ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
КІРІСПЕ
Орта ғасырлардағы мәдениеті жоғары дәрежеде дамыған ел Византия империясы болды. 395 жылы былығы шыққан Шығыс Рим империясы - Византияда орта ғасырларға тән құнды, әрі көркемдік сапасы жоғары мәдени ескерткіштер өмірге келді.
Егер ХІХ ғасыр антикалық мәдениетке бас ұрып, оны тамсана мадақтаса, біздің ХХ ғасырға V-ІV ғасырлардағы Византия мәдениеті тәнті болды. Әсіресе бізге 260 жылға жуық үстемдік еткен орыс халқы Византия мәдениетін көкке көтере мақтап, оны жан-жақты зерттеп, білуге күш салып келеді. Себебі Византия - славян әлемінің ұстазы. Оңтүстік және Шығыс славяндарындағы жазу оларға Византиядан келді. Барлық мәдениет атаулының атасы іспеттес дін де шығыс славяндарына сол Византиядан келгенін мектеп оқушылары да жақсы біледі. Әйнек жасау, храмдар салу істерін де орыстар Византиядан үйренді.
Византия мың жыл өмір сүрді. Осы уақыт ішінде ол көп ұлтты орталықтандырылған мемлекеттің үлгісін құрды. Ол тек дүниежүзілік сауданың орталығы ғана емес, дамыған ауыл шаруашылықты ел болды. Оның әсіресе VІІІ-ХІ ғасырлардағы жер иелену тәжірибесі қазіргі заман үшін де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
Византия империясның қолөнерінде жеткен табыстары да көңіл аударарлық мәселенің бірі. Қоғам ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтардың ынтымақтастығын қамтамасыз ете білу де екі материктің көп ұлтты халықтарынан құрылған мемлекеттің мың жылдан астам өмір сүруінің бір себебі болды. Ұлттық құрамы жағынан біркелкі елдердің өзі, орта ғасырлар кезінде бытыраңқы өмір сүрді. Ал ХV ғасырдан кейін құрылған империялардың бірде-бірі Византия империясы сияқты ұзақ өмір сүре алмады.
Мың жылдан сәл астам уақыт ішінде Византия империясындағы мәдениеттің озық үлгісі жасалды. Бұл үлгі тек Византияға қарыздар славян халқы үшін ғана емес, жетсем, жетілсем екен деген барлық халықтар үшін де өте пайдалы.
260 жылдық бодандықтан босаған қазіргі Қазақстанның халықаралық жағдайы күрделі. Оның тәуелсіздігін нығайту - күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Оның болашағын айқын бағдарлай алуы үшін тек өзінің емес, өзгелердің де өткен жолын дұрыс саралап, сабақ алуы қажет. Сондай өткеннен сабақ алуға лайықты орта ғасырлық мемлекеттің бірі - Византия империясы. Олай дейтін себебіміз - империя негізін гректер қалады. Олар да өз елінде қазіргі қазақтар сияқты, халықтың аз тобын құрады. Соған қарамастан, империяны 1453 жылға дейін ұстап тұрды.
Сондай-ақ, адамзат тарихын зерттеушілер мәдениет мәселесін қамтымай дұрыс пайымдаулар жасай алмайды. Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу керек.
Сол сияқты әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлер болады. Әрбір халықтың, қоғамның белгілі бір т тарихи дәуірдегі даму дәрежесін, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіну, ол қателіктерден дұрыс қорытынды жасау - келешекте қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық табысқа жету кепілі болып табылады.
Сөйтіп, мәдениет тарихын, оның өзекті мәселелерін жете білу - қоғам дамуын табысты басқару кілттерінің бірі. Яғни, мәдениет тарихын жете білу - қоғам дамуының болашағын дұрыс болжай білу кепілі. Сондықтан да Византия мәдениетін, оның қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастарын шешу тәжірибесін үйрену өз тәуелсіздігін 260 жылдан соң қайта алған көп ұлтты біздің республикамыз үшін өте маңызды мәселе деп пайымдауға болады.
Бірақ өкінішке орай бұл маңызды мәселе ғылыми-зерттеу еңбектерінде өз шешімін дәл тапқан жоқ. Сол себепті біз бітіру жұмысымыздың тақырыбы етіп « Ерте орта ғасырлық Шығыс Рим империясының мәдениеті» деген мәселені таңдап алдық.
Бұл мәселеге арналған еңбектер баршылық. Бірақ олар тек орыс тілінде жарық көрген еңбектер. Олардың ішіндегі бірден-бір назар аударарлық еңбек З. В. Удальцованың «Византийская культура»1 деген еңбегі. Ол Византия мәдениетін Шығыс Рим империясының бөлініп шыққан кезінен (395 ж. ) бастап, бұл империяның құлауына (ХV ғасырлардың ортасы) дейін қамтыған. Автор византиялық мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды. Сондай-ақ ойшылдардың, ғалымдардың, жазушылар мен суретшілердің қызметіне жете көңіл бөлген.
Сонан кейінгі бір ерекше көңіл бөлетін еңбектер А. П. Каждан2 мен Е. Э. Липшицтің3 еңбектері. Бірінші - Византия мәдениетінің Х-ХІ ғасырлардағы даму жолын сипаттаса, екінші - Византия мәдениетінің қалыптасуындағы, дамып-жетілуіндегі әлеуметтік топтар мен саяси партиялардың роліне көбірек мән берген.
Византия мәдениетінің мәселелері сонымен қатар «История Византии» деген Мәскеуден 1966-1968 жылдары шыққан үш томдық авторлар ұжымының еңбегінде де жан-жақты сипатталған.
ВИЗАНТИЯ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Византия мәдениетінің қалыптасуы өте күрделі, әрі қарама-қайшылыққа толы процесс болды. Византия жетістіктері (цивилизациясы) варварлар шапқыншылығы кезінде грек-рим дәстүрлерінің соңғы тірегі болып қала берді. Византия мемлекеті де, мәдениеті де жоғалтып кетпей, аман қалды.
Византия мәдениеті империяны мекендеген көптеген халықтардың көркем дәстүрлерінен құрылған еді. Ол мәдениеттің қалыптасуына тек гректер емес, сириялықтар, армяндар, грузиндер, кішіазиялықтар мен славяндар, қырымдықтар мен иллириктің латын халықтары өз үлестерін қосты.
Византия мәдениеті әр халықтың, ұлттың діні мен салт-дәстүрінің арасындағы айтыс-тартыстардың нәтижесінде өмірге келді, орнықты. Византия империясының құрылуымен христиан діні пұтқа табынушылыққа қарсы батыл шабуылға шыға бастады. Ол алғашқыда бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырды. Философия дүлдүлдері Прокл Диадох, псевдо-Дионисий Ареопагит, император Юлиан Отступник4, ІV ғасырдың қызыл тіл шеберлері Фемистий мен Ливаний, тарихшылар Марцеллин мен Зосим (ІV-V) күні батып келе жатқан пұтқа табынушылықты жанталаса қорғап бақты. Пұтқа табынушылықты қорғау тарихта неоплатонизм деп те аталады. Ол өзінің жақтастарынан терең де жан-жақты философиялық дайындықты талап етті. Бұл дайындық халық бұқарасына қиынға түсті, сүйтіп, халықтың ескі діннен алыстауына себееп болды. Ескі, пұтқа табынушылық жойыла бастады.
ІV ғасырда ерекше діни бағыт-ариандық пайда болды. Ол бағыттың негізін Александрия дін басы (священник) Арий (336 жылы өлген) қалаған. Оның ойынша Христос адам емес, нағыз аллалық Логос.
Аридің бұл ілімі алғашында александриялық зиялылар мен қолөнершілер тарапынан қолдау тапты. Үстемдік етуші шіркеу жікке бөлінуден қауіптеніп, Ариді құдайдан безген деп жариялады.
325 - жылы Никейдегі 1-шіркеулік жиында ариилік ілім айыпталып, православиелік дін таңбасы (символ) жасалды. Арий
жер аударылды. Оның жақтастарының император І-Константиннің (285-337, 306-337 император) тұсындағы уақытша жеңісі баянды болмады. 381 жылғы Константинополь жиынында ариилік ілім тағы да қатаң айыпталып, біржолата құдайдан безгендік деп жарияланды.
Дегенмен V-VІ ғғ. ариандық ілім варварлық германдықтар арасында қолдау тауып, Италиядағы варварлық остготтар корольдігі мен Оңтүстік Франция, Испания вестготтары, Солтүстік Африкадағы вандалдар арасында кеңінен тарады. Ариандық ілім римдік батыс провинция халықтары мен басқыншы варварлар арасындағы араздықтың себебі болды.
V ғасырдағы христос төңірегіндегі айтысқа несториандар, монофиситтер мен халкедониттер қатысты. Айтыс төркіні - Христос адам ба әлде құдай ма? Деген мәселе болды. Несториандықтар Христосты әрі құдай, әрі адам деді. Екі тұлғасы бір-бірімен қосылмайды. Ал монофиситтер Христосты тек құдай деп таныды. Ол екі бірдей тұлғада - жай адам, әрі құдай тұлғасында бір мезетте бола алмайды. Монофисттер: құдай басымдағы адам тұлғасын жоқ қылады деп есептеді.
Несториандық Сирия мен Месопотамияда өріс алды. Үстемдік етуші шіркеу тарапынан ұуғынға ұшыраған олар кейінгі кезде Иранға қоныс аударды. Монофиситтерді Египет пен Палестина, кіші Азия мен Армения халықтары қолдады.
Халкедониттер провославиелік діннің никейлік нышанын (325ж. ) қорғады. Ол дін нышаны 451 жылы шақырылған Халкедон жиынында бекітілген болатын. Олар әсіресе монофиситтерге, сондай-ақ ариандықтарға да қарсы болды. Халкедондықтар Христостың үш тұлғасын жақтады. Ариандықтар «Христостың екі тқлғасы бар, олар бір-бірімен қосылмайды» - десе, халкедондықтар Христостың үш тұлғасы бар: біріншісі құдай - әке, екіншісі құдай бала, үшіншісі киелі рух (святой дух) ; ол тқлғалары бірімен-бірі араласып жатады, - деген пікірді жақтады.
Бұл пікірдің негізін ІІ ғасырдың аяғында Феофил, Тертуллиан, ІІІ ғасырда Ориген деген теологтар қалаған. Бұларға қарсы пікірталастар «тринитарлық айтыстар» (грекше «үштік») деп аталады. Бұл ілім адамның құдаймен жақын екендігін, құдайдан таза бола алатындығын дәлелдеуге тырысты.
Шіркеулік күреске белсене араласқан Батыс елдері Рим тағының (престолының) тұғырын нығайтуды ойлады. Олар Христостың мәні туралы философиялық айтыстарға немқұрайдылық, елемеушілік көрсетті. Батыста ерік туралы мәселе төңірегіндегі қызу күрес басталды. Ол пелагиандық деп аталды (диакон Пелагиан атымен) . Адамның еркі құдайға тәуелді емес, өзі қалаған жолмен жүруге құқы бар, сүйтіп инабаттылықтың шыңына жетуге күш салады деп түсіндірді пелагиандықтар.
Олар Батыстағы дінбасы Аврелий Августинның қарсылығына тап болды. Аврелий адамдар тек құдай жолымен жүруі керек, сонда ғана азап-дозақтан құтылады деп көрсетті.
Бұл айтыста бір діни нанымдағы Батыс пен Шығыс философиясының арасындағы алшақтық көріне бастады. Біраз уақыт өткен соң, VІ ғасырда бұл алшақтықтың асқынуы - шығыста православие, батыста - католик шіркеулерінің жеке бөлініп шығуларына әкеліп соқты. Христиан шіркеулерінің көпшілігі Христос әрі адам, әрі құдай деп, ал армян-григорян, копт шіркеулері - Христос тек құдай деп санайды.
Христиан дінін уағыздаушылар ата бабадан келе жатқан мәдениеттін барлық жарқын жақтарын күнделікті діни әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерде кеңінен пайдалануды қолдады. Тілде, мінез-құлықта ертедегі көркемдік, қарапайымдылық, нәзіктік, жүйелілік көріністері дәріптелді. Византия дәуірінде христиандық ғылыми әдебиет тілінің, мазмұнының көріктілігі мен тартылымдығы жағынана ең жоғары сатыға көтерілді.
Қоғамның рухани өмірі өзінің шиеленесушілігімен сипатталды. «Әдебиетте, өнерде христиандық идея бұрынғы пұтқа табынушылық идеясымен, әдет-ғұрыптарымен, бейнелерімен араласып, бірін-бірі ығысытру үшін тайталасып тұрды»5 Жаңа, ортағасырлық мәдениеттің қалыптасу кезеңінде ерекше дарынды ойшылдар, жазушылар мен ақындар өмірге келді. Солардың бірі Ү-ІҮ ғасырларда өмір сүрген Жалған Дионисий Ареопагит. Бұл белгісіз софы Грузиядан шыққан дінбасы Петр Ивер деген жорамал бар. Ол өте көп әдеби-ғылыми мұра қалдырған: «Әулие аттары туралы «Әуе баспалдақтары туралы, «Шіркеу баспалдақтары туралы « …
Ареопагиттің орасан зор діни-философиялық жүйесі неоплатонизм мен христиан ілімін ұштастырған. Оның шығармаларында басты идея - құдайдың әмірінен күшті ештеңе жоқ. Жерді де, ғарышты да, бүкіл әлемді - құдай билейді. Құдайдың еркімен құрылған жүйе өзгерсе де сол құдайдың әмірімен ғана өзгереді.
Жалған Дионисий Ареопагиттің шығармалары ортағасырлық діни-философиялық ой-пікірдің, мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Ірі тұлғаның бірі - Григорий Назианзин болды. Ол тек діни ілім қайраткері ғана емес, сондай-ақ жазушы, ақын болды. Өмір қиыншылығын көп көрген, артық дүние-мүлік дегеннен өте аулақ болған аскет өзінің жан дүниесін өлең арқылы ақтарып отырған, сол өлеңнен, творчесводан ләззат алып, опасыз деп санаған күнделікті өмір күйбеңіне белсене араласпаған.
Ол өз заманының қаталдығын, достарының сатқындығын, шіркеу адамдарының өсек-аяңдарын, ала аяқтықты әшкереледі. Г. Назианзинның шығармаларына өз өмірбаянына талдау жасау, қайсыбірінде толғанушылық тән. Өз өмірбаяны бойынша жазылған «Менің өмірім туралы», «Менің тағдырым жайлы», «Менің жан толқуларым» т. б. шығармаларында «мен кіммін, қайдан келдім, қайда барам білмеймін ? Жол көрсетер ешкімді де көрмеймін …»6, - деп налиды. Өмірден, өз басынан күдер үзу, налу, қажығандық Григорийдің өмірінің соңғы кезіндегі поэзиясында жиі кездеседі. Григорий поэзиясының ашықтығы Батыстағы атақты Августинның «Өсиетімен» теңеседі.
Ертедегі ортағасырлық Византия әлеміндегі жарық жұлдыздардың бірі ақын Роман Сладкопевец (V ғасырдың аяғы - 555 жж. ) болды. Өлеңдерінің қуаттылығы мен тереңдігі жағынан ол VІ ғасырда шіркеу поэзиясында 1-орын алды. Ол өз туындыларында Сириялық және Грециялық дәстүрлерді ұштастырды. Оның зор еңбегінің бірі - литургиялық поэма жасауы болды. Ол «Кондак» деп аталды. Оның әділ, тереңнен қозғаған сын-сықақтары византиялықтар арасында атақ-даңқын өсіре түсті. Халықтың ауыр тұрмыс жағдайын айнытпай жеткізеді.
Енді бір шығармаларында Роман оқушы көңілін оның замандастарын толғандыратын тұрмыстық мәселелерге аударды. Романның көркемдік тұлғасы өте жоғары өлеңдерінде әуелгі Византия адамдарының рухани әлемі бейнеленген. Романның мазмұнды өлеңдері өзінен кейінгі ақындарға үлкен ықпал етті. Өзінің гимдеріне жазған музыкасында халықтық нақышты пайдаланған.
Византиядағы ІV - VІІ ғасырлардың І - жартысындағы саяси - әлеуметтік және идеологиялық күрес византиялық тарихшылардың діни, бағыттағы да, тұрмыстық бағыттағы да шығармыларында өз көрінісін тапты. Ол кездегі тарихи әдебиет өте бай. Ежелгі Византия кейінгі қрпаққа Аммиан Марцеллин, Евнапий, Олимпиадор, Зосим, Приск Панийский, Пркопий Кесарийский, Агафий Миренейский, Менандр Протиктор, Феофилакт Симокатта сияқты бір топ талантты дарынды тарихшылардың еңбектерін қалдырды. Олардың ішінен әсіресе шоқтығы биік тұрғандары Аммиан Марцеллин мен Прокопий Кесарийский. Ал олардан соң Агафий Миренейский мен Феофилакт Симкатта еңбектері де өте құнды.
Аммиан Марцеллин (330-395) - соңғы римдік, алғашқы византиялық тарихшы - грек. Ол Рим империясын дәріптеді. Бұл тарихшы туралы мәліметтер өте аз. Аммиан Сирияның астанасы Антиохияда зиялы отбасында туып-өскен. Ол қызығы да қиыншылығы мол өмір сүрді. Өте зор табыстар, қуаныштары қайғы-қасіретпен, түңілумен аралас өмірді басынан өткізді. Жастық шағын Рим армиясының жауынгері ретінде жорықтарда өткізді. ІҮ ғасырдың 80-жылдарында Аммиан өкімет басшыларының ызғарына ілігіп, шығыстан Римге қарай қоныс аударса керек. Сол жақта «Деяния, или История» деген Рим империясының 378 жылға дейінгі тарихын жазды.
Римде Аммиан келімсек-кірменің ащы тағдырын да, білімді, парасатты қауым арасында табыстың тәтті дәмін де татты. Аммиан Марцеллин - ежелгі Римнің қызу қолдаушысы, оған жан-тәнімен берілген азаматы. Өзі өмір сүрген кездегі императорлардың зорлық-зомбылығын, олардың байлыққа құнығып, пендешілікке салынғанын әшкерелейді.
Аммиан «рухани байлықты дүниеқоныздықтан жоғары қояды, ал парасатты (ақыл-ойды) қара күштен жоғары бағалайды»7. Өз заманының ұлы, Аммиан тағдырға, жанның о дүниеде өмір сүретініне кәміл сенеді. Аммиан сол кездегі ірі-ірі тарихи тұлғалардың бейнесін суреттеген көркем сөз шебері болды. Аммианның бейнелеу әдістері өте көп. Ол әсіресе жақсы мен жаманды, инабаттылық, зиялылық пен дөрекелік, топастықты қатар қою тәсілін жиі қолданған. Аммиан бұқаралық көріністерді де өте шебер бейнелей білген. Оның көл болып аққан қанды, үйіліп жатқан өліктер мен жеркөкті күңіренткен өлер алдындағы ыңырсуларды дәл бейнелеуі өте үлкен әсер қалдырады. Дегенмен оның атағын император мен сол кездегі ірі саяси қайраткерлер туралы жазылған шығармалары шығарды.
VІ ғасыр тарихи шығармаларға өте бай кезең болды. Сол кездегі тарихшылар арасынан әсіресе өзінің ақылмен, дарынымен, білімділігімен ерекше көзге түсіп, 1-орында тұратын оқымысты - Прокопий Кесарийский. Ол - 500-565 жылдар аралығында өмір сүрген, сириялық грек. Тамаша білім алған шешен, заң маманы. Өмірін сарайдағы, дипломатиядағы қызметтерге арнады. Қолбасшы Велисарийдың кеңешісі, өкілі бола жүріп, онымен бірге талай - талай жорықтарға қатысты. Мысалы: Солтүстік Африкадағы вандалдар корольдығын, Италиядағы остготтар мемлекетін жаулап алуға, парсылықтарға т. б. империя жауларына қарсы соғыстарға қатысты. «Заң істерінің кеңесшісі» атағын алды.
Прокопий өз заманының көптеген мемлекет басшыларымен, көрнекті қолбасшыларымен таныс болды. Сондықтанда ол әрқашан қызу қайнаған саяси өмір ортасында жүрді. Өзінің ауқымды білімін, өмір тәжірбиесін тарихи шығармаларына арқау етті.
«Юстинианның парсылармен, вандалдармен, готтармен соғысының тарихында», «Юстинианның құрылыстары туралы» «Құпия тарих» деген трактаттарында Прокопий өте үлкен, күрделі тарихи кезеңді шебер суреттеген. Бұл еңбектерді VІ ғасырдың этно-географиялық энциклопедиясы деуге болады. Оқырманның көз алдынан кәдімгі тірі сахнадағыдай Солтүстік Африка, Италия, Испания, Балқан, Иран, Оңтүстік Шығыс Азия елдері өтеді.
Қоғамдық сатының ең жоғары басқышынан оған әлем өте өткір әлеуметтік-саяси қақтығыстар тұрғысынан көрінеді; ол саяси қайраткер ретінде ой тоқтатты, ол мемлекеттер мен халықтардың соғысын, империя билеушілері мен варварлар королдерінің қақтығысын көрді, оған барлық сарай құпиялары белгілі болды. Ол алыс жорықтардың қатал сынынан өтті, сарайдың өте қымбат салтанатты өмірін жақсы білді, мықтылардың қолдаушылығының тәтті дәмі мен қудаушылығының ащы дәмін татып көрді. Көп ойланып - толғанудың нәтижесі - «Құпия тарих» болды. Құпия жағдайда жазылған бұл еңбегінде империя мен оның басшыларының кемшіліктері мен күнәләрін еш бүкпесіз ашып көрсетеді (шындықты шыңғырып айқысы келді) .
«Император Юстиниан тақтығы зұлым, Византия империясын күйретуші жауынгер» ретінде суреттелген. «Юстиниан мен оның жұбайы Феодора қоршаған ортаның тыныштығын бұзып, ел-жұртты үлкен, үрейлі апатқа апара жатқандай» көрсетіледі. Өз заманына қатал сын көзбен қарай отырып, Прокопий, одан 200 жыл бұрын өмір сүрген Аммиан сияқты, бұрынғы Римді, оның ұлылығын мақтаныш сезіммен дәріптейді.
Аммиан сияқты, Прокопий де ақсүйек сенаторлардың идеялық армандарын, өкініштерін білдірді. Прокопий - ескі сенаторлық идеяның жақтаушысы. Прокопий мемлекет қайраткері, ақсүйектерді дәріптеп, қара халықты көргісі келмейді, елемейді. Таңдаулы адам болу тек ақсүйектер маңдайына жазылған, сонау атам заманнан бері әкеден балаға көшіп отыратын мұра. Прокопийді көбінесе шамамен 536-582 жж. Аралығында өмір сүрген тарихшы әрі ақын Агафий Миринейскиймен салыстырады. Агафий Кіші Азиядағы Мирин қаласының ақсүйек жанұясында өмірге келген. Александрия тамаша білім алған Агафий астанада адвокаттық жұмыс істеді. Оның жас кезі Константинопольдің «алтын жастарының» арасында өтті. Ол жасында поэзиямен көп айналысты. Оның лирикалық өлеңдері «Дафниака», «Цикл» деген жинақтарда басылды. Жанұясы кедейленіп қалған соң Агафий күнін адвокаттық іспен көрді. Бұл қызметті оның жаны ұнатпайды, ол шығармашылықпен айналасуды аңсады. Агафий «Юстиниан патшылығы турлы» деген еңбек жазды. Ол Прокопий шығармаларының жалғасы болды. Терең білімді Агафий византиялық зиялылардың идеологы болды.
Егер Прокопий мемлекет қайраткері болып, билік пен байлықты аңсаса, Агафий ғалым, тарихшы, атақты жазушы болуды армандады. Сарай маңы, ондағы көзбояшылық пен жағымпаздық ғылыммен айналысуға мүмкіндік бермейді. Оқымыстыға тыныштық пен жалғыздық қажет. Агафий тарихта ақын, Прокопий - жазушылықтан гөрі саясатшы. Агафийге қарағанда Прокопийдің саяси ой-өрісі кең. Оның еңбектерінде тарихи болашақ бейнесін табады. Уақиғаға терең әлеуметтік, саяси талдау жасау - Прокопий еңбектеріне тән қасиет. Прокопий шығармаларындағы басты тұлға - үйретуші, уағыздаушы. Ол тарихтан өткеннің күлін іздемейді, от - жалынын іздейді.
Прокопий үшін мемлекеттік және сафси басшы үлгісі-сенат еркімен шектелген монархия. Ал сенат жоғарғы рим ақсүйектерінің мүддесін қорғауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz