Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Батыс. 10
Араб-мұсылман дәстүрлі мәдениеті. 12
Модел 2. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер. 23
XIX-XX ғ. Еуропа мәдениетіндегі құндылық мәдениеті. 24
XX ғасыр мәдениеті. 36
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғғ. 37
Ізеттілік, сыйластық дәстүрлері 44
Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер: 45
XIV-XV ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті 47
Қазіргі замандағы мәдениет 55
Орыс мәдениеті 59
Европа мен Азияда орта ғасырдың басында ежелгі және антикалық
мәдениеттің негізінде; Шығыс-Қытай, Үнді, Араб-мұсылман, грек-византиалық
және жер Орта теңізінің мәдени-тарихи аймақтары пайда болды. Бұлардың
құрылуының идеологиялық негізінің доминанты (басым жағы) (барлығынан жиі-
жиі дін) және тіл араласу мен мәдениетті тарату құралы ретінде болды.
Еуропа мәдениеті үш аймақтың: грек-византиялық, жер орта теңізі және
араб-мұсылмандарының зор әсері мен қалыптасты және дамыды. Еуропа олардың
маңызды жетістіктерін игерді және осының негізінде өз мәдениетін жасады.
Қайта өрлеу дәуірінен бастап Еуропалық мәдениет деп атайды. Бұл мәдениеттің
пайда болуы мен дамуының негізгі болатын элеметтері христиан діні идеясы
және латын тілі мәдениет тілі ретінде және онымен байланысты араласу құралы
болды.
Ортағасыр мәдениеті әдетте үш кезеңге бөлінеді:
1. Ортағасыр-феодалдық қоғамның қалыптасу уақыты ертедегі Еуропа елінде V-
X ғғ, (ал Азия елінде II-XIғғ)
2. Классикалық ортағасыр-феодализмнің даму кезеңі XI-XVғғ. (ал азия
елінде XVI қоса алынады) Романдық кезең.
3. Ең соңғы ортағасыр-феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің дүниеге
келу кезеңі XVI ғ мен XVII ғасырдың ортасы (Шығыс XVII-XIX ғғ).
Бұлай бөлу қайта өрлеу дәуірін ерекше бөлмейді, тек соңғы кезеңіне
қоса қояды.
Ортағасырдың V-VIII ғасырлары ауыр ой туғызатын ұғым ретінде пайда
болды. Оны қараңғы уақыт дейді онда ұлы халықтардың көшіп-қонуы арқасында
IX ғасырда Еуропада мемлекеттің бір-бірінен ажырауы мен қалыптасуы
басталды.
Оратғасыр деп бұл терминді тарихшылар Батыс Рим империясының
қирауынан бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі кезеңді үшін қолданды.
Рим империясының қираған орнында пайда болған феодалдық қоғам, оның
алдында болған мәдениеттен ерекше жаңа мәдениетті дүниеге алып келді. Бұл
дәуірдің және оның мәдениетінің еккшелігі оның діни сипатында.
Б.з.б. I мың жылдықтың бірінші жартысының аяғында Палесоннада әлемдік
ең бір ежелгі монотсистік дін қалыптасты. Б.з.б. VII ғ аяғында Иудей
патшасы Иосия діни-саяси реформа жүргізді, осның нәтижесінде жалғыз ғана
Яхве құдайға табыну қалыптасты. Иудаизмнің монотекстік дін ретінде
қалыптасуы, ондағы бірғана Яхве құдайына мойындау және оған табыну, бұл
жоғарғы дінге деген ағашалғашқы қадам, айналадағы барлық заттарға қарағанда
оны жоғары санады.
Иудаизмнің монотекстік ерекшелігі келешек туралы түсінік бүгінгі
күннен артық болатынын көрсетті. Иудаизмде прогресс идеясы, тіпті қарапайым
мифологиялық түрде болды. Бұл идея гректер мен Римляндықтарда болмаған,
олар барлық жақсылықтардың бәрін өткен өмірмен, жоғалып кеткен, алтын
ғасырмен байланыстырып отырды. Иудей пайғамбарлары еврейлерді құдай сүйген
халық Яхвемен келісім арқылы байланысты екенін седірді.
Палестинаның өзінде пайғамбарларға деген қатысы әртүрлі болды. Саяси
қозғалыстар, негізгі дінен бөлінген топ секторлар оның ішінен есейлер
болды. Ессейлер қауымдық өмір нанымының ақиқаттық екнін білдіреді деп
санады. Ессейлік қоғамдық өзіндік орталығы кумрандық қауым болды. Оның
мүшелерін Жаңа өсиет(новый завет) деп атады. Көптеген қауымның ішінде
жаңа келісімнің адаммен құдай арасында керектігі туралы идея, онда тұлғаға
деген жоғарғы өнегелік талап қою керектігін пайда болды. Ол кездегі көне
өсиет (Ветхий Завет) оларды қанағаттандырмады. Солай болғандықтан
қауымдастықтардың жоруынша оны ақиқат сенімнен безген еврейлер қоғамының
топтары мойындады деп есептейді. Қауымдастықтар одан құтылуда күтті, оны
нақты біреу әкеледі деп есептейді. Көне өситеттен оның растығын іздеді,
келешектегі құтқарушы, ежелгі Давия патшаның тұқымы болады деп есептеді.
Осы кезде Рим империясының бір провинциясы болып саналатын. Иудейде
бір адам пайда болады, оны діндар адамдар (дінге сенуші) еврейлер мессия
немесе христос құдайдың баласы – ежелгі еврей тілінде Машиах деп аталды.
Бұл адамды Йешуа-Қорғаушы, оның құдайда пайда болғанына сеніп оны Йешуа
Машиах деп атады. Оны аударғанда маңдайына бақ қонған (пешенесі аылған)
құдай (тәңір) деп атады. Кейінірек бұл ат ежелгі грек транскрипциясында
Инсус христос.
Иудаизм мен християндық діннің негізгі ерекшелігі, оны христос өзінің
уағаздауында былай көрсетті. Тек еврей халқына ғана емес, жалғыз құдайға
сенген адамдарға арналған және Иисусты құдай баласы деп мойындайтындарға,
қай ұлттың өкілі болсын, осыған дейін қай дінге болса да, оған қарамай,
оның жалғыз құдайды мойындауы ескеріледі.
Мұның қортындысы Иисус еврейлердің тілегі бойынша сотталып, крестке
керіп тастады (қол-аяғын керіп шегелеген). Құдайдың баласы ретінде үш
күннен кейін тіріліп, өзінің уағызының ақиқатты ілім екенін дәлелдеген.
Иудаизм – ұлттық дін, онда бір халықты құдайдың сүйіктісі деп
есептейді, христиан діні болса, халық емес әр жеке адам мойындалынады.
Христиа діні ретінде I ғ. бірінші жартысында ежелгі еврейлердің діні
Иудаизмнен шықты.
Сондықтан христиан діні жылдам тарап, көп халықтың дініне айналды.
Қазіргі заманды христиан дінін ұстау саны 1млд адамға жетті.
Библияда монотекстік түсініктің қалыптасуының логикасы
бейнеленді.Сонымен бірге ұлттық діннің ұлттан жоғары және жалпы адамзаттық
дінге (христиандық) айналуының айрықша дамуы.
Библия Веткого (көне) және нового (жаңа) өсиеттен тұрады. Бұлардың
арасындағы айырмашылық не? Көне өсиетті Иудаизм мен христиандық дін
мойындаса, жаңа өсиетті тек христиан діні ғана қабылдайды. Көне өсиет
заңның басымдық идеясын көрсетеді. Жаңа өсиет болса, тұлғаның басымдық
идеясын көрсетеді. Осылайша Библияның жаңа өсиетінде адамның құдайға
жақындау идеясын білдіреді, құдай-әкенің дінінен құдай-балаға өтуін іске
асырады, адамдарға Христос бейнесінде келуі-Құдай адам бейнесінде адамдарға
назар аударып, олардың жер бетіндегі азаптық өмірін бірге көрді (бөлісті).
Құдай оны сүйеді, сүйіспеншілікте ғана адам құдайға жақындайды,
сүйіспеншілік тұлғаның негізі.
Библия дінге сенушілердің рухани керекті сауалын қанағаттандырады.
Діни сеніммен бармайтындарға қатынасы барма? Бар. Библияның мәні діни
қажеттіліктен зор, оның арғы жағына да (жатыр) қажет. Онда көптеген мәлімет
бар: адамдардың қарапайым қатшасы, іс туралы, лайықты еліктеуі, немесе
өкініші туралы. Библия біріншіден құдайлар емес, адамдар әлемі туралы,
бірақ бұл әлем түсінігі, адамның қандай болатыны туралы. Сондықтан, 2 мың
жылдар бойы миллиондаған адамдардың рухтанушылғының қайнар көзі болып
келеді. Сонымен бірге Библия өмірдегі әр алуан құбылыстардың сапасы туралы
түсініктердің қайнар көзі, яғни ол бейнелердің кең орны болады, әлдеқандай
абстракты ұғымды түсінуге көмектеседі.
Қытайлықтарда мұндай ролді И-цзин кітабы атқарады. Кейбір Билияны
зерттеушілер бір қатар түсініктерді құрастырады, олар библиядық бейнеге
сәйкес. М: ақыл-ой қайнар көз, (противорегия) қайшылық-от, негіз-тас,
тағдыр (бақыт) – жер, қуаныш-кемпір қосақ.
Жаратылу идеясы, аян беру идеясымен тікелей байланысты, адамдарға
қандайда білім алуға жол ашық, яғни ол құдайдың аянында берілген, адамның
барлық әлем және құдай туралы білімді құдайдың өзі ашқан, яғни білімнің өзі
құдайдың жаратуының нәтижесі болады.
Ертедегі ортағасырдан бастап христиан діні, оның шіркеуі қоғам өмірі
өрісінің барлық жағын игерудің әдісін іздеді. Соның бірі ересь (үстемдік
еткен дінге қарсылығығы бар діни ілім). Бұл ресми дінге қарсы азғындық
ілімді қолдаушылар құдайдың әлемдегі ерекше мәні туралы догматты жоққа
шығарды, Христос және Мария-қызы көптің бірі, қарапайым адамдар деп
есептеді. V ғ. несториандар (нестор деген константинполдық патриархтық
атымен) Христос дүниеге адам болып келеді, содан соң ғана құдай баласы
немесе Мессии болды дейді. Олардың ойынша Христоста құдайлық пен адамдық
ерекшелік біріктірілген, өз алдына салаыстырмалы болып қала береді. Ал
ерестің басқа түрі-монофизистволық (monos-біреу, physis-табиғат), олардың
ойынша, екі табиғат, қан мен тән Христоста бірігіп қосылып қана қоймай,
құдайлықты, адамдықты бойына сіңірген.
Батыс пен Шығыстың бөләнуі: теологиялық айтысқа филиовке (от
filigue – және баладан) яғни Қасиетті рух тек Құдай-Әкеден
(византиялық теологиктердің пікірінше) немесе Құдай-Әкеден және
Құдай баладан дегенді Римдіктер дәлелді. 1054 ж екі шіркеу,
православке және католиктік болып екіге бөлінді.
Папаның еретикалық ілімге қарсы күресінің құралы инквизация (indusito-
тергеу, іздену)-католик шіркеуінің мекемесі.XIII ғ. шіркеу жүргізіп отырған
діни әрекетке қарсыларды, сот, полиция ұйымдарды ерекше қудалады. Келешекті
болжаушылар мен көргендік көрсеткендерді дін иелері жын-шайтан күштеріне
қатысы бар деп кінәләді және жын-шайтанға көмектесті деген айып тағылып,
өлім жазасына бұйырып, өртеп жіберді. Батыс Еуропада олардың саны 30000
адамға жетті.
XII-XIII ғ. католик шіркеуі мен папа үстемдігі қоғамдық өмірде өте
үлкен рөл атқарды. Осы кездегі ең құдіретті папа Инкокентийдің III (1160
немесе 1164-1216жж.) қолын сүю тек императорға ғана, ал басқалар оның
етігіндегі кркесті сүюге рұқсат алды. Рим католик шіркеуінің үстемдігінің
соншалықты, ол мемлекеттер арасында таласта қазылық етті. Католик шіпкеуі
сауда ісін жүргізу және экономикалық әрекеттермен де шұғылданды. Мысалы,
Индулгенция (indulkentia-қайырымдылық) күнәнің азаюы туралы берілетін Рим
папасының айрықша куәлік қағазы. Куәліктің бағасы оның жасаған кінәсінің
ауырлығына байланысты болды. Шіркеудің діни басшылары адамның ой-өрісіне
ықпал жасауына байланысты барлық ілімдер-құқық, жаратылыстану, философия,
логика-христиандық дінге лайықталып жөнге келтірілді.
XIII ғасырдан оқу мәселесімен епископ мектебі деп аталатын орындар
айналысты, оны епископтар ұйымдастырды. Оқу және тәрбие беру екі сатыға
бөлінді. 1) Зиялық және теологиялық. Мектептерде, көне антикалық заманнан
мұра болып қалған жеті азат өнер пәндері жүрді. Жеті азат өнер дегеніміз –
грамматикалық, риторика, диолектика (логикалық элеметтер бар), арифметика,
геометрия, астрономия және музыка. Бұл пәндер екі топқа бөлінеді тривиум
(үш сала деген сөз), квадривум (төрт сала деген сөз).
Алғашқы сатыда; грамматиканы, диалектиканы және риториканы, сонымен
бірге грамматика латынша әріптерді жаттау, сөздерді оқып үйрену. Оқушылар
дәлел келтіру арқылы пікір-талас (диспут) жүргізді. Риторика шешендік өнер
теориясы: өлең шығаруда құқықтық әліппесімен танысуда қолданылады.
Келесі саты: арифметика, геометрия, музыка және астрономия, оқу осы
салаларды бітіру мен аяқталады.
Батыс Еуропада оқу білім дәрежесі бірдей болған жоқ. X-XI ғ.Испанияда
философия, математика, физика, астрономия, медицина, құқық және мұсылман
діни ілімдерін жоғарғы сапада оқытылды.
XIғ. Италия Болан құқықтық мектебінің негізінде 1088ж. батыс Еуропада
бірінші университет ашылды.
XII ғасырда Оксфорд (1167) содан соң Кембридж (1209) университеттері
жұмыс істеді. Олардың ерекшелігі, шіркеу догматтарының шыққан, ғалым Бэкон
шіркеу беделінің қажет емесін, таным процесінде тек ақыл мен тәжірибие
әдісіне сүйену керектігін ұсында.
Франциядағы алғашқы болып Париж университеті ол төрт факультетен:
төмендегі дайындық (онда жеті азат өнерді оқытты), үшеуі жоғарғы
факультеттер (медициналық, құқықтық және діни ілім). Университет
мұғалімдерінің бакалавр, магистр және доктор деген атақтар болды. Олар
өздеріне басшы ретінде деканды (desans-ондық) сайлады. Университет (лат
университас, одақтастық) деген сөзден шыққан (оқытушылар мен оқушылардың
бірлестігі). Оқушыларды студенттер (studere-ынта жігермен шұғылданушылар)
деп, олар өз кезегінде бір ұғымға бірікті(жерлестік,аймақтық және ұлттық-
нормандық, ағылшындық, пикардийлықтар және галлдар). Әр ұлттың басында
сайланған адам прокуратор, барлық төрт ұлттың, яғни университеттің басшысын
ректор (rector-басқарушы) сайланды немесе өкімет тағайындаған канцлер
тұрды.
Оқуға түскендердің үштен бірі ғана бакалавр дәрежесін алатын,
қалғандары дәрежесіз бітіретін. Диспутқа қатысушылар диспутт кезінде
әртүрлі мәселелер туралы пікірін ұсынып, қарсы ойларды тыңдап, олардың осал
жерін тауып оны бекерге шығарып отырды. Диспуттар өте қарқынды өтетін және
кейде төбелеске дейінде барып қалатын. Шәкірттердің бәрі де өздерінің
университетерін өте жақсы көргендіктен оны аялы ана (лат ****-матери) деп
атады. Дүние жүзінің студенттерінің Гаудеамус игитура (латын тілінен-
келіңдер, шаттанайық) гимнін ортағасырлық шәкірттер шығарған, оны бүгінге
дейін орындайды.
Шәкірттердің білімге деген құштарлығы оларды бір қаладан екінші
қалаға,белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдау үші келіп отырды.бұл қаңғы бас
студенттерді ваганттар (латын тілінен-кезбелер) деп атады. Бұлардың
арасында жоғарғы ғылыми атақ алғандары, бакалаврлық атаққа жете
алмағандарда болды. Олардан тамаша ақындардың шығармаларының ішінде әндер,
өлеңдер, лирикалар, ащы сатира да жетіп жатты, кейбір шығармалар белгісіз
авторлардың еңбегі болды.
Еуропа мәдениетінің өзіндік сипаты орта ғасырдағы үстемдік етуші Роман
стилі және Гогикада көрінді. Роман стилі X-XII ғасырды қамтиды. Оның мәдени
көремдігінің түрі байсалды, салтанатты-қатал күште еді. Сондай-ақ шіркеудің
сәулеткерлік композициясы монастырлардың Замоктардың (қамалдық) қалың
қабырғаларының ауыр салмағы мен тар терезелері көңіл аударды. Бұл жерде
діни ырғақ, құдайдың қатал құдіреттілігінің шексіздігі сезілді.
Кемелденген орта ғасыр көбірек готика (герман тайпасының бірі)
сипатында болды. Готика еуропалықтардың құрылыс жүргізудегі зор
табыстарының нәтижесінде пайда болды. Ғылымның даму, техниканы пайда болуы
қалың қабырғалардан бас тартуға мүмкіндік берді. Гетикалық сәулеттің басты
ерекшелігі – сүйір арқалы (қақпалы) (дарбаза тәрізді биік қақпа) храмдар
аса үлкен көлемде салынды. Оған құлшылық ету үшін немесе аса маңызды
азаматтық істерді талқылауға жиналатын көп халық сиятын.
Готикалық үлгі біртіндеп азаматтық сәлет өнеріне де өз ықпалын тигізді
қалада Ратуша (өкімет үйі), ең ауқаттылар өз үйлерінде осы үлгіде сала
бастады.
Готикалық өнердің үлгісі барлық өнер түрінде де көрініс береді.
Жоғарғы ортағасырдағы готикалық классика мүсіншілерінің жұмыстары
замандастарының потретін тірі күйде жеткізгендей әсер етіп таңқалдырды.
Готика сәндік өнерінде, тұрмыстық бұйымдарды да жаңғырты.Осы кезде
готикалық жазу қалыптасты. Ол үшін қауырсынды арнайы ұштайтын болды. Сәнді
готикалық әріптермен жазылған қолжазбалар нағыз өнер шығармалары.
Батыстың ортағасырдағы философияның өзегі схоластика. Схоластика
сөзінің өзі схоло-мектеп деген сөзден шыққан. Схолост сеніммен білімді сезу
арқылы ашу және ақылды сеніммен жарастырып қана қоймай, бір-біріне
көмектесуге үйрету мақсатын қойды.
Схолостика философияның аса ірі өкілі әулие Фома (Томмазо) Аквинский
(1225 немесе 1228-1274жж). Ол құдайдан бастап, соңғы түйіршікке дейін
барлығына орын берілген тамаша түзу типте жасады.
Сенім ақылдан жоғарғы, ол үздіксіз, сеніммен ақылдың үйлесімділігін
қолдай отырып екіншіні біріншіге бағындырды. Ақылдың құндылығы құдайдың
болмысын дәләлдеу мүмкіндігінде; олар бесеу.
Ф.Аквинский философиясы ойшыларға әсер етіп қана қоймай әрі қарай
дамуында католицизмнің рухани құндылығы жүйесінде белгілі орын алды.
XII-XIVғғ. Еуропа мідениетіндегі сері-мырзалардың адалдық ережесін
жасап, нағыз серілердің міндетін көрсетті. Сері-мырза; 1) адал, 2) христиан
дінінің қамқоры, 3) әлсіздердің қорғаны, 4) әйел назарын өзіне аудару
мақсатында ерен ерлік көрсетуге міндетті болды.
Серілердің ұлдары жеті жасынан әйел ықпалынан арылып, ересек
еркектердің тәрбиесіне берілді. Оларды атқа мінуге, қылышпен сайысуға,
садақ атуға және аң аулау кәсібін игеруге үйретеді. Ірі феодалдар сарайында
14-жастан қол бала, қару асынушы қызметтерін атқарды. 21 жаста боз баланы
серілер қатарына қабылдау дәстүрі сарай мейрамдарының өзектісі болды. Салт
бойынша король семсерінің жалпақ жағын оның иығына жайлап тигізді, бұл сері
болудың белгісі.
Сарай мейрамдарында әншілерге, ақындарға және бишілерге қошемет
көрсетті. Олар дәстүрлі әнсалып, өлең шығарды, фольклар, хор, батырлар
туралы балладалар және жырлар айтып көңілін көтерді. Олардың ішінде
қыдырушы әртістер, музыканттар және қара халықтан шыққандар мен ақсүйек
серілер де кездеседі. Францияның Прованс аймағындағы мырзалардан атақты
ақындар шыққан.
Оларды трубадурлар (өлең құраушы) деп атады. Трубадурлар сері
ерліктерін мадақтаған және махаббат туралы тамаша өлеңдер жазған.
XII-XIII ғ. бізге белгілі Роланд туралы жыр, неміс жерінде Нибелунт
туралы жыр дүниеге келген.
Көкем әдебиетте таңғажайып серілік романдар пайда болады. Серілік
романның сүйікті тақырыбы Артур король туралы кельт аңыздары болды.
Британ аралдарынан материкке Тристан мен Изольданың қайғылы махаббаты
туралы деректер жетті.
Бұл романдардаң да бәріде ойдан шығарылды: ғажап күшті батырлардың
соғыста сиқыршыларды жеңуі, қиялға симайтын ерліктер жасау арқылы сұлу
әйелдердің жүрегін жаулап алуы жырланды.
Батыс.
Батыс Еуропалық ортағасырдағы әлеуметтік топтардың бір-бірінен
ерекшелігі бар; шаруаларға қарағанда, ақсүйектер мен зиялы адамдардың өзіне
сай менталитеті қалыптасты. Шіркеудің көзқарасы осыған байланысты еңбектің
негізгі мәнінде мынаған сүйенді: Еңбек адамның алғашқы кездегі күнәсінің
құнын өтеудің белгісі. Оның терлеп-тепшіп күнін асырауы, оның жазасы болып
есептеледі. Сонымен қатар шікеу өсімқорлықты, саудагерлікті күдікті күнә
деп есептеді. Қоғам идеалы әскери адамдардың ерлігі болды.
Ортағасыр мәдениетінің көп сатылығы мен көп түлігі, ол кезде болған
қайғылы оқиғалар: қан төгілген соғыстар, көтаген адам баласын жоқ еткен
жұқпалы аурулардың кең тарап жайылуы (эпидемиялар) және адам таң
қаларлықасқақ ойдан туған игілік іс-қызметтердің түріне байланысты болды.
Ортағасырда жерді өңдеудің жақсаруы: жерді өңдеуде тісағаш пен тырма,
су мен жел дирмендері секілді еңбек құалдары мен жасанды тыңайтқыштарға
байланысты болды.
Дүние жүзіндегі әртүрлі азық-түліктердің түрлеріне: күріш, қант, шай,
кофе, какао, лимон, апеллсин, жүгері мен картоп т.б. қосылып көбейді.
Сәулетшілер әсем қалаларды, храмдар, ратушалар, көпірлер, тік көшелер
мен сымбатты үйлер салынды.
Адам ойының дамуының нәтижесінде, ауыр еңбекті жеңілдету мақсаты мен
су қозғалатын авигательдер, метал өңдейтін станоктарды, мақта өндірісінде
аяқпен айналдыратын горизонталь тоқу станогы, өзі кіретін машинаны, домна
пештері мен басқада түрлі-түрлі машиналарды, мезгілді белгілеуде
механикалық сағат, көру қабілеті нашарларға көзілдірік секілді заттар пайда
болды.
Әскери істі дамытуда мылтық дәрісімен атылатын қарудың пайда болуы.
Теңізді игеруде, жетілдірілген кемелерді, компас және теңіз аспаптарын іске
қосты.
Ғалымдар белгісіз құбылыстарды зерттеуде термометр, барометр, телескоп
және микроскопты қолданды.
Өнер саласында, суретшілер мен мүсіншілер өмірдегі әртүрлі
құбылыстарды дәлірек бейнелей бастады. Кітап бастыру мәдениетті – білім
көзі, орағасырда пайда болып келешектегі өкениетке қол сілтеді.
Араб-мұсылман дәстүрлі мәдениеті.
Орта ғасырдағы Араб мәдениетіндегі ғылымның алатын орны ерекше болды.
Бұл мәдениеттің және ғылымның қалыптасуы мұсылман дінінің пайда болуымен
тікілей байланысты. Мұсылман дінінің негізі Құран кітабы, ол библиялық
сюжеттерден тұрады.
Ислам діні VIIғ. басында пайда болды. Оның негізін қалаушы – діни адам
пайғамбар (570-632жж) Мұхаммед, Хашамит Курейшит тайпасынан. Ол ерте
кезінде жетім қалып, атасының кейіннен әкесінің ағасының қолында
тәрбиеленді. Бала кезінде мал бақты, 25 жасында бай бойдақ әйелге Хадидже
(Хадиша) үйленді. Бұл үйлену махаббат негізіндегі неке боды. Олардан төрт
қыз болды. Пайғамбарда 9 әйел болды. Ол бірінші аянды түсінде, алланың
өкілі Джабреилден алды.
Құдайдың атынан дінді-сенуді уағыздау керек еді. 610 жылы пайғамбар
Меккеде бірінші рет діни уағыздау жасады. Оның жақтастары бірте-бір жинала
бастады. Оларға жергілікті тұрғындардың кейбіреулері қарсы шықты. 622 жылы
Меккені тастап Мединаға көшті, ол пайғамбар қаласы деп аталды. Осы қашудан
мұсылман жыл санағы басталды. Ислам (немесе мұсылманшылық) діні Шығыс-
теократикалық мемлекеттік-Араб халифаты қалыптасты. Мұхаммед 632 жылы өлді,
Мединеде жерленді. Оның бейіті қасиетті болып есептелді.
Бес исламның қасиетті міндеті (парызы):
1. Құдай біреу, Мұхаммед пайғамбардың міндетті ісін мойындау.
2. Намаз.
3. Ораза.
4. Садақа.
5. Қажыға бару.
Мұхаммед пайғамбар өлген соң, дін иелері мен ақсүйектер арасында
өкімет басқару туралы айтыс болды. Олар сунниттер, Шииттер, Храиджиттер.
Сунниттер-Омейяттардың өкімет басында отыруын қалайтындар, Шииттер құранға
115 сүрені қосып, өкіметке тек Әли ұрпақтары отыруы керек дейді, ол
пайғамбардың жиені және кенже қызының күеуі . Хариджаттар халифты өзінің
ақылы мен батылдығына сай таңдап алуы керек деді. Ол туысқандық немесе
әлеуметтік жағдайына байланысты болмау керек. Егер сунниттердерухсат ету
және саяси мәселелерді түсіну ақсақалдар, атақты адамдардың кеңесуі арқылы
шешілетін болса, Шейіттерде барлығын шешетін, қате жібермейтін ислам дейді.
VII-VIIIғ. Мұсылман дінінде сопылық (суфизм) жаңа бағыт пайда болды.
Бұл бағытты қолдаушылар Пақыр (факир), диуана (дервиш) деп атады. Олар
байлықты айыптап, кедейлікті мақтап, дүниеден безіп, адам жанының құдай мен
жалғасып, оны бірте-бірте тануын жақтады және адам бір сиқырлы махаббат пен
интуиция арқылы құдайдың нұр шапағатына бөлінеді деген түсінік болды.
Ғылым мен мәдениеттің дамуына мұсылманның ең басты қасиетті кітабы
Құранның (арабша-оқу) орны ерекше болды. Құранда дінді уағыздау жолы, әдеп-
ғұрып пен құқықтың қоғамдағы орнын белгілеу, намаз оқу мен адам парызының
мәні, насиқаттық әңгімелер және көптеген өсиеттер жазылған. Мұхаммед оқу
білмеген сондықтан, оның көмекшілері, Медине мен Меккеде айтқан ойлары мен
өсиеттерін пальма ағашының жапырығы мен тасқа жазып отырған дейді.
Құранда араб тілінен рұқсат болмағандықтан, Құранды оқу, білу араб
тіліне байланысты, және оны жатқа білу міндет болды. Араб тілінің дамуы
мен тарауының маңызын арттырды.
Араб тілі ұзамай ғалымдардың тіліне айналды. IX ғ. басында Мамди
Халифтің сарайында аударма мектебі қалыптасты. Грек ойшыларының барлық
ғылыми салаларындағы шығармалары аударылды. Ғалымдар тіл туралы ғылымды
жасады. Олар география мен картография саласында еңбек етті, географиялық
шығармалар танымдық ниетпен жазылды. Теңізде жүзуде, соғыс пен сауда
істерінде мұсылмандар ашқан жаңалықтар дүниедегі мідениеттің дамуына әсер
етті.
X - ғасырда Әбу-Вафа математика іліміне үлес қосты. Сфералық
тригонометрияның синустар теоремасын, синустың 150 интервалдық таблицасын
есептеп шығарды, сеанс пен косекансқа сәйкестірілген кесінділерді кіргізді.
Ақын, ғалым Омар Хайям Алгебраны жазды. Шығармада 3-дәрежелік
теңдеудің жүйелі зерттелуі қамтамасыз етілді. Сонымен бірге ирроциональдық
және нақты сандар мәселесі мен табысты шұғылданды. Ол о всеобщности бытия
(болмыстың жалпылығы туралы) деген трактаттың авторы, 1079 жылы сол
замандағы Григориан календарынан да дәл саналған жаңа календар енгізді.
Египеттің аса көрнекті ғалымы математик, физик Ибн-Әл-Хайсам оптика
туралы еңбектің авторы.
Арабтың медицинасын Ортағасырда әйгілі еткен Ибн-Сина (930-1037)
(Авиценна), ол теориалық және клиникалық мидицинаның энциклопедиясының
авторы, онда грек, Рим және Орта Азиялық дәрігерлердің көз қарасы мен
тәжірибесін қорытып жазды.
Әбу Бәкір Мұхаммед-ар-Рази деген Багдад хирургі шешек пен қызылша
ауруына классикалық суреттеу берді.
Сириялық Бахтикюның жанұясында жеті буын бойында атақты дәрігерлер
болды.
Араб философиясы антикалық мұра негізінде дамыды. Аль-Кинди, Әл-
Фараби, Ибн-Рушдтер өз уақытының ғылыми философиялық жетістіктерінің
энциклопедиясын жазды. Философ-ғалымдар: Ибн-Син сауығу кітабы деген
философиялық трактатының авторы.
IX ғ. тарихи еңбектер пайда болды. Өте көрнекті өкілдері: әл-
Беларузм, әл-Накуби, ат-Табари, және ал-Масуджи жалпы тарихтың авторлары.
Арабтардың өткен кездегі көшпнеді өмірі архитектурасына (сәулет
өнеріне) әсер етті. Мұсылмандардың алғашқы салған қаласы Куфа (қазіргі ирак
териториясында)болды.халиф Омар I, бұл қала салынатын жерді таңдап, бірде-
бір өзен Мекке мен Куфа қаласының арасында болмауы керектігін айтты. Қала
тұрғындары қоршаған табиғи ортамен қосылып жатты, түйелер мен басқа
малдарды жайылымға жіберетін, қала сыртына шығатын кең көше болды. әрбір
қала кездейсоқ адам тұратын орын емес, ол сеніммен өркениетті таратудың
кезекті бір шекарасы болып саналды. Мекке мен Медина қалалары прототиптік
(бастапқы нұсқа) қызмет атқарады. Медина қаласы секілді, қабырға мен
қоршаған орталыққа мешіт, сарай және көне қалалардағыдай базары көлемді
болмады. Осылайша қала халқын құдайға сенуге топтастырды. Құдай қасиетті,
мәні бастан ұлая, ерекше түрде көрсетілді. Бұл тек Құран ғана емес, Құдай
жаратқан және басқарған барлық әлем. Әлем-Құдай секілді, әлемнің символы
–мешіт-үлгі және ол да Құдай секілді әлем символы.
VII ғасырда мұсылмандардың ірі бағаналық мешіттері пайда болды. Тік
бұрышты (немесе квадрат) ашық аула, оның ішінде жанастыра салынған галерея
(екі үйдің арасын қосатын қысаң жол, үй немесе үйдің оң бойына созылған
ұзын балкон) болды. Мекке қараған, қабырғасында қуыстары бар сәнді
салтанатты залы, залды ұстап тұратын көп қырлы қабырға мен аяқталады.
Меккеге бағытталуына байланысты емес, намаз оқитын өте күрделі кеңістік,
барлық жерде құдайдың бар екенін әуестік сезіммен сенім тудырады. Дінге
иланушыларды (сенушілерді) намазға шақыратын мешіттің үстінде мұнара
орналасқан (болды).
X ғ. бастап, үйлерді әсем нәзік өсімдіктер мен геометриалық сымбат ою
өнерімен, оның ішінде белгілі бір стильде келтірілген арабтың (вязь-
әріптері өріліп жазылған жазудың бір түрі) жазулармен көркемделінді.
Еуропалықтардың бұл ою өнерін арабеска деп атады. Осылайша салынған
мұсылман архитектурасының (сәулет өнерінің) ертеректегі ескерткіштері
мыналар:
Дамаскідегі Омейдтардың мешіті (705-715жж) биік, кең залды, ерте
заманда римдіктердің сот, сауда істеріне арналған үйінен (христиан
базилика, колонналы храм) қайтадан өңделіп салынған (мешіт).
Каирдағы Ибн-Тулуи мешіті (1876-1879жж) тік бұрышты бағаналарсүйір
қақпалармен (аркалармен) қосылған. Қақпа (арка) мен карниздердеойылған
өсімдіктер сымбатты ою өнері жасалған. Испаниядағы араб сәулет өнерінің ең
асқан үлгісі Кордово мешіті құрылысы 785 жылы басталып, IX-X ғғ. аяқталды.
Ашық аулада шағын ғана фонтаны бар. Мешіттің ішкі көлемі көптеген
кеңістіктен тұрады, ол 800-ден астам бағанамен бөлініп екі-екіден таға
тәрізді қызыл-ақ қақапалармен қосылады. Кең зал ертегідегі орман тәрізді
әсер қалдырды. Түрлі-түрлі мәрмәрден жасалған ағаштарды, порфир және
яшмаларды ілулі тұған мыңдаған күміс лампалар жарқыратып көсетеді.
Мұсылман мәдениетінің ірі ескерткіштері ислам әлемінде бүгінгі күнге
дейін сақталған.
1) Гранд қаласындағы Альтамбра сарайы (XIIғ), 2) Севилдегі Алькасир
бекіністері (XIIIғ). Олар испан жерінде.
XII ғ. Әзербайжадағы Юсуфтың, Моминхабуналық Карабатляр мавзолейлері
және ең ірі сәулет өнер құрылысы Ширваншах сарайы.
Самаркандтағы Регистан алаңы; Улбек медресесі (1417-1420жж) Бибу-ханум
мешіті (1401ж), XIV-XVғғ. Діни басшысы мен ** билеушісі Шахи-Зинда
мавзолейі.
Мұсылман діні ақыл жетпейтіе, түсінуге болмайтын, құдайды бейнелеуге
және бейнеге табынуға тиым салды. Бейнелеу өнерінде, әсіресе кітаптарды
безендіруге көп табыстарға жетті. Кітаптарға адамдармен аңдарды бейнелейтін
көп бояулы суреттер салынды. Мәтендер күрделі өрнектермен жиектелді.
Мұсылмандардың басты өнері каллиграфия яғни көркем жазу болды.
Каллиграфиядан көптеген жетістіктер, қол жазуларының үлгісін жасады.
Мұсылман мешіттерінің іші-сыртына және ыдыс-аяқ, қымбат маталар қару-
жарақтар Құран аяндары мен қасиетті сөздер мен өлеңдермен безендірілді.
Мұсылман мәдениетіндегі поэзияның алатын орны зор. Ақындар мұсылман
мейрамдарында, саотанатты жиылыстардаға қатысып өз өлеңдері мен
қонақтардың көңілін көтерді.
Алтын-ғасыр аталған араб мәдениетіндегі ерекше орын алған ақындар:
Руми Саиди, Хафиз т.б.
Руми (1207-1273ж) парсы ақыны, сопы. Оның негізгі Месневи-Манави,
шығармасында исламның сопылық мистикалық бағытының қағидасын түсіндірді.
Оның шығармалары халықтық сипатты болып, барлық азаматқа арналды. 20 жыл
бойы дәуіштердің (дервиши) киіммен бүкіл мұсылман әлемін аралады. Бустан,
Гулистан секілді атақты поэмалармен атағы шықты.
Хафиз (1325ж туылды) парсы ақыны белгілі жанұядан шыққан.
Діни білім алды. Хафиздың аты құранды жатқа білуіне байланысты белгілі
болды. Оның ақындық мұрасында 500-ге таман газелдер (30 жолға дейін)
рифманы сақтай жазылған. Оның өлеңдерінің әсерінен неміс ақыны Гате өзінің
Западно-восточный диван өлеңін жазды.
Мұсылман позициясы өте нәзік, бас аяғы жұмыр, құрылымының әртүрлігімен
биікке көтерілді. Поэзияның жанрлары өте көп: эпикалық аңыз – ертегілер,
батырлар туралы хикаялар, махаббат лирикасы, діни поэзия, сарай үйлерін
мадақтау пожзиялары болды.
Араб көркем әдебиеті еуропалық орта ғасырдағы және қайта өрлеу
дәуіріндегі әдебиеттердің дамуына әсер етті. Араб әдебиетінің сюжеті мен
мотиві латын тіліне аударылуына байланысты еуропалық мәдениетке енді. М.Д.
Боккаччоның новелалары, Рифма да роман мәдениетінің поэзиясына арабтардан
келді деген болжам бар.
Батыс Еуропа мен Араб-мұсылман тіпті дүние жүзінде Мәдениет ұғымының
пайда болуы өңделген жерге байланысты болса, ортағасырда жердің көлемі
ұлғайды. Жерді өңдеудің жақсаруы: жер жыртатын тісағаш пен тырма, су мен
жел дирмендері секілді еңбек құралдарымен жасанды тыңайтқышға байланысты
болды.
Дүние жүзіндегі әртүрлі азық-түліктердің түрлеріне: күріш, қант,
шай, кофе, какао, лимон, апеллсин, жүгері мен картоп т.б. қосылып көбейді.
Мәдениеттің дамуында ортағасырда салынған әсем қалалар, храмдар,
ратушалар, көпірлер, тік көшелер мен сымбатты үйлердің салынуында сәулет
өнерінің маңызы зор.
Ауыр еңбекті жеңілдету мақсатына сай:
1) су мен қозғалатын двигательдер, 2) метал өңдейтін станоктар, 3)
мақта өндірісінде аяқпен айналдыратын горизонталды тоқу станогы, 4) өзі
иіретін машинаны, 5) домна пештерін және басқа да түрлі-түрлі машиналарды
адам ойлап тапты (іске қосты). Адам өмірінде күнделікті мезгілді белгілеуге
механикалық сағат, көру қабілеті нашарлаған көзілдірік секілдізаттар пайда
болды.
Әскери істі дамытуда мылтық дәрісімен атылатын қару, сері-мырзаның
қоғамдағы орны әлсіретті.
Теңізде жүзуді игеруде жетілдірілген кемелер, компас, теңіз аспаптары
іске қосты.
Ғалымдар белгісіз құбылыстарды зерттеуде термометр, барометр,
телескоп, микроскопты қолданды. Олар жердің шар тәрізді екеніне адамзаттың
көзін жеткізді.
өнер саласында осы уақытқа дейін болмаған терең және мүлтіксіз
табыстарға жетті. Суретшілер мен мүсіншілер өмірдегі әртүрлі құбылыстарды
дәлірек бейнелей бастады. Кітап бастыру – білім көзі ортағасырда пайда
болды, келешектегі өркениетке қол сілтеді.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің қайнар бұлағы және оның алғы шарттыры.
Қайта өрлеу термині – французша Ренессанс, италия тілінде Ринашменто
жалпы айтқанда, антикалық мәдениеттің қайталануы. Қайта өрлеу терминін
алғашқы рет италиян өнертанушы тарихшы Джорджо Вазари (1511-1574жж), өзінің
ең атақты кесіндемешілер, мүсіншілер және сәулетшілердің өмірбаяны туралы
деген еңбегінде, оның айтуынша 1250 жылдан 1550 жылға дейінгі уақыт көне
заманның қайта өркендеу кезі болды. Ол антикалық мәдениеттің қайта дамуының
негізінде италияда қайта өркендеу дәуірі гуманистік құдылық ретінде
сипатталды.
Гегель: Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың алтын таңы, жер жүзі
мәдениетінің жаңа дәуірі деп атады.
Мәдениетте қайта өрлеу дәуірі ортағасырдан жаңа заманға ереше өту
дәуірі болды. Ренессанс деген терминнің өзі ортағасыр мәдениетін
қабылдамай, мәдениет пен көркем өнердің көне грек – Рим мәдениетіне қайта
оралуы немесе қайта өркендеуі.
Қайта өрлеу мәдениетінің қалыптасуы мен дамуына мына құбылыстар мен
оқиғалар әсер етті:
1) Ұлы географиялық жаңалықтар; а) Американы ашу (1492ж), б) Еуропадан
үндіге ашылған теңіз жолы (XVғ). Бұл оқиғалар енді дүниеге басқаша қарауға
болмайтындығын көрсетті. Қайта өркендеу мәдениеттің қалыптасуы, ортағасыр
мәдениетіндегі күйзеліске байланысты болды.
2) қайта өрлеу мәдениеттің бұлағы грек пен римдік мәдениетте, сонымен
бірге путқа табынушылық, христиан дінінің антикалық танденцияның
ортағасырда тоғысуы. Бұлар мыңдаған жылдар бойы созылған бірлесу әрекеті
антикалық мәдениеттіңжаңа сапада қайта өркендеуімен шешілді.
3) қайта өрлеуде теологиялық ойлау кедергісін жеңіп, антикалық
замандағы идеяны, идеялды (ойлар, мұрат, мақсаттар) іздену және өнерге
қызығу болды.
4) Ренессанстық төңкеріс негізгі-діни санадан эмперикалық және
рационалдық санаға өту, адамның о дүниедегі емес, бұ дүниедегі қызығарлық
тіршілігіне байланасты болды. Өмірдің мәні туралысауал байыпты мағынаға
айналды.
Қайта өркендеу мәдениетінің басты ерекшеліетері мыналар:
1) антропоцентризм (дүниенің тетігі, адам әлемінің кіндігі деп білетін
идеалистік ілім)
2) Гуманизм (адамгершілік, қайта өркендеу дін мен феодализм құрсауынан
адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік құбылыс)
3) Ортағасырдағы христиан дәстүрін дінін модификациялау (түрін
өзгерту)
4) Антикаға ерекше қатынас, антикалық өнер ескерткіштерін және
антикалық философияны қайта дамыту.
5) Әлемге жаңа қатынас.
Бұл ерекшеліктер бір-біріме тікелей қатынасты, бөлу арқылы зерттеу,
бұл қызықты уақытты бағалаудағы обективтікті жояды.
Антропоцентирзм –дүниетанымдық анықтама, олай болса адам дегеніміз
әлемнің асқар шыңы және қақ ортасында тұр. Бүкіл әлем деңгейі жөнінінде,
маңызы жөнінде адамнан төмен.
Антропоцентирзм принципі – адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі
(софистер мен протогордың тұжырымы). Тотальдық режимдер мен кейбір дамыған
елдер жағыдайында антропоцентрзм практикалық сипат алады-табиғат талан-
таражға түсіп, экологиялық дағдарыстар етек жаяды.
Қайта өрлеудегі Гуманизм (humanitas- лат аударғанда, адам табиғаты,
адамның адамгершілігі) деген сөзді Колюччо Салютати және Леонардо Бруни
күнделікті тұрмысқа кіргізді. Алғашқы кезде бұл термин саясаткер және қоғам
қайраткері Цицероннан басталған.
Гуманизм ақылдың басты қару екнін көкке көтерді. Оның сипаты-жалпыға
бірдей және шексіз прогресске сену. Адамды және адамзатты әсемділікке
еліктіру және эстетикалық ақиқаты қабылдау, жоғарғы дәрежедегі көркемдікке
жету ынтығу және оған жету. Әсіресе, Гуманизм қайта өрлеуде интелектуалдық,
рухани салада іске асады.
Адамшылықты тану арқылы әлемді тану принципін Петрорка Франческо
ұсынды, бұл жаңа гуманистік мәдениеттің басталуының белгісі болды.
Ф.Петрорка үшін ең басты адамның рақымшылдығы, оның білімі, білімдігі
болды. Оның замандасы Салютати (1331-1404ж) Сен үшін ең құрметті, ең
мақтанышты, ең тамаша, ол басқалардан гөрі ғылым саласында ізденіс арқылы
биікке жету және адал еңбекпен өзінен-өзі жоғары болу. Білімде, поэзия
секілді адамға бақытқа жету жолын сілтейді
Қайта өрлеу ойшылдары ақыл-ойды сенімнен жоғары қойды. Осы идея кең
өріс алуы шіркеуді реформациялауға алып келді.
Папа Иннокентий VIII Ватиханнан алыс емес жерде. Бельведр сарайын
ермек пен мей рам үшін арнайы салдырды. Осыған қарамай ол адамдардан
діни қағидаға сенуді талап етті. 1484 жылы Папа жезтырнақ (мыстан) және
сиқыршыларды құрту туралы бұйрық берді. Шіркеу басшыларының оның ****,
әсіресе индульгенцияның күнәдан арылудың өте қиын зардабы болды. Ұры, өз
күнәсін сатып алу арқылы құдайға жағымды болды, ал адам адал еңбегімен,
сатып алуға мүмкіндігі жоқтар, құдайға жағымсыз болды.
Осы бассыздықтарға қарсы Мартин Лютер (1483-1546) 1517 жылы шіркеудің
есігіне өзінің тезистерін іліп қойды. Бұл тезистер көп жылдар бойы
Реформацияның идеясы болып қала берді.
Лютер өз ілімін екі сәтке шоғырлады:
1) Адам өз мәнінде күнәлі, осы мәселені шешудегі католик шіркеуінен
ерекшклігі, өз күнәсін түсіну, сөйтіп одан жоғары болып, тәубе ету арқылы
арылады. Лютер үшін адам өте мәнсіз, сондықтан ол өз күнәсін өтеу жолында
өзін-өзі құрту керек.
2) Дін қызметкерлердің әлемдегі ерекше жағдайы, адамдардың теңсіздігі,
туралы Евангелиедегі (інжіл кітабы) – христиандардың негізгі кітабы
қағидаға қарсы, дінге сенушілердің арасында пастроды сайлауды ұсынды.
Лютердің көзқарасы христиан дінінің жаңа бағытының негізі Протестан-
танизмді дүниеге алып келді. Католик шіркеуінің дәстүрінен икондарға, мощи
(шірімей сақталған өліктерге), крестке тәжім етуден бас тартты.
Сондай-ақ бұл реформаны кедей топтарының идеолгы Томас Мюнцер (1490-
1525ж). Кейінірек Калвин Ж (1509-1564) Швейцарияда, жалғастырды және басқа
идеялармен толықтырды. Олардың идеясы католицизмнен де, гуманизмнен де
алшақ болды.
Қайта өрлеу дәуірінің сипаты адамның әдемілікке сұлулығына табыну,
Итальяндық кесіндемелер (живопись), өнердің алдыңғы қатарында болды. Тамаша
жетілген адамдарды бейнеледі.
Ренесанстың ірі өкілі Леонардо да Винчи қайта өрлеудің титаны (1456-
1519) болды. Ол өнер мен ғылымның барлық саласында данышпандық көрсетті.
Суретші, өнерді зерттеуші (теориялық), мүсінші, сәулет өнершісі, математик,
физик, астроном, физолог, анатом, инженер, табиғат зерттеуші, философ – бұл
оның іс-әрекетінің толық тізімі емес.
1) Су астында жүзетін қайықтық вертолетты, велиосипедтің, парашюттың,
танктың, автоматикалық жіп иіретін аяқ ұршықты, прокат станогының жұмыс
істеу принципінің негізін болжай білген.
2) Гидротехникалық құрылыс жаңалық ашты (канал шлюзінің проектісін
жасады)
3) Табиғатты зерттеуде бірінші болып эксперименталдық әдісті
қолданды.оның бәрі, техникалық ғасырға дейін болған.
Оның аты шулы көркемдік өнердегі шығармасы: Жұмбақ (құпия) кештер
(тайная вечеря)фрика, Милан қаласындағы Санта Мария делла Грация
монастрында, онда болатын бір кеш бейнеленген. Христостың: Сендердің
біреуің сатты деген сөзіне байланысты жасалған. Жас флоронтикалық қыздың
портреті Мона Лизаның - бұл суреттің екінші аты Джоканда - оның
күйеуінің аты.
Рафаэль Санти (1483-1520гг) Оның аты белгілі кесіндемесі Сикст құдай
анасы (Сикстинской мадоны) болды. Бұл кесіндемеде жалаң аяқ жас әйел
ақырындап бұлт арасынан аяғын басып, қолындағы нәрестесін (Христосты) алып
келе жатты. Оның өлетінін біле тұра, қайғырып, бірақ оның адамдардың
күнәсіе өтеу үшін екнін біліп көңлі орнына түсті.
Буонаротти Микеланджело (1475-1564) мүсінші, сәулет өрершісі,
ақын.Пушкин оны Ватиканды жасаушы деді. Ол оңтүстіктен шыққан, өте қызба
келісімге келмейтін кісі болған. Ол жас кезінде гуманистік ұйымдарға
қатысады. Көне заман мәдениеті, әсіресе Платон еңбектері онда өте зор із
қалдырды.
Оның шығармалары: Давыд деген ескерткіші, мүсіндік фигуралары:
таңертең (утро), Кешқұрын (вечер), Күн (день), Түн (ночь) – бұл
жұмыстар Медичи капелласына арнайы, жатқан табыттар үшін жасалған.
Микеланджело Ватихан сарайындағы Сикст капелласының күмбезі мен
қабырғасындағы, адамға үлкен әсер ететін фреск, ол үрейлі сот сахнасы
Пьета тобы Христостың өлген денесін бейнелейді, алдында жатқан ұлына
қайғырып қарап тұған анасын көрсетеді.
Венециядағы мектептің негізін қалаушысы Джорджоне (1476-1510) болды.
Ұиқыдағы Венера (спящая Венера) бұл суретте жалаңаш әйелдің сұлулығы мен
әдемілігін жырлайды. (представлял наготу ради самой наготы)
Модел 2. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.
Тақырыбы № 3 Әлемдік мәдениет тарихы. Лекция 6.
1) XIX-XX ғасыр Еуропа мәдениетіндегі мәдени-құндылықтар бағыты.
2) Орыс мәдениетінің ерекшелігі.
3) Қазіргі заман мәдениетінің даму тенденциясы.
1. XIX ғасырдағы мәдениетіндегі құндылықтардың қалыптасуы.
2. XX ғасырдағы мәдениеттегі ерекшеліктер
3. Қазіргі заман мәдениетінің даму тенденциясы.
4. Орыс мәдениетінің ерекшелігі.
1) XIX – ғ. Еуропадағы классикалық мәдениет қалыптасуы.
2) XX – ғ. жақсылық пен зұлымдық арасындағы техниканың дамуындағы
XX-ғ. мәдениеті жақсылық пен зұлымдықтың техника саласында.
XX-ғасыр дәстүр және жаңалық.
1. XIX ғ. Еуропалық классикалық мәдениет.
2. XX ғ. Еуропа мәдениетіндегі дәстүр мен жаңалық. Техника
ғасыры.

Техниканың барлық саласында: тау-кен, металугия, химиялық технология,
т.б. өндірістерде жаңа машиналар мен технологиялық әдістер қолдана бастады:
М – 1889ж. Г. Эйфель Парижде темірден зәулім мұнара тұрғызды сол сияқты
вискозадан жасанды жібек мата жасалды, ұшақ жасмауға керек дюралюминий
өндірілді, метилкаучик т.б. алына бастады.
XIX-XX ғ. Еуропа мәдениетіндегі құндылық мәдениеті.
XIX ғасыр қызу басталды. Ұлы Француз революциясының апаты тек Франция
мен тамамдалған жоқ, ол батыс еуропадағы замандастарының өмірін ғана емес,
сонымен бірге рухын күзеліске түсірді. Бұл революцияға бірде-бір адам
немқұрайлы қарамайды. Оның жалынды жақтастарының игілікті өмірді орнатудың
негізі – бостандыққа, теңдікке, туысқандыққа жетуде қолданған құралдары
зәресін ұшырды. Ал қарсыластары күні бұрын сезген өздерінің ең жаман
әрекеттердің растығы күйзелтті. 1830 жылы және 1849-1849 жылдарғы екі
революция және Бонапарт Наполлеонның соғысты (экспанция) кеңейтуі және оның
дүние жүзін билеуге ұмтылуы, әртүрлі азаттық қозғалыстардың, партиялық
баспасөздерінің, жаңа философияның пайда болуы.
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр зор орын алды. Классикалық ғасыр
деп атайды, бұл кезең бұржуазиялық өркениеттің кемелденуі мен тоқырауын
басынан кешірді. Бұл әділ бағаның авторлары: О.Шпенглер, Й.Хейзинг,
Х.Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр мәдениеті бүкіл жаңа заман
мәдениетінен нәр алған көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар:
1) Рационализм, 2) антропоцентризм, 3) сциентизм, 4) еуропацентризм т.б.
болды.
Еуропа мәдениетінің қалыптасуына үлкен әсер еткен үш оқиға:
1) демократия, тәжірибелік ғылыми, индустрияландыру.
Екінші, үшінші факторларды техникалық деп атауға, ал бұл факторлар екі
ғасыр бұрын пайда болып, XIX қоғамдық өмірдің барлық саласына ене батады.
Ғылыми техниканың дамуы, фабрика мен заводтардың отын ретінде ағаштан
көміге көшуі және машинаны жасаудың арқасында кәсіпорынның дамуы, бұлар
адам өмірінің бейнесін өзгертті.
1807 ж. Роберт Фултон дөңгелектің негізінде параходты Джордж Стефессон
бірінші локомотивті дүниеге алып келді. Ливерпуль мен манчестр арасында
теміржол салынып, қатынас басталды.
Дарвин.
Логика ғылымында
Ұлы философ Г.В.Гегель (1770-1831) өзі данышпандық пен ашқан
диолектика заңдылықтарын әлемді билейтін рухтың іс-әрекеті ретінде
суреттейді. Диалектика – табиғат пен қоғамның, ойлау процесінің жалпы
заңдылықтарын түсіндіретін ғылым.
Ғылыми төңкеріс 1895 ж. Вюрубург университетінің (Германия) ректоры
В.К.Рентген ашқан жаңа сәулелер (х сәулесі) туралы жаңалықтан басталды.
XIX ғ. аяғында Конт Огюст (1798-1857) позитивистер адамның сезімдік
тәжірибесін талдау міндетін қойды.
Өмір философиясы; өкілдерінің пікірі бойынша бүкіл болмыс өмірдің
көрінісі, оның мәнәі тек сезім арқылы түсінуге болады деп есептеді.
Г.Дэви (1826-1866), МФарадей (1791-1867) электр тогын, жаңа
коммуникациялық (қатынас) байланысты (радио телефон) телеграф эл.
Магнитынің өрісін ойлап тапты.
Итальян физигі Лунджи Гальвани және Александро Вольт 1881 жылы
телеграф арқылы алысты жақындастырып адамзатты біріктірді.
XIX ғ. 50 жылдары табиғат зерттеушісі Лун Пастер (1822-1825ж) бактерия
пайда болатын ең ұзақ микроорганизмді тапты. Ч.Дарвиннің (1809-1882ж) тірі
табиғаттың даму туралы эволюциялық теориясы. Бұл еңбек осы күнге дейін
этика, дін, Библия, табиғат және құдай туралы айтыс тудырды.
Неміс ғалымы Конрад Рентген (1845-1923) сәулені ашты, оны кейін
рентген деп атады. Бұл микромирдің заңдарын түсінуге мүмкіндік берді.
Мария Склодовская – Кюри (1867-1934) және Пьер Кюри (1859-1906)
алғашқы болып, атомдардың ыдырауын және атом қуатын практикада қолдану
мүмкіндігін көрсетті.
Еуропа мәдениетінің классикалық дәуірі, немістің классикалық
философиясынан басталды. Оның негізінде И.Кант және Гегель тұрды.
1807 жылы Гегель Рух феноменологиясында Абсолюттік идеяның өзіндік
дамуын адамзаттың рухани мәдениетінің даму процесінде қарайды. Гегель
бойынша адам әлемі өлі, дайын өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы
емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адамды қошаған
нәрсенің бәрі өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.
Гегель таң қаларлық негізде адамның санасы туралы ойлайды және
жекеліктің не екені туралы, еңбек және оның қоғамдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz