НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ 3
Қолданылған әдебиеттер 10

Кіріспе

Қазақ мәдениетінің типологиясын қарастырғанда туатын маңызды мәселе
шаруашылық - мәдени типтерінің өзіндік ерекшіліктерін анықтаумен
байланысты. Бұл ұғым тарих пен мәдениеттануда соңғы жылдары маңызды
әдістемелік атқарып жүр. Әрине, ШМТ-тің руханилықпен байланысы жоқ деп
сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт- дәстүрлер, сенім нышандар,
фольклор, дүние-таным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.
Осының ішінде қазақтың әдет-ғұрпы мен салт дәстүріне ерекше тоқталып
өтейік.
Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрып, ата-дәстүрі болады. Сонымен,
бірге жалпы қазақ отбасына ортақ дәстүрлерде бар. Оларды атап өтсек
мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке,
көке деп сыпайы қарым-қатынас жасайды, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің,
әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі
ренжітпеуі, үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тіл алғыш, қолғанат болу,
ал отбасы мүшелер үлкендердің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы,
еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шамаларынша іс атқаруы.
Ұлдардың ұятты әкеге, қыздың ұяты шешеге деп қараған халқымыздың ұл
баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы
тәрбиелеу әжелер мен аналардың ісі болып саналады.
Наурыз —Ұлыстың ұлы күні деп тегін айталмаған. Өйткені, ол
табиғатынан бірлікті, туысқандықты, достықты, қайырымдылық пен
ақпейілділікті уағыздайтын, ел мен елді жұрт пен жұртты табыстыратын
мереке. Бұл мереке дүйім жұрт бір-біріне Амансың ба, ұлыс оң болсын, ақ
мол болсын, қайда барсаң жол болсын деп тілек білдірген.
Наурызға байланысты үміт, сенім де, ак пейіл, адал көңіл де, парасатты
қарым-қатынастар да өзінің жалғасын тауып жатса керек. Ренжіскен жандар
татуласып, араздардың да амандығы жарасып, өкпелерін тарқатуға да тайлы
қазан наурыз көжелер себеп болғандай.
Бұл мереке — көктем мерекесі, еңбек мерекесі, жер қыс құрсауынан
босанып, көктем көгере бастайды, мал төлдеп, табиғат жаңарып, ал қызыл
бәйшешектер шыға бастайды. Әдетте жұрт бар жақсыларын мейрам күні
көрсетеді. Жақсысып киеді, дәмдісін, тәттісін дастарханға қояды, көңіл-
күйін, ән-биін, өнерін көрсетеді.

НАУРЫЗ - ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

Наурыздың айрықша тәлім–тәрбиелік, үлгі өнегелек, сән-салтанатылық,
мәрт- жомарттық қадыр-қасиеттілік нышан белгілірі мен таным ұғымдарының
үлгі – түрлері өте көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа,
әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдылыққа, көргенділікке, ізеттілікпен
білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса
керек.
Осы ұлы күнге байланысты халықтың әдет -ғұрыптары мен жол- жоралары
бар.
Наурыз кҮні. Наурыз- ежелгі мәдениетті, дамыған елдің бірі Парсының
нау- жаңа, руз- күн, яғни жаңа күн, руз- күн, яғни жаңа күн деген сөзінен
шықанны көпке бұрыннан – ақ белгілі. Бұл қазіргі күн есебі бойынша
наурыздың 22- жұлдызына сәйкес келеді. Қазақтарда бұл күн жаңа жыл, ырыс,
береке, мереке, жыл басы деп есептейді. Ұлыстың ұлы күні жұрт жұмыс
істемейді, сапарға шықпайды, іс тікпейді, құрылыс не басқа бір іс
бастамайды, ешкімді ренжітпейді, ренжімейді, даус көтермейді, әбес
сөйлемейді, кір жумайды, шарап ішпейді, құрбан шалмайды, құран оқымайды.
Бұл күні барлық даланы Қызыр ата аралайды.
Наурыз кҮні- яғни наурыз айының 22 жұлдызы мереке, демалыс күні.
Наурыз айы- Шығыс күн есебі бойыншы жылдың алғашқы айы. Григориан күн
есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де, күн мен түннің ұзақтығы
теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып саналған. Сонымен бірге қыстың
соңы, көктемнің басы. Күн жылынып қар еріп, жыл құстары келе бастайды.
Сондықтан жылдың құт мезгілі есебінде де, жылдың алғашқы айы есебінде де,
күн мен түннің ұзақтығы теңеседі. Сол себептен наурыз жыл басы болып
саналған. Сонымен бірге қыстың соңы, көктемнің басы. Күн жылынып, қар еріп,
жыл құстары келе бастайды. Сондықтан жылдың құт мезгілі есебінде де
Наурызды бүкіл халық аса құрметпен қарап, оны есте қаларлық қасиетті ай
есебінде бағаланған.
НАУРЫЗНАМА- шат-шадыманды ойын- сауық, той.
Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама
қыламыз деп той- тамаша қылады екен” (Абай). Кей жерлерде Наурыз тойы деп
те аталады. Бұл күні үлкен болсын, осы мейрамға келіп, көңілді ойын -
сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты
тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі,
айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары
айтылады. әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге
созылатын, халықтың ұлттық дәстүрлері мен әдеп - ғұрыптары кеңінен
қолданылатын ерекше үлкен жиын той. Қазақтың қазақ болғаны да өзіне
арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – Наурызнама. Ол күні қожаларға
оқытатұғын наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол
кітаптың атын Салдама” дейді. Наурызнамада қыз- жігіттер жиналып бас қосып
ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер
қыз- келіншектерге сақина, сырға айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны
селт еткізер деп атайды. Бұл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап
жылы – жұмсақ тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалып,
тартылады. Бұлардың соңы келер күні наурыз көжеге жалғасады.
Наурыз көже. Наурыз тойына ғана тән, көпшілікке арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Ұлыстың ұлы күні Наурыз
Наурыз – көне мейрам
Наурыз мерекесі
Халық айтса -анық айтады
Наурыз — халық мейрамы
Наурыз – көне мереке
Наурыз мейрамы туралы
Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Пәндер