Жеке адам мәдениеттің объектісі


ЖОСПАР
Кіріспе3
1. Жеке адам мәдениеттің объектісі4
2. Адам қызметі, табиғат және мәдениет9
3. Мәдениет - адам дамуының өлшемі12
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер тізімі17
Кіріспе
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Мәдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі.
Мәдениеттегі адам қызметі өзінің объективті мазмұнымен анықталады. Қандай мәдениет көрінісін алсақ та, біз белгілі бір тарихи жағдайларға байланысты жарық көрген адам қызметінің нәтижесін мақтан етеміз. Мәдениет көрінісін өткінші, бүгін бар да, ертең жоқ деп қарауға болмайды. Тарихи сабақтастықты ақиқат деп қараушы әрбір адам мәдениеттегі шындықты әлеуметтік қажеттерден туған шындық деп бағаламай тұра алмайды.
Мәдениеттің ерекшелігі сол - ол тек объективті шындық қана емес, шығу тегі жағынан алғанда, оның мазмұны субъективті. Мәдениеттің материалдылығының өзі, оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісі мен объективті қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады. Мәдениет туындысы дегеніміз адам тұрмысының затқа айналған мәні. Бұдан мәдениет дайын зат ретінде, заттық түр ретінде өмір сүреді деген қорытынды жасауға болады. Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал-жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы, сондай-ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жақылтпаш, әңгімелерден мәлім болады. Заттың мәдени бағаға ие болуы үшін ең алдымен адамдық сипат алуы керек.
Кең мағынасында алғанда, мәдениет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені, еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Tap мағынасында алғанда, мәдениет кәсіптік мамандығы бар адамдардың немесе кәсіптік одақтардың қызметі арқылы баянды болады. Бұл екі тұжырым да сенімді.
1. Жеке адам мәдениеттің объектісі
Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де болып табылады. Бұл пікір материалдық мәдениетке де байланысты. Жеке адамның даралық сипаты оның іс-әрекет, қызметінен туындайды. Олар қоғамдағы мәдени жетістіктерге бірдей қарамайды, қарай да алмайды. Бірақ еңбек процесінде ол материалдық мәдениетпен танысады, оның өркендеуіне тікелей қатысады, өзінің өмір салтын қоғамдық өмір мәдениетіне бағындырады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде оның рухани қазынадан нәр алмауы, оны көркейтіп, мазмұнын байытуға қатыспауы мүмкін емес.
XVII ғасырда субъект мен объект терминдері таным теориясында ғана қолданылды.
Қазіргі кезеңде ғана субъект мен объект адамның дүниені өзгерту, игеру және тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни, өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратымпаздық және таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субъект, ол әрбір жеке адам, ал адамдар қоғамдасқан түрінде, олар бәрі бірге өздерінің тарихи-әлеуметтік дүниесінің, соны жасаудағы тарихының бірден-бір авторы. Яғни әлеуметтік-тарихи дүниеде, адамдар қоғамында ешбір басқа нәрсе олардың пайда болуының, дамуының себепшісі бола алмайды. Субъект осы дүниеде ең ақырғы себеп, әрі ақырғы нәтиже.
Объект субъектіге қарама-қарсы, бірақ одан ажырамас байланыстағы іс-әрекеттің екінші жағы, кезеңі. Объект өзгерту қызметінің анықталған нәрсесі, яғни адам жасампаздық қызметінде нені өзгертетін болса, сол объект. Объектіні көбіне адамнан, оның әрекетінен болған, тек сыртқы дүниеден қызметтің шеңберіне тартылған ісі деп түсіндіріп келді, мысалы табиғаттың адам өзгертетін заттар. Бірақ бұл объектіні адамнан тыс күштер деген ұғым туғызады. Ал адамның қызметі табиғатынан рефлексиялық қатынас. Оның мәні неде? Адамның қызметі сыртқы дүниені игеруге бағытталғандығы оның тек бір жағы. Оның екінші жағы өзінен тыс күштерді игеру арқылы өзін, өз мазмұнын, мәнін, табиғатын, қабілеттерін қалпына келтіру, жасау, шыңдау әрі дамыту. Яғни сыртқы дүниемен өзара ықпалында адам қызметі түбінде бәрі бір өзіне бағышталған. Ол сыртқы дүние арқылы өзіне, өзі арқылы сыртқы дүниеге қатынас жасайды. Ең алдымен оның басқа адамдармен байланысы осындай. Сондықтан да объект субъектіге тыс емес, оның өзінің екінші бір кезеңі. Яғни адамның өзі барлық. процесті игеретін иесі ретінде болса, соның негізгі өзгертуге тиіс ретінде объект. Барлық, процестің түпқазығы адамның өзін өзі өзгертуі, жасауы болатын болса, онда оның өзі өзіне бір жағынан объект болғаны. Объектіні сондықтанда субъектінің бір өткінші кезеңі деп қараған дұрыс сияқты.
Адам, әрине, көп процестерді, соның ішінде тіпті өз бойындағы процестердің де, бәрін бірдей игеріп реттей алмайды. Адам өз тәніндегі, мысалы, физиологиялық процестерді де солай толық игерген емес, олар оның ретгеуімен жүрмейді. Яғни өзінен тыс және бойындағы көптеген табиғи нәрселердің адам субъектісі емес. Әлеуметтік дүниеде де, яғни өзі жасайтын дүниеде көптеген оның нәтижелері мен сипаттары оның ырқына тәуелсіз. Ол жөнінде бұрын айтқанбыз. Сондықтан адам тек өз ырқының ықпалындағы процестерге ғана субъект.
Адам дамуы - оның қызметінің әмбебаптық сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын, адам болмысы да жан-жақты сипат алады, ал ол мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады.
Адамнан тыс мәдениет те, өркениеттілік те болмақ емес. Демек, мәдениеттен жұрдай адам болмайды. Адам мәдениеті - тәрбиеленетін нәрсе.
Жекелеген адам және тұтасымен адамзат болмысы мүлде сапалық жаңа мәнге ие. Әрине, адам үшін де, табиғаттың кез келген өткінші заты үшін де ортақ тіршілік ету жақтары бар.
Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең әуелі, «сүйек пен еттен жаралған пенде».
Адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді, адамдар өмірі ұзақтығының болашақтағы кез келген ұлғаю мүмкіндігі де адам денесінің табиғат денесі ретінде өмір сүруі заңдарын жойып жібермейді. Адамның өлетін денесі жансыз да жанды табиғат дүниесіне «орналасқан».
Адам болмысы жекелеген адамдар мен ұрпақтар санасына қатысынан алғанда реалды, объективті. Адамдар әрбір жекелеген адамның санасына дейін және одан тыс та тәуелсіз өмір сүреді. Бірақ адамдар болмысы әсте де санадан, рухтан абсолютті тәуелсіздікте емес, өйткені табиғи, заттың пен руханилық, дербестік пен қауымдастың, жеке адам мен қоғамдық жақтардың комплексті де бірегей бірлігі болып табылады. Біз өмір сүреміз, ал бізбен бірге біздің санамыз өмір сүреді.
Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қоймайды, сондай-ақ дүниеге және өздері өздеріне ерекше қуатты (соның ішінде қатерлі де) әсер етуге қабілетті. Осыған қоса олар өз болмысын және жалпы болмысты тануға, «болмыстың тағдыры» үшін дабыл көтеруге де қабілетті. Сондықтан адам болмыстың бір тұтас жүйесіндегі өзінің қайшылықты ролін сезінуі және бұл рольді аса зор жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Әрбір адамның адамзат тағдыры үшін, адам атаулының болмысы мен адамзат цивилизациясы үшін, Жер планетасы үшін жауапкершілігі туралы мәселе әлі де алаңдатушылық туғызуда. Адамдардың рухани ұлылығы мен естілігіне үміт жүктелгендіктен де руханилықты ерекше болмыс деп ойластыру ерекше маңызды.
Адамдар болса, ортаға тікелей бейімделудің нәтижесінде емес, сол ортаны игеру қызметінде, табиғатпен тікелей байланыстан гөрі, оған дәнекерлі, құрал-саймандар арқылы, өзара қоғамдасу арқылы қатынасады. Бұл процесс өзі атқаратын іс-әрекеттерді де, оның өзгертетін объектісін де және ақырсында өзінің де не немесе кім екенін де белгілі дәрежеде көре білуді, түсіне білуді де қажет етеді. Осыған орай адам табиғатта, жалпы әлемге солардың тек ішінде тұрған ғана емес, олардан біршама бөлектелген, оқшауланған әрі бір сырт күштей қатынас жасай алады. Сол арқылы ол өзін де өзгертіп, өзінің мүмкіндіктерін ортаның мүмкіндіктерімен ұштастыра білу керек болғандықтан, өзіне де сыртқы көзбен қарай алады. Бұл, әрине, адамдардың тарихында өзгере беретін жағдай.
Адам қызметінің, іс-әрекетінің екі негізгі жағы, негізгі айқындықтары, соны көрсететін философиялық категориялар. Антика философиясында, мысалы, Аристотельдің еңбектерінде субъект қасиеттердің, қозғалыстардың, белгілердің ненің қасиеттері, қозғалыстары, белгілері екенін көрсететін ұғым деген мағынада қолданған. Яғни субъект солардың бәрінің негізі немесе иесі. Қасиет ненің немесе кімнің қасиеті болса, сол субъект. Ой, сөз не немесе кім туралы болса, сол субъект. Бұл тұрғыдан субъект субстанция ұғымына жақын болды.
2. Адам қызметі, табиғат және мәдениет
Адам қызметінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. Сонымен бірге табиғат қандай бір мәдениеттен бұрын болады, мәдениеттің пайда болып, дамуының алғышарттары рөлін атқарады. Табиғат пен мәдениеттің бірлігі шартты, олар бір-біріне қарсы емес, қайта мәдениеттің дамуына табиғат әсерін тигізсе, мәдениет өз кезегінде табиғаттың мәдени түр алуына жағдай туғызады.
Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей барабар болмайды. Олардың терең мәнді айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам еркіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет - адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Бірақ бұл - үстіртін сипаттама ғана. Табиғат пен мәдениет арақатынасының өз тарихы бар, оны осы екеуінің ажырамас бірлігін мойындамайынша түсіну мүмкін емес. Шынында, табиғат мәдениет дамуының алғышарты бола отырып, көп жағдайда сол мәдениет көріністерінің табиғи процестерге тікелей араласуы салдарынан не көркейіп, не құлдырап, азып-тозып кетуі мүмкін. Табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешкенде табиғатқа деген қамқорлық, мейірімділік естен шықпауы керек. Ол ұмытылса, мәдениет деген мәдениетсіздіктің, табиғатқа озбырлықпен қараудың нақ өзіне айналады.
Мысалы, алдыартын анықтамай тың жерлерді игеру көп жағдайда табиғатқа зиянын тигізгені бүгінде баршара мәлім болып отыр. Тек сан көрсеткіштерін қуалап, пәленше миллион тың және тыңайған жерлердің қыртысын қопардық деген біреудің еліруіне сай ұранға бейімдеушіліктен көптеген құнарлы топырақтың желмен ұшып, жер эрозиясына душар болып кеткенін, мал жайылымдарының азайып, тіпті көңілге ауыр дақ қалдыратын жайға айналғанын табиғат пен мәдениеттің арақатынасын шешудегі озбырлықтың көрінісі деп айтудан басқа амал жоқ. Оның үстіне қызыл кітапқа енген жануарлардың, құстардың құрып-жойылып, өсімдіктердің селдіреп бара жатқанын да айтпасқа болмайды.
Мәдениет субъектісі бола отырып, адам әрдайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады. Керісінше, ол белсенділік бүгінгі бір күндік мақсаттан туатын болса, табиғатқа нұқсан келтіреді, экологиялық апаттар туғызады. Себебі, тарихи процесте табиғат пен мәдениет ажырамас бірлікте болып табылады.
Табиғат пен мәдениеттің арақатынасы - адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Материалдық игіліктерді өндірсе де, рухани қызметпен айналысса да, адам сол табиғаттан нәр алады, басқаша айтқанда, оның тарихи дамуы табиғатқа байланысты. Анықтап айтқанда, табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады, Өндіріс әдісі көп жағдайда сол табиғи ортаға байланысты. Мысалы, кен дала, көпшілікке ыңғайлы жағдай қазақ халқының ғасырлар бойы мәдениетінің сол көшпенділікке бейімделе қалыптасуына себепші болды.
Адамның табиғатқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау туады. Табиғаттағы көпті молайта түсіп, азды аялай білу адам мәдениетінің даму деңгейін көрсетеді.
Мәдениеттің мазмұндылығы философиямен арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени-тарихи түрінін негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Шынында да, мәдениеттің тарихы, мәні, жасалуы, дамуы іргелі философиялық мәселелердің бірі болып отыр. Мәдениет біркелкі емес: онда прогресшіл, болашаққа қызмет ететін және регресшіл, кертартпа, тек өткенге немесе өткіншіге қызмет ететін элементтер болады.
Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі.
Өркениеттіліктің өндірісті дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды. Табиғи ортаны игеру, қоғамды жетілдіру мәдениет пен өркениеттілік деңгейін көрсетеді. Олай болса, бұл - өркениеттілік пен мәдениет өзара тығыз байланысты және бір объективті негізде дамиды деген сөз.
Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратынын да айту қажет. Антагонистік қоғамдарда олар шешілімі қиын терең қайшылықтарда болады. Еңбекші бұқара жасаған мәдениет қазыналары көбінесе үстем тап өкілдерінің меншігіне айналады. Тіпті қазіргі капитализм өз мәнін қаншама демократияландыруға ұмтылса да, тұтыну заттарын көбейтіп, қоғамдық жағдайларды қаншама жақсартса да, өзінің антагонистік таптық сипатынан арыла алмай отыр. Социализм тұсында мәдениет шын мәнісінде халықтікі. Бірақ мұндағы өркениеттілік пен мәдениет диалектикасын даңғыл жолмен ешқандай бөгетсіз жүріп бара жатк, ан процесс деп қарауға болмайды.
3. Мәдениет - адам дамуының өлшемі
Мәдениет - философиялық ой-толғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Бұдан мәдениеттің көп түрлілігі ондағы жалпылықты, әмбебаптықты теріске шығарады деген қорытынды тумайды. Керісінше, мәдениеттің нақтылы тарихи түр алуы оның мазмұнының күрделілігін және ондағы жалпы ерекшеліктің диалектикасын білдіреді.
Мәдениет - адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекет қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz