Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметттер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ақсүйек
Ежелгі бұл ойын – қазақ жастарының арасына ең көп тараған ойындардың
бірі. Түнде ойналатын болғандықтан, ай жарықта шептесін көгалда, ал ай
қараңғысында жазық алаңда жиналған жөн. Ерте уақытта ойынға қойдың асықты
жілігін немесе кепкен ақсүйекті пайдаланған, ал қазіргі кезде міндетті
түрде ақсүйек лақтыру шарт емес, оны былай да жасауға болады: ұзындығы 20
см, диаметрі 5-7 см, ағаш алып, оның сыртын ақ сырмен сырлап қойса да
болады. Тіпті, ағаштың бір қабат дәке орап қойса да болады. Ойнаушылар
саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтпек.
Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп алып, жеңген топ үшін жүлде
тағайындалады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар сүйекті
қайсысы бірінші лақтырулары керек – сол үшін кезектесіп таяқ ұстайды,
таяқтың басына қай бұрын шыққаны бірінші лақтырады. Ақсүйек лақтырғна кезде
ойнаушылардың теріс қарап тұрғандары дұрыс. өйткені ақсүйекті лақтырған
кезде оның бағыты көпшілікке белгілі болмауы керек және түскеннен кейін
ғана ойнаушылар іске кіріседі.

Алтыбақан
Алтыбақан ойыны көбінесе жазғы түнде ауыл сыртында өтеді. Алтыбақан
құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3-4 метрдей салма мен жуандау бір белағаш
және жуан арқан керек. Мосы құсатып үш-үштен алты ағаштың бір жақ басына
байлайды. Сөйтіп, екеуін екі жерге тұрғызып, ортасынан көлденең белағашты
жоғарғы ашасына салып байлайды. Содан соң алтыбақан тебушілер отыратын,
аяғымен тұратын орындық ретінде көлденең тақтай кигізеді. Екі арқанды
алтыбақан тебушілер құлап кетпес үшін сүйеніп отыратындай немес түрегеп
тұратындай етіп байлаған жөн. Ойнаушылардың санына шек қойыылмайды. Әдетте,
бір қыз бен жігіт әткеншектеп болған соң, келесі жұп шығады.
Алтыбақан тебетін екі ойыншы қарама-қарсы тұрып, аяқтарымен әлгі
сайланған арқанға шығып әткеншек теуіп, ән бастайды. Бұл екі ойыншының
бастауымен алтыбақан айналасында тұрған жігіттер мен қыздар әнге қосылып,
хор айтады. Шалқайта тепкен алдтыбақан мен шырқалта салған ән ырғағы
жиналған жас жігіттер мен қыздарға бейне бір махаббат қайығындағы ғажап бір
тербелісті елестетеді.
Алтыбақанда екі кісі қатар тербелтіп, тіпті, ортасына тағы бір кісіні
отырғызуға болады. Алтыбақан тебіге шыққан екі жас ортадағы адамды құлатпау
үшін, оны мықтап ұстап отырады. Сөйтіп, кезекпен-кезек әткеншек тебе береді
де, ойын түннің бір уағына дейін жалғаса түседі.

Арқан тартыс

Ұзындығы 8-10 метрдей жуан кендір арқан керек. Арқанның нең ортасынан
шүберек не орамал байланып, белгі жасалынады. Осы орталық белгінің екі
жағынан бір жарым екі метрдей жерден жоғарыдағы тәртіппен тағы да белгі
жасалынады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі:
ойнаушылар бойларының биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын
жүргізушінің берген белгісі бойынша тізбекте тұрған ойыншылар оң жақ
шетінде қатар санда: - бір, екі, үш... деп бастап, сол жақ шетіне дейін
санап шығады. Сөйтіп, бұл топ тақ, жұп болып екіге бөлінеді. Қатысушылардың
саны он адамнан кем болмауы керек.
Күні бұрын жерге енмесе еденге сызықтың үстіне арқанның ортаңғы
белгісінен дәл келтіріп кереді. Содан соң арқанның екі жақ шеткі белгісінен
бастап, ұшына дейін ойнаушылар қос қолдап тартып тұрады. Енді ойын
жүргізушісінің берген белгісі бойынша жігіттер арқанды өз жақтарына қарай
тарта бастайды. Мұндағ мақсат - екі топ бірін-бірі жердегі орталық сызықтан
бұрын әкетуі керек. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан бұрын сүйретіп
өткізі алса, сол жағы деп есептелінеді. Сөйтіп, жеңілгендер жағы
жеңімпаздарға хор айтып, би билеуге тиіс.

Асық ойындары
Алшы. Бұл ойынды тек асығы бар балалар ғана ойнай алады. Асық
ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. әрине, асықты қыз балалар
ойнамайды. Бұл ойынның түпкі мақсаты – асық ұтып алу.
Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң бір бала
ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып
иіреді. Иірген кезде алшы түскен сақының иесі бірінші, тәйке түскен иесі
екінші, бүк түскендігі үшінші, шік түскендігі төртінші атады. Егер бірнеше
асық бірден алшы, тәйке, бүк немес шік түссе, онда алдымен алшы түскенін,
содан кейін тәйке, бүк, шік түскенін жеке-жеке иіру керке. Осылайша,
кімнің нешінші болып ататындығын анықтағаннан кейін, енді осы кезек
бойынша ойыншылар сақаларын иіре бастайды. Иірген кезде сақасы алшы түскен
ойыншы көндегі асықты жинап алады. Көнге асық қайта тігіледі. Ал тәйке
түскен сақаның иесі ойыннан шығып қалады, яғни сақасын, кезегін өзінен
кейінгі ойыншы атады, мұндай жағдайда оның сақасы иірілмейді. Ал бүк, шік
түскен сақалардың иелері өзара кезектерімен көндегі асықты ата бастайды.
Осылайша ойын жалғаса берді.
Бұл жерде мына жағдайды ескерте кеткен жөн: көндегі асықты сақаның жатқан
жерінде тұрып ату керек, ал тәйке түскен сақаны көнде тұрып ату керек, ал
тәйкеге тигізе алмай қалса, онда атқан ойыншы ойыннан шығып қалады, демек,
көнге тіккен бір асығынан ұтылады.

Ат ойындары

Ат ерттеу. Ер қанаты – ат дегендей, қай қазақта болса да астындағы
атын өте қадірлеген. Сал-серілердің атқа салатын ер-тоқымының да өзіндік
маңызы зор. Кез келген аттың дене бітімі бірдей емес. Сондықтан қазақта ер-
тұрманның өзі белгілі бір арғымаққа арнайы дайындалған. Бізге белгілі аңыз-
ертегілер мен жырлардағы Керқұла, Тайбурыл, Құлагер, т.б. аттардың өздеріне
арнайы дайындалған ер-тұрманы болған.
Ат ерттеу ойыны ас беру, қыз ұзату, наурыз, күзем алу, т.б. жиын-
тойларда ойналған. Бүгінде ат ерттеу ойыны ұмтылды деуге болады.
Ат омырауластыру. Бұл жігіттердің ат ойыны болғандықтан, көгалды
немесе айдалған жұмсақ жерде өткізіледі. Ойынға екі адамнан қатысады, ал
жалпы ойнаушылардың санына шек қойылмайды.
Он метрдей сызылған шеңбердің ішіне бірінші кезектегі екі атты
кіреді. Бұл екі ойыншының мақсаты – осы шеңбердің ішінен аттарымен бірін-
бірі итеріп шығаруы керек. Қайсысының атының екі аяғы шеңбер сызығының
сыртында қалса, сол ойыншы ұтылған болып есептелінеді. Ойынның шарты
бойынша, осындай жағдайда кім көп жеңіске жетсе, сол ойыншы ұтқан болып
есептелінеді. Ойнаушылардың барлығы ойнап біткенге дейін ойын жалғаса
береді.
Ойынға қатысушылардың қолында ештеңе болмауы керек. Ат үстінде отырып
біріне-бірі қол тигізуге болмайды, тек қана аттарымен итеріседі.
Аударыспақ. Екі салт атты жігіт ортаға шығады. Төрешінің белгіленген
уақытында олар бірін бір ат үстінен аударып түсіруі керек. Айталық,
белгіленген 10-15 минут аралығында бірін бірі жеңісе алмаса, онда ортаға
келесі екі атты шығады. Жеңіске жеткен ойыншы көмбеде қалды да, келесі
ойыншымен аударысады. Осылайша қай көп жеңіске жеткен жігіт жүлде алады.
Бәйге. Бұл ат жарсына жігіттермен қатар қыздар да қатыса алады. Ойын
көпшілінде кедергілі, яғни жазық емсе, ойлы-қырлы жерде өзкізіледі.
Ойыншылардың санына шек қойылмайды.
Ойнаушылар көмбедегі сызықтың бойына қатарға тұрып, ойын жүргізушінің
белгсіі бойынша барлығы бір мезгілде көмбеден шығады. Ойынның шарты бойынша
5-тен 10 шақырымға дейінгі белгіленген аралықты жүріп өтулері керек.
Көмбеге қай бұрын келген жеңімпаз атанады. Ол адамға сыйлық беріледі.
Жорға жарыс. Жорғалы аттардың жарысына негізінен қыздар өқатысады.
Көпшілік жағдайда жазық жерде өткізіледі. Қатысушылар көмбедегі сызықтың
бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші жігіттің берген белгісі бойынша
барлығы бірдей көмбеден шығады. Шамамен 3-тен 5 шақырымға дейінгі
қашықтықты аттың жорға жүрісімен ғана жүріп өтулері керек. Егер ат жорғалап
келе жатып желіп не шауып кетіп барып көмбеге жеітп келсе онда ол жеңгенге
есептілінбейді. Көмбеге бірінші болып жорға жүрісімен жеткендер ғана
жеңімпаз атанады.
Қыз қуу. Ойын айдалған жерде, болмаса шөптесін көгалдарда өтеді.
Ойынға әркім өз атымен келеді. Арақашықтығы екі шақырымдай жерде екі
көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде ойынға қатысатын жігіттер атарының
ауыздығынан ұстап, көмбеге қатар тұрады. Өз кезегін алған қыз қатардың
алдынан, артынан келіп өзіне ұнаған жігіттің атын қамшымен бір тартып: Қыз
керек болса, қуып жет, - деп тұра шабады. Атына міне жігітте қызға
ұмтылады. Қыз екінші көмбедегі белгіні айналып қайтар бетте қуып жете
алмаған жігітті қамшының астына ала көмбеге келеді. Егер жігіт қуып жетсе,
қызды құшақтап, бетінен сүйеді.
Бүгінгі күндері жігіт он адымдай алдында тұрған қызды қуалайды.
Сондықтан бұл ойын бұрынғы дәстүрлі қызығын жоғалтып алды.
Тұмақ ұру. Тұмақ ұру ойыны көгалда жерде өткізіледі. Ойнаушылардың
санына шек қойылмайды. Ойынға әркім өз атымен қатысады. Күні бұрын көмбе
белгіленіп 20 метр биіктікке ат бойындай қазық қағылдыда, тұмақ кигізіледі.
Ойынға көз байлайтын орамал керек.ойыншылар бір сызықтың бойында қаз-қатар
тұрады.
Басқарушы кезектегі тұрғанын, яғни қатардың өз жағындағы ең шеткі
ойыншыны ортаға шақырады. Оның көзін орамалмен байлап, атына мінгізіп,
қолына қамша береді.
Осы көзі орамалмен байланған салт атты жігіт қолындағы қамшысымен
тұмақты дәл ұрып түсіруі керек. Ойын ережесі бойынша, тұмақты үш рет ұруға
еркі бар. Бір рет ұрғанда тимесе, онда одан ары тұмақты іздеп тағы ұруына
болады. Осылайша, барлық ойыншылар бір реттен айналып шыққанда, тұмақты кіп
көп ұрса, сол ойыншы жеңімпаз аталады.

Сиқырлы таяқ
Жастар кешінде ойналатын сиқырлы таяққа ұзындығы бір-бір жарым метр
таяқ керек. Жиналғандар, бала-шаға демей-ақ, жасына қарамай ойнай
берулеріне болады. Қатысқандардың саны 8-10 адамнан артық болмауы керек.
Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбердің бойына тұрады. Ойын
жүргізуші қолында таяғы бар, шеңбердің ортасына шығып, ойынның жағдайын
түсіндіреді: ойнаушыларды бірден бастап, ең соңғы адамға дейін нөмірлеп
шығады. Таяқты тігінен жерге қойып ұстап тұрады да, қоя беріп, кез келген
бір нөмірді шақырады, шақырған нөмір таяқты жерге құлатпай, қағып алса, өз
орнына барып тұрады, ол ұстай алмай, таяқ құлап қалса, онда айыр тартады,
яғни көптің ұйғаруымен ортада өнер көрсетеді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Барлық ойыншы бір-бір реттен міндетті түрде ойнаулары керек, ал одан ары
ойынның жалғасуы ойнаушылардың өз еркінде.

Соқыр теке.
Балалардың сүйіп ойнайтын бұл ойынына қатысушылардың саны 10-15
адамнан аспауы тиіс. Мектеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы: 15-17 ғғ. халқы және шаруашылығы
Қаржылық мәліметтер
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру
Бастауыш сыныптың оқыту процесінде халықтық ойындарды қолдану
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Қазақтың ұлттық ойындары және оларды насихаттау
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы салауатты өмірге тәрбиелеу
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Пәндер