Христиандық сана — ортағасырлық діннің (менталитеттің) негізі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Христиандық сана — ортағасырлық діннің (менталитеттің) негізі

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі - мәдениеттің діннің
ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда
ерекше рөл атқаруында. Рим империясы қүлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай
құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа еддері үшін
жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші
садси институт болуымен Қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.
Өмірдің қиын-жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы,
тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған қезде христиан діні -
халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін заңдар жайында біртұтас
білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дөуірде шіркеу соборларында христиандық
діни-уағыздардың басты қағидадары - сенім-белгілері қабылйана бастады. Бұл
қағидаларды барлық христиандар орындауға иіндетті деп жарияланды.
Христиандық ілімнің негізі - Иссус Христостың тірілгеніне, о
дүниедегілердің тірілетініне, қүдіретті Үштіктің бар екендігіне кәміл
сену болып саналды. Үштік ұғымы құдайдай дәріптелді. Ол өзінің үш
бейнесіңде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдай- әке, құдай-бала,
қасиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — өрі мәңгілік, әрі бір-
біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ өлсіз және Күнә
жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана
құтқарып қалуға болады деп үйретгі. Шіркеудің қоғамдагы ықпалы өр елде
өртүрлі болғаньшен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда,
ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мөдени өмірі христиан
дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай
биік дөрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде болмаған еді. Ендігі жерде дін теқ
қана философия" ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік
ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император
Константиннің билігі кезінде (285-337 ж.) бүкіл Рим империясының
мемлекеттік діні - деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет
пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн өкелді. „Христиан дінінің кеңінен
таралуына астананың Римнен. Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей
қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып eкіге бөлінуі
христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим
империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал
батысы тоқырауға үшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына
ұшырады.да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшйелі бұл тайпалардың ұлттық өнері
өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, әшекейлі болып келді. Тек, 756 ж, Мыртық
Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды.
Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің
кеңінен таралуына байланысты мөнументадьдық сөулет өнері дамып, храмдық
көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене
бастады. Батыс және Шығыс Еуропанын арасында өзара қайшылықтар болғанымен
бір-бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында
христиандық шіркеу күшті императорлық билікке тәуелді болды. (Византия
империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің
аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит жене Кипр аралдары, Мессопотамия
мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің
біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың
өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды:
олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты
кабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды."
Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, мұнда шіркеу мемлекетке дәл
мұндай тәуелділікке үшыраған жоқ, қайта қоғамда ерекше жағдайға ие болды.
IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты
деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс
шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғьщан да терендей түсті. Олардың
арасында IX ғ-да фидиоква жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай — әкеден
туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан
туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты
айтыс-таластар туды. Ссылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 ж. бір-
бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен
бұл алауыздық-тар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің
әлемдік рөліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін
римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі - гректік-католиктік, яғни
православиелік деп аталды.
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады.
Бұл қозғалысты жақтаушылар Иссус Христостың құдайлылық мәні туралы догматты
жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір
айырмашылықтары болмаған деп пайымдады. Монофизистік деп аталатын екінші
бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы
адамның табиғатын жоққа шығарды. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол
бермеу мақсатында дін басшылары инквицияны (іздеу, зерттеу деген мағына
береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересектермен
қатар балгерлер, емшілер көріпкелдер және т.б. қатаң жазаға тартылатын
болды. Шіркеу сайтан адамдардың - бойында, өсіресе өйелдердің бойына ұялап
алады да, оларды жйман-дық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады.
Жын-сайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды.
Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан. ересьтер дін бүзарлар
деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қаңды процестер Батыс Еуропа
елдеріңде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквиция оттарында
өртелді.
Батыста да, Шығыста да монахтық жолға түсудің маңызы өте зор болды.
Олар дүние-мүліктен, жанұя қүрудан ерікті түрде бас тартты, жарық дүниеден
кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VI ғ. өзінде-ақ монастырлар әрі
бай, әрі беделді діни орталықтарға айнала бастады. Ал кейбір
мрнастырладданнің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды.
Монахтардың арасында асқан білімдар, адамдар да болды. Солардың бірі -
Англияның тарихы жайындағы ең алғашқы іргелі еңбеқтің авторы, өз заманының
білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғ. аяғы мен VIII
ғ. басында Англияның Солтүстік — Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.
Доминикан орденінің (рның негізін 12І5 ж. испандық монах Доминикан
қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский
(1226—1274 Ж:;) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. XIX ғ. -
аяғында католик шіркеуі Фома Аквинскийді дін, философия, тарих, саясатжёне
құқық саласындағы мөңгілік беделді түлға деп жариялады. XIII ғ. кедей
монах ордендері де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды
кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір, сүрді және өздерінің кедейліктеріне
халық тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдеңиетінің дамуына
үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, өсіресе, Бургу ндиядағы
атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені
(VI ғ.) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни
монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты
орталығына яйналды. Қлюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар
шіркеу ғимараттарын салуға белсене араласты. Еуропада салынған ең
таңғажайып ғимараттардың бірі - сегіз мұнарлы, әдемі капеллалармен
қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі XI ғ. аяғында монахтар
артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Наполеон біріншінің
билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
XII—XIII ғ. католик шіркеуі мен папа екіметінің қоғамдык өмірге ықпалы
барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Инокентий III
(І160—1216 ж.) болды. Папа дәрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек
қаналм-ператорлар сүйе алатын болды, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті
сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекеттер арасындағы
даулы мәселелерді шешуге араласты, экономикалық меселелермен, коммерциялық
қызметпен шүғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының
біріне айналды. Индульгенцияларды (кешірім деген мағынаны білдіреді),
яғнй жасалған кінәлардің кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де
папа билігінде болды. Ал мұндай индульгенциялардың бағасы адамның жасаған
қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы — діни қоғам болды, міне сондықтан да орта
ғасырлық еурогіалықтар нағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі
бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан газеттерді қалай үзбей
оқитын болсақ, оларда Библияны (інжілді) сондай қүштарлықпен, үлкен үміт-
сеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан
діні орасан зор рөл атқарды. Осы дәуірдегі христиан идеологиясының
адамгершілік бағыты — Сенім, Үміт және Махаббат үштігінің бірлігіне
тікелей байланысты болды. Бұл Үштіктің ішінде Сенімге үлкен мен
беріліп, ол құдай жолына апарар рухтың ерекше бір жағдайы деп қарастырыл-
ды. Ал Үміт болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей
байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орындалуы
және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. Махаббат
болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұд адам
баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және
философия, логика, жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің
негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тапт
болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің
қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар, V-VI ғ. Батыс
Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды
қабылданудан бастап оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін
жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндагы басты мақсат — шіркеу
қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім
берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен
мүра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын
да ерекше этап өткен жөн сияқты, яғни Жеті еркін өнер — грамматика,
риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық
мектептерден басқа сыртқы меқтептер деп аталатын жастарға арналған арнайы
мектептер болды. IX ғ. бастап Англияда ақсүйеКтердің балалары үшін арнайы
беісзадалар мектептері ашылып, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз
ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала
бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың
түлектерінің білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Әлем философиясы
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Қоғам және дін
Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
Ортағасырлық философия туралы
Орта ғасыр философиясы туралы
Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары
Пәндер