Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті 4
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне
жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес
келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар
мәдениетінің қайнар бұлағы — романдық бастаудан нәр алатын Батыс Рим
империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер,
философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени
дәстүрлер римдіктердің варварлармен күресі кезеңінде тереңдей түсіп,
Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз
жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар
мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді.
Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын
уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан
астам уақытты қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады.
Орта ғасырлар деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда
болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан ежелгі дүние мен
жаңа заманның ара жігін анықтау үшін де қолданған. Орта ғасырлар
терминінін сол бір тарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда
да өз мәнін жойған жоқ.
Егер ХІХ ғасыр антикалық мәдениетке бас ұрып, оны тамсана мадақтаса,
біздің ғасырдың мемлекеттері V-ІV ғасырлардағы Византия мәдениетіне тәнті
болды. Әсіресе бізге 260 жылға жуық үстемдік еткен орыс халқы Византия
мәдениетін көкке көтере мақтап, оны жан-жақты зерттеп, білуге күш салып
келеді. Себебі Византия - славян әлемінің ұстазы. Оңтүстік және Шығыс
славяндарындағы жазу оларға Византиядан келді. Барлық мәдениет атаулының
атасы іспеттес дін де шығыс славяндарына сол Византиядан келгенін мектеп
оқушылары да жақсы біледі. Әйнек жасау, храмдар салу істерін де орыстар
Византиядан үйренді.
260 жылдық бодандықтан босаған қазіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы
күрделі. Оның тәуелсіздігін нығайту – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің
бірі. Оның болашағын айқын бағдарлай алуы үшін тек өзінің емес, өзгелердің
де өткен жолын дұрыс саралап, сабақ алуы қажет. Сондай өткеннен сабақ алуға
лайықты орта ғасырлық мемлекеттердің мәдениеті болып табылады.
Сондай-ақ, адамзат тарихын зерттеушілер мәдениет мәселесін қамтымай
дұрыс пайымдаулар жасай алмайды. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті
бар. Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу керек.
Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлер болады. Әрбір
халықтың, қоғамның белгілі бір тарихи дәуірдегі даму дәрежесін, оның
артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіну, ол қателіктерден дұрыс қорытынды
жасау - келешекте қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық табысқа жету
кепілі болып табылады.
Сөйтіп, мәдениет тарихын, оның өзекті мәселелерін жете білу - қоғам
дамуын табысты басқару кілттерінің бірі. Яғни, мәдениет тарихын жете білу -
қоғам дамуының болашағын дұрыс болжай білу кепілі. Сондықтан да орта
ғасырдағы Батыс Европа мәдениетін, оның қоғамдық-саяси және әлеуметтік
қатынастарын шешу тәжірибесін үйрену өз тәуелсіздігін 260 жылдан соң қайта
алған көп ұлтты біздің республикамыз үшін өте маңызды мәселе деп пайымдауға
болады.
Бірақ өкінішке орай бұл маңызды мәселе ғылыми-зерттеу еңбектерінде өз
шешімін дәл тапқан жоқ. Сол себепті біз бұл жұмыстың тақырыбы етіп Батыс
Европаның ортағасырлардағы мәдениеті деген мәселені таңдап алдық.
Бұл мәселеге арналған еңбектер баршылық. Бірақ олар тек орыс тілінде
жарық көрген еңбектер.

Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті

Ортағасырлық Еуропа мәдениетінде, шамамен 1000 ж. бастап өзіндік
ерекшелігі бар көркемдік стиль қалыптаса бастады. Ол — роман стилі
болатын Роман стилі деген термин (роман тілдері деген терминге ұқсас
енгізілген Рим мәдениетінен мирасқорлық деген мағына береді), азғантай
уақыт шеңберінде өшпес даңққа ие болған бұл өнер стилі ХІ-ХІV ғ., әсіресе
сәулет өнері мен мүсін өнері саласында үстемдік етті және ірі соборлар
құрылысында, оларды әшекейлеуде кеңінен қолданылды. Роман стиліндегі діни
құрылыстар Рим сәулет өнерінің белгілерін мұра етті. Бұл құрылыстар өзінің
көрнектілігімен үлкендігімен әсерлігімен және рационалъдылығымен
ерекшеленді. Лсв Любимовтың пікірінше, Роман стилінде ою-өрнек пеи
бейнелеу негіздері өзара сәйкес келді, табылған синтездің мәні — образдың
мәнерлілік пен әшекейлі геометриялықтың, қарапайым мен өте шарттылықтың, ою-
өрнектің нәзіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліктің
үйлесуінде еді. (Л. Любимов. Батыс Еуропа өнері. Алматы, 1982, 23 б.)
Сәулетшілік жетекшілік өнерге айналған бұл тарихи кезеңде ғимараттар
салуға ерекше мән берілді. Әсіресе христиандық наным-сенімнің салтанаты мен
жан-жақтылығы, оның құдіретін паш ету мен адамзат баласын құдайға құлшылық
жасау жолында біріктіру мақсатында діни шіркеулер салу ісі кең қанат жайды.
Әсем шіркеулер салудың өрістегені соншалық, оларды тіпті қажет болмаса да
салды. Ерекше атап өтетін бір жәйт, романдық стиль византиялық, таяу
шығыстық (әсіресе, сириялық) германдық, кельттік және басқа да солтүстік
тайпалардың өнер стильдерінің белгілерін өз бойына сіңіре білді. Міне,
сондықтан да болар, әр елдің өнер стильдерінің өзара тоғысуы нәтижесінде
қалыптасқан өнердегі бұл бағыт жалпы романдық деген атқа ие болды.
Роман өнерінің жасаған мәдени төңкерісі — ою-өрнек пен ғимараттарды
одан әрі түрлендіруінде, яғни ою-өрнекті бейнелеу пластикасымен
толықтыруында, ал бұл жағдай ою-өрнек функциясын жаңа сапада орындауға
мүмікіндік берді. Ендігі жерде тастан салынған ғимараттар өте шеберлікпен
жасалған адам бейнелерімен ажарлана бастады.
Готикалық дәуірде сәулетшілік өнер бұрын болып көрмеген дәрежеге
көтеріліп, шоқтығы биік өнер саласына айналды, өйткені өзге өнерлердің бәрі
де сәулетшілікке табынып, оның талаптарына мүлтіксіз бағынды. Осы бір
тарихи кезеңде туған әрбір ақын сәулетшіге айналды. Готикалық стиль бұл
тұста негізінен шіркеу мүддесіне сай дамыды. Ортағасырлық шіркеулер тасты
күмбездерден тұрды, мұндай ауыр да, қомақты күмбездердің орнықты болуы үшін
шіркеу қабырғалары өте қалың етіп салынды, ал тасты күмбездерді тұрғызудың
өзі де оңайлыққа түспеді, өйткені бұл кезеңде көптеген құрылыс дағдылары
ұмыт болған еді. Қалай болғанда да, сыналы тастардан жасалған шомбал
күмбездер готикалық заманға тән жетістіктер болды.
Шіркеулер үлкен қалаларда ғана емес, қалашықтарда да салына бастады.
Сонау шалғайдан көзге шалынатын бұл ғимараттар ортағасырлық өмірдің аса ірі
жетістігі болды. Халық діни ғимараттарды жасампаздықтың күш-жігерінің
айғағы ретінде жақсы көрді. Шіркеу коңырауының сыңғыры мен органдық
музыканың әуенінен бастап, бірігіп мінәжат ету, шіркеулік жол-жоралық діни
рәсімдерге қатынасу — қарапайым адамдарды күнделікті күйбең тіршілік
қамынан бір сәтке болса да сейілтіп, ерекше бір күйге түсіретін еді.
Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай
кезеңде болса да жетекшілік рөл аткарғандығы мәдениет тарихынан белгілі.
Сондықтан да болар, Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің
жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы
бір қасиетті елдің сәулет өнері саласындағы тамаша да, айбынды
ескерткіштерінің бірі романдық стильдің аса көрнекті үлгісі Париждегі
Нотрдам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы,
оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің
тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз. Базельдегі қасиетті
Магдалинаның шіркеу күмбездерінің таңғажайып жарасымды айбыны да,
аркалардың ғаламат салтанаты да таң қалдырмай қоймайды. Тарихи уақиғаларға
толы романдық кезеңде жоғары атап көрсетілген француз халқының ұлы
поэтикалық шығармасы — Роланд туралы жырда (XII ғ.) өмірге келді. Ұлттық
тілде жазылған бұл тамаша туындыда орта ғасырларда етек алған рыцарлық
ерлік, король мен христиан шіркеуіне адалдық дәріптелді. Халықтық эпостың
негізінде туған бұл жыр француз халқының арасында кеңінен тарады, өйткені
осы бір шабытты эпика толғауда өмір ақиқаты, қанағатшылдық сезімі, ішкі бай
мазмұнды бере алатын ғажайып қасиеттер сияқты өзіндік ұлттық көркем
даналықтың негізгі белгілері кеңінен көрініс тапты, әрі рыцарьлардың көңіл-
күйін жан-жақты көрсететін фанатизмге, христиандық рухқа толы болды.
XII—XIII ғ. Францияның оңтүстігінде трубадурлар поэзиясы қанат жайды.
Олардың сатираларында шіркеу мен феодалдық, езгіге қарсы сарын мен
қарапайым адамдарға бүйрегі бұрушылық көрініс тапқан. Дәлірек айтсақ еркін
ойлылық нышандарын өз бойына жинақтаған трубадурлар творчествосы осы бір
кезеңде қалыптасқан сан-қырлы дүниетанымды білдіреді.
Бұл тұста Еуропаның басқа да елдерінде ұлттық көркемдік даналықты
айқын танытатын романдық өнер туындылары туындап жатты. Әр алуан
сәулетшілік мектептерімен даңқы шыққан Германияда жасалған мәдени
ескерткіштерде неміс халқының рухани байлығы кеңінен көрініс тапты.
Рейндік, саксондық және вестфальдық мектептер сәулетшілік өнердің дамуына
зор үлес қосып, сол кездегі ұлттық көркем даналықтың ұмтылыстары мен арман-
қиялдарын жүзеге асыру мақсатында тамаша ғимараттар салды. Солардың бірі —
өзінің асқак тұлғасымен көзге түсетін атақты Вормс соборы (1174—1234 ж.).
Собор қала үстінде қалықтап тұрғандай әсер қалдырады, қайта жаңғыртып
салынса да бұл ғимарат өзінің сол бір бастапқы бет-бейнесін мүлде
өзгертпеген. Шындығына келсек Вормс, Шпейер, Майн сияқты қалаларда
тұрғызылған атақты соборлардың басты ерекшелігіде олардың күрделі
асқақтығында еді.
Кейбір мәдени ескерткіштер ел мен дәуірдің тынысын бойына сіңірсе,
кейбірінің Шығыс мәдениетінің кәусәр бұлағынан сусындағаны беп-белгілі
болып тұрады. Ойымыз дәлелді болу үшін XII ғ. неміс шеберінің қолынан
шыққан, сүйектен жасалған орта ғасырлық ойын дойбыларына бір сәт көз
салайықшы. Бұл дойбыда ағаш басына шығып, жеміс жинап отырған адам
бейнеленген, оның төменгі жағында бір ақ, бір қара тышқан ағаштың
тамырларын кеміріп жатыр. Осы бір дүниедегі адамдардың өмір тіршілігін
аңдар мен өсімдіктердің кескіндерімен ісмерлікпен толтырып, олардың ғажайып
үйлесімділігін нақтылы көрсету арқылы, сәндік әуен жасаған осы бір неміс
шеберінің табиғи дарынына қалай таң қалмаймыз? Шындығында да, бұл қолөнер
туындысының мазмұны — шығыстық аңызға негізделген өйткені ағаш — өмір
символы, тышқандар — күн мен күң яғни өмірді аямай қысқартушы уақыт.
Осылайша, ойынының өзі де жер бетіндегі өмірдің өткінші екендігін
ортағасырлық адамның есіне салған.
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің
мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропаның мәдениеті
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
Романдық стильдегі құнды нысандар мен ескеркіштер
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Қайта жаңғыру мәдениеті
Христиандық сана — ортағасырлық діннің (менталитеттің) негізі
Орта ғасырлар мәдениеті
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
Пәндер