. Жоғарыда айтқан тұжырымды қоштай отырып, бірақ мәдениетаралық сұхбат, ұлтаралық қарым-қатынас проблемасы жалпы күрделі терең құбылыс екенін бұл бізден тыс болып жататын процестердің прогрессивті жақтары да бар екенін айтуға тура келеді. Объективті түрде жер бетінде ұлттар мен ұлыстар, мәдениеттер мен өркениеттер өзара байланысып, табысып жатады. Бұл фактордан біз қашып құтылмаймыз. Мәдениеттер (ұлттар) бір-бірімен байланысып, тәжірибе алмасуы - бірде қолайлы ахуалы жағдайында: бірде қолайсыз жағдайда болуы мүмкін. Мәдениеті мен түркілердің араласуы исламды қабылдау - мәдениетаралық диалогтың жемісті екі жаққа да тиімді болғанын көрсететіні сияқты. Бәлкім бұған сол кездегі саяси қайраткердердің, түркі және араб, Иран халықтарының ұстанған саяси-мәдени қағидалары да әсер еткен шығар6. Сонымен этномәдени жалпылық менталитетті өзінде табиғи және мәдени, эмоционалды және парасаттылық, ирроционалды және рационалды, саналы және бірлескен бейсаналық архетиптерді қосады.

Ежелгі түркі мәдениеті мен қазіргі түркі халықтарының (материалдық және рухани) мәдениеті тарихи дәуірлердегі жеке шеңберінде қарастырылған олардың менталитеті болғанымен өз араларында қатты ерекшеленеді.

Г. Д. Гачевтің ойы бойынша, этномәдени жалпылық менталитет ұғымын басқа ұлттық тұтастықтың құрылымын білдіретін - космопсихологос деген терминмен өзгертуге болады. Сол тәрізді әрбір тіршілік иесі үш бірлік: дене, жан, рух болып табылады. Сол сияқты ұлттық тұтастық, ұлттық табиғаттың (космостың), ұлттық табиғаттың (психе), ойлаудың құрылымының (логос) бірлігі болып табылады7. Этномәдени жалпылық менталитетті өзінде адамзат мәдениетінің рухани-тарихи феномендерінің универсалдылығының бар екендігін ескере кеткен жөн. Яғни менталитет рухани-тарихи феномендердің мәдениетіне этникалық немесе ұлттық психологияның феноменіне өзгермеуі керек. Этномәдени жалпылық менталитет - бұл жеке этномәдени жалпылыққа тән әлеуметтік-психологиялық инвариант «бейсаналы бірлігі» ретінде ойлау тәсілі мен бағыты болып табылады. Менталитет этномәдени жалпылықты сипаттайтын рухани-психологиялық феномен болып табылады. Жалпы менталитет мәселесі батыс ғалымдары мен философтарының еңбектерінде кеңінен зерттелген. Мәселен, 1922 жылы Ливи Брюль өзінің атақты «La mentalite primitive» атты зерттеуінде менталитетті логикаға дейін және логикалық деп 2 түрге бөледі. Сонымен қатар, ол осы еңбегінде австриялықтар мен африкалық тайпалардың менталитетін зерттей отырып, оған еуропалық дүниетанымдағы қалыптасқан көзқараспен және рационализм тұрғысынан қарауға болмайтынын айтады. Менталитет мәселесін зерттеуге өзіндік үлес қосқан француз тарихшысы Ж. Левефра болды. Ол 1789 ж. француз деревнясын қамтитын әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың негізін ұжымдық менталитеттен іздеу керектігін айтқан. Ұжымдық менталитет негізінде биологиялық қасиеттердің жатқанын адамдардың құндылықтарды таңдауына әсер ететінін дәлелдеген «Аннал» мектебінің негізін қалаушылардың бірі тарихшы Л. Феврдың айтуынша, менталитет негізінде ешқандай биологиялық себеп жоқ. Адамдардың биологиялық қасиеттері менталитет негізі бола алмайды деген ой айтады. Оның пікірінше, менталитет негізінде өткен ұрпақтың дүниені қабылдау дағдылары, құндылықтар туралы ойлау ерекшеліктері жатады және оны жұрттың бәрі сезе білмейді дейді8.

Сонымен бірге менталитеттің ішкі құрылымы, қоғамдағы әлеуметтік ортаның өзгеруіне қарағанда әлдеқайда консервативті. Қоғамдық қатынастар жиі өзгеріп жатқанда менталитеттің өзгеруі өте ұзақ та, ықтимал да тұрақты процесс. Басқаша айтқанда, менталитеттің өзгеру негіздерін әлеуметтік тарихи ортадан, мәдени үрдістерден іздеу керек деген. Менталитет мәселесі Ф. Фроммның еңбектерінде де зерттелген. Ол өзінің атақты «Еркіндіктен қашу» атты еңбегінде ұжымдық менталитетті «әлеуметтік мінез» ұғымымен тең деп қарастырған. Ол ұжымдық менталитетті экономикалық, әлеуметтік және психологиялық қатынастардың өзара байланысы негізінде қарастыра келіп, адамдардың саяси-экономикалық белсенділігі осы «үштікке» байланысты екенін айтқан. Менталитет мәселесі ХХ ғасырдағы философиялық ойлдың жемісі. Дегенмен де біздің түсінігімізде менталитет адам мәселесімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан философия тарихына шолу жасайтын болсақ, менталитетке байланысты айтылған кейбір ойларды өз зерттеуіміздің жемісі ретінде пайдалана отырып, ол туралы түсінігімізді шыңдауға болады.

Этномәдени жалпылықтың менталитеті өзінде мыналарды қарастырады:

1) архетиптер, этнопсихология;

2) универсалды. жалпы адамзаттық құндылықтар.

Философия тарихындағы адам мәселесі мен оның менталитетіне деген көзқарас әр заманда әрқалай болған. Мәселен, антика дәуіріндегі грек философиясы адамды космостың ажырамас бір бөлігі деп қарап космацентристік менталитетті қалыптастырғаны белгілі. Онда табиғат пен ақыл, объекті мен субъекті, қажеттілік пен еркіндік біртұтас және бәрі космос заңынабағынады. Көне материалистер (Фалес, Демокрит, Гераклит, Эпикур т. б. ) дүниенің алғы себептерін нақты табиғи құбылыстардан іздесе, көне грек идеалистері дүниенің даму себептерін нақты заттардан, уақыттан тысқары тұрған архетиптерден іздегені белгілі. Оларға: Игілік, Әділеттілік, Әсемдік идеяларын т. б. абсолюттік құндылықтарды жатқызған (Сократ, Платон) . Сократтың «Өзіңді таны», Протагордың «адам қандай да болмасын заттың өлшемі» деген тезистері адам болмысын, оның менталитетін ашуға жаңа жол ашты. Осыдан адам мәселесі философияның негізгі болмысына айналып, адамның әлемге қатынасы, құндылықтарды қабылдау ерекшеліктері, олардың дүниеге баға беруі софистік философияда алдыңғы орынға шығады. Адамдардың дүниеге қатынасындағы субъективтік момент құндылықтарға толы болғасын олардың бәрі сана, ақыл алдында ақталуы тиіс. Сократтың ойынша тек ақыл обьективті білім бере алады. Бірақ та адам білімді дайын күйінде таба алмайды, білім табу үшін адам талпынып, қарекет жасауы керек. Сократ білім табу «майевтика» әдісі арқылы жүзеге асатынын айта отырып, философияның басты мақсаты адамның жаңа өмірге келуіне көмектесу дейді. Ол үшін адам үш негізгі ізгіліктерге ұмтылуы керек: 1) қанағат (құштарлықты тыю туралы ілім) ; 2) батырлық (қауіп-қатерді жеңу туралы білім) ; 3) әділеттілік (құдай және адамгершілік заңды сақтау туралы білім) . Сократтың бұл ойлары менталитет табиғатына философиялық тұрғыдан терең қарауға жол ашатыны сөзсіз.

Орта ғасыр философиясы теоцентристік менталитетті қалыптастыру негізінде құдай идеясын қарастырғаны белгілі. Адамның тағдыры, еркіндігі, мақсаты, іс-қимылы, құндылықтарды қалауы бәрі құдайға байланысты. Христиан ойшылдары табиғаттан тыс күштердің ролін абсолютті деңгейге көтере отырып, адамдар менталитетті өз «жанын» құтқаруға бағытталуы керек деген көзқарасты қалыптастырады. Олардың айтуынша, адамдар ақылы мен санасы тек құдайды тануға, адам өмірінің басқа жақтары тек діни құндылықтар негізінде қаралуы тиіс. Орта ғасыр философиясы шеңберінде менталитет мәселесі діни интеллектуализм мен антиинтеллектуализм төңірегінде өрбіп, біріншісі негізінен ақылға, интеллектіге сүйенсе, екіншісі керісінше, соқыр сенімге бой ұрады. Антиинтеллектуализм өкілдерінің пікірінше, құдай ақылға сыймайды және ақыл Құдайды тануға кедергі етеді. Сондықтан Құдайды ақиқат ретінде мойындаудың және танудың бір ғана жолы бар. Ол сенім деп жариялайды.

Ортағасырлық менталитет геоцентристік бағытта дамып, діни құндылықтар адам санасы мен ақылының жалпы дүниеге көзқарасының шешуші күшіне айналады.

Менталитет мәселесін ғылыми тұрғыдан шешуге талпыныс ренессанс және реформация заманында орын алады. Бұл дәуірде жеке тұлғаның жасампаздық және шығармашылық күші, рухани тәуелсіздігі мен еркіндігі, құндылықтарды қабылдау қабілеттілігі енді адам санасынан тысқары күшке байланысты болмай, жеке адамның талабы мен ынтасына байланысты қарастырылады. Ортағасырлық дүниетаным негізінде пайда болған құндылықтар әлеуметтік қағида, мінез-құлық, дүниені қабылдау ерекшеліктері жаңа дәуір философиясында сындық тұрғыдан бағаланып, менталитеттің рационалдық негізі қалана бастайды. Рационализм ақылға негізделген дүниені танудағы гносеологиялық және қисындық методологиялық бағыт қана емес, сонымен бірге жеке және әлеуметтік топтардың қажеттілігінен туған қоғамдық көңіл-күй, жалпы адамдардың нақты іс-әрекетінің негізі ретінде қарастырылады.

Р. Декарт менталитет негізін интеллектуалдық интуициядан іздеп, менталитетті гносеологиялық тұрғыдан қарастыруымен шектеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі мәдениеті мен менталитеті ұғымы
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Тарихи тұрғыдан түркі ислам философиясының қалыптасу
Ұлт тілі тарихының деректері
Түркі руна жазбалары тұңғыш рет тұтастай зерттелінді
Қазақстан және Әлемдiк өркениет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz