Ортағасыр мәдениетіне түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
Ортағасыр мәдениетіне түсінік 4
Қорытынды 14
Пайдаланған әдебиет 15

Кіріспе

Қазіргі заман болмысында өзінің қалыптасу және даму кезеңдерін өткеріп
отырған ғылыми білімдердің бірі - мәдениеттану.
Адамдар талпыныстарына мәдениетті тану ғасырдан астам уақыт бойы
жүзеге асырылып келе жатса да, оның қарастырып келе жатқан мәселелеріндегі
көптеген сұрақтар күні бүгінге дейін өз шешуін тапқан жоқ. Қайта ол
мәселелер өзінің нақты сипатын жинақтап, өзіндік ерекшеліктерімен енді ғана
қалыптасып келе жатқан сияқты.
Мұның өзі, ғылыми білімнің бұл саласындағы теңдесі жоқ жаңалықтарды
XXI ғасырдың әкелетіндігіне және олардың адамзат мәдениетінің дамуына
ықпалының арта түсетіндігіне бірден бір дәлел.

Ортағасыр мәдениетіне түсінік

Мәдениетанушылар Батыс Еуропа тарихындағы орта ғасыр деп Антикалық пен
жаңа дәуір аралығындағы ұзақ кезеңді айтады.Бұл кезең мыңжылдан астам (V-
XVғ.ғ) уақытты қамтиды.
Орта ғасырлық дәуір үш кезкеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Бұл алғашқы орта ғасыр (V-Xғ.ғ). Алғашқы орта ғасыр -
Еуропадағы аса күрделі әрі маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Бұл біздің
дәуіріміздің IIғ. бастап Рим империясына басып кіріптұрақта түрде шабуыл
жасап оның шет аймақтарына қоныстанған варварлардың қимылымен тығыз
байланысты еді. (Эллинстік уақыттарда варвар деп грек-римдік мәдениетінің
ықпалынан тыс немесе мәдениеті төменгі даму сатысында тұрғандарды атады.)
Бұл басып кіру Рим империясының құлауына әкеп соқты. Осымен қатар жаңа
батыс Еуропалықтар христиан дінін қабылдады.
Екінші кезең. Бұл жоғарғы (классикалық), шамамен X-XIV ғ. Аралықтарын
алып жатқан, орта ғасыр. Осы кезеңде, Батыс Еуропа қиыншылықтарды кеше
отырып қайта өрлеу дәуіріне бет алды. Көптеген миссионерлер христиан дінін
Скандинавия корольдығына, Польшаға Богелияға, Венгрияға енгізіп, оларды
батыс мәдениетінің өрісіне көшірді.
Батыс Еуропада тұрмыс қатты өзгерді, қоғам тез арада варварлық
сипаттан арылып, қалаларда рухани өмірі гүлдене бастады. Антикалық Римдік
империяға қарағанда жалпы еуропалық қоғам анғұрлым бай және өркениеттілікке
қолы жетті. Бұған үлкен клес қосқан христиандық шіркеу болды. Ежелгі Рим
және алғашқы варвар тайпаларының көркемдік дәстүрінің негізінде роман,
содан кейінжарқын готикалық өнер дүниеге келді және де сәулет өнері
әдебиетпен қатар өнердің театр, музыка, мүсін, көркемсурет сияқты түрлері
дамыды. Дәл осы кезде Толанд туралы жыр және Роза туралы жыр сияқты
әдеби үлгілер кеңінен тарала бастады. Ең маңыздысы, батыс еуропалық
оқымыстылар антикалық және эллинстік дәуірдің, оның ішінде Аристотельдің
шығармаларын оқып танысуға, толық мүмкіндік алды. Осылардың нәтижесінде
Ортағасырлардағы ұлы философиялық жүйе схоластика дүниеге келіп өсіп
жетілді.
Үшінші кезең. Соңғы (XIV-XVғ.ғ) Ортағасыр. Бұл кезең классикалық
дәуірде басталған Еуропалық мәдениеттің қалыптасу процестерін жалғастырды.
Бірақ бұл жолы айтарлықтай жеңіл болған жоқ. XIV-XVғ.ғ Батыс Еуропа бірінші
рет ұлы аштықты басынан кешірді. Көптеген, соның ішінде, әсіресе безден
тиетін оба (бубонная чума - қара індет), эпидемиялары шексіз адам
шығынына әкеп соқты. Мәдениеттің даму процесін баяулатқан жүз жылдық соғыс
та басталып кетті. Дегенмен қалалар қайта қалпына келіп, қолөнер, ауыл
шаруашылығы және сауда жандана бастады. Апаттардан, соғыстардан аман қалған
адамдар өздерінің тұрмыс тіршіліктерін жандандырып, бұрынғы дәуірге
қарағанда жақсы өмір кеше бастады. Феодалдық шонжарлар, аристократтар
өздеріне жер меншіктеп алып, қаладағыдай керемет сарайлар салғыза бастады.
Жаңа төменгі сатыда тұрған байлар да оларға еліктеп тұрмыстың
ыңғайлылығын жасап, тиісінше өмірсалтын өзгерте бастады. Рухани өмірдің:
ғылымның, философияның, өнедің өрлеуіне, әсіресе солтүстік Италияда қолайлы
жағдайлар туды. Аталмыш өрлеу аса үлкен қажеттілікпен Қайта өрлеу дәуіріне
немесе Ренессансқа әкеп соқты.
Ортағасырлық мәдениеттің бір ерекшелігі христиан дінінің оқуы мен
христман шіркеуі атқарған ролінде болды. Рим империясының құлауынан кейін,
жалпылама құлдырау жағдайында Еуропаның барлық елдері тайпалары мен
мемлекеттерінде шіркеу бірден-бір әлеуметтік институт болып қалды. Ауыр
ғұмырдың азабын шеккен, қоршаған орта туралы мағлұматтар жоқтың қасы
кезінде, христиан діні адамдарға болмыс туралы ілімнің жүйесін, оның құрамы
мен заңдылықтарын алға тартты. Бұл әлем бейнесі қаладағылар мен
ауылдағылардың құдайға сену менталитетімен анықталып, Библияның түсініктері
мен баптарына негізделді. Зерттеушілердің пайымдауынша, дүниені
түсіндірудің басты шарты - Құдай мен табиғатты, Аспан мен жерді, жан мен
тәнді бір-біріне міндетті түрде қарсы қою болды.
Ортағасырлық Еуропа адамы, сөзсіз дінге берілген. Оның санасында дүние
жақсылықтың, аспан мен тозақ күштерінің қарама-қарсы күрестерінің алаңы
болды. Библияда саусақпен көрсеткендей, адамдардың санасы толығынан
магикалық жағдайда болды да, олар ғажайып нәрселердің барлығына кәміл
сенді.
Ол кезде дүние жалпы иерархиялық логика бойынша симметриялық схемаға
ұқсаған, күрделі негіздегі пирамидалар еске түседі. Біреуінің ұзар шыңында
- Құдай, одан төменгі қабатында, әулиелік қасиеттеріне қарай, ең алдымен
құдайға жақынырақ Апостолдар, содан кейін жерге жақынырақ қабаттарда
архангелдер, періштелер және т.б. орналасқан. Бұл иерархияның әрбір
деңгейінде адамдар мынандай тәртіппен орналасқан: нң алдымен папа және
кардиналдар, содан кейін төменгі деңгейдегі клириктер, оданда төмен
қарапайым адамдар орналасқан. Содан кейін құдайдан едәуір қашықтықта, жерге
жақын жердегі қабаттарда хайуанаттар, өсімдіктер, ең соңында жердің өзі
жатыр.
Ортағасырдағы жай, европалық қоғамның жоғарғы деңгейінен бастап
корльдер мен императорларға дейін, сауатсыз болды. Ортағасырлық бұқаралық
мәдениетті кітапсыз мәдениет деп атаса да болады. Ол баспасөз арқылы емес,
ауызекі уағыздауға негізделді. Ол саутсыз адамның санасына ұяланды. Бұл
дұға қылудың, ертегіні, аңызды, сиқырлықты уағыздаудың мәдениетіне айналды.

Жалпы ортағасырлық рухани мәдениеттің ең басты сипаты, оның құдіретті
бір ғана Құдайдың барлығына сену керек деген діншілдігінде. Христиан
дінінің ең мәнді идеясы - Құдайдың Аспан патшалығына сену.
Екінші сипаты, бұл дәстүрлілік пен өткенді шола білушілік болды.
Рухани өмірдің жаңасы мен ескісінің байланысының принципі нағыздылық
дегеніміз, ескі ежелгілік. Жаңалық енгізуді менмендіктің көрінісі деді
де, ескіліктен бас тарату ол ақиқаттан бас тартумен барабар болды. Осыдан
барып шығармалардың анонимділігі шығармашылық бостандығының қалыптасқан
діни дүниетанымдылықпен шектелу басталды.
Үшінші сипаты - канондығында болды. Ол дегеніміз адам мен қоғамның
рухани өмірінің жалпылама принциптері мен діни іс-әрекетінің ережелері,
болған шіркеу аталарының белгі еңбектерінң сүйене отырып оларды толғаусыз
қабылдау.
Төртінші сипаты - рәмізділік: ол адамдардың ой тұжырымдауы үшін Інжіл
(Библия) мәдениетінің мазмұндарын өзінше талқылай білу болды.
Бесінші сипаты - дидактизм мен ұстаздық. Ортағасырлық қайраткерлер ең
алдымен дін ілімін оқытушылар, уағыздаушылар. Олардың іс-әрекеттерінің
сырын ашып қана қоймай, сонымен қатароны басқа адамдардың санасына сіңіре
білу болды.
Алтыншы сипаты - ортағасыр мәдениетінің энциклопедилық әмбебаптылығы,
болды да, ойшылдың ең басты қасиеті оның эрудициясы болып саналады.
Жетінші сипаты - ортағасырлық рухани ғұмырдың өзінің ішкі дүниесіне
психологиялық тереңдеп үңілу болды. Ол өзінің көрінісін тәубә етуден, таза
болудан, жанын сақтап қалудағы адалдықтан, олардың өз рухани ғұмырында зор
роль атқаратындығын тапты.
Ең соңында, христиан идеясы бойынша, орта ғасырлық рухани ғұмырдың
ерекшелігі бұл оның Христостың тарихи бастамасы болып келуінің бірегейлігін
түсіндіретін тарихилығында. Антикалық циклдыққа, оқиғалардың уақыт
аралығында қайталануына қарағанда, ортағасыр адам тағдырының ақырғы мақсаты
туралы, жалпы әлем туралы ойларына, қатерлі соттың болатындығына әбден
беріле күтумен болды. Папаның басшылығымен бүкіл христиан әлеміне билік
етуге тырысқан шіркеу ақсүйектер күші ретінде шықты. Шіркеудің мақсаты өте
күрделі болды: Шіркеу өзінің мәдениетін бұқара халықтың деңгейіне енген
жағдайда ғана іс жүзіне асыра алады, ал сол мәдениетті дамыту үшін оған
діншілдігін тереңдету керек болды, шіркеу жай өмірге араласып, оны
түбегейлі өзгертіп, сонымен қатар қарапайым ғана өмір сүру керек болды.
Еуропа империясы мен папство идеясының бір-ақ тамыры бар, ол,
Еуропалық діни саяси біртұтастық идеясының қажеттігі. Екі Града идеясын іс
жүзіне асыру шешілмейтін қиындыққа кездесті: дін, жай бұқаралық өмірді
қабылдағанымен одан принципальді түрде бас тартты, бұқаралық дінмен
түрленгенімен, оны идеал деп танымай оған өзін қарсы қойды. Әлемдегі
құтқарылу барған сайын шынилық болудан қалды, ал Құдай Грады жерде іс-
жүзіне асыру үшін бағытталған діни-ой талпыныстағы құтқарылуды көктен
іздеу керек деген, Христостың кеңесіне келіп тіреледі. Ватиканға бағынудан
бас тартқызатын, аталмыш көңіл күй ұлттық шіркеудің қалыптасуына байланысты
күшейе түсті. Ұлттық мемлекеттердің нығая бастауына байланысты өмірді діни
тұрғыдан түсіну бұқаралықпен алмастырла бастады. Ғасырлар бойғы әлемдік
діннің бірлігін жасаудағы талпыныстардың орнына рухани түленудің
арқасында бұқаралық біртұтастыққа бет бұру үшін ізденістер басталды.
Соның нәтижесінде құдай Градтың есігіне жақындау кереек болды. Ортағасыр
рухани мәдениетінің трагикалық құдіреттілігі - оның құдай мен адамның
бірлігіне тырысудың іс-жүзіне аспайтындығында болды. Бұл мәселе жерде де
көкте де шешімін таппады. XIVғ. Бастап дүниені түгел түсіндіруге тырысқан
діни ұғымға нұсқан келтірген, адамдардың өз алдына ойлануына жағдай
туғызатын, жекелік көңіл-күйді тәрбиелейтін сауда - өндірістік қатынас тез
етек алып дамыды да, жер бетінде бұқаралық жеңімпаз, соның ішінде қалалық
өмір басталды.
Бұл дін иелері мен философтардың арасында, білім мен сенімнің
арақатынасы туралы мәселені қызу талқылауға мәжбүр етті. Философия мен
діннің толық өзара қатынасы, сонымен қатар лоар туралы қоғамның рухани
зиялыларының көзқарасы ортпғасырдың жалпы мдени өмірінің барысын мықтап
анықтап отырды. Дегенмен ортағасырлық мәдениеттің менталитеті, жер
бетіндегі болмыс - тіршіліктен айырмашылығы, ең алдымен адамның жанына,
көңіл-күйіне, сезіміне әсер етіп оны Құдайға жақындатып, басқа дүниеде
ғұмыр кешкізгендей болады. Бұл ғұмыр кеңістігі Інжілде жазылғандай әулиелер
тіршілігінен, шіркеут аталарының шығармаларынан және священникткрдің
уағыздауынан көрінді. Осыған қарап ортағасырдағы Еуропа адамының мінез-
құлқы, барлық қарекеті айқындалады. Ортағасыр христиан шіркеуі грекиялық
керек болса жалпы пұтқа табынушылар (бірнеше құдайға) ғылымы мен
философиясына мүлдем немқұрайды қарайды. Христиан діні пұтқп табынушылардың
- эллиндік, римляндық, иудалық білімпаздар сияқты ақыл-ой иелерімен
бәсекеге түсуге мәжбүр болды. Осындай мәселелердің кейбіреулерінің шешімін
екінші ғасыр соңында Квинт Тертуллиан ұсынды. Оның табанды және
компромиссіз пайымдауынша, сенім ақыл-ойды өзіне қошспайды және оны қажет
етпейді. Христосқа сену және оны адамның ұғынуы бірімен - бірі ымырасыз
нәрсе. Сондықтан құдайға жақындау және христиандық дін оқуын қабылдау үшін
философиялық білімділіктің қажеті жоқ, тек ғана ақкөңіл болса болғаны.
Аздап та болса тепе-теңдікті сақтайтын көзқарасты көрнекті христиан
ойшылы Аврелий Августин (354-430): сенім мен ақыл-ой бұл біртектес ой
қызметінің екі жағы, деген жан-жақты тәптіштелген идеяны ұсынды. Сондықтан
олар бірін бірі жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырады. Ақыл-ой бұл
түсінікпен ойлану, ал сенім-ойланып қабылдау. Бұдан мынандай қорытынды
жасайды: сенім ақиқатты ұсынады, ал ақыл-ой оны айқындап береді. Ал басы
ашылған, тәптіштелген ақиқатқа адам қатты сенеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасыр мәдениеті
Ислам философиясының батысқа әсері
Ортағасыр мұсылман философиясы
В.С. Библердің мәдениет диалогы мектебі идеясын жоо-да оқытудың тәжірибесіне енгізу
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Орта ғасыр мәдениеті жайлы
Араб - мұсылман дәстүрлі мәдениеті
Христиан, араб-мұсылман мәдениеті
Пәндер