Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Мәдениет ұғымы 3
Мәдениет және тарих 4
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15
Қоғамдағы мәдениет туралы түсінік
Кіріспе
Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі
пайдаланылады. Сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет
мәселесін қамтымайынша дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету
керек. Қысқасы, бұл ұғым саналы іс-әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге
бағытталған. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір
халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады.
Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп,
жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа
жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде XV ғасырдың орта
шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол
шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа
бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалық жер
аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашқы шекараларын белгілеуге
мүмкіндік туғызды. Осылайша қазақ мәдениетінің ерекшеліктері қалыптаса
бастады. Бірақ біздер осы мәдениет ұғымын қазақ халқына қатыстыра айтқан
кезде оның өткенін бөліп тастай алмаймыз. Себебі сонау сақтар мен ежелгі
түркілерден бастау алатын біздің халқымыздың мәдениетін бар-аяғы бес жүз
жылмен шектеу тым әбестік деп ойлаймын.
Ендеше осы мәдениет ұғымына зер салып, оның қыр-сыры мен тарихи даму
барысына тоқталайық.
Мәдениет ұғымы
Көбінесе мәдениет мәселесін рухани, көркемдік салаларымен байланыстыра
қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет — адам әрекетінің, саналы қызметінің
көрінісі болып табылады. Олай болса, сол әрекет қызмет нәтижелері де
мәдениет дәрежесін паш етеді.
Мәдениет дегеніміз не? — деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің
этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне
тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың маданият — қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар
берілген:
а) мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі
қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (Бегазы-дәндібай мәдениеті, сақ, ғұн
мәдениеті, қазақ мәдениеті ж.т.б.;
б) мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж.т.б.);
в) агро-мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет
ж.т.б.).
Өркениетті қоғамда мәдениет адамзаттың баға жетпес құндылығы деп
саналады.
Мәдениет және тарих
Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы
өзара тәуелдікті анықтай ал.ғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам
өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Мәдениет тарихи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің
тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі
оның өз бойында сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік
қатынастары қандай болғанын анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай
ерекшеліктермен анықталатынын ажырата білу қажет. Олай болса, мәдениетті
адам әрекетінен, оның өзгертуші қызметінен бөліп алу мүмкін емес.
Өткен уақыт мәдениеті — халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен
жолы, болашағының сатысы.
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті, оны алғашқы
рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған философтар болды. Бірақ, өкінішке
орай XVIII ғасырға, яғни Ағартушылық Дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық
— адам мен оның ақыл-ойы деген қағида жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі
белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа
ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды. Сөзіміз дәлелді болу үшін
мәдениет ұғымын талдауды Көне заманнан бастағанды жөн көрдік. Жоғарыда
атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жерді оны өңдеп-
баптаумен тығыз байланысты болды. Демек мәдениет ұғымы жерді жырту, бау-
бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда,
егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста қарастырылды. Оған қоса
бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен
байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр. Білімсіз және
тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім
мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады.
Сонымен бірге мәдениет сөзі құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық
деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық.
Көне замандағы адамдар әруақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан Тәңірі берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен
бірге болды, оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала
заңдары мен қала азаматтарын бәле-жаладан қорғады. Мұндай қалаларда
мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі дінге табынушылықты, әрі жер өңдеуді де
білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының
азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады.
Өкінішке орай, грек қоғамының даму барысында, әсіресе эллинизм
дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек
пайдейясының идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей-
берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім
берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті.
Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан
мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ. Христиандық сана негізінде дамыған
ортағасырлық мәдениет пұтқа табынушылықты жоққа шығара отырып, көне
мәдениеттің негізгі табыстарын сол қалпында сактай білді. Ортағасырлық
мәдениет политеизмге монотеимзді, натурализмге — руханилықты, геодонизмге
(сүйсініп — ракаттану табынушылығы) аскеттік идеалды, дүниені бақылау және
логика арқылы тануға Библияға сүйенген және оны шіркеудің белгілі
қайраткерлері арқылы түсіндірілетін — кітаби білімді қарама-қарсы қойды.
Өзінің жан дүниесіне терең үңілген ортағасырлық адам өз тұлғасының
қайталанбайтындығын, ерекшелігін, тұңғиық екендігін байқады. Ал бұл жағдай
политеизмнен монотеизмге көшуге толық мүмкіндік берді. Көне заманның адамы
өзіне сену қасиетін мәнгілік кеңістік дүниесінең оның ішінде ең бірінші
кезекте табиғаттан алды. Ол құпиялы аспан мен жұлдыздар әлемі, таулар мен
өзендер, ал құдайлар болса табиғаттың бөлшегі ғана. Орта ғасырларда
мәдениетті түсінуде келелі өзгерістер байқалды. Рациональдық, ізденісті
адамгершілікке. адамның жан-жақты жетілуіне апарар жол деп қарастыратын
мәдениеттің көне түсінігі түйыққа тірелді. Адамның заттық-аспандық дүниеден
оның тіршілік отанына басқа да дүниелердің, атап айтқанда, ерекше ләззат
алар рухани дүниенің бар екендігі айқындалды. Адам өзін қоршаған ортада,
кеңістікте адамзаттың ақыл-ойынан тәуелсіз заңдылықтардың, ережелердің бар
екеніы аңғара отырып, онда жоғарғы ақыл-ой мен ең жоғарғы әділеттіліктік
әрекет ететіндігін сезіне білді. Мәдениет тағы да адамның өз мүмкіндіктерін
жетілдіру, оның ішінде ақыл-ойды, ақыл-ой болғанда табиғи бұзылмаған
және сеніммен толықтырылған ақыл-ойды жетілдіру тұрғысынан адамзат
баласының алдында тұрған келелі мәселе дәрежесіне көтеріп, құпия дүниелер
есігі айқара ашылды, қоршаған ортаға басқа рациональдылық қана емес
екендігі айқындалып, ендігі жерде адам бойындағы Жаңа өлшемдер — махаббат,
үміт, сенім және т.б. жаңа сатыға көтерілді. Адам өзінің әлсіздігін де
сезіне бастады, бірақ ол өзінің дәрменсіздігіне қарамастан алып күш иесі
екендігін де таныта білді. Құдай адамды, оның мәңгілік жанын жаратты.
Адамның бақыты өзін тануда емес, Құдайды тануда. Адамның бақыты мен
бостандығы оның тәуелсіздігінде емес, оның Құдай тағаланың ықпалында болуы
мен онымен рухани бірлікте екендігін мойындауында. Міне, сонда ғана адам
барлық қиындықтарды жеңе отырып, өз мақсатына жетеді. Міне осындай
сипаттарға ие болған ортағасырлық мәдениеті тәлім-тәрбие, үйлесілімділік
пен тәртіп өлшемі ретінде емес, шектеушілікті жеңу, адамның үнемі рухани
жетілуі мен жан-жақты қалыптасуымен сипатталады.
Жаңа заманда (XVII—XIX ғ.) жоғарыда көрсеткеніміздей, мәдениеттің
көптеген теориялары өмірге келді. Жаңа заман философиясында көне заман мен
ортағасырлар мәдениетің нақты түсіну және оған шындық тұрғысынан
қарастырғанда, ең озық идеялар Ағартушылық дәуірі — буржуазиялық қайта
құруларға, терең саяси әлеуметтік өзгерістерге толы ерекше тарихи және ең
рациональды кезең болып саналады. Бұл дәуірдің мәдениет теориясына ерекше
үлес қосқан өз ойшыл ғалымдары болды. Олар (Англияда — ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz