CАҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1. CАҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА 3
2 САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ӘКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ 5
3 САҚТАР ОТАНЫНАН ТАБЫЛҒАН БАЙЫРҒЫ МҰРАЛАР 8
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 11

КІРІСПЕ

Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани
жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны
бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін
тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы
Мұсатай Ақынжанов Қазақтың тегі туралы деген еңбегінде Қазақтар - түрік,
моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғұн мен сақ тарауынан) құралған
ежелгі халық дей отыра, қазақ деген сөз қас (нағыз), сақ (сақ тайпасы)
дегендердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. Сақтар әулеті біздің
заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих сахнасына шығып, біздің заманымыздың
II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген
Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаган жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі
байтақ Казақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-
мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды.
Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт
далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіс етті. Тянь-Шань,
Алтай тауларының бауырайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-
жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын
сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың
қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер
салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-
диқаншылықпен анйалысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдық
алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс
өзендерінің бойын мекен етті.
Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында скифтер деген атпен белгілі
болған сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты. Қарсыласына қатал,
досқа адал сақтар қастасқан жауының қанын ішпей тынбаған. Шайқастарда
жеңілген жауының жан терісінен шылбыр, бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс
жасап, жыл сайын өткізілетін мереке-мейрамдарда осындай ортақ ыдыстан
ұрыстарда ерлігімен көзге түскен батырлар жұрт алдында ішімдік ішу бақытына
ие болған.
Біздің заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда парсы елінде патшалық
құрған Кирдің ажалы да сақтардан болыпты. Сақ әулетін басып алмақшы болып
жорыққа шыққан Кирдің әскерлеріне қаһармандықпен қарсы тұрып, оларды қанды
майданда қырғынға ұшыратқан сақтар Кирдің өзін қолға түсірген. Оны
тұтқындаған сақ әулетіне кіретін массагет тайпасының жасақтары екен. Грек
тарихшысы Геродоттың айтуында массагеттердің әйел патшасы Томирис
шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне
парсы патшасы Кирдің басын салып, аңсағаның қан еді, іш енді соны!- деп
тұлыпты дарияға лақтырған.
Бұдан сабақ жасамай, сақтарды бағындыру ниетінен бас тартпаған Парсы
патшасы Дария біздің заманымызға дейінгі 918 жылы ауыр қолмен сақтардың
жеріне баса-көктеп кіргенде, бұл да сақтардың тегеурінді қарсылығынан қатты
жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста ержүрек сақтардың талайы тапқырлығы,
ерлігімен көзге түсіп, есімдерін мәңгі өшпейтін даңққа бөлеген. Солардың
бірі Ширақ деген сақ жігітінің ерлігін грек тарихшысы Полиспен былай
суреттейді: Ол... Өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып
өзін сақ бастықтарынан қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің
руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап
барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы басқыншылары судан,
шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға мен сендерді адастырып, қырғынға
ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан
келгеніңді істей беріңдер, - деп басын құрбандыққа тігіп келгенін паш
етеді.
Әлемнің көп елдерін бағындырып жеңімпаз қолбасшы атанған Александр
Македонскийдің әскерлері де сақтардан ауыр жеңіліске ұшырап, қолбасшысының
өзі жазылмайтын жарақат алған. Ширақтың ерлігін естіп, сақтардың батырлыгы
мен батылдылығынан сескенген ол әскерін кері әкетуге асыққан.

1. CАҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА

Қытайдың және басқа да елдің тарихшылары үйсіндердің қазақтың негізгі
тегі екендігін растайды. Әйтсе де үйсіндер Іле өзені бойын көне заманнан
мекендеп келген халық емес, олардың баяғыдағы мекені Дунь-хуаң мен Цилянь-
Шань тауының аралығында болатын. Кейін тек б.з.д. 160 жылдардың айналасында
ғана олар сол өлкеден үдере көшіп Іле бойына келген. Үйсіндердің алдында
бұл өлкені сақтар мен йузейлер мекендеген. Сондықтан “Ханнама, Батыс өңір
баянында” “Үйсіндердің бұл қонысы сақтардікі болатын, йузейлер Сақ қағанын
бұл арадан ығыстырып шыққасын, ол оңтүстікке Шуан-дуға асып кетті де, бұл
жерде йузейлер қалды. Кейін үйсін күнбиінен жеңілгесін йузейлер Бактрияға
кетті де, бұл жер йузейлер қол астында болды. Әйтсе де үйсіндердің арасында
сақ, йузейлерден қалған тұқым да бар” делінген. Бұдан біз үйсіндер Іле
бойында елдік құрған замандарда олардың арасында сақтардан кіріккен тектің
де недәуір болғанын байқаймыз. Бүгінде қазақтың арғын, қыпшақ тайпалларының
құрамында “жерсақ” “берсақ” “борсақ” “қарсақ” деген рулар бар. Осындағы
“сақ” жалғауы Қытай тарихындағы “сайжоң” – “сақ” деген атаумен төркіндес
келеді. Бұл сақтардың айна қатесіз қазақ ұлтының түп тұқияны екендігін
дәлелдейді.
Сол себепті кей ғалымдар “қазақ” этнононимі Каспий теңізі өңірінде
жасаған “каспиийлер” мен Іледария бойында өмір сүрген сақтардың – осы екі
халық атының геоэтникалық тұрғыдан бірігуінен келіп шыққан деп есептейді.
Бұл сақтардың қазақтың этникалық тегімен бұрыннан қатысты екендігін зердеге
салады. Б.з.д. III ғасырдың б.з. V ғасырға дейінгі үйсіндердің
археологиялық мүрделеріне, әсіресе, олардың антропологиялық белгілеріне
талдау жасаған кезде олардың бас сүйегі домалақ, маңдайы шығыңқы, көз аясы
терең, атжақтылау екені байқалған. Бұл сақтарға тән типке жақындайды.
Ендеше сол дәуірде – сақтар мен үйсіндер белгілі деңгейде этникалық
тоғысуды бастан кешірген. Алдыңғы жақта баяндалған Шынжаңның Құтыби
ауданындағы Қанжиа-Шымынзы (Қызыл Қысаң) деген жерден жыныстық тәу етуге
қатысты жартас суреттерінің табылуы ежелгі сақтардың антропологиялық
бейнесін анықтауға көп септік етті. Ондағылар тегіс ат жақты, қою қасты,
дөңгелек көз, қыр мұрынды, оймақ ерін болып келеді. Бұл – ерте заманда Тянь-
Шань мекендеген сақ қауымының бізге дейін сақталып келген негізгі келбеті.
Ал, осыған қарап кейінгі кездегі сақ-үйсін араластығынан туындайтын
антропологиялық бейнені көреміз.
Парсы жұртының байырғы сына жазуымен жазылған тас ескерткіштерінде
ертеде Қара теңіз бен Индұқұш, Тянь-Шань тауларының арасындағы ұлан байтақ
даланы мекен еткен сақ қауымын үш үлкен топқа бөледі. Біріншісі, Хаумауарга
Сақтары, яғни “хаумауар” дейтін ағаш жапырағына тәу ететін сақтар. Бұлар
Ферғана ойпаты мен Памир үстіртін мекендеген. Екіншісі, Тиграхауда сақтары,
яғни шошақ бөрікті сақтар, бұлар Қырғызстан мен Қазақстан далалық
аймақтарын - Памир үстірті мен Алтай жотасынан тура солтүстікке Тянь-Шань,
Алтай таулары- Тәшкент, Талас, Шу, Іле және Балқаш көлінің шығыс жағын
қамтыған аймақты қонысты мекендеді. Үшіншісі, Тиятарадрая сақтары, яғни
теңіздің ар жағындаңы сақтар, бұлар Әмударияның терістігін, Арал теңізінің
шығыс жағын, Соғдиянаны (Мәуреннахрды, яғни, Әму-Сыр дарияларының арасын)
мекендеген. Ежелгі парсы жұрты Иран үстіртінің солтүстігін мекендеген
ғажайып қауымдардың бәрін сақтар деп атаған. Сондықтан тарих атасы Геродот
“Парсылар мұқым скифтердің бәрін сақтар деп атайды” дейді. Ал, Геродотқа
келсек, ол кең-байтақ Еуразия даласының Карпаттан Қаратеңізге, одан Каспий
мен Орта Азияға дейінгі бөлігінде өмір сүрген көшпелілерді түгелдей скифтер
деп атаған. Бірақ осы скиф жұрты да бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,
Геродот Дон өзенінен шығысқа қарай мекендеген скифтерді сарматтар деп
атады. Ол Сарматтардың тілі скифтердің тілімен бірдей дейді. Бұдан
сарматтардың да скиф халқының бір бөлігі екенін байқауға болады. Ол тағы
Каспий теңізінен Сырдарияға дейінгі жердегі көшпелілерді массагеттер дей
келіп, массагеттер біздің естуімізше, соғысқа шебер, батыр халық екен. Олар
сонау күн түбіндегі Алоксес өзенінің (Сырдарияның) бойында тұрып,
есседондармен тіресетін көрінеді. Біреулер оларды да скифтердің бір тобы
деседі дейді. Іс жүзінде парсылардың Бихистон мәңгі тасына бәдізделген
жазудағы Сақтар мемлекеті де теңіздің ар жағында, ондағылар да бастарына
шошақ төбелі бөрік киеді. Сондықтан Ксенофанның оларды массагет сақтары
деуінде де негіз бар.

Жоғарыдағыларға қарап, біз қытай жазбаларындағы “сайжоң” (Sai-Zhong)
деген атаудағы “сай” иероглифі ертедегі “сақ” сөзінің қытайша дыбыстық
баламасы болу керек деген ойға қаламыз. Бұл көне парсы жазуындағы “сак”,
“сака” деген дыбыстық буындарға жақын келеді. Қытайдың тарихи құжаттарында
“сай” (Sai) иероглифіне әр түрлі сілтеме жасалады. Мысалы, “За-а-хан-жиң”
деген кітапта “Ши-жия” деп, “Жыңфа-няньшу-жиң” деген кітапта “шыжия” деп;
“коңшуэ уаң жиң” (“Тауыс патшаның баяны”) деген кітапта “шоу-жия” деп
көрсетілген. Осындағы “шижия”, “шы-жия”, “шоу-жия” дегендердің бәрі “сака”
немесе “сақ” сөзінің қытай иероглифіндегі дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі.

2 САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ӘКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Сақ халқының басым бөлігі егіншілікпен шұғылданбайтын көшпелілер еді.
“Ханнамада” көрсетуінше, сақтар да жер шұрайын сағалап, көшіп-қонып жүреді
екен. Ежелгі грек тарихшылары да оларды көшпелілер қатарына жатқызады.
Еренқабырға бауырындағы Алагу сайынан байқалған сақ дәуіріне тән бір
қабірді қазу барысында ондағы мүрдеге қосыла көмілген ағаш астаудың ішінен
қойдың сүйек-аяғы мен кішкентай темір пышақ табылды. Бұл осы қабір иесінің
фәнидегі тірлігінде ет тағамының өте маңызды орын алғандығын білдіреді.
Оған қоса көмілген қой, сиыр, жылқы сүйектері сақтар заманында мал
мүліктерін өсіру бұл өңірдегі негізгі өндіріс тәсілі болғандығын айғақтай
түседі.
Сақтар көшпелі өмірге ыңғайлы киіз үй пайдаланған. Олардың киіз үйі
сыртқы пошымына қарағанда дөп-дөңгелек көрінетін, ал “ішінен қарағанда ол
тор көзді ағаштардан құралған. Үй төбесін сақиналанған дөңгелек шаңырақ
ұстап тұрады”. Ағаш қаңқаның сыртынан киіз жабу – сақтар дәуіріндегі ірі
тапқырлық.. Ертеде Америка мен Африка құрлығындағы халықтар маңғыртып қой
бағуды білгенімен оның жүнін пайдаланып, киіз жасауды білмеген. Америка
ғалымы Лауфердің атап көрсетуінше, киіздің ойлап табылуы – Орта Азиядан
таралған тағы бір мәдениет үрдісі. Мұндай жиып-қаттауға, алып жүруге
оңтайлы үй ағаштар мен туырлық, бау-шулар түгелімен көшпелі өмір жағдайына
бейімделіп жасалған. Ол – сақ халқы ақыл-парасатының туындысы. Алғашында
сақтар шатырларын үлкен арбаларға қондырып, екі-үш өгіз немесе түйелер
жегіп алып жүрген. Ол арбалар екі, төрт, алты доңғалақты болып келетін.
Көші-қон кезінде сақтар арбаларда әйелдер мен балаларды, үй жиһаздары мен
тұрмыстық керек-жарақтарын алып жүретін. Олар жер шұрайын сағалап, көшіп-
қонып жүрген кездерінде осы арбаларға, не оның маңайында түнеген. Бүгін де
қазақ ұлты пайдаланып жүрген киіз үйлер мен қой жүнінен жасалған оюлы
сармақтар – сонау сақтар заманынан бері қарай келе жатқан өнер туындысы.
Сақтар патшалық саяси түзімдегі ел болған. Кей мәліметтерде “олар
төрт ірі тайпалық бөлікке бөлінді, әрбір бөлік өз ішінен және де белгілі
территориялық аумақтан құралады, әр аумақты бір басқақ басқарады” делінген.
Бұл басқақтар әр ру-тайпа ішінен билік басына дәстүрлі мирасқорлық үрдісі
бойынша келеді. Сақтар құлдық қоғам сатысына кіргенмен кәдуілгі рулық-
тайпалық қауымдастық үлгілерін ғасырлар бойы сақтап келген. Сондықтан
әлгіндей басқақтардың өмірі бұлжымай жүріп тұрған. Ал сақ патшасын әр
тайпаның төбебасылары мен басқақтары, ақылгөй қариялары сайлайтындықтан
олардың өмірі тіпті де күшті болатын...
...Геродот сақтар жөнінде жаза келіп “Олар адамның бас сүйегінің
қастан төменгі бөлігін әбден кептіріп тазалайды. Егер осы адам кедей кісі
болса, онда ол тек бастың сыртын сиырдың қатты қайысымен қаптап алып,
пайдалана береді. Егер қолы жетіп тұрған бай болса, онда бас сүйекті
сиырдың терісімен қаптап алғаннан кейін, іш жағына алтыннан жалатып, шарап
тостағаны ретінде пайдаланады. Өз тайпаласының бас сүйегін осындай қадақ
тостаған жасау үшін ол адам сөзсіз патшамен де, өзімен де жауласқан болуы
керек” дейді.
Сақ патшасы ең мәртебелі адам болғандықтан, қарамағындағы бұқара
жұрты оған сөзсіз бағынатын. Сондықтан сақ билеушісінің өлімі де өте
салтанатты, қаралы жағдайда өтетін. Алдымен патша мәйітінің үстіне қош
иісті жұпар майы жағылатын, онан соң әдейі жасалған сәулетті ырдауын арбаға
салынып, әр шалғайдағы сақ тайпаларын аралатып шығатын. Сүйек қайда барса,
ондағы қалың қауым мұң-налаға батып, қайғы-қасірет жұтатын. Олар өздерін
зақымдап, құлақтарын кесіп, шекелерін тіліп, сол білектерінен жебе шаншып,
бірде бет-көздерін зақымдап,шаш-сақалдарын жұлып, шайқы-бұрқы, ту-талақ
азалы күй кешетін. Бұл рәсім аяқталғасын патшаның мүрдесі баяғыдан патша
әулетінен тараған текті тұқымның әумет-жәуметтері жататын молаға апарылады.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген тік бұрыш формалы осындай
молалардың көлемі өте үлкен. Онда өлген адам мүрдесі киізге оралып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні тарихы туралы
Зерттеудің жетекші идеясы
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Қазақ тіл біліміндегі термин мәселесінің зерттелуі
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
М.Дулатұлы Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы ақын
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Шал мырза
Ғұмар Қараш - публицист
Ілияс Омаровтың 100 жылдық мерейтой
Пәндер