Қазақтың ұлттық ойыны


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Ақсүйек ойыны3

Алтыбақан3

Тоғызқұмалақ даналығы4

Қорытынды10

Қолданылған әдебиеттер тізімі11

Кіріспе

“Өнерді үйрен де жирен”, “Жігітке жүз өнер де аз” деген халық даналығы өте дәл айтылған. Ал өнердің өрісі де кең. Бүгінгі таңда қазақ жастары қандай да бір өнер шыңын таңдап алып соған жол тартамын десе де мүмкіндігі мол. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі, бағалы жағы бар. Тек бірде-бір өнердің зиянды жағы болған емес.

Ұлттық ойындар да өнер. Өнер болғанда бүгінгі қазақ жастарының сүйіп айналысатын, тіпті, халықаралық жастар қатынасының діңгегі болып отырған өнер. Қазір бүкіл әлемнің бұла күші, асқан епті, ерен ойлы жастары Олимпиадалық ойындарға, әлемнің, Европа-Азияның біріншіліктерінде, бүкіл дүниежүзілік универсиадаларда да жолығысып, жарысқа түсіп қана қоймайды, жастық толғауларды, бейбітшілік, достық проблемаларын ортаға салып, лайықты жауап айтады. Олар әрбір ірі жарыстардан тек кубоктар мен медальдар ғана емес, әлем туралы, жастық туралы ойлар арқалап оралады. Міне, бұл өнер атаулының адамға берер басты байлығы!

Спорттың да өнер ретінде таңдап алар түрі көп. Бір түрі - бұла күштің толысуына әкелсе, екінші - жылдамдыққа, үшіншісі - табандылыққа бастайды. Ал төртінші бір спорт түрі жас адамды ойлылыққа, күрделі бір істің көрмеу жібін тез тез шешуге дағдылындырады, баулиды. Мұндай спорт түрлерінің қатарына қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақ жатады. Бүкіл әлемдік дәрежеде жарыстар өткізіліп жүрген шахмат, дойбы ойындарын спорт сүйер қауым жақсы біледі. Ал тоғызқұмалақ ше? Өзінің өмірге келу кезеңі жағынан жоғарыдағы екі спорт ойындарынан “қартаң” болмаса жас емес. Тоғызқұмалақ ойыны тек даму жағынан кенжелеп тұр. Оған басты себеп қайбір халықтың өз ұлттық ойындарына жете мән бермейтіндігінен, жанашырлықпен қолға алмауынан болып отыр. Болмаса, тоғызқұмалақ пен дойбы ойындарын қатар қойып көрейік. Күрделігі жағынан да, табыстылығы жағынан да тоғызқұмалақ дойбыдан көш ілгері тұр. Осы дойбыдан әлемдік жарыстар өткелі қашан? Ал, тоғызқұмалақта соңғы жылдарда ғана республикалық жарыстар тұрақты түрде өткізіліп, көпшіліктің оның ішінде жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған әр ұлттың өкілдері қатысып, ойынымыз интернационалдық спорт түріне айналып, күннен-күнге кең байтақ Қазақстанның шартарабына тарап, жанашыр қауымды қуантып жүр.

Сонымен қатар, біздер ауыл жастарының арасында кездесіп қалатын ұлттық ойын түрлерін де қамти кеткіміз келеді. Біз бұл ойындар туралы төменде біршама ой өрбітеміз.

Ақсүйек ойыны

Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдап алынады. Ойын үшін ірі қараның, атап айтқанда жылқының, түйенің кепкен жілік сүйегі керек.

Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Жеребе тасталып, ойынды бастаушы анықталады. Әр топ өз көмбесін белгілейді.

Екі топ ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Жеребеде бірінші кезек алған топтың бастығы сүйекті алысқа лақтырады. Енді екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтын ойыншысы қуып жетіп, сүйекті тартып алса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Бұған топтың басқа да ойыншылары көмекке келуі керек. Ойын жалғасып; қайталана береді. Жеңілген топ ойыншылары ән салып, немесе басқа, да өнер көреетуге тиіс. Бұл ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге және жылдам жүгіруге үйретеді.

Алтыбақан

Алтыбақан жазда ойналады. Алтыбақанды құру үшін ұзындығы 3-4 метрдей ұзын алты сырық ағаш және көлденең қоятын бір сырық пен мықты үш арқан керек. Мосыға ұқсатып үш-үштен сырғауылды бір жақ басынан байлайды да, екі жерге қадап, төбесінен көлденең тағы бір сырық қояды. Сонан соң оны сырықтармен қосып, жылжып кетпес үшін арқандармен мықтап байлайды. Үш арқан да осылай екі жағынан мықтап байланады. Алтыбақан тебушілер екі-екіден жактаудағы және ортадағы арқанға аяқтарын тірейді. Арқандар не тым биік, не жерге тиердей тым аласа болмауы керек. Алтыбақанға отырған екі ойыншы ән бастайды. Жерде тұрып, екі жағынан тербетіп тұрған екі ойыншы оларға қосылады да, қалғандары да бірге қосылып ән айтады. Алтыбақаннан шыққан ән кешке жақын бүкіл ауыл адамдарына естіліп тұрады.

Сөйтіп, ойнаушыларды алтыбақанға кезек-кезек отырғызып, алмастыра береді. Олар өздері білетін әндерін айтады. Қалғандары оларды кезекпен тербеп, әнге қосылады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Бұл ойын әлі де болса ауылдарда кездеседі, өйткені әткеншектер ауыл парктерінде бар.

Тоғызқұмалақ даналығы

Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны. Бірақ тоғызқұмалақ ойынымыздың аты қалай қойылған? Қашан пайда болған? Қайдан шыққан? Кім ойлап тапқан? Әуелі қай халықтар ойнаған деген сұрақтарға дәл былай деп айта қояр ғылыми дәлел мен терең талданып, жете зерттелген мағлұматтарымыз (тың пікірлеріміз) жоқ. Кейінгі жылдары осы сұрақтарға жауап беру үшін спорт тарихын, соның ішінде тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеушілер нақтылы деректер іздестіре бастады.

Тоғызқұмалақты зерттеушілер нақтылы мағлұматтарды біріншіден, ел аузында жүрген әнгіме сөздерден яғни ауыз әдебиетінен және салт-дәстүрімізден іздесе, екіншіден, археологиялық яғни жер қойнының қазба жұмыстарынан табылған заттар мен этнографикалық дүние бұйымдарға барынша назар аударып көзбен көріп көңілге тоқуы керек.

Енді ауыз әдебиетіміз және салт-дәстүріміз не дейді.

Тоғызқұмалақ күрделі сөз: тоғыз және құмалақ. Тоғыз - сан. Өзгешелігі тақтығы. Көбейтілуі немесе бөлінуі үштік. Дегенмен оның өзінен аз сандардан айырмашылығы бар. Мәселе екі жіп есіледі, үш жіп өріледі, ал тоғыз жіп тоқылады. Сондықтан соңғысы жұртқа мәлім, кезінде ой өнері мен қол өнері үшін күрделі сан болып есептелді.

Уақыт есебінде де тоғыз санының орны өзгеше. Он екі жылдық Азия халықтарына тән мүшелдік жылдардың, яғни жыл есептеудің (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз) тоғызыншысы мешін жылы.

Бір ғажабы сол - мешін жылдарының бәрі он екіге бөлінеді. Мәселен, 1956, 1968, 1980, 1990, . . . бәрі 12 санына бөлінеді. Қариялар қазірдің өзінде де жыл қайырғанда (былайша айтқанда қанша жасқа келгеніңді білгісі келсе) сол мешін жылына бағдар ұстап отырады. Мәселен, орта жасар кісі, туған жылым ит десе. Жыл қайырушы адам ішінен. Мешіннен- мешін- төрт мешін 48+ тауық+ ит =50 жаста екенсіз ғой балам дейді.

Үлкен кісілер, әңгіме, өсиет айтқан кезде: “Е, балам білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз” деп ақыл айтып, түйінді тоқтамға келеді.

Кең байтақ даламызда көп жолдардаң бір-бірімен түйіскен жерін тоғыз жолдың торабы немесе тоғыз торау деп атаймыз.

Кезінде аты алты алашқа тараған Ықылас Дүкенұлының есімін шартарапқа жайған күйі: “Тоғыз торау - Кертолғау” деп аталады. Күйге арқау болған оқиға баяғы Ақ табан шұбырынды заманымен жалғас жәйт. Бір ашаршылықта ел тозып, балапан басымен, тұрымтай тұсымен кетеді. Зарлы заман өзіне тән әні мен күйін шығарды. Тоғыз торауға қоныстанған халық бұл жолы мұң- зарын былайша төгеді:

Тоғыз торау, кер толғау,

Бәріңе болды мол толғау

Шұбырынды ақ табан

Алқакөл ұзақ жол болды- ау . . .

Қысқашалауы “Кертолғау” деп аталатын бұл күйді тыңдаған адамның “көкірегі көз жасымен көл болып” отырады екен дейді қариялар.

Одан соң “Тоғыз қойдың терісі бір тондық”, “Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық”, “Тоғыз інген боталап”, “Тоғыз бие құлындап” (т. с. с. ) дейміз.

“Ақыл-ойдың нағыз қайнар көзі, тоқсан тараулы тоғызқұмалақ өнері туралы әр жерде тоғыз оянып, тоқсан толғанып түйген маржан ойларымды көпшілікке жеткізуді жөн көрдім”- деп жазады өзінің “Тағылымы мол мұра” (спорт газеті 13. 04. 99ж. ) атты мақаласында Шымкенттік Қадырбек Сапарбаев. “Тоғыз саны киелі сан. Оның мәні ықылым заманнан көшпенділердің Тұран деген елі Иранмен қанаттас өмір сүріп, Қытайдың ақ қорғанынан Балқаш түбегіне дейінгі кең байтақ елге иелік еткен ежелгі көк түріктердің “Көк бөрісінен” өрбіген, Шыңғыс хан да қолбасшы батырларына “тоғыс сирақты ақ байрақты” қолдарына беріп жорыққа аттандырады екен. Түрік халықтарының қыз ұзатып, келін түсіргенде екі арада жүретін аралас- құралас құдалық жоралғылары тоғыздық дүниелер арқылы атқарылған. Тұрмысқа шыққан жас келіншек те өз құрсағында пайда болған нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн сақтайды екен. Алланың құдіретімен жаратылған адамдар мен көптеген жан-жануарлардың да бойында өмір сүруге қажетті тоғыз тесігі болады екен. Бұл керемет құбылыста тоғыз санының қасиетін аша түскендей. Ал, енді біздің Күн жүйесіндегі кеңістікте бір жазықтықта әртүрлі тоғыз планеталардың айналып жүргені әлімсақтан белгілі жай.

Кейінгі кезде баспа бетінде жарияланған статьяларда:“Тоғызқұмалақ ойынын тұңғыш рет орта ғасырда қойшылар ойнап шығарыпты (бір байдың Аманжол және Жайлаубай атты қойшылары) . Олар жерді қазып алып, жүрелеп немесе молдас құрып отырып ойнай береді екен, ойынның қызығына түсіп кетіп, қойларын қасқырға қырғызып алады екен .

Бертін келе ойын халық арасына кеңінен тарап, қалың бұқараның мәдени қажетіне айналыпты. Мұны кейде қойшының “алгебрасы” дейді екен”, - деген жорамал-топшылаулар айтылғанымен, ол әлі зерттелмеген мәселе.

Бәлкім солай болған шығар. Жаңадан үйренбек болып жүрген талап иелеріне бір ескерте кететін нәрсе- бұл тек қойшылар ойыны, шопандар ғана ойнау керек, атының өзі де “ Тоғызқұмалақ- қойдың құмалағымен ойнау керек деп тұр ғой” деген теріс пікірлерден аулақ болу керек.

Қызылордалық Иманбаев Е. Ә. (Қ. Р. еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қ. Р. білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысының аға жаттықтырушыс) өзінің “ Тоғызқұмалақ- II халықаралық сайыс” атты кітапшасының “Әріден әліппеге дейін” тақырыбында “Тағы бір көңіл аударатын нәрсе. Тоғызқұмалақ ойын атауы, ол “162” құмалақ па әлде тас па? Бұл жөнінде біз мынандай пікір білдіргіміз келеді:

Қазақта мынадай мәтел бар. “Баланың еңбегі тілі тас деген сөзге келгенде қатаяды”, - деген. Мұның өзі адамның санасы өзінің тастан (жерден, топырақтан) жаратылғанын білгенде қатаяды деген мағынаға келеді. Яғни отаудағы құмалақты тас деу ойынның логикалық құрылымын байытатындай” десе, “Әліппеден өзімізге дейін” тақырыбында “Ұлы Абай тоғызқұмалақ ойынын аса құштарлықпен ойнағанын халық біледі. Мен Жидебайға барғанымда бір ақсақалдан мынадай әңгіме естіп едім. Абай өзі ұтылса: “Тақтай бағып ойын қуған қу ұтады”, ал өзі ұтса: “Ми ұтады”- деп қасындағыларды күлдіріп отырады екен. Осы “Ми ұтады”- да үлкен тұжырым бар дейсің. Бүкіл болмысымыздың патшасы - Ми. Ал ойында Ми ұтса - онда тоғызқұмалақ мидың добы болғаны да. Сонымен бізбен - сіз ми добын үйреніп, үйретіп, ойнай жүр екенбіз” -деп, бабалардан мирас болып қалған, әрі нағыз халық ойыны ретінде сан ғасырлар бой өзінің жұртты баурап алатын қасиетін сақтап қалған ойынымыздың “атына” тосырқай қарайды. Ал, енді тоғызқұмалақ ойынының тарихын зерттеу жолының бір саласы археологиялық және этнографиялық зат бұйымдарға зер салып сүйенетін болсақ. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында, осыдан 2500 жыл бұрын халық мекендеген жайларға қазба жұмысын жүргізгенде, ол жерден әртүрлі тастан жасалған шариктер табылды.

Ғалымдар бұл шариктерге зер салып зерттегеннен кейін, шариктер тоғызқұмалақ ойынына әдейілеп істелген деп тапты.

1983 жылы Қазақстан баспасынан жарық көрген “Бәйгеден олимпиадаға шейін” (орыс тілінде шыққан) деген монографиялы кітабында (165 бет) ғалым Мұратқан Тәнекеев былай дейді:“ Тоғызқұмалақ ойынының даму тарихы өзінше қызық, бұл туралы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінен оқып жүрміз.

1906 жылы орыс этнографы Н. Пантусов бірінші рет ойынымыздың теориялық жағына “анализ- талдау” жасап берді. Осы анализге сүйене отырып 1936 жылы атақты қазақ ғалымы С. Аманжолов бүгінгі жарыстарда ойналып жүрген жеңіл ойнау (түсінік: бір ойыншының ойын барысында өз жүрісімен “тұздық” алатын болса, артынша екінші ойыншы өз жүрісімен “тұздық” алуына болады) тәртібімен таныстырып кетті. Кейбір деректерге сүйенсек тоғызқұмалақ ойыны осыдан 8 мың жыл бұрын пайда болып, осы уақытқа дейін ұмытылмай келеді”- деп ойын тоғарады.

Бәлкім солай болған шығар. Әлемнің әр түкпірінде өмір сүретін әр алуан халықтың өз ұлттық ойындары болғаны мәлім. Солардың осы біз өмір сүріп жатқан заманымызға жеткен “оймен ойлау” ойындарының бес түрі бар. Шахмат, шашка, вейцы, нарды және манкала. Осы ойындардың да әр халыққа тән өз өзгешеліктері мен ойналатын түрлері де бар. Мәселен Бирманың, Қытайдың, Жапонияның шахматтары, шашканың орыс халқы ойнайтын және халқаралық түрлері. Біздің тоғызқұмалақ ойнымызды орыс ғалымы А. Аникеич Африка халықтарының арасында кең тараған “Манкала” деп аталатын ойынның бір түрі болуы мүмкін деп жорамалдайды. Міне, осы ойындардың шығу тарихын дөп басып айта алатындар сирек әрі бұл заңды да.

Ойын тақтасы мен ережесі туралы бірер сөз айтсақ. Шахмат терминдерінің дені шетелдік. Бірқатары ұлт тілдеріне аударылған: піл, ат, король, пешка. Ал, тоғызқұмалақ терминдерінің барлығы қазақша. Бұған тақта бетіндегі тоғыз отаудың атаулары жақсы мысал: арт, тектұрмас, атөтпес, атсыратар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай- бәрі тоғыз. Оныншы қазаны яғни ордасы. Қарсылас жақтікі де солай. Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түседі. Былайша айтқанда оңына бақыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде оң жағындағы отауларға салып отырады. Сонымен тақтаның сол жағында тоғыз отау болады. Екінші жағында да соншалықты. Әр отауға тоғыз құмалақтан салынады. Ойын бәсекесіне түскендердің, демек 81-ден құмалағы бар.

Ойынның шарты не? Шарт мынау: ойын басталған кезде қазанына 82 немесе одан да көп құмалақ жинаған адам жеңімпаз атанады. Ал қалай ұтуға болады. Жүріс кезегін бірінші болып алған адам, өз қалауы бойынша, өз отауларының біріндегі айтайық тектұрмастан, (екінші отау, солдан оңға қарай санағанда) тоғыз құмалақты уыстап алып оның біреуін орнына қалдырады да сегізін оң жағындағы отауларға біртіндеп тастап шығады.

Соңғы құмалақ қарсылас жақтың бірінші отауына, артына барып түседі. Сөйтіп, ондағы тоғыз құмалақты он (10) яғни жұп етеді де, бұл құмалақтарды өз қазанына салып алады. Өз кезегінде екінші жақ та осындай жүріп қарсыласының тектұрмасындағы тоғыз құмалақты ол да алуға тырысады. Әңгіме әзірше бір ғана жүріс туралы болды. Айтайық, бір жүрісте екі жақта он құмалақтан жиырмасын алды. Келесі жүрісте қарсы жақ отауларын сонша көп жаулатып алмау үшін олар өз жүрісімен отауларды “жұп” етіп жауып отыруға тырысады. Ең болмағанда өз құмалағын аз беруді, қарсыласының құмалағын көп жеуді ойластырады. Былайша айтқанда қорғанысқа шығады. Дәл осы жерде тоғызқұмалақты шахмат ойынының құрамдас үш бөлігімен салыстырып кетудің реті келіп тұр. Шахмат ойынының алғашқы бес- жеті жүрісі дебют яғни бастамасы деп аталады. Одан кейінгі миттельшпиль (орта шені), соңғысы эндшпилі (аяқ шені) түрінде болып келеді. Тоғызқұмалақ та сондай. Оның алғашқысы аршынды, одан кейінгісі орта белді, соңғысы атсырау деп аталады. Неге бұлай? Мәселен мынада: бастапқы кезде отауларда құмалақ көп болу себепті аршынды алымдар жасауға болады. Алымдар, берімдер көбейеді. Ойынның орта шенінде отаулардағы құмалақ, саны әрқилы болып кетеді. Он ойланып, тоғыз толғануға тура келеді. Ойын соңында құмалақ өте азайып, кейбір отаулар тіпті бос қалады. “Жаяу қалған” ойыншы міне осында атсырайды. Шахмат пен дойбыда ферзіге, биге шығу дегеніміз бар. Мұндай артықшылықтан тоғызқұмалақ та құр алақан емес. Ол “тұздық” кейде “тұздый” деп аталады. Тұздық қалай алынады? Ойын барысында қарсы жақ отауларының бірінде немесе екеу үшеуінде екі құмалақтан жатуы мүмкін. Жүріс алған адам сол қос құмалақты отауға өзінің соңғы құмалағын жеткізіп түсірсе, онда ол “тұздық” алғаны. Бұдан былайғы жерде сол отауға түскен құмалақтың бәрі алушының иелігіне (қазанына) көшеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕРЛЕР ОРЫНДАУЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БИІНІҢ ХОРЕОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Асық ойынының түрлері және мәні
Бес тас ойыны
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Ұлттық спорт түрлеріндегі оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Асық ату ойынының ережелері
Дене шынықтыру мәдениетінің теориясы мен әдістері
Қазақтың ұлттық ойындары туралы мәліметтер
Қазақтың ұлттық ойындарын бастауыш сынып дене тәрбиесі жүйесінде қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz