Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы



Экономикалық даму . қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ .ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Ал қазіргі экономикалық өсуге келсек, ол . өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде артуы кезіндегі экономикалық даму.
Қазақстанның тұрақты даму жағдайына келер болсақ, Республикамыз табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикалық өсу негізінен шикізатты экспорттау, яғни әлемдік рынокта мұнай, газ, уран және әртүрлі металдарды өткізу есебінен болады. Қазақстанның моношикізатты бағыттағы ел болып қалмауы үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай және газ өңдеуді, химия және машина жасау салаларын, қызмет сферасын, туризмді, өндірісті дамыту қажет. Әлемдік қауымдастыққа табысты интеграциялану оның барлық элементтерімен, ерекше трансұлттық корпорациялармен оңтайлы өзара әрекет тетігін қалыптастыруды қажет етеді. Ол үшін трансұлттық корпорациялар тарапынан болатын ішкі нарықтағы бәсекеге төтеп беретін, сонымен қатар сыртқы нарықта берік орын ала алатын қуатты отандық экономикалық құрылымдар құру қажет. Басқаша айтқанда, аса ірі трансұлттық бағыттағы қазақстандық корпорациялар құру, ұлттық экономиканың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фактор болуы мүмкін. Қазақстанда бұл мәселені шешудің қолайлы алғы шарттары бар. Кеңес үкімет кезінде салынған ірі кәсіпорындар ел экономикасының негізін құрайды. Қазіргі кезеңде әлемдік экономиканың дамуында халықаралық корпорациялардың рөлі ерекше. Бүгінгі күні ғаламдық трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды және тиімді құралы болып отыр. Ал әрбір елдің экономикалық табыстылығы сол елдің халықаралық еңбек бөлінісінде алатын орнына, осындай корпорациялар бақылайтын әлемдік технологиялық үдерістердегі үлесіне байланысты. Осындай жағдайда өтпелі экономикасы дамыған елдердің үкіметтері дұрыс макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс. Әлемдік экономикалық байланыстарға тиімді қосылу мәселелерін шеше отырып Қазақстан Республикасы трансұлттық экономикалық қызмет жүйесінің күрделілігін ескеруі керек.
Бұл курстық жұмыстың барысында негізгі көздеген мақсатым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік . экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл . ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу, жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, ішкі рынокқа озық технологияларды, тауарларды, қызметтерді және инвестицияларды қатыстыруды, халықаралық сапа стандарттарын енгізуді кеңейту нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін туғызуды, сонымен қатар Қазақстан экономикасын халықаралық компаниялардың әсері арқылы дамуытуды қарастыру болып отыр.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Экономикалық даму – қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде
жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ -ң артуы кезіндегі
ұлттық шаруашылықтың дамуы. Ал қазіргі экономикалық өсуге келсек, ол -
өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты
түрде артуы кезіндегі экономикалық даму.
Қазақстанның тұрақты даму жағдайына келер болсақ, Республикамыз
табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикалық өсу негізінен
шикізатты экспорттау, яғни әлемдік рынокта мұнай, газ, уран және
әртүрлі металдарды өткізу есебінен болады. Қазақстанның моношикізатты
бағыттағы ел болып қалмауы үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін,
инфрақұрылымды, мұнай және газ өңдеуді, химия және машина жасау салаларын,
қызмет сферасын, туризмді, өндірісті дамыту қажет. Әлемдік қауымдастыққа
табысты интеграциялану оның барлық элементтерімен, ерекше трансұлттық
корпорациялармен оңтайлы өзара әрекет тетігін қалыптастыруды қажет етеді.
Ол үшін трансұлттық корпорациялар тарапынан болатын ішкі нарықтағы
бәсекеге төтеп беретін, сонымен қатар сыртқы нарықта берік орын ала алатын
қуатты отандық экономикалық құрылымдар құру қажет. Басқаша айтқанда, аса
ірі трансұлттық бағыттағы қазақстандық корпорациялар құру, ұлттық
экономиканың халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын фактор болуы
мүмкін. Қазақстанда бұл мәселені шешудің қолайлы алғы шарттары бар.
Кеңес үкімет кезінде салынған ірі кәсіпорындар ел экономикасының негізін
құрайды. Қазіргі кезеңде әлемдік экономиканың дамуында халықаралық
корпорациялардың рөлі ерекше. Бүгінгі күні ғаламдық трансұлттық
корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды және тиімді құралы
болып отыр. Ал әрбір елдің экономикалық табыстылығы сол елдің халықаралық
еңбек бөлінісінде алатын орнына, осындай корпорациялар бақылайтын әлемдік
технологиялық үдерістердегі үлесіне байланысты. Осындай жағдайда өтпелі
экономикасы дамыған елдердің үкіметтері дұрыс макроэкономикалық саясат
жүргізуі тиіс. Әлемдік экономикалық байланыстарға тиімді қосылу мәселелерін
шеше отырып Қазақстан Республикасы трансұлттық экономикалық қызмет
жүйесінің күрделілігін ескеруі керек.
Бұл курстық жұмыстың барысында негізгі көздеген мақсатым, Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық
өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары
индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу, жоғары индустриалды
қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және
сапасымен, ішкі рынокқа озық технологияларды, тауарларды, қызметтерді және
инвестицияларды қатыстыруды, халықаралық сапа стандарттарын енгізуді
кеңейту нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін жағдайлар жасау мүмкіндігін туғызуды, сонымен қатар Қазақстан
экономикасын халықаралық компаниялардың әсері арқылы дамуытуды қарастыру
болып отыр.
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫ

1.1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ

Қазақстан тәуелсігін алғаннан кейiн (1991) экономиканы реформалаудың
бiрнеше тәсілдерін қолданды. Мемлекеттік экономикасы саясатының базалық
бағыттары мыналар болды: 1) соц. экономикадан кейiнгi қайта құру; 2)
дағдарысқа қарсы бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру; 4) дүниежүз. экон.
дағдарысты еңсеру; 5) экон. өрлеудi қамтамасыз ету. Бiрiншi кезең (1991—
92) Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi экон. жағдайдың шиеленiсiп,
құлдырауымен сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты
секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне
өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта
жүргiзiлген экон. саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың басында ҚР-ның экон. саясаты соц. экон. жүйенi өзгертуге және
ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар
болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеум.-экон.
аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экон. қызмет
нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi
тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада
жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және
орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай
жасау.
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет.,
металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi.
Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан,
магний, қарашiрiк, синтет. каучук, шайыр, пластмасса, хим. талшықтар,
автомоб. шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент, металл жонғыш
станоктар, ұсталық-сығымдағыш жабдықтар, қақтау стандарын, күш
трансформаторларын, рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын, тракторлар,
экскаваторлар, т.б. өндiредi. Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан — тауар
рыногiне мұнай, газ, қара, түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн
шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы
болып табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы осы өнеркәсiптiң
үлесiне тидi. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар.
Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында. 250-ден астам мұнай-газ
кенiштерi ашылды, олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде, негiзiнен
Атырау обл-нда. Олардың iшiнде 1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз
кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат қоры 700 млн. т-ға жуық
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол,
Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл кенiштерi бар. 2000 ж.
Қазақстанда Солт. Каспий қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды.
Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель,
ал өндiрiп алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық. Атырау обл-ндағы аса
iрi кенiштер: жалпы қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның бастапқы
өндiрiп алынатын қоры 700 млн. т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп
алынатын қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т). Маңғыстау обл-
ндағы аса iрi мұнай кенiштерi: Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат.
Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен
газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада мұнай-газ саласын 2002 ж.
“Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық
компаниясының бiрiгуi жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы
басқарады. Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының
қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл” бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-
Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”,
“Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.).
Мұнай-газ секторының өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне экспортқа
шығарылады (аса iрi импортшылар: Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина,
Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында мұнай мен газ конденсатының үлесi
2001 ж. 49,3% болды.
Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде түстi металлургияның үлесi
11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан әлемде тазартылған мысты iрi көлемде
өндiрушiлер мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады. Республиканың әлем
бойынша мыс өндiрудегi үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары:
Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында мыс пен мыс
қорытпалары 7%. Тазартылған мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы өндiредi,
ол Қазақстанның түрлi аймақтарында бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және
энергия нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен
әлемде 8-орында. Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн темiр
кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады. Қазақстанның қара
металлургиясы өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi. Мұндағы аса
iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы “ИспатКармет” металлургия комбинаты, ол шойын
мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын
өндiредi. Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет елдерге экспортқа
шығарылады. Сондай-ақ, “Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан марганец
және темiр-марганец кентастарынан жоғары сапалы марганец концентраттарын
өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың мол қоры бар, ферроқорытпа з-
ттары жұмыс iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi кәсiпорындарының
көбi шетелдiк және отандық компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996 — 97 ж.
кен байыту және металлургия кәсiпорындарын бiрыңғай технол. тiзбекпен
байланыстырған iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”, “Қазақмыс”
корпорациясы, “Қазақстан алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары, “Қазхром”
Ұлттық акцион. компаниясы.
Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда, әлемде барланған уран қорының
25%-ы Қазақстанда.
Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногор
полиметалл, Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия, Ертiс полиметалл,
Жезкент кен-байыту комб-тары жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр тобы
— Өскемен титан-магний, Белогор кен-байыту комб-тары, Үлбi металлургия,
Ертiс химия-металлургия з-ттары сирек металдармен олардың қосылыстарын,
т.б. шығаруға мамандандырылуда. Республикада 3 мұнай айыру з-ты, сары
фосфор алынатын фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен “Қазфосфат” ЖШС
жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау” кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты,
Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.

Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы
көлемiнде 3%-ға жуық. Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда Ауыр машина
жасау з-ты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солт. аймақта
“Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”,
“Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд. зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты”
АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар а. ш.
машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар, двигательдер, көшпелi электр
ст-ларын, тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен электр энергиясының
шығынын есептейтiн есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс
индустриясының дамуына ел ордасының Астана қ-на көшiрiлуi жаңа серпiн
бердi. Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң көлемi республика өнеркәсiп
өнiмiнiң жалпы көлемiнде 4%-ға жуық.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк тасымал
саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк
магистралiнiң ұз. 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — т. ж., 87,4 мың км
— автомоб. жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында
Достық — Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында
Серакс – Мешхед т.ж. өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа
транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао,
Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран,
Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi
туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының торабы Ресей
Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға,
Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нiң, Үндi мұхитының порттарына
шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты
арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-
не шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi
компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Бүгінгі күні ғаламдық
трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды және
тиімді құралы болып отыр. Ал әрбір елдің экономикалық табыстылығы сол
елдің халықаралық еңбек бөлінісінде алатын орнына, осындай корпорациялар
бақылайтын әлемдік технологиялық үдерістердегі үлесіне байланысты. Осындай
жағдайда өтпелі экономикасы дамыған елдердің үкіметтері дұрыс
макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс. Әлемдік экономикалық байланыстарға
тиімді қосылу мәселелерін шеше отырып Қазақстан Республикасы трансұлттық
экономикалық қызмет жүйесінің күрделілігін ескеруі керек.
Қазақстан Еуроазия құрлығының ортасында орналасқандықтан транзиттiк
тасымал саласында айтарлықтай орын алды. Республиканың жер бетiндегi көлiк
магистралiнiң ұз. 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км — т. ж., 87,4 мың км
— автомоб. жолы, 4 мың км — өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында
Достық — Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелi, Түрiкменстан мен Иран арасында
Серакс – Мешхед т.ж. өткелi салынған соң Ұлы жiбек жолы бойында жаңа
транзиттiк дәлiздер ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган, Циньдао,
Тяньцзин порттарынан Қазақстан, Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран,
Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының порттарына қатынау мүмкiндiгi
туды. Бұл жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының торабы Ресей
Федерациясына, бұрынғы одақтық республикаларға, сондай-ақ, Қытайға,
Түркияға, Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нiң, Үндi мұхитының порттарына
шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты
арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-
не шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы, басқа да жетекшi
компаниялары жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Экономикалық интеграцияны
тереңдетудегі келесі қадам — 1995 жылы қаңтардың 20-нда Қазақстан, Ресей
және Беларусь үкіметтерінің басшылары Кедендік Одақ құру туралы Келісім
және өзара қатынастарды тереңдетуді жүзеге асырудағы үш елдің кезең-кезеңді
Бағдарламасы құрылды.
1996 жылдың наурызында Кедендік Одаққа Қырғызстан қосылды. Тәжікстан
республикасы 1996 жылы ақпанның 26-нда Кедендік Одақтың толық-құқылы мүшесі
болды.
Кедендік Одақ өнімдер, қызмет көрсету, капиталдар, жұмыс күші ортақ
рыногінің құрылуына ықпал етуі тиіс. Бұл ұйымның нәтижелі жұмыс істеу үшін
мемлекеттер экономикалық реформалардың үйлесімді саясатын жүргізуге,
біртипті, шаруашылықты жүргізудің нарықтық принциптерінде негізделген
экономиканы реттеу механизмін құруға келісім берді.
Сонымен қатар, 1998 жылы Н.Назарбаев "Қарапайым адамдарға қарай
қарапайым он қадам" бастамасын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат 1998 жылы
қарашаның 24-нде Мәскеуде Кеден Одағы үкіметтері басшылары қол қойған
келісімдер мен шарттардың 10 жобасынан тұрды.
Жалпы, Назарбаев "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам"
бастамасы ТМД елдері қауымдастығымен өте жақсы қарсы алынды, себебі бұл
құжатта Н.Назарбаевтың интеграция процестеріне әрекетті тұр беру ұмтылысы
арқау болды.
"Еуразиялық одақ" концепциясының төжірибелік құндылығы кейін болатын
оқиғаларда көріністер тапты, олар бұрынғы одақтық кеңістікте кірігу
құбылысының кері айналмайтынын дәлелдеді.
2000 жылдың қазаңында Астанада Саммит кезінде Кедендік одаққа қатысушы
елдердің басшылары Еуразиялық Экономикалық қауымдастық құру туралы шарт пен
Өтінішке қолдарын қойды.
Жаңа кірігушілік қауымдастықты құру тарихи маңызы үлкен оқиға тұтас
экономикалық кеңістік құру жобасы жаңа мемлекеттік геосаяси құрылым
"Еуразиялық одақ" құру туралы фундаментальды жобаның бөлігі.
ЕурАзЭҚ моделі экономикалық өзара қатынастарда кірігу процестерін
бастауды жорамалдайды, кейін олар бірте-бірте барлық салаларда бағалы
мемлекетаралық қарым-қатынастарға өтеді.
Еуразиялық кірігудің бірінші қадамы ретінде тұтас экономикалық кеңістік
құруды ұйғарды, онда тарифтер, негізгі фискальді және салық нормативтері,
қаржы-валюталық және несие жүйелері бір қалыпқа келіп, жүйеге біріккен.
Төрттіктің бірінші адамдарының ресми хабарламаларын ескергенде,
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы Одақ шеңберінде экономи-калық
қарым-қатынастардың жалпы моделінің негізі ретінде саналады. Соған сәйкес,
осыдан кейін экономикалық, сонымен қатар, демпингке қарсы заңдарды
біріздендіру мен экономикалық кірігуді жүзеге асыру қадамы болу керек.
Қазақстан экономикасын әртараптандыру жаңа капитал түрін, жаңа
құндылықтарды құру, экономикалық білімге азаматтардың қатысу формасын
кеңейту үшін мүмкіндіктер туғызады.
Бүгінде еліміздің Президенті белгілеп берген мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асыру үшін талап етілетін мамандық пен кәсіптердің қысқаша тізбесін
беруге болады. Бұлар - басқарушылар, инженерлер, геологтар мен тау-кен
инженерлері, экологтар, осы заманға материалдар мамандары, ғарыштық
зерттеулер, логистика теориясы, IT-шешімі мен спутниктік технология бойынша
мамандар.
Сонымен бірге, философтар, саясаттанушылар, этнологтар мен тарихшылар.
Көліктік дәлізді дамыту, компьютерлік бағыттар, кабельдік желіні
қалыптастыру, спутниктік байланыс, жаһандық экологиялық және мелиорациялық
жобалар, энергетикалық кешенді жаңғырту – осының бәрі жоғары білімді осы
заманғы мамандарды талап ететін Үкіметтің, мемлекеттік холдингтердің,
қорлар мен корпорациялардың қызметінің салалары.
Қазақстан экономикасының дамуы елімізде қазақстандық ой-сана фабрикасын,
жаңа білім беру технологиясын құруды талап етеді. Зертханалар, мастер-
кластар, еліміз университтері жанындағы жоба әзірлеуші топтар – Қазақстан
ғана емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми ой-сананың қозғалтқышы
бола алады.

1.2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2009 жылдың 1 жартысында елде болған экономикалық кризистен Қазақстан тез
арада аяғынан тұрды. Кризис уақытында ЖІӨ 1,2 %- ды құрап, елде мұнай мен
шикізат өнімдеріне аяқ-астынан бағаның төмендеп кетуі экономикалық
құлдырауға алып келді.
Халықаралық валюталық қордың бағалауына сәйкес, өсу қарқыны 2011 жылдың 1
жартысында 7,1% деңгейін көрсеткен бұл мұнай державасы өте өсімтал елдердің
ондығына кіреді. Экономиканың қалпына келуіне шикізат тауарына бағаның өсуі
мен мұнай салаларының кеңеюі көмектесті; сонымен қатар, мұнай бағасы күрт
төмендеп кетпеген жағдайда, оның ары қарай өсуі болжанады. Алайда, көп
көлемдегі шикізат емес экономика салалары әлі де болса төмен өнім өндірумен
және бәсекеге қабілеттілігімен бейнеленіп, шикізат тауарларына бағаның
тербелістерін растаған.Қазақстан экономикасының көбіне өндірістік емес жəне
өндіруші секторлардан тұратын құрылымдық теңгерімсіздігі Қазақстан
экономикасының сыртқы экономикалық конъюнктураға тəуелділігімен күшейетін
негізгі макроэкономикалық тəуекел факторы болып қалуда. Инвестициялық
белсенділіктің сақталып отырған төмен деңгейі, əлемдік экономиканың
болжамды ғаламдық баяулауы, сондай-ақ сыртқы сұраныстың қысқаруы жақын
болашақта жалпы экономикалық өсудің төмендеуіне жəне Қазақстан
экономикасында орын алған диспропорцияның күшеюіне əкеп соқтыруы мүмкін.
Мұндай жағдайда мемлекет саясатын өңдеуші өнеркəсіпті дамытуды ынталандыру
бағытында күшейту талап етіледі. Экономиканың өсуі жəне əлемдік шикізат
нарықтарындағы қолайлы ахуал жағдайында 2011 жылғы 1-3-ші тоқсандарда
мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсуі байқалды, олар көбіне салық түсімдері
мен ҚРҰҚ трансферттері есебінен 2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда
33%-ға ұлғайды. Кеден одағының жұмыс істеуінің мемлекеттік бюджеттің кіріс
бөлігіне оң əсерін атап өткен жөн: 2011 жылғы 9 айдың нəтижелері бойынша
халықаралық саудаға салынатын салықтар мен сыртқы операциялар 2010 жылдың
осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9 есе дерлік өсті. Сонымен қатар
мемлекеттік шығыстарды ұлғайтудың қалыпты саясаты жалғасуда. Мəселен,
шығындардың өсуі 2011 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен
салыстырғанда 17% құрады. Бұл ретте ағымдағы шығындар күрделі шығындарға
қарағанда едəуір жылдам қарқынмен өсуде, бұл мемлекеттік бюджеттің
əлеуметтік бағытына байланысты. Бүкіләлемдік банк шеңберінде қаржыны
жылыстату проблемасына арналған, қылмыстық жолмен түскен табыстарды
заңдастыруға қарсы іс-қимылдардың жалпы жүйесіне, қаржы барлау
бөлімшелеріне және т.б. арналған анықтамалық материалдар таратады. 2011
жылы Қазақстан экономикасының өткен жылы қол жеткізген даму динамикасы іс
жүзінде сақталып қалды. 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЖІӨ-нің өсуі 2010
жылдың тиісті кезеңіндегі 7,5%-мен салыстырғанда 7% құрады, бұл ретте
өнеркəсіп өндірісінің өсу қарқынының төмендеуі ауыл шаруашылығының жəне
қызметтер секторының дамуының оң динамикасымен (кесте 1, сурет 1) өтелді.

Кесте 1
Салалардың ЖІӨ өсуіндегі үлесі


2006 2007 2008 2009 2010 2011
жыл жыл жыл жыл жыл жыл.9ай
Ауыл 0,38 0,55 -0,37 0,74 -0,71 0,56
шаруашылығы
Өнеркәсіп 2,12 1,48 0,62 0,87 2,54 1,18
Құрылыс 2,96 1,78 0,41 -0,31 0,27 0,31
Қызмет 5,63 6,73 2,29 -0,59 3,76 3,65
көрсетулер
өндірісі
ЖІӨ нақты өсуі10,70 8,94 3,32 1,20 7,30 7,00
Ескерту: ҚРСА, ҚРҰБ есептеулері



Сурет 1. Салалардың ЖІӨ өсуіндегі үлесі[1]

Халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдарына сəйкес Қазақстан экономикасының
өсу қарқынының баяулауы болжанатынын атап өткен жөн, ал Экономикалық даму
жəне сауда министрлігі (ЭДСМ) болжамдары əлдеқайда жоғары (кесте 2).

Кесте 2


  2011жыл 2012жыл
Халықаралық Валюта Қоры 6,5% 5,6%
Еуропа Қайта құру және 7,0% 6,0%
Даму Банкі
Еуразия Даму Банкі 7,0% 5,5%
Экономикалық даму және 7,0% 7,0%
сауда министрлігі
Ескерту: ХВҚ, ЕҚДБ, ЕДБ, ЭДСМ есептеулері


Қазақстан экономикасының өсуінің болжамы

Қазақстан экономикасының өсу қарқынының ықтимал баяулайтынын композиттік
индикаторлардың динамикасы2 да көрсетіп отыр. Мəселен, Қазақстан
экономикасының композиттік сəйкес келетін индикаторы 2010 жылдың екінші
жартысынан басталған экономикалық өсуді қалпына келтірудің жалғасқанын
көрсетіп отыр (сурет 2). Өз кезегінде, уақыт лагы 9 айлық композиттік
сəйкес келетін индикатор қозғалысының бағытын алдын ала айқындайтын нақты
сектор үшін композиттік басым индикатор экономиканың өсуінің 2012 жылғы 2-
тоқсаннан бастап ықтимал баяулауын көрсетіп отыр. Мұндай индикатор
динамикасы көбіне елдің іскерлік белсенділігіне қатысты сыртқы
тәуекелдермен байланысты. Мəселен, дамыған жəне дамушы елдер (Жапония, АҚШ,
Ресей, Еуроаймақ жəне басқалары) экономикаларының композиттік басым
индикаторы экономикалық белсенділіктің ықтимал баяулауын жəне кейбір
жағдайларда едəуір төмендеуін білдіреді. Бұл ретте Халықаралық Валюта
Қорының (ХВҚ) болжамдарына сəйкес əлемдік экономиканың өсу қарқыны 2010
жылғы 5,1%-дан 2011-2012 жылдары 4%-ға дейін төмендейді. Баламалы
халықаралық дерек көздері əлемдік экономиканың өсу болжамын 2012 жылы
тиісінше 2,4%-ға (Fitch Ratings) жəне 3,4%-ға (Экономикалық ынтымақтастық
жəне даму ұйымы) дейін төмендетті. Жетекші дамыған елдерде экономиканың
одан əрі даму перспективалары бюджет проблемаларын шешуге байланысты
болады. Нарығы қалыптасу жəне даму үстіндегі елдер бойынша бюджет-салық
саясатын қатаңдату жəне сыртқы сұранысты төмендету экономиканың өсуін
баяулататын факторлар болуы мүмкін. Экономиканың қалпына келуіне шикізат
тауарына бағаның өсуі мен мұнай салаларының кеңеюі көмектесті; сонымен
қатар, мұнай бағасы күрт төмендеп кетпеген жағдайда, оның ары қарай өсуі
болжанады. Алайда, көп көлемдегі шикізат емес экономика салалары әлі де
болса төмен өнім өндірумен және бәсекеге қабілеттілігімен бейнеленіп,
шикізат тауарларына бағаның тербелістерін растаған.

Сурет 2. Қазақстан экономикасының басым және сәйкес келетін
индикаторлары[2]

Шикізат нарықтарындағы бағалардың қолайлы деңгейінің жеткіліктілігіне жəне
экономиканың оң өсу динамикасына қарамастан мемлекеттік бюджеттің мұнайға
жатпайтын тапшылығы дағдарысқа дейінгі кезеңдегі деңгейге дейін төмендеген
жоқ. Экономиканың өсуі жəне əлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуал
жағдайында 2011 жылғы 1-3-ші тоқсандарда мемлекеттік бюджет түсімдерінің
өсуі байқалды, олар көбіне салық түсімдері мен ҚРҰҚ трансферттері есебінен
2010 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 33%-ға ұлғайды. Кеден одағының
жұмыс істеуінің мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіне оң əсерін атап өткен
жөн: 2011 жылғы 9 айдың нəтижелері бойынша халықаралық саудаға салынатын
салықтар мен сыртқы операциялар 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
2,9 есе дерлік өсті. Сонымен қатар мемлекеттік шығыстарды ұлғайтудың
қалыпты саясаты жалғасуда. Мəселен, шығындардың өсуі 2011 жылғы 9 айда
өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17% құрады. Бұл ретте ағымдағы
шығындар күрделі шығындарға қарағанда едəуір жылдам қарқынмен өсуде, бұл
мемлекеттік бюджеттің əлеуметтік бағытына байланысты. Мемлекеттік бюджеттің
салыстырмалы түрдегі өлшемдері мұнай түсімдеріне дағдарысқа дейінгі
кезеңмен салыстырғаннан да тəуелді екенін көрсетуде.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1. ҚАЗАҚСТАНДА ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Қазіргі кезеңде әлемдік экономиканың дамуында халықаралық
корпорациялардың рөлі ерекше. Бүгінгі күні ғаламдық трансұлттық
корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды және тиімді құралы
болып отыр. Ал әрбір елдің экономикалық табыстылығы сол елдің халықаралық
еңбек бөлінісінде алатын орнына, осындай корпорациялар бақылайтын әлемдік
технологиялық үдерістердегі үлесіне байланысты.
Осындай жағдайда өтпелі экономикасы дамыған елдердің үкіметтері
дұрыс макроэкономикалық саясат жүргізуі тиіс. Әлемдік экономикалық
байланыстарға тиімді қосылу мәселелерін шеше отырып Қазақстан Республикасы
трансұлттық экономикалық қызмет жүйесінің күрделілігін ескеруі керек.
Әлемдік қауымдастыққа табысты интеграциялану оның барлық
элементтерімен, ерекше трансұлттық корпорациялармен оңтайлы өзара әрекет
тетігін қалыптастыруды қажет етеді. Ол үшін трансұлттық корпорациялар
тарапынан болатын ішкі нарықтағы бәсекеге төтеп беретін, сонымен қатар
сыртқы нарықта берік орын ала алатын қуатты отандық экономикалық
құрылымдар құру қажет. Басқаша айтқанда, аса ірі трансұлттық бағыттағы
қазақстандық корпорациялар құру, ұлттық экономиканың халықаралық бәсекеге
қабілеттілігін арттыратын фактор болуы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын және қаржылық жағдайдың жіктелуі
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы геосаяси және экономикалық орны мен рөлі
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары»
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың құрамы сабақтас қылмыстардан айырмашылығы
Туроператордың және турагенттің, жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың халықаралық жеке құқық саласындағы құқықтық жағдайы
Сақтандыру операцияларына салық салу жүйесі, оны жетілдіру жолдары
Несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдаланудың жалпы сипаттамасы
Пәндер