Араб мемлекетінің құрылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
Араб мемлекетінің құрылуы 4
Арабтардың Орта Азия мәдениетіне тигізген әсері 6
ҚОРЫТЫНДЫ 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

КІРІСПЕ

Мәдениеттің өзара ықпалдастығы – өзара қарым-қатынасқа түскен
халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттық мәдени қорының байытылуына ықпал
ететін объективті құбылыс. Қай халық болмасын басқа халықтардың
мәдениетімен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы
байып, алға басып отыратыны белгілі. Бұл турасында өз кезінде атақты
шығыстанушы В.В.Бартольд былай деп атап көрсеткен еді: “Прогрестің басты
факторы – халықтар арасындағы өзара тығыз қарым-қатынастың болуында екені
қазір дәлелденіп отыр, халықтардың өркендеп, дамуы немесе кері кетуі
олардың нәсіліне немесе оларды қоршаған табиғи ортаға да байланысты емес,
оның басты себебі – бұл халықтар өз тарихының әр түрлі кезеңінде халықтар
арасындағы байланыс көпірін тұрғыза алды ма, жоқ па, міне осыған
байланысты”.
Халықтар арасындағы мұндай байланыс орта ғасырларда, негізінен, әр
түрлі елдерді жаулап алу арқылы пайда болған ұлан-ғайыр империялар түрінде
болды. Осындай империяның бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз
дамуының ең бір шарықтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен
астамын (Солтүстік Африкадан Үндістанға дейін) алып жатты. Мәселе бұл
мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес, тарих үшін ең
маңыздысы – осы мемлекетте әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып,
жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды. Бұл мәдениеттің тілі – араб тілі,
ал идеологиялық негізі – ислам болды. Сондықтан да бұл мәдениет араб-
мұсылман мәдениеті деген атқа ие болды. Араб-мұсылман мәдениеті жоқ жерден
пайда болды дей алмаймыз. Арабтар жаулап алған территорияда бағзы
замандардан бері Тигр мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның,
Алдыңғы және Орта Азияның өркениетті халықтары мекен етті.
Орта ғасырлардағы мұсылман елдеріндегі бұрын-соңғы болып көрмеген аса
зор мәдени өрлеу көптеген шығыстанушылардың бұл дәуірді “Мұсылмандық
Ренессанс” дәуірі деп сипаттауына негіз берді.
Мұсылмандық ренессанс мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таппаған,
даулы мәселелердің бірі болып табылады. Орта Азия аймағында Мұсылмандық
ренессанстың әрекет ету ықпалына тартылды деп сенімді түрде айта аламыз.
Бұған мұсылман дәуірінде өмір сүрген әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Ибн Сина,
т.б. сынды атақты ғұламалардың шығармашылығы бұлтартпас дәлел бола алады.
Орта Азия топырағынан шыққан ұлы ғұламалар өздерінің теңдессіз туындылары
арқылы өз уақытының интеллектуалдық дәрежесімен салыстырғанда аса жоғары
деңгейге көтерілгені даусыз. Алайда, мұның өзі бұл ғұламалардың өз халқының
бұған дейін жинақтаған мәдени жетістіктерін өз бойына сіңіріп, ары қарай
дамуына сырттан жаңа бір серпін алғанынан деп ұғыну керек.
Аравия түбегінде VІІ ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мұхаммед
пайғамбарымыздың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс
болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державаға айналған
Араб халифаты өзінің жаулап алушылық жорықтарымен сол кездегі Иран, Орта
Азия және т.б. Орта ғасырлық мемлекеттер тарихына елеулі әсерін тигізгені
бізге белгілі.
Араб-мұсылман өркениетінің тарихы сияқты, оның таралуына ықпал еткен
факторлардың бірі болып табылатын араб жаулап алуларының тарихы да
бұрмаланушылықпен қарастырылып келді. Арабтар, түріктер, монғолдар әлемдік
тарихта әрдайым күні өткен мәдениетті қиратушылар рөлін атқарып отырды.
Ерте дүниенің соңына қарай Римнің, Иранның, Орта Азияның және басқа да
аймақтардың өркениеттері құлдырап кеткен еді. Ескі өркениеттің орнына жаңа,
прогресшіл өркениет орнауға тиіс болды. Мысалы, күні өткен антика өркениеті
көшпелі халық – ғұндардың батысқа қарай қозғалысымен басталған халықтардың
ұлы қоныс аударуы нәтижесінде талқандалып, орнына сапалы түрде жаңа
өркениет пен қоғамдық қатынастар қалыптасты. Ерте замандардағы
жаулауылықтың рөлін дұрыс түсіну үшін бізге араб-мұсылман мәдениетінің
өкілдері көмекке келеді. Атап айтқанда, ХІV ғ. өмір сүрген атақты араб
ойшылы Ибн Халдун мемлекеттер мен өркениеттердің пайда болу тарихында
көшпенділердің рөліне аса зор маңыз берген.
Ибн Халдунның теориясы кейбір зерттеушілердің көшпенділерді жолында
кездескеннің бәрін қырып-жоюшы, қиратушы күш ретінде көрсеткен
тұжырымдарымен қайшы келеді. Көшпенділердің отырықшы аудандарды жаулап
алуы, араб ойшылының пікірі бойынша, мемлекеттің құрылуына алып келеді. Осы
тұрғыдан алғанда араб жаулап алуларын (араб әскерінің негізгі бөлігі
көшпенді-бәдәуилер болған еді) күні біткен ежелгі өркениеттердің орнына
жаңа, жас, прогресшіл өркениеттің орнауына ықпал еткен халықтардың ұлы
қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Батыс
тарихнамасында, соның ішінде кеңес тарихнамасында да халықтардың ұлы қоныс
аударуы дәуіріндегі Батыс Европадағы герман, кельт және басқа да
тайпалардың қозғалыстары жөнінде өте көп зерттелген. Бүкіл Европа
континентінің қоғамдық-мәдени бет-бейнесін түбегейлі өзгерткен бұл
процестің басталуына Орталық Азиядан шыққан ғұн тайпаларының батысқа қарай
жылжуы ықпал еткен еді. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды
болуында ғана емес, тарих үшін ең маңыздысы – осы империяда әр түрлі
өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған өркениетті
туғызды. Жаңа пайда болған өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері
бүкіл әлемді өзіне қаратты. Тұрпайы, дамудың төменгі сатысында тұрған
халықтар тұрмақ, христиандардың өзі исламның, араб мәдениетінің,
мұсылмандық өмір салтының ықпалына түсті, одан қолдан келгенше үйренуге
тырысты.

Араб мемлекетінің құрылуы

Ұлан-ғайыр Аравия түбегінің көлемі 3 млн. км2. Ол шөл дала, құмды жер.
Теңіз жағалаулары ғана егіншілікке жарамды. VІ ғасырда арабтар көшпелі мал
шаруашылығымен айналысушыларға және отырықшы диқандарға бөлінетін. Оның
ішінде араб қоғамының басым көпшілігі мал бағатын көшпелілер болатын. Олар
бедуиндер деп аталатын. Малдан жылқы, қой, ешкі, түйе өсіретін. Шонжар
бедуиндердің қора-қора малы, үйір-үйір асыл тұқымды жылқылары болды. Әр
тайпада түк малы жоқ, тақыр кедейлер де жеткілікті болды. Олар көбінесе
кесіртке мен жбайы құрманы қорек етті. Тайпалар руларға бөлінетін. Рудың
бай қуатты отбасылары кедей туысқандарына қарайласуы керек болды. “Қанға –
қан” деген кек алу дәстүрі болды. Тайпа басшысы шейх, ру басшысы – сайдтар
өз қалауы бойынша басқарды (барлық мәселені өзі шешті).
Қолөнер, егіншілік Аравияның оңтүстік-батысында, Иеменде жақсы дамыды.
Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық рөл атқаруы әсер
етті. Ол Египет пен Палестинаның, Сирияның арасында, ал ІІ ғасырдан бастап
бүкіл Жерорта теңізінде делдалдық рөл атқарды.
Үндістаннан теңіз арқылы әкелінген товарлар Иеменде түсіріліп,
түйелерге артылып Палестина, Сирия арқылы Батыс Европа елдеріне жетіп
жататын.
Аравияның батысындағы Хиджаз облысында Иеменнен Сирияға баратын жолда
үлкен сауда-саттық қаласы Мекке орналасты. Оның көпестері көрші елдерге
жылына бірнеше рет үлкен керуендер жабдықтап жіберіп отырды. Меккенің
орталық алаңында куб тәріздес Кааба мешіті болды. Оның төрінде қасиетті
“қара тас” тұрды, ал айналасында араб тайпаларының құдайларының мүсіндері
қойылған болатын. Әр тайпа өз құдайына құлшылық етті. Бұл арабтар арасында
алауыздықты күшейте түсті. Каабаның маңында жанжалға, айтыс-тартысқа, ұрыс-
керістерге тыйым салынды.
V-І ғасырларда арабтар елінде алғашқы қауымдық құрылыспен қатар, құлдық
қоғам да орын алды. Бірақ құл иеленушілік қатынас дамып, жетілмеді. Алғашқы
қауымдық құрылыс негізінде феодалдық қатынастар да қалыптаса бастады.
Арабтардың жеке топтары біздің заманымызға дейін-ақ көршілес Палестина,
Сирия елдеріне қоныс аударып, тіпті Иорданияда арабтардың Гассанид
патшалығы да құрылған болатын. ІV ғасырға қарай Месопотомия мен Сирия
шекарасында Лахмидтер әулеті басқарған араб патшалығы құрылды. Ол VІІ
ғасырдың басына дейін сасанидтік Иранға вассалдық тәуелділікте болды.
Біздің заманызға дейінгі І ғасырда арабтар Египетке де қоныс аударды.
Мысалы: Копт қаласындағы тұрғындардың жартысына жуығы арабтар болды. Бұл
жағдай кейін араб жаулап алушылығын жеңілдетті.
Шонжар арабтар көршілес бай елдерді – Сирияны, Египетті, Иранды жаулап
алуды аңсайды. Бұл жерлерден бағалы олжа, жер, мал басып алуға болатын еді.
Бұл елдердің байлығына қызықтырып, өз кедей-кепшіктерін жорыққа әкетуге
тырысты. Бірақ соғысты ойдағыдай жүргізу үшін араб тайпаларын біріктіру
керек болды.
Бірігуге араб көпестері де ынталы болды. Өйткені, VІІ ғасырдың басында
Аравияның оңтүстік бөлігі мен Қызыл теңізге шығатын жолды Иран басып алды,
ал Аравияның солтүстігінде Византия үстемдік етті. Бұл Мекке мен Иеменнің
делдалдық саудасына зиян келтірді. Бұрын керуен саудасынан пайда көретін
бедуин тайпасы, енді кедейлене түсті.
Сауда барған сайын нашарлай берді: көпес керуендері Қызыл теңіз
жағасына сирек келетін болды. Сондықтан да бай көпестер бұрынғы сауда
жолдарын қалпына келтіру және жаңа жолдарды басып алу үшін араб халықтарын
біріктіріп, жорыққа аттануға мүдделі болды.
Араб тайпаларын біріктіріп, көршілес бай елдерді басып алу үшін
шонжарлар жаңа дінді – ислам дінін пайдаланды. Ол діннің негізін Мұхаммед
пайғамбар қалады.
Бұл жайлы Зубов былай дейді: “Арабтар Мұхаммед пайғамбардың уағызын
қабылдап, бірнеше онжылдық ішінде олардың әкелері мен аталары ойламаған
империя мен мәдениетке жетті...”
Артта қалған көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар ғалымдардың,
философтарды, ақындардың батыр жаулаушы ұлтына айналды. Жаңадан туған
өркениеттің материалдық және рухани жетістіктері бүкіл әлемді өзіне
бағындырды. Христиандардың өздері де мұсылмандардың ықпалына түсіп қалды.
Араб ғылымы, өмір сүру бейнесі әсер етпей қоймады.
Г.Э.Фон Грюнебаумның сөздері бойынша: “Мұсылман діні – өзінің
қайталанбас идеологиялық күш-қуаты бар айбынды да, сәулетті, керемет бір
ғимарат болып табылады”.
Ислам діні мұқтаждықтағы адамзатқа нелер әкелгенін және Хазірет
Мұхаммед сыйлаған ислам нұсқауының адамзатқа қандай қызмет көрсеткенін
орынды тілмен жеткізу үшін сол кезеңдегі дүние жағдайына жалпы бір назар
салғанымыз орынды болар. Жаңа эраның VІ ғасырында, әлемде аспанды қара бұлт
торлаған дүниеде адамзаттың бірден-бір тілегі болған алаңсыздық пен
тыныштық, бейғамдық пен қауіпсіздік ғайыптарда болатын. Әлемнің әр шеті
қанды қырғынның қамауында еді.
Мұхаммед пайғамбар арабтарды бір ғанав құдайға табынуға өзара жауласуды
тоқтатуға, бірігуге шақырады. 630-жыл шамасында араб тайпаларының көпшілігі
ислам дінін қабылдайды. Мұхаммед өкіметін мойындайды. Мекке мұсылман
дінінің орталығына, бүкіл мұсылмандардың “қасиетті” қаласына айналады.
Мұхаммед мемлекет пен мұсылман мешітінің басқарушысы болды. Мұхаммед
өлгеннен кейін (632) көп ұзамай, мұсылмандар бүкіл Аравияны өзіне
бағындырып алды. Араб мемлекетін “халифат” (“пайғамбардың орынбасарлары”)
басқарды.

Арабтардың Орта Азия мәдениетіне тигізген әсері

Орта Азияның толық жүз жыл тарихы араб жаулап алушылығымен тығыз
байланысты. Осы уақыт ішіндегі әскери қимылдар, жаңа саяси күштің және жаңа
этникалық елементтердің пайда болуы елдің өміріне әсер етпей қоймады.
Жаулап алушылықтың салдары көшпенділердің әдеттегі шабуылы секілді
емес, терең болды.
Көшпелі-жаулап алушылар Орта Азияның экономикалық дамуына, сонымен
қатар әлеуметтік қатынастың дамуына, Ирак, Сирия, Египеттің әлеуметтік-
экономикалық қатынасына айтарлықтай өзгеріс енгізбеді. Қоғамның әр түрлі
топтары күнделіктері өмірде саяси және әлеуметтік-құқықтық жағынан елеулі
өзгеріске ие болды.
Бірақта Орта Азияда арабтардың пайда болуы олардың қоғамдық, әлеуметтік-
экономикалық негізін өзгертпегенімен, сол кездегі араб жаулап алушылығының
ерекше маңызы болды.
Арабтардың Таяу Шығыс пен Орта Азияны жаулап алуының бірқатар
ерекшеліктері бар. Таяу Шығыс тез және бейбіт жолмен дамыды, экономикаға
ешқандай кері әсерін тигізбеді. Орта Азияны арабтар 70-80 жыл бойы жаулады.

Араб жаулап алушылғы қала қарым-қатынасын өзгертті және олардың
әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық жүйесіне өз ықпалын тигізіп отырды.
Әскери қимылдар көбінесе қалаға қиратушылық әкелмеді, бірақ шіркеулер
қиратылды. Қиратылған шіркеулер мешіттерге айналдырылды: Бұхарада,
Самарқандта мешіттер пайда болды.
Х ғасырдың басында Хорасан мен Мауреннаһр пайда болған медреселер
исламды таратуда күшті бір құрал болған еді. Бартольдтің зерттеуі бойыншы
медреселер, яғни Х ғасырда мұсылман әлемінің шығыс бөлігінде пайда болған,
тек ХІ ғасырда ғана мұндай оқу орындары Батыс Иранда және халифаттың
астанасы Бағдатта ашылады. ХІ–ХІІ ғғ. Сайрамда рухани оқу орындары –
медреселер және сондай-ақ, кітапханалар болғаны жөнінде жазба деректерден
мәлім. “Халифаттан тыс жерлерде, атап айтқанда, Орта Азияда басқа ислам
аймақтарымен салыстырғанда мұсылмандық насихаттың қарқынды жүруі мүмкін
осымен түсіндірілетін болар”, – дейді В.В.Бартольд.
Соңғы жылдардағы тарих ғылымының жетістіктері арабтардың көне
замандардан-ақ өркениетті халық болғанын, оңтүстік араб тайпаларының қуатты
мемлекеттері және жоғары дамыған өзіндік рухани және материалдық мәдениеті
болғанын дәлелдеп берді. Азия, Африка мен Европаның байланысқан жеріндегі
географиялық жағынан қолайлы аймаққа орналаса отырып, Аравия ерте
замандардан-ақ адамзат мәдениетінің бесігі болған Египет және
Месопотомиямен тығыз байланыста болды, сондай-ақ Жерорта теңізі елдерінің
Шығыс Африкамен және Үндістанмен байланысының жолында жатты. Бұл жағдайлар
арабтардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму дәрежесіне оң ықпал
етпеуі мүмкін емес еді.
Қазіргі таңдағы ғылым дамуының жетістіктері арабтарды тек көшпенді,
тағы халықтар ретінде көрсеткен ұғымдардың негізсіздігін көрсетіп отыр.
Исламға дейін-ақ арабтарда шаруашылықтың екі типі – отырықшы және көшпелі
түрлері бар. Арабтар, соның ішінде, әсіресе, Оңтүстік Палестина мен
Солтүстік Аравияның набатей тайпалары жер өңдеуді өте жақсы игерген,
күрделі ирригрциялық құрылыстар тұрғызуды білген. Набатей қалаларында
құрылыс өнері кең тараған, ал оның негізінде “набатей архитектурасы” сияқты
өзіндік құрылыс пайда болады. Б.з.д. ІV ғасырдың өзінде-ақ набатейлер Өлі
теңіздің жағалауында ашық әдіспен сымала өндіріп, Египетке сатып отырған,
одан египеттіктер мумия жасап отырғаны белгілі. Набатейлер темір мен мыс
өндіріп, қорытуды білген; б.з.д. ІV ғ. немесе одан да бұрынырақ олар
Индия мен Египет, Италия арасындағы саудаға араласып, қалампыр, бұрыш
сияқты татымдылық беретін және хош иісті заттармен (приятности и
благовония) сауда жасап отырған.
Сондай-ақ Орта Азияға келмес бұрын арабтар көне шығыстық өркениетті
елдері – Византия мен Иранды жаулап алғанын ескеру керек, мұның өзі
арабтардың рухани және материалдық мәдениетіне айтарлықтай оң ықпал еткен
еді.
Жауынгер арабтардың соңынан үнемі қалалық араб жүріп отырды, – дейді
В.В.Бартольд. Жаулап алған елдерінде араб мәдениетін орнықтыру ісінде дәл
осы қалалық арабтар басты рөлді атқарды. Арабтар әсіресе Иран мен
Түркістанда қалалық өмірдің дамуына және қалалар типінің өзгеруіне ықпал
етті. Арабтар жаулап алғаннан кейін қала дуалдарының тар шеңберіне әрең
сиып тұрған, барынша тығыз орналасқан Орта Азия қалалары ІХ ғ. бұл
шеңберден құтылып, қала маңы шеңберіне кеңінен жайылып орналаса бастайды.
Енді қаланың қауіпсіздігін оның дуалдары емес, мемлекеттің күш-қуаты
қамтамасыз ететін болды. Мұсылмандық дәуірге дейінгі қалалар қамалдан
(цитадель) және қаланың өзі – шахристаннан тұрушы еді. Сауда алаңы қала
дуалының ішінде емес, сыртында – қала қақпасымен қатар орналасатын; базар
сөзінің алғашқы мағынасы да (“қақпа алдындағы іс”) осыған сәйкес келеді.
Арабтар тұсында қала өмірі ескі шахристандардан сауда-өнеркәсіп топтары
тұрған қала түбіндегі елді мекенге (рабат) ауысады; бірте-бірте бұл
жерлерде де бұған дейін Алдыңғы Азия елдерінде болған қала типі қалыптасты;
мұндай қаланың ерекшелігі базарлар қаланы шығыстан батысқа және
солтүстіктен оңтүстікке қарай қиып өтетін басты көшелердің бойында
орналасатын және осы көшелердің қиылысында қаланың басты мешіті орналасты.
Мұсылман дінінің таралуымен Орта Азияны мекендеген халықтар тән
тазалығына үйрене бастады. Мұны Махмұт Қашқари айғақтайды. Сондай-ақ осы
аймақта қоғамдық моншалардың пайда болуы да ислам діні таралғаннан кейін
болған өзгерістер қатарына жатады. Орта Азияда моншалар VІІІ ғ. бастап
салына бастады. Үлкен қалаларда ондаған (60-80) моншалар болған. Жалпы
моншалардың бұл көптеп салынуы исламның жаппай таралуымен тікелей
байланысты болса керек, өйткені мұсылман діні адамның жан тазалығымен бірге
тәнінің тазалығын да талап етеді.
Біз қарастырып отырған дәуірде Орта Азия халықтарының саудағы деген
қатынасы өзгереді. Бұл жағдай бір жағынан исламның саудаға қатынасымен
түсіндірілсе, екінші жағынан әр түрлі елдер арасындағы шекараларды жойып,
мұсылмандар үшін баж салығын төмендеткен халифаттың Ұлы Жібек жолы бойымен
сауда керуендерінің еш қауіп-қатерсіз, еркін түрде жүруіне ықпал етуінен
деп түсінеміз.
Мұсылман қоғамының бүкіл қаймағы (элита) – Мұхаммед пайғамбардың барлық
серіктері – саудагерлерден, қолөнершілерден, т.б. тұрды, бірақ олардың
қатарында бірде-бір көшпелі бәдәуи болған жоқ, – деп жазды Беленицкий.
Ислам, шынында да, саудаға және саудагерлерге оң көзбен қарағаны
белгілі. Құранда саудамен айналысу барынша дәріптеледі (4 : 38, 64 : 10).
Кейбір зерттеушілер саудаға деген мұндай қатынасты “Мұхаммедтің діні
алғашқыда орташа саудагерлерді экономикалық жағынан біріктірудің құралы
болуынан” деп түсіндіреді. Құран өсімқорлықты қатты сынға алып, айыптайды,
алайда мұның өзі саудамен айналысудың артықшылығын көрсету үшін жасалады (2
: 276). Саудаға осылайша құрметпен қараған құран, сондай-ақ, жеке меншікті
де Алланың қасиеті деп бекітеді. Мұсылман құқығы мен этикасы мұсылманға
лайықты өмір салты деп ауқатты, экономикалық жағынан тәуелсіз қала
тұрғынының өмір салтын есептеді.
VІІІ ғ. басында бүкіл Орта Азияны арабтар жаулап алып, әкімшілік-
басқару жүйесін өз қолына алды. Олар бұл жерде ислам дінімен бірге араб
жазуын да енгізді. Осы территорияда бұрын үстем болған парсы (тәжік) тілі
енді араб тіліне орын берді. Барлық қалалардағы діни білім беретін бастауыш
және басқа да дәрежедегі оқу орындарында сабақ араб тілінде жүрді.
Жергілікті ақсүйек өкілдері араб мәдениетін тез қабылдап, араб тілін
үйреніп алды және арабтармен бірге елді басқаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Араб мемлекеті
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Орта ғасырлардағы (Оғыз дәуірі) Қазақстан жеріндегі мемлекеттер мен олардың мәдениеті
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Түркі қағанаты
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер