Қазақтың салт-дәстүрлері туралы мағлұматтар


МАЗМҰНЫ
Сүйінші2
Көрімдік3
Балаға ат қою3
Бесік4
Бесік тойы4
Тұсау кесу6
Атқа мінгізу тойы7
Сүндет тойы8
Тілашар тойы8
Сүйінші
Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген. Әкесі немесе атасы үй ішін асырау қамымен мал соңында немесе онда жүргенде жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты хабарды тез жеткізу үшін ат ерттеп мініп, түзде жүрген атаның немесе әкенің алдынан шығып, сүйінші сұрайтын болған.
Сүйіншіге қабаршы не сұраса соны берген. Ол біріншіден арнайы ат терлетіп қуанышты қабар әкелушінің еңбегін бағалау болса, екіншіден жақындықтың белгісі болып саналған. Тіпті үстіндегі киімін, сауыт-сайманын, астындағы атын да сүйінші сұраушыға сыйға тартқан мырзалар өмірде кездеседі. Бұндай салт-дәстүр көбінесе бала көрмей жүріп, ұл бала туғанда соның құрметіне жасалған.
Бала туғанда баланың әкесінен, атасынан немесе нағашы жұртынан сүйінші сұрай алдынан шыққан адам ұл болса «Ат ұстар» деп, қыз болса «қырық жеті» деп хабарлаған. Кейінгісі қызды қалың малға беруге, «жат жұрттың адамы» деп қарауға байланысты туған ой-пікірлердің көрінісі.
Қазақтың көрнекті ақын қызы Ф. Оңғарсынова өзінің «Бабам қазақ» атты өлеңінде осы дәстүрді:
Бабам қазақ қаншама бала сүйген,
Мұрагерім болса деп мақсат қылып.
Ұл дауысы шыққанда қараша ұлдан
Атан сойып той қылған, ат шаптырып, . . -
деп суреттейді.
Көрімдік
Нәрестені атасына, нағашысына немесе әкесіне көрсетіп көрімдік алу дәстүрі де ертеден ел ішіне кең таралған салт. Баланы қолына алып қуанышқа бөленген атасы:
Ақ тілек, ал ак, тілек!
Балбыраған бал білек.
Аулың толы мал, білек,
Атаңның тілін ал, білек.
Ақ тілек, ал ақ тілек,
Атаң кәрі шал, білек,
Отынға өзің бар, білек.
Ерте тұрып ерінбей,
Еңбек істе қар күреп . . .
деп бата беріп, мандайынан иіскейді. Көрімдікке ат мінгізу, шапан кигізу - ертедегі ел дәстүрі.
Балаға ат қою
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен сон ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады.
Көбінесе молданы әкеп азан шықыртып, баланың атын қойдырған.
Бесік
Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып қояды, басына кішкене жастық салады.
Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қоюдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, үлестіреді. Ал бесікке салған бәйбішеге таза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, ұйқтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйқтайды. Ал бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22-23 сағат, 6 айға дейін 20-21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18-20 сағат ұйқтайды. Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өсіп жетіледі.
Бесік тойы
Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тартатын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берет, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген. Қызды өріс, жиендерді ұрпақ, жұрағат санаған
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді.
Баланың туғанына қырық күн толысымен, оның қырқынан шығару ырымын жасайды. Бір еркек қарын шашын алады, ал тұқымы өскен үбірлі-шүбірлі қария бәйбіше 40 қасық суды үстіне құйып тұрып «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деген тілек айтады. Бала шомылдырған легеннің түбіне 40 құмалақ тас, сақина, жүзік сияқты заттар салынады.
Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңіл кетереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата беріп, немерелеріне сарқыт алып қайтады.
Сәбидің 1 жасқа дейінгі кезеңі. Бала қырқынан шығысымен-ақ үй-ішінің үлкендерін ажырата бастайды. Әсіресе шешесі мен әкесін жазбай таниды. Баланы ермек еткен анасы «Ата қане?», «Әже қане?», «Апа қане?» «Аға, апа қане?» деген сияқты сұрақтар беріп, үлкендерді ажырата білуге үйретеді. Баланың өз атын білгізеді. «Ыстық», «суық», «жақсы», «жаман» деген сияқты сөздермен әр түрлі заттардың қасиеттерін сездіреді. 6-7 ай болғанда бала құйрығын басып отыруға үйренеді. Қазақтың бала «төрт айда төңіректеп отырады, бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» деген сөз тіркесі бала дене бітімінің өсу дәрежесін айқындаудан шыққан түсінік. 8-10 ай болғанда еңбектеп жүре бастайды. 10-12 ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүруді үйренеді. Осы кезде балаға түрлі жалтырауық, сылдырмақ ойыншықтар мен үш аяқты ит арба жасап беріп, соның көмегімен жүруге үйретеді.
Баланың қаз тұрып тез жүруі денсаулығына байланысты.
Баланы еркелету, өлең-жыр, айтып, қол аяғын ербеңдету, билету арқылы оның қуаныш сезімін оятып жетілдіруге көңіл бөлінеді. Бала бірте-бірте музыкалы шығармалар ойнағанда қуаныш сезіміне бөленіп, түрлі қимыл-әрекеттер жасайтын болады. Бала әрекеті айналадағы қоршаған ортаға, үлкендердің қарым-қатынасына тікелей байланысты.
Тұсау кесу
Бала қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдыктары 1, 5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт, май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т. б. әкеледі.
Баланың шешесі шаруаға икемді, елгезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баласының тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші әйел жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып:
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре гой,
Балтырыңды түре ғой.
- деп өлеңдете отырып тұсау жіпті қайшымен қияды да, баланы 3-4 аттатады.
Бұдан кейін ойын-тойға келген 1, 5-3 жасар балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарына бәйге береді.
Атқа мінгізу тойы
Бала 4, 5-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы ат, ертоқым даярлайды. Ерді (егер) қайыңның безінен шаптырып жасатады. Мұны ашамай ер деп атайды. Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгі бауларын киіз бен былғарыдан, қайыстан күмістетіп жасатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz