Менеджмент фирманың басқару теориясы
МЕНЕДЖМЕНТ -- ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЭВОЛЮЦИЯСЫ МЕН БҮГІНГІ КҮН КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ 3
1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы 3
1.2 Кәсіпкерлікті басқаруды ұйымдастырудың негізгі формалары 5
ІІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ФИРМА 12
2.1 Әртүрлі нарықтық құрылымдар жағдайындағы фирманың іс-әрекеті 12
2.2 Маркетингтегі менеджмент 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
КІРІСПЕ
Экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше
кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға
ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр
түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары
және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін
атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік,
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акционерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады. Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды. Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді,
өзгерістерді қандай болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкеңдерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән
болады.
І МЕНЕДЖМЕНТ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Менеджмент фирманың басқару теориясы
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз елу және одан көп адам иелік ететің
бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және
фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы
ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту
мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша
капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жеткілікті
тұрғыда түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі
әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер,
аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б.
көбінесе, серіктестіктер формасы ұйымдастырылады.
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет
жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар
акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері
акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акционерлік қоғам деп аталады.
Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері
шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың
шексіз мүмкіндігі;
• акционерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа
бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның
мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акционерлік
қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер заңдық
құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар
мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты қызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акционердің
шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының
бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация
пайдасынын. Бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің
мол болуы;
• меншіктену мен бакылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер
барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны
айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары
одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес
болып бөлінеді.
1.2 Кәсіпкерлікті басқаруды ұйымдастырудың негізгі формалары
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең, ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жүмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise —
жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, тәуекел ету)
кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі
сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға
жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші
фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері
арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар
ірілерден камқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі
фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына
алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері
тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар
қажеттеріне, шығындардың томендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кету мүмкіндігі
мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап,
оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналысуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет
АҚШ-та пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазақстанда құрыла бастады, бірақ
жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құрайтын жағдайы төмен адамдар
үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер
өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріс тартуға
көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының
кепілі болып табылатын орташа таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің
даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес:
• ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• банкілермен байланыстьщ нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
• қиынсыз салық жүйесі;
• заңлардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• криминалдық прессинг.
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш варианттан жүргізу
қажет:
• шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту.
Орташа бизнестің ролі зор емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ
кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қата-рына шығуы
мүмкін, немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім
шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға
арналған техника жасау, қала сағаттарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік
береді.
Енді мынадай сұрақтардың реті келіп тұр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әр қайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық
экономика жаппай, түгел нарық түрін алмайды?
Нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы
жоспарлаудың болуына байланысты бостандыққа шек қояды. Мәселе нарық
механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі өздерінің
жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіс сөз
жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға
мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондық
(лат. transactio келісім) шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынастарын келістіру
процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан
тұрып, жаппай, тағы нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан,
трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы
шығындарды төмеңдетудің әдісі больш табылады. Фирмалар нарықтық механизмді
шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап
ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шыныңда, трансакцияларды
нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. Иерархия
(фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың
қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары
мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының теңдесу нүктесі
арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін иерархия (фирма) пайдалы болады,
ал содан кейін — нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістін
саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграцияланған фирмалар
болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары
сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді
сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі — диверсификация (ағылшынша
diversification — саналуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық
байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық
концерн Дюпон-де-Немур химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек,
рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. Кәсіпорын
деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа
дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ
коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет
болатын. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-
әрекетте болды, өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін сату туралы
бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын
өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-
ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады:
индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар.
Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорының
құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру
емес, бір тұлғаның (адамның) компаниясын құруды көздейді, яғни шаруашылық
қоғамдарды. Кәсіпорын деген түсінік тек коммерциялық емес ұйым ретінде -
меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нарықтық түсінім жағынан кәсіпорын кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру-
құқықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен - ғимараттардың, құрылыстардың
жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол унитарлық болады,
өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық
құрылымдардың) болады, сондықтан жұмыскерлердің арасында бөлініске
түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық кәсіпорындар.
Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Заңды тұлғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында,
ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде
жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық
емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп
тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында
бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
• өндірістік кооперативтер;
• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар. Шаруашылық
серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
• толық серіктестік;
• сенімді серіктестік;
• жауапкершілігі шектелген қоғам;
• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
• акционерлік қоғам (ашық, жабық);
• балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы
мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық
серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының
мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына
пропорционалдық түрде бөлінеді.
Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе,
бірнеше мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестіктер
сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын
қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар
осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатынаспайды. Бұлар серіктестіктің
пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың
құны көлемінде шығындар қауіпіне жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері
қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты
болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына,
солардың салымдарына пропорционал бөлінеді.
Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі
санына бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциялары
құнының шамасында болады.
Ашық акциоперлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп,
оны сатуға құқығы бар болады.
Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның құрылтайшылары
арасында бөлініп таратылады.
Балалық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның
жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан
бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық
қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20%
артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және
қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да
қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге
меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және
муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе,
діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың
жарна төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп
аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары
солардың мүшелері арасыңда бөлінеді.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес
қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін
бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың
тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест,
шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы
болады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес
ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе
басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға
жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып
бірлесуі мүмкін.
ІІ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ ФИРМА
2.1 Әртүрлі нарықтық құрылымдар жағдайындағы фирманың іс-әрекеті
Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды,
яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа
мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критерийі - барынша көп
пайда табу болады.
Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы
көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын
уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің
ізімен өзгеріп айырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа
факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп
аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат
салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға, немесе, жаңа
жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа
жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім
өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты,
фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік
беретін, уақыт мерзімі жатады.
Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте
алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды
келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне
жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен,
немесе, керісінше алмастырып отырады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы
ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-
қимылына назар аударайық. Фирманың мақсаты - баға мен шығындардың ара
алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында
ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек
жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне әсер
ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің бағасын көтерген
болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін
сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Фирма бағаға үстемдік ете
алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы технологиямен
болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек
өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда
алу үшін фирма қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің
нарықтық бағасы мен фирманың шекті шығындарын салыстыру қажет.
Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өсіріп отырса, онда
келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы
табысқа да және жалпы шығындарға да бірдеме қосып отырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz