Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1 – тарау. Хэйан поэзиясы – танка үстемділігі “Кокинсю” өлеңдер жинағы 4
2 – тарау. §1 Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари. 6
Қорытынды 10
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 11

КІРІСПЕ

794 жылы астана Нарадан “Тыныштық пен бейбітшілік астанасы” деп
аталған Хэйан-кеға ауыстырылғаннан бастап Жапон тарихында төрт ғасырға
созылған әлі күнге дейін ұрпақтар ықыласына бөлінген, жапон мәдениетінің
“алтын ғасыры” атанған Хэйан дәуірі басталады.
Өркениеттің жарқырап дамуы, аса күрделі қытай әкімшілік жүйесінің
орнауы, ағартумен білімділіктің аса жоғары деңгейі, күнделікті өмір мен
тұрмыстың байлығы, қоғамдық қатынастардың қарқынды дамуы, өнердің гүлденуі
мен әдебиеттің аса ерекше шарықтануы осы ғажайып кезеңнің басты
ерекшеліктері болып табылады.
Саяси тұрақтылық қоғамның жоғары топтарының астанаға ағылуына
мүмкіндік берді, және де ол өзін алдынғы қатарға қоятын адамға сай жалғыз
орын болып саналады. Ал, астана ақсүйектерінің ұмтылысысол кездегі мәдени
құндылықтар орталығы, император сарайы болатын.
Хэйан дәуірінің тағы бір ерекшелігі, бұл қоғам мен мәдениеттегі
әйелдердің орны. Аттарын тарихта мәңгі қалдырған, сол кездің шоқ жұлдыз ұлы
әйелдері Мурасаки Сикибу, Сэй Сенагон, Митицуна но хаха, Оно-но Коматы,
Издуми Сикибу аса ерекше, бүкіл әлемде теңдесі жоқ, ғасырлар бойы
зерттеулердің нысаны болып отырған әдебиетті, әйелдер әдебиетін
қалыптастырды.
Хэйан дәуірін нағыз әдеби кезең деп айтуға болады. Әсіресе,
5асырларда ол аса қатты гүлденеді. ғасырда хэйан поэзиясы жоғары
дәрежеге жетіп, 905 жылы танканың озық үлгілерін берген “Кокинсю”
антологиясы шығады. Ал ғасыр болса хэйан прозасының шырақтануына
тұспа-тұс келеді. 1001 жылы хэйан романының ең жоғарғы жетістігі болып
саналатын Мурасаки Сикибудің “Гэндзи моногатари” шығады. Осы екі төбенің
айналасында бір қатар өлеңдер жинақтары, повесттер мен романдар орналасады.
Және де бірнеше жаңа әдеби жанрлар: күнделіктер, эссе жазбалар, саясаттар
пайда болып дамиды.
ғасыр хэйан әдебиетінің де, онымен байланысты болған таптың
да құлдырауымен сипатталады. Билеуші тап саяси ыдыраумен байланысты өзінің
өмірлік күші мен мәдени шығармашылық қуатынан айрылып, өз өзіне еліктеу
кезеңіне өтеді. Өз табы мен өз мәдениетінің өтіп бара жатқанқуаты мен
атағына жалтақтау басталады. “Эйга-моногатари” – “Гүлдену туралы повесть”
сияқты тарихи роман шығады.
Жапонияда хэйан әдебиеті көркем стиль жағынан, өңделуі жағынан,
құндылығы жағынан “классикалық” болып саналады. Қазіргі Жапония мен
жапондықтардың сипатының қалыптасуында да бұл өдебиеттің ықпалы зор болған.
Сондықтан ол өз маңыздылығын ешқашан жоймайды.

1 – тарау. Хэйан поэзиясы – танка үстемділігі “Кокинсю” өлеңдер жинағы

Хэйан дәуіріндегі поэзия тек қана бір жол формасын, танканы
қолданады. Бұл форма 5-7-5-7-7 ретімен ауысып отыратын және бір жолға
жазылатын бес өлеңнен (екеуі бес буынды, үшеуі жеті буынды) тұрады. Барлығы
31 буын. Танка сол кездің поэзия шығармашылығында жалғыз қалып болды. Ол
“Ямато өлеңдерінің” синонимдеріне айналып, үш формаға негізделген (танка,
сэдока және нагаута) вака поэзиясы (тура аударғанда “жапон өлеңі”) тек қана
танка деп қабылданды.
Танканың бұндай беделі бірнеше себептермен түсіндіріледі, соның
ішінде поэзияның сол қоғамдағы орны ерекше айтылады. Жапон поэзиясы өзінің
қолдану ауқымының аса кеңдігімен ерекшеленеді. Хэйанда ол өміріне терең
сіңді, сарай мәдениетінің міндетті бөлшегіне айналды. Бұл жерде сарай өлең
сайыстарында суырып салмалыққа, өлең түрінде кез келген оқиғаға бірден сөз
табу, тез және тапқыр жауап беру қабілетіне қандай үлкен мәнбергендігін
айта кету керек. Сондықтан поэзия әдетте нақты бір жағдаймен байланысты,
белгілі бір оқиғаға бағытталған. Бұны сол кездегі өлең жинақтарындағы
берілген өлеңнің қандай жағдайда туғанын түсіндіріліп өтетін, прозалық
контекст котобагакиден көруге болады. Хэйан дәуірінің әйгілі өлең
жинақтарының бірі – “Кокивакасю” (“Екі және жаңа жапон өлеңдерінің жинағы”
922 ж.), қысқаша “Кокинсю”. Император қалауымен құралған алғаш өлең жинағы
болып, осындай жинақтар құрастыру дәстүрінің негізін қалады, және де одан
кейінгі өлеңдер топтамаларының құрылымы мен материалдар іріктеу
принциптеріне әсер етті. Онда негізінен бір-ақ жанр, танка үстемдік етеді.
(1100 өлеңнің 1091-і), бар болғаны төрт өлең сэдока жанрына, бесеуі
нагаутаға жатады.
Хэйан дәуірінің ортасында поэзияның басты қызметі эстетикалық болды.
ғасыр аяғына таман моно-но аварэ – заттардың жасырын әсемдігі
принципі қолданыла бастады. Ақын міндеті – затта немесе құбылыста жасырынып
тұрған әсемдікті байқап, өз сезімін өлең арқылы білдіру. Хэйандықтар үшін
заттың жасырын әсемдігін ашуда негізгі қару – сөз болды.
“Кокинсюді” құрастырушылар Жапониядағы поэзия шығармашылығының дамуының
алғашқы кезеңін, және де жапон поэтикасындағы теориялық ой дамуының алғаш
межесін қорытындылады. Бағалауды, классификациялауды, іріктеуді талап еткен
көп материал жинақталып қалды. Екі соңғы міндет жинақтың өз ішінде-ақ
шешімін тапты.
Ал біріншісі – алғы сөзі мен соңғы сөзінде. Оны негізінен, өз алғы
сөзінде Цураюки шешті, өйткені Есимоти соңғы сөзінде қысқартылған түрде сол
идеялар айтылады. Цураюкидің “Кокинсюға” алғы сөзі поэзия теориясы бойынша
алғаш еңбек болып, әдеби-сын ойын дамытты. Сондықтан жапон поэзиясының
ережелер жүйесін қалыптастырған Цураюкидің алғы сөзі біз үшін жапон
поэзиясына көңіл бөлгендер үшін аса маңызды.

Цураюки сөзінше, өлеңнің қайнар көзі болып адам жүрегі, яғни сезім
табылады. “Ямато өлеңдері, сендер бір ұрықтан – адам жүрегінен өсесіндер
және көптеген жапырақтар шоғы – сөздер болып жайыласындар”[1].
Танка поэзиясында жалпы поэзияға тән қайталану, қосарлану, салыстыру,
метафора, гипербола сияқты тәсілдер қолданылады, дегенмен жапон поэзиясының
ерекшелігін құратын макура-котоба, кіріспе-дзе, юкари котоба, утамакура,
энго, хонкадори сияқты тәсілдер де бар. Кейде олар жалпы поэзиялықтармен
қосылып кетеді, өйткені олар кейбір қызметтері мен формаларында салыстыру,
метафора, аллегория сияқты қолданылады. Дегенмен, жалпы алғанда бұлар
мүлдем басқа деңгейдегі тәсілдер. Сондықтан оларды бөлек қарастырып өткен
жөн.
Фудзивара Кинто ғасырда жапон ақындарына бірінші сөзден-ақ мәнін
айтып салу әдепке жатпағандығын айтып кеткен. Сондықтан олар әрдайым
кіріспе сөздерді қолдана отырып, негізгі мағынаны шегіндіруге тырысқан.
Осындай кіріспе сөздердің бірі болып макура-котоба саналады. Макура-
котоба – тура аударғанда “бас жақ сөзі” – ерекше поэзиялық эпитет. Белгілі
бір сөзді жалпы мағынада анықтай отырып, ол текстте оның алдында келеді
(жапон тілінің грамматикасына сәйкес). Мысалы:

Амакумо-но Аспандағы бұлт болып,
Есо-ни мо хито-но Меннен алыстап
Нариюку ка Кеттің емес пе сен.
Сасуга-ни мэ-ни ва Менің көзім
Миюру моно кара Сені көрсе де.

Өлеңнің алғы сөзінде бұл өлең сол кезде атақты ақсүйек Ки-но
Арицунэнің қызының қолымен, өз сүйіктісі солардың үйінде жүре тұра онымен
кездесуден қашқан ақын Аривара Нарихираға арналып жазылғандығы айтылған.
Дзенің көп жерлері макура-котобаға ұқсайды. Макура котоба сияқты ол
да риторикалық әжекей, және әдеттегідей анықтайтын сөз немесе сөз
тіркесінің тура алдында тұрады, макура-котоба сияқты ол да өлең мазмұнымен
тура байланыспайды, оның құрамына кірмейді.
Дегенмен дзе “бас жақ сөзінен” айтарлықтай алыс жатыр. Онда негізгі
мазмұнмен басқаша қатынас, оның табиғаты, құрылымы мүлдем өзгеше. Әдетте
оның көлемі шектеусіз. Ол тек өлең көлемінен ғана шектеледі. Мысалы,
нагаута танкадан қарағанда дзе көп көлем береді. Кейбір кіріспелер кейде
отыздан көп шумақ береді. Танкадағы дзенің орташа көлемі – бір жарым –
екіден бастап үш шумаққа дейін. Бірақ макура-котобадан қарағандағы үлкен
көлем жаңа қасиетті тудырады: баяндалу бөлшектерінің көп болуы. Бұл әсіресе
дзе өлең құрылымының ауқымды бөлігін құрағанда қатты білінеді.
Кокинсюдің бастаушысы деп ол VIII ғасырды шыққан Маньесю жинағын
санайды. Бастапқы тарауында осы жинаққа Цураюки арнайы тоқталып, оның шығу
тарихын, оны құраған шығармаларды, оның басты ақындары деп саналып, жапон
әдебиетіне “поэзияның екі арысы” болып енген Какиномато Хитомаро мен Ямабэ
Акахито шығармаларын сипаттаған. Осылайша ол Кокинсюді Маньесюдің жалғасы
іспетті таныстырып, сол арқылы сол кездегі жапон халқының Маньесюға, жалпы
алғанда осы сияқты өлең жинақтарына үлкен ден қойғандығын көрсетіп
береді[2].
Сонымен қатар, Цураюки Кокинсю жинағына енген шығармалар авторларына
да тоқтала кетеді. “Алтын мәңгі ақындар” (Роккосэн) деп жапон әдебиетінде
аттары қалған алты ақынға да мінездеме беріп өткен. Олар: Аривара Нарихири,
Епископ Хендзе, Бун’я Ясукидэ, Монах Кисэн, Оно Комати және Отомо Куронуси.
Цураюки мен оның тобы жинақ өлеңдерін тематикалық ретте орналастырды:
ең бірінші “жылдың төрт мезгілі” бөлімі, одан кейін жалпы мағынада және
арнайы иператорға бағытталған “мадақтау” бөлімі, ал одан кейін “махаббат”
бөлімі, арнайы “ажырасу” бөлімі және тағы басқа бөлімдер
орналастырылған[3].
Мадақтау бөлімі болса императорға, мемлекетте арналған немесе кез
келген басқа біреуге арналған сәлемдеме, құттықтау түріндегі мадақтау
өлеңдерден тұрады. Бұл жердегі тырна мен тасбақаның бейнесі түсінікті де,
табиғи, өйткені бүкіл Қиыр Шығыста екеуі де, қайың сияқты ұзақ өмірдің ең
көп тараған белгілерінің бірі еді.
“Кокинсю сөзсіз үлгіге айналды: осыдан кейігң императорлық
Антологиялардыңбәрі де оған қарап соның үлгісінде жазылып отырды. Сонымен
қатар ешқандай Анталогия осы “көне және жаңа Ямато өлеңдерінің жинағы”
сияқты шын мәнінде көркемдік маңыздылығы жағынан да, стилистік өнері
жағынан да толысқан өлеңдерді бермеген.

2 – тарау. §1 Прозаның алғашқы қадамдары. Исэ-моногатари.

Хэйан дәуірінде зерттеушілер хэйан қоғамының өз елінің ғана емес,
бүкіл ортағасырлық әлем әдебиетінің дамуына қосқан орасан үлесі деп
қарастыратын ерекше құбылыс бастамасын алды. Ол құбылыс – роман. Әрине,
проза тарихының әр кезеңінде оның өзіндік сипаты, атауы болатындай
Жапонияда да ол айырықша. Бұл жерде оны “повесть” дегенді білдіретін
“моногатари” сөзімен белгіленген, және бұл атау шығарманың кез-келген
көлемі мен кез келген түрлік сипатына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хэйан поэзиясы – танка үстемділігі Кокинсю өлеңдер жинағы
Қазақ және Жапон әдеби байланыстары
ХҮІІ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. Жапония
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Заманауи жапон мәдениетіндегі синтоизм
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Жапон әдебиеті
Программаланатын логикалық интегральды сұлбалар туралы негізгі мағлұматтар
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ
Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні
Ұлттық діндер
Пәндер