Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Ислам діні – араб мәдениетінің бастауы. 2
2. Араб философиясы 10
3. Ислам мәдениетінің қазіргі заман өркениетіндегі алатын орны мен рөлі.
13

1. Ислам діні – араб мәдениетінің бастауы.

Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ,
онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы
соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын
халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді
сипаттау оңай жұмыс емес. Діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті
қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеу болып табылады.
өйткені тіпті религия сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де
біріктіру, байланыстыру, қатынасты қалыптастыру дегенді білдіреді.
Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастырған қалыптастырушы идеологиялық
механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті
деп таңдап тұрады.
Мәдениеттегі діннің рөлін әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы
деп анықтауға болады. Сол себептен ислам әлемінің мәдениетіне келетін
болсақ оның негізін әлемнің үш дінінің бірі ислам құрайды.
Ислам біздің жыл санауымыздың VII ғасырында өмірге келген, қазір
дүниежүзіндегі халықтардың 800 миллионнан астамын мұсылман ретінде
табындырады. Азия мен Африка құрлығының 28 мемлекетінде ислам діні
мемлекеттік немесе ресми дін болып есептеледі.
Бұл дінді ерте дүниеден Орта ғасырлық даму жолына түскен Араб
елдеріндегі қоғамдық процестердің заңды жалғасы ретінде өмірге келді деуге
болады.
Себебі ру, тайпаларды, қалаларды топтастыруды, біріктіруді, сөйтіп,
араб елдеріне көз алартқан сыртқы жауларға қарсы тұруға елді жұмылдыруға
мақсат еткен қозғалыстар ұйымдасты. Олардың басында тәңірімен тікелей
байланысымыз бар дейтін адамдар тұрды. Сондай адамдардың бірі - Мұхаммед
пайғамбар. Идеялық және саяси тұрғыдан алғанда ерекше дарынды, ықпалы күшті
тұлға болған Мұхаммед пайғамбардың арқасында орталықтан тыс жерде басталған
хиджаз қозғалысы араб елдерінде рухани және саяси аса қуатты біріктіруші
күшке айналды, ислам діні қалыптасып, оның тууы әлемдік тарихи оқиға болды.
Ислам дінінің және мұсылмандардың тұңғыш қауымдастығының негізін
қалаушы Мұхаммед біздің жыл санауымыздың 570 жылғы 20 сәуірде таң сәріде
Мекке қаласында дүниеге келді. Ол ондағы күрәйіш деген рудың ірі саудагері
Абдолла деген кісінің баласы болған.
Мұхаммед дүниеге келмес бұрын әкесі, бес жасқа келгенде анасы қайтыс
болады да, оны атасы Әбділ-Мүталип тәрбиесіне алады. Сегіз жасқа келгенде
бабасы да қайтыс болып, оның өсиеті бойынша Мұхаммедті тәрбиелеу міндеті
Мұхаммедтің әкесі Абдолланың інісі Әбу-Тәліпке жүктеледі. Оның балалық шағы
сөйтіп тас жетімдікпен өтті. Өмірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік
істемеді. Дос-дұшпаны өзін Мұхаммад ұл-әмин (сенімді Мұхаммед) деп
шақыратын еді делінген Ғылымхал кітабында (19 бет).
Мұхаммед 25 жасқа толып кемеліне келген жігіт болған тұста Меккеге аса
бай, ауқатты жесір әйел Хадиша оны өзінің сауда-саттық жұмысын басқаруға
шақырады. Ол Мұхаммедтің әріректен қосылатын туысы, төртінші атасы Әбді-
Мәнәптің немересі Хобейлиттің қызы болатын. Бұрын екі рет тұрмыста болып,
отасқан адамдарының екеуі де қайтыс болған жесір еді. Мұхаммедтің сауда
істеріндегі табыстарын, оның дін жөніндегі көзқарастарын ұнатқан Хадиша 595
жылы оған тұрмысқа шығады. Осы некеден ол екі ұл, төрт қыз көрді. Ұлдары
ерте қайтыс болып ол 2 бала асырап алады.
Мұхаммедтің жыл сайын Меккеден онша қашық емес Хир тауларының
үңгірлеріне жаяу барып, оңаша күн кешіп, сонда түнеп жүретін әдеті болды.
Осындай саяхат кезінде ұзақ ойларға беріліп, жаяу жүріп шаршап келіп, сол
үңгірлердің бірінде ұйықтап кеткен Мұхаммедке алла тағала аян беріп түсіне
енеді. Бұл 610 жылы Рамадан айы болатын. Мұхаммед бірнеше күн өзінің
көргендеріне сене алмай жүреді. Осындай қалың ойға беріліп, бірде үйінің
жанында гүлзар бағында шапанына оранып ұйықтап кеткенде, оған алла тағала
екінші рет аян беріп, алланың айтқанын адамдарға жеткізіп, атын шығаруға
тиісті елшісі екенін айтқанда Мұхаммед оған шын көңілмен ден қойып сенеді.
Осыдан бастап алла тағаланың ақиқатын адамдар арасында, арабтар арасында
ашық насихаттауға белсене кіріседі.
Мұхаммед және оның серіктері ислам дінін насихаттауға кіріскен алғашқы
күннен бастап әлемнің жаратушысы алла тағала екенше сенуге шақырған.
Мұсылманшылықтың екінші сенім негізі, екінші шарты - Мұхаммедтің
(ғалаиіссаләм) алла тарапынан бүкіл адам баласына жіберілген өкілі, елшісі,
пайғамбары екеніне сену, соны мойындау болған. Ислам дінін насихаттау,
уағыздау осы екі сенімді таратудан басталған.
Мұхаммедтің ислам дінін Меккеге таратуы қиынға түседі. Мәдинаның халқы
Меккеге қарағанда ешқандай тосқауылсыз қабылдады. Сөйтіп ислам діні арабтар
жаулап алған территориялардың бәріне енгізіле бастайды.
Мұхаммед 632 жылы шілденің 8 жұлдызында дүние салды. Бұл мұсылман
әлемі үшін орыны толмас қаза болды.
Ислам діні мұсылман болу үшін бес шарт қояды. Оның біріншісі, ең
бастысы - алла тағаланың біреу екеніне, алладан басқа тәңірінің жоқтығына,
Мұхаммед пайғамбардың құдайдың құлы және елшісі екеніне сену, екіншісі -
құран сүрелерін, аяттарын біліп, намаз оқу, үшіншісі - зекет беру,
төртіншісі рамазан айында ораза ұстау, бесіншісі - қажылыққа бару. Осы
шарттарды мүлтіксіз орындап жүргендер мұсылман болып табылады.
Мұсылманшылықтың маңызды шарттарының бәрін ықыласпен орындап, қасиетті
қалада болып, қажы атағына ие болғандарды мұсылмандар құрметтеп олардың
өзін қасиет иесі санаған. Қажы атану үшін Меккеге барғандар қандай
міндеттер атқарады, қандай сыннан өтеді?
Меккеге барғандар жақсы киініп, бойларын барынша таза ұстап, нәпсіге
тиым салып, алласын аузынан тастамай, бес намазын қаза етпей, тақуа жүріп,
бес түрлі міндетті орындайды. Біріншіден, Меккенің оңтүстік жақ шетінде
орналасқан қағбаны жеті рет жаяу айналып шығады. Екіншіден, Қағбадан 50
қадам жердегі сафа деп аталатын төбешікпен, одан солтүстікте 600 қадам
жерде жатқан Мәруа (мерва) атты төбешік аралығын жүгіріп өтеді. Бұл
жүгірісті Сағи деп атайды. Үшіншіден, Меккеден шығып, одан 30 шақырым
жердегі Гарапа (жұрт оны Ғарапат, Арапа, Қарапа деп әртүрлі атай береді)
тауына барып, Мұхаммед пайғамбар болған жерді көреді. Меккенің сыртындағы
Мін деп аталатын жылға өзектің бойында мал сойып, құрбандық береді.
Бесіншіден, молдаларға, қайыршыларга қайыр-садака береді. Уақыты, қаржысы,
мүмкіндігі барлары Мәдинаға барып, Мұхаммед пайғамбардың зиратында болып,
тағзым етеді. Қажыға барудың негізгі рәсімдері осындай.
Мұсылманшылықтың басты талаптарының бірі Ораза ұстау дедік. Оны
рамазан (ораза) айында ұстайды. Жәбірейіл алланың аятын Мұхаммедке осы айда
жеткізуге берген деген аңыз бойынша ол Ислам дінінде касиетті ай болып
есептеледі. Сондықтан бұл айды мұсылмандар отыз күн бойы оразамен өткізеді.
Таң сәріден, күн шығуға таянып келе жатқан елең-алаңнан күн ұясына қонғанға
дейін ораза ұстаған адамға нәр татуға, тіс шаюға, ауызға дәрі салуға, суға
шомылуға, әйелмен жакындасуға болмайды. Оны жолда жүрген жолаушы, бала
емізетін әйелдердің ұстамауына болады. Жалпы жасы жетіп балиғатка толған,
ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман ораза ұстауға міндетті. Осы айда олар халі
кем, қайыр сұрап жүргендерге пітір садақасын беруі керек, оны мешітке
апарып беруге де болады. Отыз күн оразаның соңғы күні ораза айты болады. Үш
күнге созылатын бұл мереке тұсында ораза намазы өтеді.
Ораза айынан кейін жетпіс күн өткен соң құрбан айты болады. Бұл мереке
тұсында әрбір үй бір қой немесе бір ешкі, немесе 7 адам бірігіп бір ірі
қара, болмаса 9 адам бір түйе союы керек. Мал сойылса, ол дүниеден сират
көпірінен өткенде пайдасы тиеді деп түсіндіреді дін аңыздарының бірі.
Шаштан жіңішке, ұстараның жүзіндей оттан да ыстық бұл көпір дозақ отының
үстінен керілген. Одан өтуге келгенде алдыңнан құрбандыққа шалған малың
шығып, тек соның көмегімен екінші бетке өтеді екенсің. Ал құрбан шалмаған
адам сират көпірінен үміті болмай, дозаққа бұлтақсыз барып түседі. Осындай
аңыз зороастизм дінінде бар.
Мұсылман дінінің тағы бір шарты - ер балаларды сүндетке отырғызу. Бұл
міндет иудей дінінде де болған. Қазіргі кезде мұсылманшылық тараған
жерлерде бұл ғұрыпты дәрігерлердің көмегімен атқару етек алып келеді. Мұның
жасөспірімдердің өміріне қауіп келтірмей сүндеттеу рәсімінің жеңіл
атқарылуына тигізер пайдасы зор. Қыз балаларға да сүндет рәсімін жасайтын
мұсылмандар болған.
Құран кітабы туралы да бірауыз айта кетелік. Ол мұсылмандардың
қасиетті, шарапатты кітабы болып табылады. Сондықтан мұсылмандар оны:
кітабу-л-ләһи-алланың кітабы, китәб ғазиз - құдіретті кітап, құран кәрим -
шарапатты құран, китәб кәрим - жомарт кітап, китәб шариф - атақты кітап,
Зикр хәким-даналық кітабы, кәлем шәриф - адал сөз, Мусхәф Шәрип - қасиетті
қолжазба деген сияқты сөздермен марапаттап, қастерлеп тасқа басылған басқа
кітаптардан ажырата атап, оның қадір-қасиетіне айрықша мән береді.
Құран арабтың Қүрһән деген сөзінің қазақша айтылуы, ол оқылатын
жазу деген мағынаны білдіреді. Арабша жалпы жазу біткенді қараһә дейді.
Осы етістіктен пайда болған құран деген сөз оқылатын жазудың бөріне
қолданылуға тиіс. Солай бола тұрса да құран деген сөз мұсылман дінінің
тарауымен тек қана ислам дінінің қасиетті кітабына қолданылып келеді. Ол
араб тілінде жазылған, ұзақ, қысқа, үлкенді-кішілі 114 тараудан тұрады. Бұл
тараулар сүре деп аталады. Олар әртүрлі мазмұндағы аяттарға бөлінген.
Сүрелердің бастапқылары ұзағырақ, кейінгілер қысқарақ болып келеді. Оларда
тәңірінің сипаттары, алла атына айтылатын тілектер, адамның болмысына, игі
мұрат-мақсаттарына қатысы бар арман ойлары, алланың сипаттары, тіршілікке,
ол дүниеге байланысты әңгімелер оның ішінде қылмыс, жаза, өмір, өлім,
жұмақ, тамұқ, жанұя туралы ертегілер, аңыздар, тарихи сюжеттер де
кездеседі. Олардың жазылуы тақпақтап, мақамдап оқуға бейімделген, тілі
жеңіл болып келеді. Сүрелердің бір-бірінен ажырататын атаулары болады.
Мәселен, қасиетті кітаптың алғашқы тарауы жеті аяттан тұратын фатиха деп
аталатын (Кітапқа кіріспе) сүреден тұрады. Оған ислам дінінің негізгі
қағидалары енген. Оны оқып болғаннан кейін аумин деп ақырғы сөз айтылады.
Ал сүрелер Би-Исми-Л-Лаһи рахмани-р-рахим деген сөзбен басталады.
Сүрелер аяттардан тұрады екен дедік. Кітаптың көне даналарында
аяттардың саны 6204 тен (мәселен Басыра қаласындағы көшірмеде) 6236-ға
(Куфа қаласындагы және Үндістандағы көшірмеде) дейінгі аралықта болып
келеді. Құран көлемі жағынан 30 бөлімге немесе 30 сипәреге бөлінетінін айту
керек. Ал үлкен, халық көп жиналатын мешіттерде оқу үшін ол 60 бөлімге
немесе Хыздыбке бөлінген, оларды оқитындарды Хаззаб дейді. Соңғылары
мешітте қатар тұра қалып бірінен соң бірі кезекпен шұбыртып жатқа оқығанда,
құранды айтып шығу үшін бір сағаттай уақыт керек. Бұл үшін Хаззабтарға
жиналғандардан садақа тиісті. Құранды жатқа білетін, жақсылап мақамына
келтіріп оқитын адамдар көп болмаса да кездеседі. Оларды қари деп атайды.
Осындай атпен белгілі Семей мешітінің қариі анасының ішінен көзі көрмейтін
соқыр болып туып, қасиетті кітапты аят, сүрелерін тыңдаумен жаттап алған.
Оның дауысы да келісті.
ПАРЫЗ. Адамға өз ісін жетік білу парыз. Ол үшін оқып үйрену керек.
Білгенді пайдалы іске, ізгілікке жұмсау қажет. Ата-ананың парызы - ұрпағына
ана тілін, ата-баба салтын, дәстүрін қастерлетіп тәрбие беру. Бала үшін ата-
ананы сыйлау парыз. Ислам дінінің басты бес парызы - иман, намаз, ораза,
зекет, қажылық. Осы парыздарды орындаған адам сауапты болады, орындамаса
күнәһар. Осы ғамалдардың (іс-әрекеттердің) парыз екендігін
мойындамайтындарды көпір дейді. Парызын толық өтеген кісінің орны жұмақта.
УӘЖІП. Әркім өзінің білетін жақсы істерін, өнерін басқаға риясыз
үйретіп, дұрыс жол көрсетсе, шапағаттылық, ізгілік жасаса уәжіп болмақ.
Ислам дінінде уәжіпке иманды кісінің сәлемін құрметпен алу, үшір намазын,
айт намазын оқу, пітір садақа беру, құрбан шалу жатады. Бұл ғамалдарды
орындаған адам сауапты, орындамаған кісі күнәлі болмақ. Іс-әрекеттердің
уәжіптігін мойындамаған адам да күнәһар.
Ғибадаттың ең абзалы - адамның көңілін көтеру, қуаныш әкелу деген
пайғамбар ғалайссалам.
СҮННЕТ. Қандай кезде болмасын сабырлы, ұстамды болу, сөзге тоқтау,
зиянды әрекеттерден тыйылу, үлкенге кұрмет, кішіге ілтипат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб және мұсылман елдерінің өнері
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Орта ғасырлар философиясы
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Ислам және қазақтардың әдет - ғұрыптары
Аббасидтер кезиндегі араб мәдениеті
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы діни жағдай
Пәндер