Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе 2
1. Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары 2
2. Қазіргі кездегі ұлттық мәдениетті өркендетуге бағытталған іс-шаралар 9
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Рухани мәдениет – адам мен қоғамның рухани өмірінің әр түрлі жағын
қамтитын адам қызметінің аясы. Рухани мәдениетке қоғамдық сананың нысандары
(саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық, діни, ғылыми және философиялық)
және олардың адам қызметінің әдеби, архитектуралық және басқа
ескерткіштерінде көрініс табуы кіреді. Рухани мәдениетке аясына ағарту,
білім беру, тіл және жазу, фольклор, халық өнері және т.б. жатады.
Қазақ халқының рухани мәдениетінің бастаулары тереңде жатыр. Оны
Түрік қағанаты дәуіріндегі түркі халықтарының ортақ мәдениетінен таратуға
болады. Алайда біз ұлттық мәдениет туралы сөз ететін болғандықтан осы
еңбекте қазақ халқының рухани мәдениетінің бастауларын Қазақ хандығы
құрылған кезеңнен бастағанды жөн көрдік. Осы кезеңдегі рухани мәдениеттің
негізгі көрінісі – ауыз әдебиеті үлгілері, жазба жәдігерліктер, ақын-
жыраулар мұрасы сөз етіп, екінші тарауда аталған рухани мәдени мұраны қайта
жаңғыртып, өркендету мәселесі бойынша қазіргі таңда атқарылып жатқан
шараларға тоқталмақшымыз.
Қазақ халқының тәуелсіз даму аясында өз бағытын айқындау жолында
ұлттық төлтума мәдениетті, рухани-мәдени бастауларды қарастырып, өткеннің
ұлағатынан үйренудің өзектілігі дау тудырмайды.

1. Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінің бастаулары

Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп мал өсіріп,
жан бағып жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа
жіктеліп, қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде XV ғасырдың орта
шенінде қазақ хандығы құрылды. Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды. Ол
шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа
бірігіп, егеменді ел болу тілегін іске асырды. Олардың этникалық жер
аумағын бүтіндеп, ежелгі қазақ жерінің алғашқы шекараларын белгілеуге
мүмкіндік туғызды.
Қазақ хандығының шаңырағын көтерген Ақ орданың акырғы ханы Барақтың
балалары Керей мен Жәнібек хан болды. Олар асқан ақылды, салихалы сажат
жүргізіп, хандықтың алғашқы туын тіккен Жетісу, Шу, Талас алқаптарындагы
қазақтардың басын қосып олардың ел болып еңсемізді көтерсек деген тілегін
іске асыруға белсене кірісті.
Қазақ халқының маңдайына біткен, көреген де көсем, даналығымен көзге
түскен хандары Керей мен Жәнібек олардың ел билеген дәстүрін мұра еткен
Қасым хан өздерінің шебер саясатшы екенін таяудағы, тіпті алыстағы елдермен
елшілік қатынас, келіссөздерде анық көрсетті. Орта Азия хандарымен Еділ
бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығы, орыс мемлекетімен сауда-саттық,
достық-тату қарым-қатынас орнатып, әр тұста елдің ішкі-сыртқы жағдайындағы
өзгерістерге байланысты үйлесімді, икемді, көреген саясат жүргізіп отырды.
Соның аркасында казақ халқының хандығының атақ-даңқы Еуропа елдеріне
кеңінен тарап кетті. Австрия елшісі Зигмунд Герверштеин Мәскеу істері
жөніндегі жазбалар деген еңбегінде Қасым хандығы, оның қол астындағы қазақ
халқы туралы сүйсіне жазып, оларды жоғары бағалаған.
Казақ хандығының орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ болып келсе, ол
кейін Түркістанға ауысып, ХҮІ-ХҮШ ғасырларда екі жүз жыл бойы елдің
астанасы Түркістан қаласы болды. Осындағы Ақ сарай хан сарайы қызметін
атқарып, елдің аса маңызды мәселелері сонда шешілді. 1523 жылы Қасым хан
қайтыс болғаннан кейін хан тағына Мамыш, Тайыр, Бұйдаш, Ахмет, Тогым сиякты
Қасымның туыстары бір-екі жылдан отырып шықты. Бірақ олар хандықтын саяси-
әлеуметтік өмірінде елеулі із қалдырған жоқ. 1532 жылы қазақ хандығының
тағына Ақназар отырды. 42 жыл бойы елге билік жүргізген ол түркі тектес ру-
тайпалардың басын қосып ноғай ордасын, қырғыз ағайындарды қол астына алды.
Орта Азиядағы елдермен достық қарым-қатынас орнатып, біртектес халықтардың
аралас-құралас, тату-тәтті өмір сүруіне қол жеткізді. Ақназардың түсында
дәуірлеп, барған сайын күшейіп келе жатқан қазақ хандығын көре Тәшкенттің
әміршісі Баба сұлтан Ақназарды жансыздары арқылы у беріп өлтірді.
Ақназардан кейін екі жылдай хан болған Шығай баласы Тәуекелді саяси
істерге араластырып, ел билеуге үйретіп өз орнына отырғызды. Тарихта
татымды істерімен қазақ хандығын нығайтып, оның іргесін кеңіткен Тәуекел
хан жорықта жүріп жарақат алып содан қаза тапты да, хандықтың билігі оның
інісі Есімнің қолына көшті. Ол 30 жылдай тақта отырып қазақ халқының
тағдырындағы аса бір ауыр кезеңдерде лайықты ел басшысы бола білді. Оның
тұсында шығыста Қытай, батыста Ресейдің айдап салуымен Жоңғарлардың қазақ
хандығын жойып жібермекші болған жүз жылдық жорығы басталды. Осындай сын
сәттерде арнайы дайындық жасап, ауыр қолмен келіп тиіскен жоңғарлардың
жойқын шабуылына қазақ халқының қайраты мен қаһармандығын карсы қоя білген
Есім хан болатын. 1645 жылы ол қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәңгір
отырды. Салқам Жәңгір атанып, елге ерлігімен кеңінен танылған адам еді
ол.
Ел билігі кейін Тәуке ханға тиді. Көсемдіктің қыры мең сырын жастай
үйренген ол елдің береке-бірлігіне тірек болатын шараларды іске асыруға
белсене кірісті. Елдің ішкі, сыртқы жағдайларын жаксарту, қазақ хандығының
мәртебесін көтеру жолындағы оның жаңашылдық әрекеттері жемісті де келісті
болды. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы осы айтылған хандардың тұсында қазақтың
шаруашылығы, экономикасы, өмір сүру дағдылары ғана емес сонымен бірге оның
рухани кескін-келбеті, жұрт таныған мәдениеті қалыптасты. Қасым хан тұсында
Қасым салған қасқа жол деген атпен халықтың бұрыннан келе жатқан әдет-
ғұрпының ережелері негізінде билік - заң үрдістері, елдік жөн-жоралғылары,
салт-дәстүрі бір ізге түсті. Есім салған ескі жол деген атпен бүгінгі
ұрпаққа жеткен жөн-жоралғы, тәртіп-талғам, киіз-туырлықтар арасындағы қарым-
қатынаста кездесетін мал-мүлікке, іс-әрекетке байланысты дау-шарлардың
шешімдері жетілдірілді. Тәуке ханның Жеті жарғысы қазақ халқынын мәдени-
рухани салт-дәстүр қалыптарының төлтумалығын одан әрі шыңдай түсуге қызмет
етті. Тәуке ханға кеңесші, ақылшы болған Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты
қарадан шыққан қасиетті билер демократиялық дәстүрлерді қалыптастыруға
елеулі еңбек сіңірді. Осы тұста сөз өнерінің қадір-қасиеті артты. Халық сөз
өнеріндегі тапқырлық пен ұтымдылықты, білгірлікті бағалайтын болды. Халық
арасынан небір жезтаңдай жыраулар шықты. Өнерпаздық өріс алды. Сөйтіп,
қазақ халқының мәдениеті, рухани тірлігі өзіндік сипаты келбетімен
тұлғалана түсті.
Қалыптасқан бірыңғай ұлттық тілдің, жазба дәстүрдің болуы халықтың
мәдениетінің, өркениеттің дамуындағы алғы шарттардың бірі. Тіл әрбір
халықтың ерте кездерден бергі өніп-өсуінің, дамуының, бүкіл болмысының
құдіретті көрінісі. Тілдегі әрбір сөздің аржағында сол халықтың тіршілік-
тынысы, салт-санасы, өдет-ғүрпы, наным-сенімі, басынан өткен қилы-килы
заманның белгісі, тарихы түрады. Демек, оны халық болмысының айнасы деуге
әбден болады. Тілсіз мәдениет жоқ. Тіл кез келген халықтың бүгінгі
болмысын, арманын, алдағысын, кешегісін, келешегін бейнелейді. Сондықтан
оның қалыптасуы ұзақ уақытты, бірнеше ғасырларды, тіпті мың жылдықтарды
алып жатады. Қазақ тілі де солай дамыды. Ол Еуразия құрлығының керіліп
жатқан кең даласын мекендеген қыпшақ, каңлы, үйсін, арғын, алшын, керей,
дулат, қоңырат, найман сиякты тегі бір, түбі туыс ру тайпалардың тілдері
арқылы қалыптасып, уақыт сынына төтеп берді. Оның електен өтіп, сұрыпталып
сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айрықша ролі зор. Осы тілде
жазылган ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа, тайпаларға түсінікті жазба
мәдениеттің бір нұсқасы XIV ғасырда жарық көрген Кодекс Куманикус атты
еңбек болды. Бұл кітапқа қыпшақ тілінің әлемдік латын, парсы тілдерімен
баламалы сөздігінің берілуі кыпшақ тілінің дүниежүзілік сипатқа ие болып
әлемге танылуының бір белгісі еді. Бұл тілде қазақтың жазба мәдениетінің
қарымды дамығанын дәлелдейтін мысалдар көп. Солардың бірі көне қыпшақ
тілінде жазылған Жамих ат-Тауарих деп аталатын шығарма. Ол қазақ халқының
негізін құраған Қазақстан мен Орта Азияда өмір сүрген қарахандар әулеті мен
оғыз-қыпшақ, тайпаларының ХІ-ХҮІ ғасырлардағы тарихын баяндайтын кесек
туынды. Онда қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын тағы
басқа тайпалардың шежірелері жүйелі түрде айтылады. Сонымен бірге бұл
еңбекте қазақ жеріндегі оқиғалар, осы жерді қоныс еткен елдердің
шаруашылығы, мәдениеті, қазақ хандарының шежіресі, хан төңірегіндегілер мен
қарашалар, батырлар мен басқа да тұлғалар туралы көп мағлұматтар берілген.
Оның жазған Сыр бойындағы Жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосынұлы (1530-
1605 жж.) қазақ хандығының Орда-сарайында Жүсіп ханның ақылшысы және
тәрбиешісі болған кісі.
XVI ғасырдың 40-жылдарында жазылған Тарихи-и-Рашиди деп аталатын
туынды да қазақ хандығының тарихын баяндауға арналған. Екі дәптерден немесе
бөлімнен тұратын бұл еңбектің алғашқы бөлімінде Шағатай әулетінің тарихы
баяндалса, екінші бөлімінде ХУ-ХҮІ ғасырлардағы Орта Азия, Индия,
Ауғанстандағы шығыс Түркістандағы тарихи оқиғалар сөз болады. Онда Оңтүстік
және Шығыс Қазақстан жеріндегі қоғамдық-әлеуметтік жағдай, шаруашылықтың
жәйі, егіншілік кәсібі, қала мәдениеті, Жетісуда қазақ хандығының қалай
құрылғаны, қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының қарым-қатынасының қалай
дамығаны туралы мол деректер берілген. Бұл еңбектің авторы араб, парсы
тілдерін өз тіліндей жетік білген жан жақты білімді ғұлама-ғалым, тарихшы
және жазушы Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.).
Өтеміс қажы деген кісі жазып қазақ жерінде дүниеге келген Шыңғыснама
атты еңбек те қазақтың жазба мәдениетінің жарқын үлгісі болып табылады. Бұл
қолжазбалар өмірге келген тұста қазақ жылнамаларының, қазақ шежірелерінің
жазба нұсқалары да жарық көрген. Қазақ хандары дәстүр бойынша ата-
бабаларының шежірелерін жаздырып ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп келген. Мұндай
шежіре түзеу көптеген ру тайпалардың зерделі адамдарына да тән болған.
Қазақ халқының рухани өмірінде айқын із қалдырған тарихи жазба
ескерткіштердің бірі Қазақ хандарының рәсімдері деген қолжазба. Ыстамбул
қаласындагы Сүлеймен кануни кітапханасының қорында сақтаулы тұрған бұл
қолжазбада Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы, Тәуке ханның
Жеті жарғысы сияқты заңдар мен тұрмыс тіршілік ережелері топтастырылған.
Қазақтың жазба мәдениеті туралы сөз еткенде қазақтардың ірі ру
тайпаларының ертеден келе жатқан өзіндік тілдері және жазба мәдениеті
болғанын айту керек. Мәселен, Едіге, Ерсайын жырларын қағазға түсірген
алшындар болса, Ер көкше, Қабанбай батыр, Базар батыр, Көркебай
батыр дастандары керей тілінде, Махаббат-нама, Алпамыс қоңыраттар
тілінде, Талас ескерткіштері дулат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Сақтардың бейнелеу өнері
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы
Тіл және ұлт - мәдениет құрамы
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны
Пәндер