Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1.Н.Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері 2
1.1. Киевтік кезең 9-13ғ. 2
1.3. Мәскеулік кезең 16-17ғ. 3
1.4. Петрлық кезең 18-19 ғ. 9
2. Ресей мәдениетінің медицина саласындағы жетістіктері 11
Қолданған әдебиеттер: 13

1.Н.Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері

Ресей мәдениеті - адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұра
қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті
-өзіндік ерекшіліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік
мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді.
Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшіліктері негізінен төмендегі
факторларға тығыз байланысты. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар
мекендеген орасан зор трриторияны игеру, христиан дінінің ерекше тармағы
-православиемі руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып
орнықтыру, уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық
өркениеттік процестерін оқшау дамуға байланысты "тұйықтыққа" бұдан әрі жол
бермеу, жеке адамдардың мүддесіне бағындыру.

1.1. Киевтік кезең 9-13ғ.

Осы аталған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу
кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық
тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе
жатқан сияқты. Мәдениеттанушы Н.Бердяевтің деректері бойынша Ресей
мәдениетінің тарихының кезеңдерін бөліп қарастырады:
1. Киевтік кезең, бұл IX - XI11 ғ.ғ.
2.Татар кезеңі XIII - XV ғ.ғ.
3.Мәскеулік кезең XVI - XVII ғ.ғ.
4.Петрлық кезең XVIII - XIX ғ.ғ.
б.Кеңестік кезең XIX - XX ғ.ғ.
Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын
беттерінің бірі - орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI - XVII ғасырлар,
яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады.

1.3. Мәскеулік кезең 16-17ғ.

XV ғасырдың аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да,
сонбдай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген
құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың
мәдениеті ыдырай бастады, моңғол - татар езгісі әлі де жойыла қоймады,
Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті.
Ендігі жерде тек Русьпен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер
адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп, Мәскеу қаласы ең ірі мәдени
орталықтардың біріне айнала бастады.
1454 жылы Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың
православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық
дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына
айналған Русь православиесі жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз
қолына алды, сөйтіп Мәскеулік Русь өзін Қасиетті Русь" деп танып, ал Мәскеу
-"Үшінші Римге" айналды.
1457 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь
Ресей - деп, ал орыс елі - Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады.
1480 жылы Мәскеудің Алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне
шығыс мәдениетінің әсері таластай қойған жоқ.
XIV - XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік
болды. 1390 ж, шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген
Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV -
XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды.
Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген
құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған
Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау
Феофан Гректің басшылығымен яғни кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға
айналған Андрей Рублевтың (1360 - 1430 жылдар шамасы) қатысуымен жүзеге
асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып
саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана
бөлінді. Оның есесі не бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын.
Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы - қасиетті "Үштік".
Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты
назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш
періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейіндерімен,
жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пән сезімдерімен тартымды.
Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бұл үш
шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп
қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда
Леонарда да Винчидің "Кескіндеме - өнер падишасы" деген даналық пікірін
еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV - XVI ғасырларда ұлы
орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да,
дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталды.
Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси
жағдайларда (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-
қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние
таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII
ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен
бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің -
бараккомен "мұжықтық" мәдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс
мәдениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сиақты
жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басында Борис Годунов
мәденметке, ағартушылыққа, Батыс өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның
нетижесінде Батыс елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар
гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды. Мәскеудегі Кремлді жаңғырту ісі
қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-ті ғана тұрды,
демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVIII
ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман
мәдениетінің элеметтері туындап келе жатты. Осылайша Мәскеу мәдениетінің
кезеңдері өз шарықтау шегіне жетіп , Петр мәдениетіне аяқ басты.
Ежелгі Русь мәдениеті - шекарасы Тамань түбегіне, сондай-ақ Солтүстік
Двинаның жоғарғы анғарына дейін, ал батысында Висланның жоғарғы арнасына
дейін созылған Киев державасының мәдениеті ғана емес, сонымен қатар қуатты
Владимир Суздаль княздігінің, Новгород боярлар республикасының, одан қалды
сындарлы кезеңнің қатал сынағынан мүдірмей өтіп, елді біріктіру күресіне
басшылық жасап, сол күрестің бел ортасында болған Мәскеу княздігінің өнері.
Ежелгі славяндардың мәдениеті - орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып
саналады. Оның басты мәдени құндылықтары - қасиетті жырлар, мифология, аңыз-
ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан
дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа
табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар ресей топырағында пұтқа
табынушылық мәдениетінң дамуы жоғары болады.
Ежелгі славяндардың дүниетанымы табиғатты пір тұтумен тығыз байланысты
болды. Олар әр орманды, бұлақты, құдықты, тіпті жекелеген ағаштарды да
жанды нәрсе деп түсінген. Оларға жапырағы жайқалған ескі емендердің
көрінісі ерекше әсер еткен. Ағыны қатты, асау өзендерді қасиетті деп
санаған, сондықтан да болар ертегі аңыздарда өзендер кейіпкерлермен адам
тілінде сөйлеседі. Ежелгі славяндықтар тауар мен орасан зор тастарды киелі
деп санап, оларға құдайдай табынған. Орыс батырлары тағдырының тау-
тастардың құпияларында болса керек. Табиғатқа, жер-анаға бауыр басып, етене
жақын болған аңғырт славяндардың табынған құдайлары да табиғаттың
құпияларына байланысты болып келеді. Мысалы: Перун - қатерлі найзағай
құдайы, құдайдың ішіндегі ең құдіреттісі.
Славяндар күнге табынғандықтан оған да неше түрлі ат қойған адамға тән
қасиеттерді адам еместерге теліп, оларды адамның сана сезіміне жақындату
дүниежүзінің басқа да халықтарындағыдай славяндарға да тән қасиет болды.
Сондықтан да "құдіретті тәңір ананың" бейнесін жасау осының айқын айғағы.
Тек ғана славяндар емес, басқа да көптеген халықтар құрмет тұтқан жер мен
молшылықтың, дүниедегі барлық нәрсені құдай-"тәңір ананы" ежелгі славяндар
Бережна деп атаған. Қолын көпке көтерген осы бір әйел бейнесі, шығыс
Христиандар да, оның ішінде ежелгі орыс өнерінде ерекше орын алған. "жер-
ана" қолын жоғары көтерген әйел бейнесіндегі тәңірананы славяндар ерекше
қасиет тұтып, табынып өткен.
Ежелгі славяндар жайында өз кезінде де аз жазылған жоқ. Солардың бірі,
XVII ғасырдағы византиялық тарихшы Прокопий Кесарийский былай деп
бағалайды: "славяндар мен антыларды бір адам басқармайды, сонау ежелден-ақ
халықтың басқарумен өмір сүріп келеді. Сондықтан да олардың бақытты және
бақытсыздық ақылдасу істері арқылы шешілген". Ал славяндардың әдеп-
ғұрыпымен етене таныс византиялық жазушы Маврикий кесімді түрде былай деп
жазды: "славяндар мен антылар тайпалары бірдей өмір сүрді, олардың ғұрпы
бір, бостандық сүйгіш, әсіресе өз жерлерін қорғауға батыл, шыдамды. суық
пен ыстыққа төзімді, киім мен тамақ тапшылығына мойымайды". Ежелгі
славяндврдың дүниетанымы мен әдет-ғүрыптары да жан-жақты болып келеді. Олар
әрбір үй рухтың жебеуінде деп ойлаған. Рух мал жанға қамқорлық жасап, ошақ
басының отын сөндірмей, түн сайын пештің астынан шығып, өз сыбағасын жейді
екен деген ұғым қалыптасқан. Егістікті жыртатын өгіз молшылықтың бейнесі
деп танылса, ал Тур құдайдың қызметіне жастардың көктемгі мерекелері
өткізіліп тұратын. Сонымен бірге ежелгі славяндар көсемдерін жерлеген де
олардың әйелдерін қоса көметін скифтерден қабылданған тағылық әдеп-ғүрыпын
қолданғанын да атап өткен жөн сияқты. Дін қай мәдениеттің қай түрі болмасын
басты элементі болып саналады. Дін құдіретке жәй ғана табыну немесе діни
салт-жоралардың жүйесі ғана емес, ол адамның өзін қоршаған орта жөніндегі,
ондағы адамдар баласының алатын орны жайындағы қалыптасқан идеяларының,
діні наным-сенімдерінің белгілі бір жүйесі және адамның тіршілік бейнесі.
Сондықтан да Русьтің Византиялық христиан дінін қабылдауы орыс мәдениетінің
тарихындағы бет бұрыс кезең болды. Орыстардың христиан дінінің шығыс
тармағы православиені қабылдауы орыс елінің ішкі және сыртқы жағдайларына
тікелей байланысты болды. Солардың ішіндегі ең бастысы - Киев Русі мен
Константинопольдің арасында қалыптасқан саяси, экономикалық және мәдени
байланыстар болатын. Христиан діні орыс мемлекетінің қоғамдық саяси, мәдени
өмірінің барлық салаларына ықпал етеді. Жаңа діннің қабылдауына байланысты
Киев Русінің христиан дүниесі елдері мен сауда, саяси, мәдени байланыстары
тұрақтанып, жаңа арнаға түсті.
Христиан діні 988 ж. Князь Владимирдың басшылығымен қабылданады.
Славян халықтарының тарихындағы жаңа тарихи кезең Киев Русі дәуірінде
жүзеге асырылған бұл шараның нәтижесінде орыс мәдениеті жаңа сатыға
көтеріледі. Шіркеулер Русьте таңғажайып ғимараттардың көптеп салынуына,
атап айтқанда, өнердің барлық салаларының жан-жақты өркендеуіне алғашқы
мектептердің ашылуына, тарихи шежірелердің жазыла басталуына айрықша ықпал
етеді. Осы орайда христиан діні Руське дейін қабылдаған оңтүстік славяндар,
армиандар мен грузиндер византиалық мәдениет мәнерін олардан бұрын
сезінгенін атап өтпеске болмайды.
Шығыс славяндарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған қуатты, өзінің
көлемі мен маңызы жағынан сол кездегі Еуропада алдыңғы орындардың бірінде
болған Киев Русі мәдениетінің дамуына дүниежүзінің алдыңғы қатарлы
мәдениеттерінің ықпалы орасан зор болды. Олай болса "мұндай ерекше мәдени
құбылысты ортағасырлық әлемнің бесқа елдерінен кездестіре қою қиын" деген
атақты ғалым Л. Любимовтың орынды пікіріне қосылмасқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс философиясына жалпы сипаттама
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Орыстың дiни философиясы туралы
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Орыс философиялық ойлары
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Пәндер