НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ОЙНАЛАТЫН ОЙЫНДАР

Қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғаларды бастан аяқ
баяндап беретін ғасырлар бойы бірге жасасып келген әдет-ғұрып ойындары бар.
Сондықтан ойын ережесін баяндауды еңбек процесіне байланысты туған мереке
ойындарынан бастаймыз. Бұған жататын ойындардың негізгілері —Наурыз
мерекесінде ойналатын ойындар. Бұл мереке жыл сайын наурыздың жиырма екінші
жұлдызында өткізіліп тұрған. Олай болуы бұл күн қазақ халқының түсінуінше
жаңа жылдың бірінші жұлдызы болып есептелінген.Тағы бір себебі 22 наурыз
жұлдызында күн мен түн теңеледі де, әрі қарай күн ұзара бастайды. Бұл күн
халықтың кыстың ауыртпалығынан құтылып, мал басын, жан басын қыс қырсығынан
аман алып шыкқандығын аңғартады. Сондықтанда бұл күнді ертедегі түркі
тектес халықтар жаңа жылдың басы деп қарсы алды. Ескі, қазақша жаңа жыл
күнінің аты ұлы іс, келе-келе ұлыс деп аталғандықтан, бүл мерекені
ұлыстың ұлы күні деп те атайды.
Қылышын сүйреткен қыс қаһарынан қайтып, оның орнына жадырап, жан-
жануарлардың жанын жібітіп көктем келді. Содан бұл ұлыстың ұлы күнін халық
өздерінің еңбек мерекесіне, ал наурыз мейрамын ұлыстың ұлы күні деп атап,
оны ойын-сауық, той-думанға айналдырады. Ұлыстың ұлы күні, ағайын-туған
адамдар бір-бірімен кездесіп, құшақ жайысып, көрісетін болған. Бір-біріне
бақытты өмір тілескен. Міне, осындай қуанышты тілек-жайларды білдіретін
наурыз күні халық арнаулы өлең-жыр айтатын болған. Адамдар бірінің үйіне
бірі кірген беттен:
Амансыз ба?
¥лыс оң болсын!
Ақ мол болсын.
Кайда барса,
Жол болсын!
Ұлыс бақытты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
¥лыс береке берсін!
Бәле, жала жерге енсін,—

АЛТЫБАҚАН

Алтыбақан ойыны көбінесе жаз күндерінде түнгі бетте ауыл сыртында
өтеді. Алтыбақан құру үшін әрқайсысының ұзындығы 3—4 метрдей 6 салма мен
жуандау бір бел ағаш және жуан арқан керек. Мосы құсатып үш-үштен алты
ағаштың бір жақ басынан байлайды. Сөйтіп екеуін екі жерге тұрғызып,
ортасынан көлденең бел ағашты жоғарғы ашасына салып байлайды. Ортадағы бел
ағаштың екі жерінен арқан байлайды. Содан соң алтыбақан тебушілер отыратын,
болмаса аяғымен тұратын орындық ретінде көлденең тақтай кигізеді. Екі
арқанды алтыбақан тебушілер құлап кетпес үшін сүйеніп отыратын-дай, немесе
түрегеп тұратындай етіп байлаған жөн. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды.
Әдетте бір қыз бен жігіт әткеншектеп болған соң келесі жұп шығады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Алтыбақан тебетін екі ойыншы қарама-қарсы тұрып
аяқтарымен әлгі байланған арқанға шығып әткеншек теуіп. ән бастайды. Бұл
скі ойыншының бастауымен қастарында алтыбақан айналасында тұрган жігіттср
мен қыздар әнге қосылып хор айтады. Шалқайта тепкен алтыбакан мен шырқалта
салған ән ырғағы жиналған жас жігіттер мен қыздарға бейне бір махаббат
қайығындағы ғажап бір тербелісті елестетеді. Жиналған жастар алтыбақанға
кезек-кезек отырып ойынды одан әрі жалғастыра береді. Әр кезек бойынша
алтыбақанға отырған жігіт пен қыз өздері білген әндерін бастайды да
басқалары оларға қосылып, отырушыны әткеншсктсп тербетіп. шайқап тұрады.
Алтыбақанда екі кісі катар тербетіледі. тіпті ортасына тағы бір
кісіні отырғызуға да болады. Алтыбақан тебуге шыкқан екі адам ортадағы
адамды құлатпау үшін оны мықтап ұстап отырады. Сөйтіп кезекпен-кезек
әткеншек тебе береді де, ойын түннің бір уағына дейін жалғасады.

Ақсүйек — жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың түнінде ашық далада
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындары
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Аламан бәйге
Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері
Музыкалық тәрбие
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Наурыз мейрамы көптеген ғасырлар бойы халыңтың сүйіп мерекелейтін дәстүрлі мейрамдарының бірі
Музыка және қимыл
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Пәндер