Қытай мәдениеті туралы мағлұматтар
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Қытай мәдениеті 3
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиет 13
Кіріспе
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің
қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен
өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің
қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді
уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән мағынасын терең түсіне отырып
өмір үшін өмір сүруге үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың
даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-
бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де
осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты
қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның
эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың
діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола
қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни
рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге
болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет
көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық
қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни
құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші
ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытай мәдениеті
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен
рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қанды
құрбандықтар да берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар
мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди
басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар
әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда
Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша
қамқорлық жаайтн қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін
қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-
тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу Шанди құдайға табынуымен,
оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге
байланысты, кейіннен, яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. XI) Шанди
құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу
династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы Аспан
аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бұл атақ пен қытай елінің бұл
аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел билеушілерін осыншама
дәріптеп, оларға жоғары атақ бергеніне қарағанда, олар ел басшылары
құдайлармен генетикалық байланыста деп түсінгендігін айқын аңғаруға болады.
Чжоу дәуірінен бастап Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға
табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан
қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды
аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық және т,б, ұғымдар
Аспанның космостық күштер жайында былай деп мәлімдеді: Оның ілімі
философиялық тұжырымдардан жұрдай, ал оның шығармаларына баға беретін
болсам, автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдеріне аудармай-ақ
қойған жөн болар еді. Бұл мәселе төңірегінде көптеген ғылыми зерттеулер
жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Карьер былай деп жазады: Әрине,
қытайлықтардың еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім
шүбә келтірмейді, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да
бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес. Мұндай үзілді-
кесілді айтылған пікірлер бізді мынандай ойға жетелейді: білім дегеніміздің
өзі не, ал егер ол адамзаттың игілігі үшін қызмет ететін болса білімнің өзі
қытай мәдениетінде қандай орын алған? Осы орайда, білімнің қоғамдық-тарихи
тәжірибе арқылы тексерілген, ғасырлар ағымында ой елегінен өткізілген
өмірлік шындықты тану процесінің заңды нәтижесі болып табылатындығын ешкім
де жоққа шығара алмас. Түрлі салаларға бөлінетін білім жүйесі
мәдениетпен, оның дәстүрлерімен және құндылықтар дүниесімен тығыз
байланысты болады. Олай болса, әрбір тарихи кезең мәдениетінің өзіндік
менталитеті, өзіндік құндылықтары бар. Сонда төлтума мәдениеттен басқа
мәденинеттерді қалай бағалауымыз керек? Бұл жайында В.М.Алексеев былай деп
жазды: Мәселе біздің жат елдің мәдениетін қалай қабылдауымызда емес,
мәселе сол мәдениетті жасаушы қытайлықтардың өздеріне байланысты. Біздің
әсеріміз, ой-пікіріміз қытайлықтардың өздері рахаттанып, ал біздердің таң
қалған сәтімізден басталады (Попов Е.В. Введение в культурологию. М.,
1995. С.153).
Білім туралы конфуцийлік ілім әлеуметтік-өнегелілік мәлелерге
арналған. Конфуций үшін білу - ол адамдарды танып -білу болып танылады.
Бір ғажабы, қытай халқының ғылыми-техникалық саладағы тамаша жетістіктеріне
қармастан табиғатты танып-білу конфуцийді онша қызықтырмаған. Шындығында
да, қытай ғалымдары ғылым мен техника саласында қомақты табыстарға жеткен.
Тіпті Конфуций өмір сүрген кезеңнен бір мың жыл бұрын Хуанхэ жазығының
байырғы тұрғындары күнтізбені, иероглифтерді және т.б. білген. Одан кейін
олар компасты, оқ-дәріні ойлап тапқан, фарфор және жібек жасауды меңгерген.
Бірақ Конфуций ғылыми-техникалық білім өте қауіпті, ол адамдардың рухани
жетілуіне кедергі жасайды деп түсінген. Ұлы ғұлама өз шәкірттеріне Адамды
ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге
жеткізетін-адам деп қайталауды өте жақсы көрген. Конфуций адам бойындағы
қателік-кемшіліктерді сырттай бақылап қана қоймай, оның жіберген
қателіктерін мұқият зерттеуді өз шәкірттерінен қатаң талап етіп отырған. Ол
кітаби білімді өмірден алшақ, сондықтан да ақылды адамның өзін де ақымаққа
айналдырып жібереді деп есептеп, бұл ойын былай деп тұжырымдаған: Сіз
канонның үш жүз өлеңін жатқа айтуыңыз ғажап емес, бірақ сіз мемлекет сеніп
тапсырған тиісті қызметіңізді ойдағыдай атқара алмасаңыз қаншама ғұлама
болсаңыз да сіздің білімділігіңізден не пайда?
Конфуций үшін тәжірибе ең алдымен адамдар арасындағы қарым-қатынастар
болып саналады. Дана адамның бойындағы ең басты қасиеттер - халықтан
алшақтамауында, халық қалай өмір сүрсе, дәл солай тіршілік жасауында,
қоғамдық салт-дәстүрлерді қатаң сақтай отырып, өмірден моральдық жағынан
қанағат алуды басты орынға қоюында. Демек, Конфуций үшін де салт-жоралар
адам тіршілігінің, оның қоғамдық қызметінің негізі, адамгершілік
қасиеттердің басты өлшемі, адамның белгілі бір ортада өзін-өзі ұстай білуі
жөнінде Әңгімелер мен ой толғаулары атты еңбегінде мынандай ақыл кеңестер
береді: Қай ортада отырсаң да өзіңді құрметті қонақтарды қабылдап
отырғандай ұстауға тағдылан. Қызмет бабында да өзіңді салтанатты
құрбандықтарға басшылық жасап отырған адамдай сезін. Осы айтылған өмірлік
қағидаларды мүлтіксіз орындағанда отбасына ғана емес, сонымен бірге
мемлекет мүддесіне ешқандей нұқсан келтірмейсің.
Конфуций ілімі бойынша, салт-жораларды қатаң сақтаушы адамдар өзін
қоршаған барлық адамдармен де татулық қарым-қатынаста өмір сүреді. Салт-
жораларды сақтауда, әсіресе адам бойындағы ұстамдылық қасиетке айрықша
мән-мағына берілді, өйткені ұлы ойшылдың пайымдауынша, ұстамдылық-өмір
сүрудің негізгі шарты болып саналады. Сонымен қатар адамгершілік қасиеттер
аясында саналылық пен ақылдылық және парыз бен қарызға да ерекше мән
берілді. Осы сияқты адамгершілік қасиеттерді аяққа таптаған адамдарды
қытайша сөйлейтін жануар деп атаған. Демек, Конфуций үшін адамгершілік -
адамның мәдениеттілігінің ғана емес, сонымен бірге адам бойындағы бүкіл
ізгілік қасиеттердің басты өлшемі болып саналады. Адамгершілік - адамның өз-
өзіне жол табуы, ал ол жолды әрбір адам өзі таңдауы қажет. Ұлы данадан
даналық дегеніміз не? деп сұрағанда ол даналық дегеніміз - халықтың
болшағы мен игілігі үшін аянбай қызмет ету және рухтарды қастерлей білу
деп жауап берген екен. Ал құдайлар мен ата-бабалар рухына қалай қызмет ету
керек деген сұраққа сен адамға қалай қызмет етуді білмей тұрып, рухтарға
қалай қызмет жасамақсың деген жауап алынған екен. Рухтардың бар екендігін
мойындай отырып, Конфуций салт-жоралардың тәрбиелік және адамгершілік
жақтарына баса назар аударады. Ендеше, оған діннен гөрі этиканың өте жақын
болғандығы даусыз. Осы орайда: Ұлы дана дінге дегенкөзқарасын айқындап,
неге белгілемеген деген орынды сұрақ туады. Оның сыры - Конфуций ілімінің
бүркенші дін болуында, бұл адамның өмірлік принциптерін діни тұрғыдан
қарастырады, сол арқылы адамгершілік және моральдық құндылықтарды
қалыптастырады. Конфуций іліміндегі адамның моральдық қасиеттері мәдениет
түрінде көрініс тапқан. Өзін қоршаған ортаның қаталдығы мен зұлымдықтары
жағдайында, басына қаншама тауқымет түсіп қиналса да ұлы уағызгер ешбір
мойымаған, тіпті өмірінің сын сағаттарында да өзін-өзі ұстай білген. Ол
мұндай сәттерде Көк тәңірінің құдіретіне қатты сеніп: Көк менің қазаға
ұшырауыма жол беруі мүмкін емес деп қайталауды жақсы көрген.
Демек, Көк тәңірінің қалауын сезініп-білу деген сөз-бұл өмірде өз
жолыңды, өз тағдырыңды табу деген сөз. Жол (дао) ұғымы өз ілімін өз
тағдырымен тығыз байланыста қарстыран Конфуций үшін басты нәрсе болып
табылады. Ол үшін дао -шындық және әділдік жолы. Дао -жеке адамның ғана
емес, бүкіл халық өмірінің шындығы. Шындық жолынан адамды да, халықты да
күшпен, зорлықпен тайдыруға болмайды, ол адамның рухани байлығымен,
адамдардың бірін-бірі түсінісе білу қасиеттерімен сабақтасады. Оның
пайымдауынша, Шындық жолы өз бастауын адам табиғатынан алып адамдар
арасындағы қалыптасқан шынайы қасиеттердің нәтижесінде одан әрі толыса
түседі. Шындық жолы идеясы-адам мен көктің арасындағы көзге шалынбайтын,
бірақ еш уақытта да үзілмейтін өзара байланыстардың бар екендігін
айқындайды. Адамның жан-жақты жетілуі туралы мәселеге үлкен мән бере
отырып, ол иерархиялық білім жүйесін жасады. Оның ойынша, білімді адамдар
қоғамда қаншама жоғары бағаланса да, олардың адамгершілік қасиеттері әр
уақытта да бірінші орында тұруы қажет, Білімділік адамды келелі істерге
бастаса, адамгершілік дегеніміздің өзі-білімді жүзеге асыру болып шығады.
Білім адамзатқа даналықпен бірге адамгершілікті де сыйлайды. Ол былай деді:
Адамды ұлылыққа жеткізетін дао (жол) емес, керісінше, даоны (жолды) ұлы
қылатын адам.
Бүгінгі таңда Конфуций идеялары қытай мәдениетінде кеңінен орын алып,
өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Талай жантүршігерлік қоғамдық-саяси
күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік-шығыс
халықтары даосистік-конфуцийлік мәдениетпен рухани азық алуда. Жапонияның,
Қытайдың, Тайваның, Оңтүстік Кореяның қазіргі замандағы таңқаларлық мәдени
жетістіктерінің сыры осында болса керек. Керек десе, Қытай елінде Конфуций
ілімі тағы да елдің рухани өмірінің негізі деп жарияланып отыр. Олай болса,
конфуцийлік-даосистік мәдениеттің тамыры тереңде жатыр, ол қоғамның
шығармашылық мүмкіндіктерінің қозғаушы ұлы факторына айналып отыр.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі - Үнді
мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің
ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің
қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға
бастаған көне мәдени мұралардың бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті
халықтың арасына кенінен таратты.
Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ
оның айтқан ой тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде Суждения и беседы
деген еңбекте жан-жақты баяндайды. Кітаптағы әрбір қағида, ой толғаулары
Ұстаз былай деген екен деп басталады. Бұл баға жетпес құнды еңбек Ұлы
дананың ілімінен толық мағұлмат беретін жалғыз жазбаша дерек болып
табылады. Өзі өмір сүрген органы өткір сынға аоып, болашақтан үлкен үміт
күткен Конфуций екі заманды өзара салыстыра отырып "Жетілген адамның"
(цзюнь цзы) идеалын жасады. Жан -жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері
мол "жетілген адамның бойында, негізінен екі қасиет болуы қажет, олар:
адамгершілік пен парыз сезімі.Ол былай дейді:Мемлекетті басқаратын адам -
халқын шын ықыласымен сүюімен қатар парасатты және шыншыл болуы шарт.
Нағыз цзюнь цзы болу үшін тек қана адамгершілік қасиет жеткіліксіз. Ол
үшін тағы да басты қасиет-парыз сезімі (и) керек. Парыз - бұл моральдық
міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы
принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей
байланысты болып келеді. Осы орайда Конфуций Қайырымды ердің бейнесін
жасап, оны қасиетсіз ерлерге (сяо жень) қарама-қарсы қойды. Қайырымды
ер өз парыздарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды бұлжытпай
орындайды, ол Қасиетсіз ер болса тек өз қара басының құлы ғана, бас
пайдасын ойлаудан аспайды. Алғашқысы жауапты істерді сеніп тапсыруға
болады, адамдармен татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы мен қуанышқа
ортақтаса біледі, қажет болған жағдайларда өз өмірін қияды және қандай
құрбандықтарға болса да бара алады, ал екіншісі болса бұл айтылған
қасиеттерден мүлде жұрдай қасиетсіз адам. Қайырымды ер үш нәрседен
қорқады, олар жиелі Аслан, ұлы адамдар мен даналардың айтқан сөздері, ал
қасиетсіз ер көктен де сескенбейді, ұлыларды жек көреді, дана адамдардың
сөзін ескерусіз қалдырады. Уақыт өткен сайын Конфуцийдің беделі өсіп, оның
ілімі қытай қоғамында ғана емес, адамдар санасында , олардың бүкіл тұрмыс-
тіршілігінде де берік орныға түсті. Б.з.б. Ill ғасырда және б.з. Ill
ғасырларында оның ілімі Хань династиясының тұрақты идеологиясына айналды,
тіпті жоғары мемлекеттік қызметке қабылданатын адамдарға Ұлы ұстаздың
ілімін терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады. Бірақ, заман ағымындағы
орын алған түбегейлі терең өзгерістерге ұшырады. Оның тұрақты идеологияға
айналуына байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz