ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ ӘЛЕМІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е2

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ ӘЛЕМІ3

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРГЕ ӘСЕРІ5

ҚОРЫТЫНДЫ12

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР14

К І Р І С П Е

«Тобыр мен билiк» деп аталатын Элияс Канеттидiң тамаша еңбегi бар. Жеке адамды бiр нәрсеге сендiруден гөрi үлкен тобырды өзiне iлестiрiп әкету әлдеқайда оңай дейдi, тiптi оған тобырдың көптiгiнiң өзi көмектеседi. Көпте ой болмайтындығы сондықтан, ол ойды сырттан iздейдi. Әрине, Элиас Канетти бұл қорытындыларға фашизмнiң табиғатын зерттеп жүрiп жеттi. Бiрақ, бұл кез-келген қоғамда қайыра қайталануы мүмкiн. Өте қауiптi құбылыс. Мұндайға жеткiзбес үшiн БАҚ кеңiстiгiнде бәсекелес басылымдар мен электронды ақпарат құралдары көбеюi қажет. Десек те, әзiрше бiзде басқа бағыттағы көпшiлiк қалыптасып келедi. Көптеген сайқымазақ телебағдарламалары телевидениенiң кең аудиторияны қамтитын мүмкiндiктерiн пайдаланып, өздерiне керектi тобырды дайындап та үлгердi. Өнердегi талғам бұзылды. Әрине, ешқашан ештеңенi тыйым салып, жоқ қыла алмайсың, және де бұл талғамсыздыққа қарсы күресудiң ең жабайы түрi. Альтернатива iздеу қажет. Сол ғана БАҚ-ын жаңа сатыға көтере алады.

Сонымен біздің жұмысымыз БАҚ-тың республикадағы қоғамдық-саяси өмірге әсері жөнінде болмақшы. Бұл тақырыпты алған кезде мен елімізде өткен Еуразиялық медиа форудардың материалдарын, Елбасының халыққа жолдауларын, БАҚ туралы мақалалар мен деректерді шолып өттім.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТ ӘЛЕМІ

Қазақстанда 1700-ге 1991 жылы республикамызда 600-ден аса мемлекеттiк басылым болса, бүгiн 2000-нан астам түрлi меншiктегi БАҚ-тар бар. Бұқаралық баспасөзге халықтың ынта-ықыласы жыл сайын артып келедi, мемлекет тарапынан да айрықша көңiл бөлiнiп отыр. Әйтсе де, жетiстiкпен қатар иықтаса жүретiн келеңсiз жәйттердi айтпасқа болмайды. Сөз бостандығын шектеу, журналистерге қоқан-лоққы көрсетiп, қысым жасау әлi де етек алып отырғаны жасырын емес. Өз кезегiнде журналистер тарапынан да заңды өрескел бұзушылық, жалақорлық пен жалған ақпар беру оқиғалары көптеп кездеседi. Осындай жөнсiздiктердi реттеп отыратын БАҚ туралы жаңа Заң қабылдау қажеттiгi Президент Жолдауында атап көрсетiлдi. Онда республикадағы БАҚ-дың ұлттық мүдденi қорғаудан сырт қалмауға тиiстiлiгi де ескертiлдi. Қазақ тiлiндегi басылымдар осы уақытқа дейiн ұлттық мүдденi ту етiп келдi және алдағы уақытта сол бағытынан жаңылмайтыны сөзсiз. Әрине, БАҚ рыногында бәсекенiң белең алуы заңды құбылыс. Кез-келген ақпарат құралы бұқараның көңiлiн жаулап алу жолында қызмет етедi. Оның ар жағында БАҚ-дың монополиялану қаупi тұр. Ал монополияланған ақпарат шындықтың ауылынан алыстап, жекелеген топтардың мүддесiн көздейтiнi бесенеден белгiлi. Сол себептi, бәсекелестiк үкiмет тарапынан қатаң бақылауға алынады. Елбасы республикадағы БАҚ-дың халық алдындағы жауапкершiлiгiн жадынан шығармай «өзiнiң дамуына жасалған қамқорлыққа жауапты тұғыр ұстануымен, әдiл де шынайы ақпарат таратуға деген ұмтылысымен жауап қатады» деп зор үмiт бiлдiрдi.

Өткен жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстанда 1870 бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген. Медиа-рынокта бұқаралық ақпарат құралдарының саны өсуiмен қатар қоғамның ақпараттық сұраныстарына сәйкес тақырыптық ауқымының да кеңейе бастағандығы байқалады. Мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге байланысты бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру көлемiнiң өсуi арқасында 2003 жылы мемлекеттiк тапсырысты республикалық деңгейдегi 31 газет, 21 журнал және 48 орталық және аймақтық телерадиокомпания орындайды.

Электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк тiл саясатын қолдау бойынша жаңа бюджеттiк бағдарламаның негiзiнде үстiмiздегi жылы қазақ тiлiнде телерадиохабарларды әзiрлеу бойынша екi ашық конкурс өткiзiлдi. Сол жұмыстың қорытындысында 44 республикалық және аймақтық компаниялардың бүгiнгi кезде мемлекеттiк тiлдегi 111 телерадиохабарларының жылдық жалпы мөлшерi 3126 сағатты қамтиды.

2003 жылдың 1 шiлдесiне дейiн шетелдiк бағдарламаларды ретрансляциялауды 20 пайызға дейiн шектеу бойынша норманы республика аумағында жұмыс iстейтiн барлық телерадиокомпаниялар толыққанды орындайды деп айтуға болады. Оның iшiнде, отандық 58 пайызының бағдарламасында шетелдiк бағдарламаларды ретрансляциялау мүлдем жоқ. Ал республика заңының талаптарына сәйкес хабарлардың 50 пайызын мемлекеттiк тiлде әзiрлеудi 95 пайызы орындап келедi.

Мемлекеттiк ақпарат саясатын жүзеге асырудағы үстiмiздегi жылдың бiрiншi жарты жылдығындағы негiзгi бағыттардың бiрi бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңдарды жетiлдiру болып отыр. Медиа-қауымдастықпен, халықаралық ұйымдармен өзара сындарлы жұмыс барысында Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” жаңа Заңының жобасы әзiрленiп, Үкiметке ұсынылды.

Сонымен қатар баса айта кететін мәселе Ақпарат министрлігі құрылды. Демек біздің мемлекетіміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына баса көңіл бөлініп отырғанын бір осы министрліктің құрылуынан-ақ байқауға болады.

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІРГЕ ӘСЕРІ

Өңiрлiк қауiпсiздiк және сол процестегi бұқаралық ақпарат құралдарының рөлiне байланысты тақырып қазіргі кезде қай кездегiге қарағанда да өзектi болып отыр. Сөз бен бейненiң рөлi қауiпсiздiк ұғымында ғана емес, сонымен бiрге оны қалыптастыруда да әскери құрамдық секiлдi маңызды факторға айналып келедi. Ғасыр бұрын Фридрих Ницще: «Фактi дегенiңiз жоқ - ұғындыру ғана бар» деген екен. Әрине, бұл бәлкiм бiршама асыра айтқандық болар, алайда ол ақиқатқа көбiрек жақын келедi. Медиа саланың түбегейлi өзгеруi бiр аймақ шегiндегi емес, жаhандық құбылыс екендiгi анық. Мамандардың есебi бойынша 50 миллион адамдық аудитория қамту үшiн радиоға 38 жыл, телевизияға 13 жыл қажет болыпты, ал Интернет бұл деңгейге 4 жылдың iшiнде жетiптi. 2002 жылы Интернеттi пайдаланушылар саны 700 миллион адамнан асып түскен. Олдос Хаксли өзiнiң тоталитаризмге қарсы утопияларында тапқырлықпен былай деп көрсеткен екен:«төрт жыл бойы аптасына үш рет жүз-жүздеп қайталасаң, ақиқат қалыптасты дей бер». Бiздiң халық демократиямен еркiндiкке үйренуде. Және де бұл бүгiнгi ұрпақтың зор жетiстiгi. Сонымен бiрге бүкiл кеңестен кейiнгi кеңiстiктегi қатаң экономикалық дағдарыс пен аса өткiр ұлтаралық қақтығыстар жағдайында елдiң басқарылуы болмағанда бiр қоғамнан екiншi қоғамға өтудiң өзi басқаша қисынмен - алдымен анархияға, қанды қақтығыстарға, содан кейiн фашизмге қарай жүрер едi. Бұл қисын қайғылы нәтижелерге апарады және әлемдегi мұндай жексұрын режимдердiң тағдыры не болғаны белгiлi. Демократия - бiздiң жолымыздың бастауы емес, түпкiлiктi мақсаты. Алайда осындайлық қысқа мерзiмде бiздiң неге қол жеткiзгенiмiздi қарап көрейiк. Бұл ретте осынау жылдары бiздiң ұзақ күткен тәуелсiздiгiмiздi сақтау және нығайту басты мақсат болды. Бұл бiрiншi нөмiрлi мәселе едi. Осы салада біздің БАҚ өте көп еңбек сіңірді. Олар еліміздің тарихын, болып жатқан экономикалық үрдістерді жан-жақты зерделеп оны халыққа жеткізе білді. Біз қазір ұмытыла бастаған бір мысалды алып көрелік. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Ұлттық банктің 5 минуты» деген айдармен «Хабар» телеарнасынан ақпарат берілетін еді. Ал ол хабардың ел ішіндегі теңгенің тұрақтануына, абыржушылықтың азаюына тигізген әсерін қазір шындығында естен шығарып та алдық.

Еркiн баспасөз - бiздiң мемлекетiмiздiң демократиялық бағыттан айнымайтындығының басты кепiлi. Соңғы жылдары қазақстандық журналистика тар жол, тайғақ кешуден өттi десек те болады. Баспасөз бостандығы бекiдi, көптеген қызықты басылымдар, телебағдарламалар, радиотораптар пайда болды. Тiптен тосын жаңалық - интернет-журналистика өрiс алып келедi. Қазақстанда мұны жүзеге асырып отырғандар қатарына А. Ляхов (Сайт Lyachov. kz) Континент, Казправда, Караван, Жас алаш, Арба, Хабар т. б жатқызуға болады.

Тәуелсiз, тәуелдi, оппозициялық көзқарастағы ақпарат құралдарының ашық пiкiр айтуының өзi бұрынғы тоталитарлық құрсаудан арыла бастағандықтың дәлелi. Ең бастысы, бiздiң өзiмiз ненiң қажеттiгiн анық бiлуiмiз керек. Бүгiнгi дүниенiң жедел де болжап болғысыз өзгерiстерге түсiп жатуы, елдердi өзара түсiнiстiкке бастаудың оңай еместiгi бұқаралық ақпарат құралдарына көп жауапкершiлiк жүктейдi.

Өткен жылдың сәуір айында болған Еуразиялық медиа форум (екінші) республика тұрғындары арасында қарсаңында жүргізілген сауалнаманы шолып өтелік.

Сауалнама бойынша сұралғандардың 57 пайызы БАҚ-тың мiндетi халықты болып жатқан оқиғалармен хабардар етiп отыру деп санайды. 20 пайызы жаңалықтармен таныстырудан басқа, оны бағалау мен сараптауды да БАҚ мiндетiне жүктейдi. Ал 15 пайызы БАҚ-тың негiзгi мiндетi - жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға атсалысу деп бiледi. Жауап бергендердiң 82 пайызы БАҚ-тың жан-жақтылығын бағалайды. Және газет бетiндегi мақала немесе телесюжет даудамайлық әрекеттерге итермелеуi мүмкiн десе, 15 пайызы бұған қарама-қарсы пiкiр айтады. 3 пайызы жауап берудi қиынсынады. Сауалнамаға қатысушылардың көпшiлiгi (74 пайыз) экстремизм мен нәсiлшiлдiкке бөлiнудiң насихатталуын қаламайды. 16-29 жас аралығындағылардың 37 пайызы, 50-59 жас аралығындағылардың 8 пайызы журналистер зорлық-зомбылыққа жауапты болмауы керек дейдi. Он жылдық бiлiмi бар 57 пайыз, жоғары бiлiмдi 16 пайыз сұралғандар да осы пiкiрдi қолдайды. БАҚ қазiргi уақытта ең бiрiншi Қазақстан экономикасына үлкен мән беруi керек деп 48 пайызы дауыс бередi. Бұдан кейiн әлеуметтiк-тұрмыстық және iшкi саясат тақырыбына 37 пайызы дауыс бередi. Ал, 34 пайызы үшiн экология тақырыбы ең маңызды мәселе. 29 пайызы қоғамдық қатынастар саласын өзектi деп есептейдi. Дiн тақырыбына арналған сюжеттер мен мақалаларды 12 пайызы қызу қуаттайды. Масс-медиа тақырыптарына сенiмсiздiкпен қарайтындар да табылды. Тек 18 пайыз сұралғандар ғана БАҚ толық шынайы ақпарат бередi десе, 38 пайыз отандық БАҚ ақпараттарын жартылай объективтi деп бағалайды, 36 пайызы Қазақстандағы БАҚ-ты кейбiреулер өз ыңғайына қарай икемдеп отыр деп есептейдi. Сұралғандардың көпшiлiгi (56 пайыз) БАҚ-ты елiмiздегi төртiншi билiк деп таниды, үштен бiрi (30 пайыз) отандық БАҚ санасуға тұрарлық билiк иесi дейдi. 81 пайыз сұралғандар Қазақстандағы БАҚ қызметiне байланысты түрлi конференциялар, форумдар, конгрестер өткiзiп тұру керек десе, 13 пайызы оның соншалықты қажеттiлiгiн сезiнбейдi.

Бұқаралық ақпарат құралдары, барлық уақытта мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда, халықтар арасында жайма шуақ, достық қарым-қатынас орнатуда, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуде, жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттау мен таратуда орасан рөл атқарып келедi. Ал жаhандану кең құлашын жайған ХХI ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi мен оның алдында тұрған мiндеттердiң аумағы өсiп, неғұрлым жауапты бола бастады. Елдер мен халықтардың жақындасуына белсендi ықпал ете отырып, баспасөз, электронды бұқаралық ақпарат құралдары iскерлiк пен мәдени ынтымақтастықтың жаңа мүмкiндiктерiн ғана ашып қоймай оны дамытудың түрлі жолдарын көрсетуге күш салуда.

Бiздер бұқаралық ақпарат құралдарындағы еркiндiктi шынайы демократияның ажырамас бiр бөлiгi деп бiлемiз. Құлағдар қауымның түрлi пiкiрлерiнсiз ақиқатты елестету де мүмкiн емес. Сол себептi, БАҚ тығырыққа тiрелсе, демократияға қауiп төнгенi. Қоқан-лоққы, тыйым салу, қоғамдағы қайсыбiр топтарды қыспаққа алу, БАҚ-тағы монополия, тiптi, журналистердiң жалаң Отан сүйгiштiгiн көрсетем деп өзiн-өзi тексеруден өткiзуi ақпарат құралдарына да, азаматтық қоғамға да зиян. Бұдан бiрде-бiр мемлекет, ешқандай құрлық сақтандырылмаған. Еш тоқмейiлсiмей, БАҚ-тағы пiкiр еркiндiгiне үнемi көңiл бөлуге тиiспiз. Көкейкестiлiгi еш жерде бай планетамыздағы бейбiтшiлiк пен тыныштыққа қауiп-қатер әкелетiн халықаралық терроризм, экстремизм мен басқыншылық сепаратизмге қарсы күрестiң алғы шебiнде жүруi тиiс.

АҚШ Иракқа қарсы соғысын 2003 жылдың 20 наурызында бастағанымен, «ақпарат соғысы» одан әлдеқайда бұрын басталып кеткен. Бiр анығы әлемдiк бұқаралық ақпарат құралдарының, дүниежүзiнiң азулы ақпарат агенттiктерiнiң таратқан ақпараттары «батыстық» және «шығыстық» мүдде тұрғысынан қарастырылып қалып жатты. Байқасаңыз, бiр мемлекеттi қару-жарақтың қуатымен ғана емес, ақпараттық саясаттың пәрменiмен де жаулап алуға болатындығынан осы соғыс хабар бергендей. Алайда, әлемде осындай арпалыс жүрiп жатқанда қазақбаспасөзi ғана емес, қаламқайраткерлерi де мұсылман елi ретiнде Иракқа iштартқанмен, батыл әрi салмақты сөзiн айта қоймағанына сол кезде «Таразы» хабарына («Хабар» телеарнасы) берген сұхбатында депутат Шерхан Мұртаза қатты қынжылыс бiлдiрген. «Бiздiң жас кезiмiзде бiрмұсылман елiне қарсы күллi әлемнiң телекамералары Ирактағы соғысты ғана емес, оған деген адамзаттың қарсылығын да қалт жiбермей қадағалап, баспасөздiң де басты тақырыбына айналғанын байқадық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Туркия елдері арасындағы мәдени байланыстардың орнатылуы
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Дүниетану пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
Кiтап iсiндегi жарнаманың рөлi
Электронды ақпараттар қорын қалыптастыру
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Дүниетану пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz