Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

Кіріспе 2
Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары 2
Шешендік арнау. 3
Қолданылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – шешендік сөздер. Шешендік сөздер,
ақындық айтыс секілді, қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін
көрсететін негізгі жанрлардың бірі.
Жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетін көтеруде мақал-мәтелдермен
бірге шешендік сөздерді мұқияттап жинап, зерттеп, сұрыптап жариялаудың
әдеби мәні зор. Өйткені сөз өнерінің әлі жеткілікті зерттелмеген саласы –
шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал-мәтелдер сияқты, ойды кеңейтіп,
тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол.

Қазақ ақындары мен шешендерінің алғашқы ұстаздары

Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Сондықтан ердің,
елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер
қозғалатын сот залдары, парламент сарайлары және халық көп жиналатын ас-
тойлар, міне, шынайы шешендер, саяси қайраткерлер сөзө сайысына түсетін,
сынынан өтетін және шыңдалатын орындар болған. Дүние жүзіне есімдері әйгілі
шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен,
парламент мүшелерінен шығатыны құпия сыр емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек)
шешені Демосфен мен Рим шешені Цицерондар әуелі адвокат, кейін парламент
басшылары болған. Ал ХІХ – ХХ ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П.А.
Александров, Ф.Н. Плеавако, А.Ф. Кони тағы басқалар адвокаттар еді. Сол
сияқты атақты қазақ шешендері Төле, Қазыбек, Әйтекелердің би болғаны мәлім.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауыз-екі айтылып, қағазда емес,
ауызда – халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында
емес, бізге ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-
ауызға көшіп, ауыса жүріп өңдеу-жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың
талай таптың санасынан, екшеп-елеуінен өткен; сөйтіп, қысқарған, ұстарған,
жалпы халық шығармасына айналған.
Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты
тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып, сөйлемдік құрамы
қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген
уақиғалары, ақыл-ойы, арман-тілегі бейнеленеді, өмірге, дүниеге көзқарасы
көрінеді. Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде
қарапайым халықтың қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы
болған. Аяз би, Жиренше және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен
шыққан адамдарды – Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты
көрсетеді. Сондай-ақ Алдар Көсені, Қожанасырды. Тазша қойшыны сөзге шешен,
өткір тілді, тапқыр пысық адамдар етіп көрсетеді. Бұлардың өткір тілі,
тапқырдығы қатал қиянатшыл хандарды, дүниеқор байларды, әділетсіз билерді
әшкерелеуге, мазақ етуге бағытталған. Сондай-ақ Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Сырым, Жәнібек есімдерімен байланысты шешендік сөздер де бұл пікірді
растайды.

Шешендік арнау.

Белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата (тілек)
сөздерді шешендік арнау дейміз.
Жаңалық пен жақсылыққа құтты болсын айту, қаза мен қайғыға қайырлы
болсын деп көңіл айту қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы. Келгенде
хош келдіңіз деп қарсы алу, кетерде жолыңыз болсын деп шығарып салу
жаңа салтымызға да жат емес. Жақсы лебіз – жарым ырыс деп тілектестік сөзді
жоғары бағалаған халқымыздың бата-тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің
неше алуан нұсқалары бар.
Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын. Қазақ ауыз әдебиетінде
жерге, елге, малға айтылған шешендік сынының алуан түрі бар. Асанқайғы
атынан Он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзеге жететін жердің құты екен,
әттең, аттың сауырына сыймайды-ау, артыма сала кетер едім деп – жерге; Төс
табаны төрт елі нарлар жүрер жол екен, төсегінен түңілген ерлер жүрер жол
екен деп шөлге; Жал құйрығы қанат екен, төрт аяғы болат екен деп жылқыға
айтылатын сөздер – шешендік сынның ежелгі үлгісі.
Сөзге шебер-шешен адамдар ауызекі сәлемдескенде, өзара жауаптасқанда
шешендік сөз, тақпақ-жырларды жиі қолданған. Тұрмыс-салт жырларында,
батырлық және ғашықтық дастандарда шешендік сәлемнің неше түрлі келісті
үлгілерін кездестіруге болады. Қамбар батыр жырындағы Келмембеттің
Өзімбайға, Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың Қараманға тұспалдап айтатын
сөздері осыған мысал бола алады. Сол сияқты ел ауызынан жиналған халық
шығармаларында да шешендік сәлемнің сан қилы нұсқалары сақталған.
Арғын Мұнасып батыр кедей екен. Бір күні есік алдында тары түйіп
жатса, төрт-бес адам келіп сәлемдеседі. Сонда Мұнасып қонақасында қысылып
жолаушыларға былай депті:

Түзге шықсам батырмын, Жүрем десең жол ашық,
Үйге келсем қатынмын. Түсем десең үй мынау,
Қатын ауру, бала жас, Алдыңдағы лашық.
Тары түйіп жатырмын. Атадан қалған кедейлік
Менің атым Мұнасып, Келе жатыр ұласып.

Бұл сөздің Досбол айтты деген де нұсқасы бар. Алайда сөздің түпкі
төркіні халықтікі. Халық Мұнасыптай батырдың, Досболдай бидің үйдегі ісін
жастарға үлгі етіп ұсынады. Түзде айдынды батыр, азулы би болсаң да өз
үйінде өзің төре болма, құлдай істеп, бидей іш дегенді аңғартады.
Сайып келгенде, шешендік арнау адам арасындағы қарым-қатынастарды
бейнелейді. Халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын білу, тіл байлығын, сөйлеу
мәнерін үйрену үшін шешендік арнау сөздердің мәні үлкен.
Шешендік арнау адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл күйін
бейнелесе, шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен әлеуметтік
өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді, көп жасаған қарттар көрген-
білгендерін қорытып, келесі ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиет-насихатын
баяндайды.
Шешендік толғау: шешендік нақыл, шешендік мақал, шешендік мысал,
шешендік жұмбақ және шешендік жауап болып беске бөлінеді.
Адам баласы өзінің ұзақ жылдық табиғаттың сырын ұқты, заңын үйренді.
Өмір сүру үін қараңғы үңгірде қармана жүріп талай рет табанын тасқа
тілдірді, маңдайын жартасқа соқты. Тұрып-жығылып, қақтыға-соқтыға жүріп
оның саусақты қолы, саналы тілі шықты. Қол да, тіл де тіршілік перзенті.
Қол сананың орындаушысы болса, тіл – сана мен қолды байланыстырушы. Тіл -
өзінен мыңдаған, миллиондаған жылдар бұрын өткен қауыммен де тілдесетін
құрал. Сондықтан соңғы буынның ақыл-ойында, өнертабысында өткен қауымның
тәжірибесі, ақыл-ой үлесі болмақ. Ол үлес ата буыннан бала буынға тіл
арқылы жетеді. Өйткені тіл – қатынас құралы ғана емес, ақыл-ойдың қайнар
көзі, үзілмес қоры. Сол сияқты шешендік нақыл халықтың үрім-бұтағына,
жеткіншек ұрпағына қалдырған өсиеті, өнегесі.

Қара жерді жамандама, Көп табады мініңді,
Кіретұғын көрінді. Білгендерді жамандама,
Қауым-жұртты Басшы болған піріңді.
жамандама,

Бұл сөзде туған жеріңді, туған еліңді сүйе біл, басшыңды сыйлай біл
деген насихат бар. Адам үшін туып-өскен Отаны мен халқынан қасиетті не бар?
Соны халық жеткіншегінің құлағына құйып өсиет қып қалдырған. Мұндай
нақылдар жастарды сақтыққа және әр нәрсенің ақырына байыппен қарауға
баулиды.
Халықтың дүниеге көзқарасын, жас қауымға айтар ақыл-аманатын
көрсететін насихат сөздердің бір түрі – шешендік мақал. Шешендік нақыл
нақтылы бір мәселе төңірегінде тыңдаушысына тікелей кеңес беретін болса,
шешендік мақал жалпылап, жанамалап ақыл айтады. Өмір шындығы осындай,
қаласаң ал, қаламасаң өзің біл дегендей ишарат жасайды, құлақ қағыс қылады.

Қызыл тілін безеніп, Батыр жігіт жауда ойнар.
Шешен жігіт дауда ойнар. Дастарқанын кең салып,
Ақ балтырын түрініп, Жомарт жігіт күнде
Палуан жігіт тойда ойнар, ойнар.
Баданасын киіп ап, Баданасын кие алмай,
Бар қайратын жиып ал, Жауға батып тие алмай
Шашақты найза қолға Бедірей-бетпақ үйде
алып, ойнар, -
деген шешендік мақалда халық жақсы деген мынандай, жаман деген анандай,
қалауың білсін, таңдауыңды ал, тек қайратың болса жауға көрсет, қазан бұзар-
үй тентек болма дейді.
Мақалдап, мысалдап сөйлеу-шешендік, тапқырлық сөздердің қай-қайсысына
болса да ортақ. Дегенмен кейбір шешендік сөздерде мақалдау басым болса,
қайсы бірінде мысалдау басым. Шешендік мысалға тән қасиеттердің бірі –
біреудің басынан өткен уақиғаны хабарлаған болып, әркімнің басына келетін
ортақ жайларды ескерту, немесе жан-жануар тіршілігін, жаратылысын мысалға
алып, тыңдаушысына жанама ғибрат беру.

Ата – ананың қадірін Жан ашырдың
Балалы болып қадірін
байқадым. Жалалы болып
Ағайынның қадірін байқадым, -
Қаралы болып
байқадым.
деген мысалда бір кісінің басынан кешкен уақиға ғана емес, сан кісінің
тәжірибесімен сыналған өмір шындығы айтылып отыр. Басқаның халін басыңа
түскенде түсінесің, жанашыр жақыныңды қиыншылық үстінде танисың дейді
мұнда.
Бұл мысал тек сыншыл болуға үгіттеп отырған жоқ, ең алдымен ата-
анаңның еңбегін бағалай біл, басына ауыртпалық түскенде туысыңның, досыңның
қасынан табыл дегенді ишараттайды.
Толғау сөздердің бір түрі – шешендік жұмбақ. Қазақ қашаннан оспақтап,
тұспалдап сөйлеуді сүйеді.
Шешендік жұмбақ жастардың өзара әзіл үстінде сынасу, сырласу
әдістерінің бірі болған.
Жиренше шешен бозбала кезінде жылқы суарып тұрған Қарашаштың жеңгесіне
жұмбақ әзілмен тиіседі:

... Керілгенің қалай,
Кекеңдегенің қалай?!

Оған келіншек кенеттен жауап береді.

... Керілгенім - жолым,
Кекеңдеген – құлыным.
Шешендік жұмбақ әзіл-ермек үшін, немесе ойландыру үшін ғана
қолданылмайды. Көбінесе, шешен билер көпшілікке білгірсіп көріну, билік-
шешімдерін жұртқа бірден дабырламау үшін қолданылады, кей жағдайда алдын
ала астыртын келісіп алып, көпшілік алдында ресми түрде бір-екі ауыз
тұспалмен бітісу әдеттері де болған. Кейде керісінше, ел тілегіне сай
шешілген дауды халық соңынан қорытып, билердің тоқсан ауыз сөзінен тобықтай
түйін жасағандығы да байқалады.
Шешендік толғаудың бір тармағы – шешендік жауап. Басқа халықтар
сияқты қазақ халқы да өзін қоршаған табиғат құбылыстары мен уақиғаларға
жіті назар аударып, соған жауап іздеген. Бала – атаға, шәкірт ұстазға
қоятын: мынау не?, бұл кім? - дейтін ұлы сұрақтар бар. Бұл сұрақтарға
алдыңғы буын өз тәжірибесіне, ақыл-білім дәрежесіне сүйеніп жауап беруге
тырысқан. Сұрақ-жауап түрінде келетін шешендік толғаулар – қазақ халқының
сондай сауалдарға тапқан жауабы, табиғат сыры мен өмір заңын анықтауға
жасаған алғашқы барлау талабы.
Әз Жәнібек ханның алпыс биі болған екен, - дейді бір аңызда. Бір жолы
хан билеріне: Бұл дүниеде не өлмейді? - деп сұрақ қойыпты. Сонда алпыс
биі бірден: Асқар тау өлмейді, ай мен күн өлмейді, ағын су өлмейді, қара
қара жер өлмейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ даласындағы шешендік өнер
Пайдаланылған әдебиет
Шешендік сөздердің маңызы
Философ Абай Құнанбаев
Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты
Абай Құнанбаевтың Қазақстан тарихында алатын орны
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
Пәндер