Компьютердің жұмсақ бөлшек жүйесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе2

1. СМЖ дамуы және атқаратын қызметі мен нәтижесі3

2. ЖШС туралы жалпы мағлұмат6

2. 1. Жалпы ережелер6

2. 2. Жауапкершілігі12

2. 3. Қаржылық-шаруашылық қызмет12

2. 4. Қайта құру және тарату талаптары13

3. СМЖ енгізілген бағдарламасы15

3. 1. Сапа көрсеткіштері17

4. Компьютердің жұмсақ бөлшек жүйесі19

4. 1. Компьютерлердің даму беталысы және ерекшеліктері20

4. 2. Интернеттің негізгі ұғымдары22

4. 3. Байланыс құралдары және атқаратын негізгі қызметтері24

4. 4. Қызметкерлерге (қызмет көрсетуші персоналдарға) қойылатын талаптар27

5. Қызметті сертификаттау29

6. Мемлекеттік қадағалау31

6. 1. Техникалық ресімдеу33

7. Бизнес жоспар38

7. 1. Бизнес жоспардың мақсаты38

7. 2. Жобаның сипаттамасы39

7. 3. Қаржыландыру40

7. 4. Қызметтер40

7. 5. Даму жоспары41

7. 6. Жалпы шығындар41

7. 1. 1. Қосымша құрал-жабдықтың жалпы шығыны44

7. 7. Жылдық пайдалану шығындарын анықтау44

7. 8. Кірістер47

7. 9. Алынған нәтижелерді сараптау, қорытынды48

8. Еңбек қорғау49

8. 1 Өндірістік санитария49

8. 2 Микроклимат49

8. 3 Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін жарықтандыру талаптары49

8. 4. Электромагниттік өрістер52

8. 5 Өрт қауіпсіздігіне нормалар53

8. 6. Электр қауіпсіздік техникасы53

8. 7 Шу және діріл үшін талаптар54

8. 8 Халықаралық байланыс орталығы55

Қолданылған әдебиеттер64

Кіріспе

Қазіргі таңда түрлі ақпараттық технологиялардың адам өміріне еніп, оны (адам өмірін) түп-төркінімен өзгертіп жатқаны бәрімізге аян. Компьютерлік технологиялардың қоғамның күнделікті өмірінде алатын орны күннен күнге арта түсуде. Тіпті бұл саланың жетістіктерін адам дер кезінде игере алмай жатқаны да бар.

«Республикалық ақпараттық есептеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («РАЕО» ЖШС) 1999 жылдан бастап мемлекеттік тілдің ақпараттық технологиялар саласында қолданылу мәселесімен шұғылданып келеді. Яғни есеп-қисапты автоматтандыратын компьютерлік бағдарламаларды екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) жасап, қолдануға берудеміз.

1. СМЖ дамуы және атқаратын қызметі мен нәтижесі

ИСО 9000: 2000 халықаралық стандартында көрсетілген терминологияға сәйкес, сапа - бұл өзіндік мінездемелердің жиынтығы, талаптарды орындайтын дәреже. Сапа тапсырыс берушінің қанағаттануынан басталады, жұмыстың сенімділігінен, жасалуынан, қызмет етудің жылдамдығынан және қызмет ету жүйесінің әрекеттілігінен, кепілімен қоса қарағанда Сапа терминінің былайша философиялық тұрғыдан қарағанда, басқа да анықтамасын естіп жүруге болады:

  1. Сапа - бұл тапсырушының өніммен немесе қызмет көрсетуден алатын қанағаттануы
  2. Сапа - бұл қызмет алу үшін тапсырушының қайта айналып келуі;
  3. Сапа - бұл қызмет көрсету барысында қуатты және материалдарды үнемді пайдаланып, олар денсаулық, бақыт, қуаныш әкелуі тиіс және қоршаған ортаға зиянсыз болғаны абзал;
  4. Сапа - бұл дамуға бағытталған процесс.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, 30 пайыз - жалпы қызмет көрсету сапасын құрайды, 18 пайыз-бағасын, 20 пайыз-мерзімін, 18 пайыз-фирманың әйгілілігін, 14 пайыз-қызмет түрінің сапасын құрайды.

Дамушы нарықтық қатынаста қызметтің сапасы оның бәсекелестігімен анықталады.

Қызмет сапасының төмендеуі клиенттерден айрылуға да әкеп соқтырады. Сапасыз қызмет көрсету, қолданылатын жабдықтарды жөндеуден өткізу;

Нарық майданында сапа-қызмет көрсету бәсекелестігінің маңызды құралы болып келеді.

Бәсекелестік-бұл тұтынушының қызметті сол мезгілде сапа жағынан және баға жағынан сол нарық сегментінде басқалардың қызметінен жоғары бағалауы. Белгілі бір деңгейде байытылған нарықта бәсекелес қызмет негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: тұтынушыға керек болу және оның бағасы және сапасы оны қанағаттандыру керек. Бәсекелестікті өлшеу үшін, көрсетілген қызметті басқа ұқсас қызметтермен салыстыру керек. Сапа туралы ұғым әрдайым өзгеріп отырады. Сапа бірнеше жыл бұрын тұтынушыны қанағаттандырса, қазіргі кезде ол талаптарға сай келмей қалады. Қоғамның әр даму сатысында талаптар да соған орай дами береді. Бұрын сапа қателіктердің болмауында ғана еді, қазірде сапа туралы кеңірек ойласақ, оның пайдалануында болып отыр. Мысалы, жапон концепциясы сапаның 4 деңгейін қарастырып отыр.

1-ші деңгей - «стандартқа сәйкес келу». Өнім немесе қызмет сапасы стандарт талаптарына сай және сай емес болып бағаланады. Талаптарды анықтап алған жөн, өнімнің сапасын бағалау процедурасын және стандарттарды бекіткен жөн.

2-деңгей - «пайдалану сәйкестігі». Өнім тек қана стандартқа сай болып қана қоймай, пайдалану талаптарын қанағаттандыру керек. Сонда ғана ол нарықта үлкен сұранысқа ие болады.

3-ші деңгей - «нарықтың фактілік талаптарына сай келуі». Бұл төмен бағадағы жоғары деңгейдегі сапа. Мұндай жетістіктің жалғыз жолы қателіксіз өндіріс. Өндіріс сапасы инспекцияның бақылауы арқылы жасалмайды, ол өндіріс процесіне қатысатын жұмысшылардың сапаны үнемі жоғарылатып отыру ынтасынан туындайды.

4-деңгей - «жасырын қажеттіліктерді қанағаттандыру сәйкестігі». Мысалы, тұтынушы өзіне не керегін білмеуі мүмкін. Бұл жағдайда, егер оған ерекше, тұтқиыл жерде бір затты көрсетсе, сонда ол сол зат оған керек екенін ұғынады, ұнайтынын түсінеді.

ИСО 9000:2000 Халықаралық стандартына сай сапа менеджменті-бұл бағытталған істің басқару және мекемелерді басқару ісіне қатысуы.

Осылайша, сапа жүйесі мекемелердің менеджментін сапаға қатысты талаптарды орындауға бағытталған.

Сапа жүйесі-тұтынушыға керек тұрақты жоғарғы сапалы қызметті, оның келісімшартқа және стандарт талаптарына сай болуындағы басқару және техникалық шаралардың жиынтығы.

ИСО 9000 Халықаралық стандарт негізінде құрылған сапа жүйесінің маңызды мақсаттық ұстанымы - бұл тапсырушы талап еткен сапалы қызметпен қамтамасыз ету, және оған мекеменің оны істей алатынына қабілетті екендігіне көзін жеткізу. ИСО 9000 Х. С сай мекеменің сапа жүйесі бар екендігін сапа жүйесінің сертификаты дәлелдейді. ИСО 9000 сериясы ХС-сапа жүйесі қандай болуы керек екендігі туралы методикалық нұсқау сияқты, ал оның қалай іске асатынын мекеменің басшысы шешеді. Сапа жүйесі тек өнімнің сапасын арттырып қоймай, барлық өндірістің өнімділігін арттыруы қажет.

Сапа жүйесі мекеменің негізгі бағыттағы мақсаттар және есептерінің жүзеге асыру құралы болып есептеледі. Сапа аясында саясат құру сапа ісінде ең алғашқы қадамдар болып келеді.

Сапа жүйесінің жұмыс істеуі фирманың барлық қызметкерлерінің сапа ісіне қатысты екендігін білдіреді. Сапа жүйесін іске асыру өндіріліп жатқан өнімнің сапасына әсерін тигізетін техникалық басқару және адамдық факторлармен қамтамасыз етіледі.

Өнімнің сапасын басқаруына бағытталған жұмыстарды мекеменің арнайы бөлімінің бірі жүзеге асырады.

ИСО 9000:2000 ХС сәйкес «СМЖ. Негізгі заңдылықтары. Сөздік» сапа менеджмент жүйесінің келесі принциптері бойынша тұрғызылуы тиіс.

1-ші принцип-тұтынушыға бағытталу керек.

Кез-келген мекеменің өркендеуі қызметтің көрсетілу көлеміне байланысты болады, олар өз тарапынан осы қызметтеріне сәйкес қажеттілік және тұтынушының көңілінен шығуына байланысты. Тұтынушының көңілінен шығу тек өнімнің сапасынан емес, баға жағынан да жеткізіп беру жағдайы мен режимімен және сатылғаннан кейінгі қызметпен байланысты болады. Сондықтан стандарт тұтынушының сан қилы қажеттіліктер бағыты үшін, қызмет көрсеткенде дұрыс шешім қабылдау маңызды болып келеді.

Мекеменің бүткіл қызметкерлері тұтынушының мұқтаждығын және болжауын түсінуі және білуі тиіс.

Тұтынушының қанағаттануын әрдайым өлшеп және бағалап отыру керек, ал сапа жүйесі болса, осындай жағдайларды түзеп отыратын механизмді тұрғызу керек.

Қазірде кәсіпкерліктің негізгі бағыты маркетингтік зерттеулер жүргізу және нарықты талдау болып отыр. Өндірісті бастағанда, біздің қызметімізді қашан және қандай бағада сатып алатындарын дәлірек білуіміз керек. Әйтпесе тәуекел шығынға әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазіргі таңда мекеменің негізі болып тұрақты клиенттер болып табылады, олар тек біздің қызметімізді пайдаланады.

2. ЖШС туралы жалпы мағлұмат

«Ғарыш-82» ЖШС қызметі-халықаралық телефон байланыс жүйесімен әрі халықаралық интернет торына шығу. Мұндағы телефон байланыс жүйесі дүниежүзіндегі мемлекеттермен еркін арзан бағада байланыса алады.

Біздің ҚР «Қазақтелеком» байланысымен салыстырғанда әлдеқайда арзан және еркін, анық сөйлесе алады. Олай болуының себебі - бұл телефон байланыс жүйесі спутник қызметі арқылы тарайды, ал «Қазақтелеком» жүйесі болса телефон желісі арқылы байланысады, сондықтан да бұл байланыс жүйесінің бағасы қымбат болады, әрі сапасы төмен болады, өйткені желіде жаңғырық пайда болып, сөйлесуге кедергі жасайды.

Мысалы, Қытай Халық Республикасымен байланысы «Қазақтелекомның» қызметінен бұл ЖШС қызметі 10 есе арзан.

Бұл ЖШС қызмет көрсетуі ҚР кодексіне сәйкес қызмет етеді.

2. 1. Жалпы ережелер

1. Осы Жарғы бұдан әрі «Серіктестік» деп аталатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қоса жауапкершілігі бар серіктестер туралы» заңына, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңына сәйкес әрекет ететін Ғарыш жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің негізі болып табылады.

2. Серіктестік шағын кәсіпкерлік субьектісі болып табылады. Серіктестік жұмыскерлері орташа жылдық саны 50 адамнан аспайды. Осы шарттардан асып кеткен жағдайда Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында шағын кәсіпкерлері субьектілері үшін көзделген жеңілдіктерден айырылады.

Қазақ тіліндегі атауы: «Ғарыш-82» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Орыс тіліндегі атауы: Товарищество с ограниченной ответственностью «Ғарыш-82»

3. Серіктестіктің құрылтайшысы:

Тоқтаған Дәулет, жеке бас куәлігі №016187762. ҚР ІІМ 1009. 2004 ж берілген; мекен-жайы: Алматы қ. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті жатақханасының 53-бөлмесі.

4. Серіктестік белгісіз мерзімге құрылады. Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Серіктестік дөңгелек мөрі және басқа да штамптары, дербес балансы, банкте шоты болады, өз қызметінің нәтижелері үшін дербес жауап бере отырып, шаруашылық есеп қағидаларымен әрекет етеді.

5. Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы. 480016. Алматы қ Райымбек даңғылы. 174.

6. Серіктестік қызметінің мақсаты: пайда табу болып табылады.

7. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңарымен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асырады. Серіктестік Қазақстан Республикасының 1997 жылғы маусымдағы №131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы заңының бабының 7-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыруға құқы жоқ. Негізгі қызмет түрлері: атап айтқанда

-Компьютерлік қызметтер

-Интернет-кафе

-Химиялық тазалау қызметі

-Фотобейне қызметтер және фотобейне өнімдерін сату

-Шаштараз қызметі

Тізбесі заңды актілермен белгіленген жекелеген қызмет түрлерімен Серіктестік лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Жарғылық капиталы, мүлкі

1. Жарғылық капиталы 97100 (тоқсан жеті мың бір жүз) теңгені құрайды. Құрылтайшы Серіктестік мемлекеттік тіркелген кезге дейін Жарғылық капиталды 100 пайыз енгізу мен Жарғылық капиталды уақтылы енгізбеген жағдайда Құрылтайшы Серіктестік шығындарын өтеуге, сондай-ақ қолданыстағы заңдарда белгіленген көлемде Серіктестік тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

2. Жарғылық капиталды көбейту және азайту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

3. Серіктестіктің мүлкі Құрылтайшының салымдары Серіктестіктің түсірістері, сондай-ақ заңдармен тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен құрылады, есеп-шот балансында есепке алынады. Серіктестік өзіне тиесілі ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды, шикізатты, мукаммалды және өзге де материалдық құндылықтарды басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге сатуға, беруге, алмастыруға жалға беруге уақытша пайдалану үшін ақысыз немесе қарызға беруге, сондай-ақ заңды басқаша көзделмесе оларды балансынан есептен шығаруға құқылы.

Басқару

1. Серіктестіктің органдары мыналар болып табылады:

-Серіктестіктің жоғары органы - Құрылтайшы

-Серіктестіктің атқарушы органы - Директор

2. Құрылтайшының айрықша құзіретіне мыналар жатады:

-Серіктестіктің Жарғылық капиталының мөлшерін, орналасқан жерін, фирмалық атауын өзгертуді немесе жаңа редакциядағы жарғысын бекітуді қоса алғанда осы Жарғыны өзгерту;

-Серіктестіктің атқарушы органы құру және тағайындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Серіктестікті сенім көрсету арқылы басқаруға беру туралы шешім қабылдау және мұндай берудің шарттарын анықтау;

-Серіктестіктің ревизиялық комиссиясын (ревизорды) тағайындау және оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Серіктестіктің ревизиялық комиссиясының (ревизордың) есептері мен қорытындыларын бекіту:

-жылдық-қаржылық есепті және таза пайданы бөлу рәсімін бекіту;

-Ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін, Серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;

-Серіктестіктің басқа да шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға қатысуы туралы шешім:

-Серіктестікті қайта құру немесе тарату;

-Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту;

-Серіктестіктің барлық мүлкін кепілдікке қою туралы шешім;

-Серіктестік мүлкіне қосымша жарналар енгізу туралы шешім қабылдау.

Барлық мәселелер бойынша шешімді құрылтайшы жеке өзі қабылдайды және жазбаша рәсімдейді.

3. Серіктестікті құрылтайшы тағайындаған Директор басқарады немесе Директордың міндетін құрылтайшының өзі атқарады.

4. Серіктестік Директорының құзіретіне Құрылтайшының айрықша құзіретіне жатпайтын серіктестік қызметін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелердің бәрі жатады.

5. Директор:

-Серіктестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді:

-Серіктестік атынан әрекет етуге сенімхат береді, соның ішінде сенімхатты басқаға біреуге беру құқымен береді:

-Серіктестік жұмыскерлеріне қатысты оларды лауазымға тағайындау туралы оларды ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар береді. Еңбекақы төлеу жүйесін анықтайды, лауазымдық жалақылар мен жеке үстем ақылардың мөлшерін белгілейді. Сыйақы беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалау қолданады:

Заң актілерінде белгіленген тәртіппен Серіктестіктің мүлкіне және ақшасына иелік етеді, банкте есептік және басқа да шоттар ашады, қаржылық есеп беруді ұйымдастырады:

Серіктестіктің филиалдарын құру және өкілдіктерін ашу туралы шешім қабылдайды.

6. Директор қызметінің және оның шешімдерін қабылдау тәртібі осы. Жарғымен, ережемен және Құрылтайшы бекіткен өзге де құжаттармен анықталады.

7. Құрылтайшының талап етуі бойынша Директор Серіктестікке келтірген зиянының орнын толтыру жөнінде жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл жерде ол өзінің серіктестікті тиісінше басқармауы салдарынан туындаған зияндарды қоса жауап береді.

8. Директор өзінің Серіктестікті тиісінше басқармауынан туындаған Серіктестіктің дәрменсіздігі (банкроттығы) салдарынан үшінші тұлғалардың шеккен зияндары үшін осы тұлғалар алдында Серіктестікпен бірге субсидиярлық жауапқа тартылуы мүмкін.

9. Директорға:

-Құрылтайшының келісімінсіз Серіктестікпен мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер жасасуға (сыйға беру, ақысыз пайдалану, сату-сатып алу және т. б. шарттарды қоса) ;

-Серіктестіктің үшінші тұлғаларымен жасасқан мәмілері үшін Серіктестіктің өзінен үшінші тұлғалардың Серіктестікпен қарым-қатынасында олардың атынан немесе мүддесін көздей әрекет етуге:

-Серіктестік қызметімен бәсекелес кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға тыйым салынады.

10. Серіктестіктің қаржылық-шаруашылық қызметін қадағалауды Құрылтайшы тағайындаған және тек соған ғана есеп беретін Ревизиалық комиссия (ревизор), сондай-ақ өз құзыреті щеңберінде тиісті органдар жүзеге асырады.

Құқықтары

1. Серіктестік жұмыстары мен қызметтерінің құнын өзі немесе шарт негізінде анықтайды.

2. Серіктестіктің басқа кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынасы шарт негізінде құрылады. Серітестік шартың мәнін таңдауда, міндеттемерерді, қолданыстағы заңдарға қайшы келмейтін шаруашылық қарым-қатынастардың кез келген басқа да шарттарын анықтауда ерікті.

3. Серіктестік Құрылтайшыны хабардар ете отырып, жұмыскерлерінің еңбекақысын төлеу нысанын, жүйесін және мөлшерін, басқа табыс түрлерін қолданыстағы заңдар негізінде анықтайды.

4. Серіктестік кадрлар жинақтауды, даярлауды және қайта даярлауды өзі жүргізеді.

5. Серіктестік өндірістік және әлеуметтік даму қорының қаражатына өз қалауынша иелік етеді.

6. Серіктестік басшылығы қолданыстағы заңдарға сәйкес еңбек шарттарын (келісімшарттарын) жасауға, азаматтарды қабылдауға және босатуға құқылы.

7. Еңбек шарты (келісімшарты) немесе еңбек қатынастарын реттейтін басқа нысандар негізінде өз еңбегімен Серіктестік қызметіне қатысушы тұлғалар еңбек ұжымының мүшелері болып табылады. Серіктестік жұмыскерлері заңдарда белгіленген тәртіппен әлеуметтік сақтандырылуға, әлеуметтік қамсыздандырылуға жатады.

8. Жұмыс режимі Серіктестік Директорының бұйрығымен белгіленеді.

9. Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында және шетелде филиалдарын, өкілдіктерін құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ өзге заңды тұлғалардың құрылтайшысы болуға құқылы.

10. Серіктестік өнімі мен қызметіне шынайы сұранысты ескере отырып, даму болашағын өзі анықтайды.

11. Серіктестіктің:

- сыртқы экономикалық қызметті дербес жүргізуге:

- өзінің өндірістік ғимараттарының, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени тұрмыс обьектілерінің құрылысын жүргізуге жаңа прогрессивті технологияларды әзірлеуге қатысуға;

- белгіленген тәртіппен жаңа құрылымдық бірліктерді ұйымдастыруға құқығы бар.

12. Серіктестіктің акцияларды сатып алу және иелігінен шығару құқығы бар. Серіктестіктің өзіне заңдармен берілген басқа да құқықтары бар.

2. 2. Жауапкершілігі

1. Құрылтайшы Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзі енгізген салымдарының құны шеңберінде Серіктестіктің қызметіне байланысты зиян шегуге тәуекелге барады.

2. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша барлық өзіне тиесілі мүлкімен жауап береді. Серіктестік Құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

2. 3. Қаржылық-шаруашылық қызмет

1. Серіктестік қызметінің негізгі қорытынды көрсеткіші пайда болып табылады.

2. Серіктестіктің жылдық қызметінің нәтижелері бойынша түскен пайда Құрылтайшының иелігінде қалады.

3. Серіктестіктің мүмкін боларлық шығындары резервтік капитал есебінен жабылады. Шығынды жабуға резервтік капитал жетімсіз болған жағдайда оны жабу көздері туралы шешімді Құрылтайшы қабылдайды.

4. Ресурстарды ұйымдардан, көтерме және бөлшек саудадан, делдалдық ұйымдардан және жеке тұлғалардан сатып алу жүзеге асырылады.

5. Серіктестіктің қызметі өз қаражаты және несиелік қаражаттар, банк несиелері, халықаралық қаржылық институттардың гранттары мен займдары және шетелдік инвестиция есебінен қаржыландырылады.

6. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен белгіленген тәртіппен банк несиесін пайдаланады.

7. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржылық есеп жүргізеді.

2. 4. Қайта құру және тарату талаптары

1. Серіктестікті қайта құру (бірігу, қосылу, ажырау, бөліну, өзгеру) Құрылтайшының шешімімен, ал заң актілерімен белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдардың шешімімен немесе сот шешімімен жүзеге асырылады.

2. Серіктестікті қайта құрғанда құрылтай құжаттарына және заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізіледі. Қайта құрғанда Серіктестікке тиесілі құқықтар мен міндеттер оның құқығын иеленушіге ауысады.

3. Серіктестікті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Серіктестік Құрылтайшының шешімі бойынша таратылуы мүмкін. Сот шешімімен Серіктестік мынадай жағдайларда таратылады:

- банкроттық;

Серіктестікті құрған кезде жоюға болмайтындай сипатта заңдардың бұзылуына жол берілуіне байланысты оның тіркелуі заңсыз деп танылған тиісті рұқсаты (лицензиясы) жоқ қызметті не заң актілерімен тыйым салынған қызметті не заңдарды бірнеше немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған қолданыстағы заң актілерінде көзделген басқа да жағдайларда

Сондай-ақ Серіктестік қызметін тоқтатуға мынадай жағдайлар негіздеме болуы мүмкін:

егер Серіктестік Құрылтайшыларының саны жүзден асып кетсе;

егер Жарғылық капиталды азайту нәтижесінде оның мөлшері заңдарда белгіленген ең төменгі мөлшерден аз болса;

егер Құрылтайшы заңдарда белгіленген мерзімде Серіктестіктің Жарғылық капиталын түземесе.

5. Серіктестік Құрылтайшыларының саны жүзден асып кеткен жағдайда ол бір жылдың ішінде бөлінуі не бөлініп шығуы, не басқадай шаруашылық серіктестігіне, өндіріс кооперативіне немесе акционерлік қоғамға қайта құрылуы тиіс, бұл мерзім аяқталғанда, егер құрылтайшыларының саны жүзге дейін азаймаса - Серіктестікті мемлекеттік тіркеуді іске асыратын органның немесе басқа мүдделі тұлғаның өтініші бойынша сот тәртібімен таратылады.

6. Жарғылық капиталдың азаюы нәтижесінде оның мөлшері заңдарда белгіленген ең төмен мөлшерден аз болған, сондай-ақ Құрылтайшы заңдарда белгіленген мерзімде Серіктестіктің Жарғылық капиталын түзбеген жағдайда құрылтайшы бір жылдың ішінде жарғылық капиталға тиісті қосымша салымдар енгізуі тиіс. Басқаша жағдайда Серіктестік мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша сот шешімімен таратылуға жатады.

7. Серіктестікті таратуды Серіктестікті тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы жүргізеді.

8. Тарату комиссиясы не Серіктестікті таратуды жүргізетін басқа да орган Әділет министрлігінің орталық баспа органында тарату туралы, несие берушілердің талап қою тәртібі мен мерзімі туралы хабарлама жариялайды. Тарату комиссиясы таратылатын серіктестіктің қолда бар мүлкін бағалайды және несие берушілермен есептеседі, тарату балансын құрады және оны меншік иесіне немесе тарату комиссиясын тағайындаған басқа органға ұсынады.

9. Серіктестіктің ақшалары, мүліктің сатылуынан түскенді қоса алғанда, таратылған кезде бюджетпен және Серіктестіктің міндеттемелері бойынша есептескеннен кейін Құрылтайшының меншігі болып табылады.

10. Тарату заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығарылып тасталғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

11. Жарғыда айтылмаған барлық жағдайларда Құрылтайшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын басшылыққа алады.

Құрылтайшы Д. Тоқтаған

3. СМЖ енгізілген бағдарламасы

Сапа көрсеткіштері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат және ақпараттық технологиялар
Компьютерлік жүйелердің теориялық негіздері
Информатикадан берілетін дәрістер курсы
Қатты дискінің ішкі құрылымы
Компьютердің жадысын басқару
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Ақпараттарды өңдеудің техникалық құралдары
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Дербес компьютер компьютердің құрылысы
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz