Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі 2
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы 7
1.Басқару еңбегінің мазмұны,сипаты және ерекшеліктері 7
2. Басшы іс-әрекетінің психологиясы 10

Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі

Ұйымның сыртқы ортамен қарым-қатынасында менеджердің этикасы мен
әлеуметтік ролін, орнын анықтау өте маңызды. Осы қатынастың аталған
аспектісіне теориялық зерттеулер мен практикада үлкен назар аударылады.
Зерттеулер нәтижелері мен батыстық менеджменттің практикалық
тәжірибесі постсоветтік кеңістіктегі іскер- менеджерлер үшін үлкен сабақ
бола алады. Іскер-менеджер қоғам алдында, өз ұйымының қызметкерлері
алдында қандай дәрежеде әлеуметтік жауапкершілікке ие? Күнделікті
өндірістік және басқа да іс-әрекет процессінде байқалатын менеджердің
мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, бағыныштыларымен қатынасы қаншалықты әдепті?
Рыноктық қатынастарға көшуде бұл сұрақтарға дұрыс жауабын табу- үлкен,
маңызды іс болып табылады.
Бұл сұрақтарға табылған жауаптар менеджердің шынайы әлеуметтік
сипатын көрсетеді. Рынок дегеніміз тек товарлардың сауда-саттығы жүретін
орын емес, ол ең алдымен ерекше логика, психология, этика,басқа сөзбен
айтқанда маңызды мәдени орта. Осы күнгі, өркениетті рынокқа жазылмаған
заңдар, ойын тәртібі және қайырымдылық, сенімділік, адамгершілік сияқты
моральдік категориялар тән.
Бірақ, сонымен қатар рынокта оңай олжа, пайдакүнемдік, тұтынушыны
және бәсекешіні сыйламау сияқты жағымсыз сипатты тұлғалар да кездеседі.
Өкінішке орай, ТМД елдерінде іскер-менеджерлер арасында бұл сипаттама жиі
кездеседі.
Сондықтан әлеуметтік жауапкершілік және этика мәселелеріне ерекше
назар аударылып, менеджерлік кадрларды дайындауда, оқу процессінде,
күнделікті тәжірибеде бұл мәселелер ұдайы көтеріліп отыруы тиіс, өйткені
бизнес идеологиясы негізінде қандай қағидалар жатқаны қоғам үшін бәрі бір
емес.
Іскер-менеджердің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы мәселе осы ғасыр
басында көтерліді. Оған себеп болған бір жайт- бизнестің кейбір басшылары
әлеуметтік бағдарламаға өз қалауынша үлкен қайыр жасаған. АҚШ-та
Э.Карнеги, Джон Рокфеллер, Э.Вуд, Г.Форд және Ресейдегі Мамонтов, Морозов,
Третьяков және т.б. ктапхана, аурухана, ағартушылық т.б. жобаларға ірі
салымдар жасағаны көпшілікке әбден мәлім. Батыстық іскерлердің әлеуметтік
жауапкершілік сезімін оятуда олардың екінші дүниежүзілік соғыс және суық
соғыс кезеңінде мемлекеттік және әлеуметтік саясаттық мәселелерді шешуге
қатысуы, тығыз ынтымақтастығы, араласқаны үлкен роль атқарады.
XX ғасырда профессионалдық менеджмент дами түсті. Өндірістік
процесс жүруіне капиталист-меншік иесінің қажеттілігі барған сайын жойыла
бастады.
Бүгін корпорацияны басқарушы тұлғалар жаңа, ерекше топ құрады. Осы
күнгі капитализм жағдайында меншікті иемдену функциясынан басқару
функциясының бөлінуі ақиқат болды, осындай қалыптасқан жағдайда менеджерді
қызметке ынталандыратын мотивтерді айқындау өте маңызды.
Өндіріс дамыған сайын профессионалдық менеджер шешуші фактор болып
табылады және бүгінгі күнде экономиканың болашағын пайдаға ұмтылған меншік
иесі емес, менеджер белгілейді.
П.Дракер – Біз енді капитал және еңбек жайлы емес менеджмент
және еңбек жайлы айтамыз. Біздің сөздіктен капитал жауапкершілігімен
капитал құқықтары алынып, оның орнына менеджмент жауапкершілігі сөздері
ендірілді, - деп жазады. Осыған сай, менеджерлер мақсаты капитал
меншіктері мақсатынан басқа ма деген сұрақ болады.
Менеджерлер үшін пайда іс-әрекет стимулы болмайды, себебі олар өз
еңбегіне жалақы алады деген көзқарас қалыптасқан. Пайда тек акционерлер
үшін маңызды, ал менеджер өз қызметінде жергілікті қоғамдық ұйымдар және
тіпті бар елдің мүдделерімен есептесу керек.
Пайдаға ұмтылыс, іскерлік қимылдардың жетекші стимулы ретінде
болмайтындығын дәлелдей отырып, менеджер қызметінің басты себебі
субъективті ниеттер, этика нормалары және т.с.с. деп жарияланады.
Басқа, қарама-қарсы көзқарас бизнесмендер мен менеджерлер әлемі-
бұл пайданы қуу әлемі дегенге сүйенеді. Қоғамның салауаттылығы
корпорациялардың қамқорлығына жатпайды. Олардың қамы жағымды музыканы емес,
ақша жасау. Менеджер өз компаниясы үшін ең көп пайда алу ісіне адал
берілген бизнесмен болуы тиіс. Шиеленіскен бәсекелік күрес, ең жоғарғы
пайданың соңынан қууға, сан-алуан амал-айлаларға, жасырын және ашық
алаяқтыққа және т.б. негізделген бизнестің өзгеше тәсілдері мен әдістері
бизнеске өз моральдік (ар-ождан) түсініктері тән және мейірімділік пен
зұлымдық стандарттары біздің қоғамдағы басымдылыққа ие мораль (ар-ождан)
дәстүрлерінен бөлек екендігі туралы айтуға әбден жол береді.
Сонымен екі көзқарас бар. Біреуі, ұйым өз ресурстарының тиімді
пайдалану мен ең көп пайда алу қамын ойлауға міндетті экономикалық тұтастық
деп қорытады. Екіншісі- ұйым-экономикалық тұтастыққа қарағанда жоғары ұйым
деп жорамалдайды. Сыртқы орта оның (ортаның) құрамдас бөліктері- нің
мүддесімен айналысуды міндеттейді және пайдаланатын ресурстар бөлігі
әлеуметтік топтарға бағытталуы тиіс.
Ұйым жетекшісінің әлеуметтік жауапкершілігі әлеуметтік мәселелерге
ұйым тарапынан ерікті атсалысудың белгілі бір деңгейімен сипатталады, ал
заңдық жауапкершілік нақты заңдар мен мемлекеттік реттеу нормаларын
бұлжытпай орындауды білдіреді. Ұйым қызметінің экономикалық және әлеуметтік
жақтарын үнемі бір-біріне қарама-қарсы қою дұрыс емес.
Өмірден көп мысал келтіруге болады: жұмысшыларға әлеуметтік
қамқорлық жасау белгілі бір шығындармен байланысты болғанмен, ол еселеп
еңбек өнімділігінің өсуімен және пайданың артуымен өтеледі. Форд завод-
тарында жалақының күндік ставкасын көбейту мен смена ұзақтығын қысқарту
шаралары бұған айқын мысал бола алады. Әлеуметтік міндеттерді шешудің
айтарлықтай тәжірибесі кезінде кеңестік кәсіпорындарда жинақталған. Жоспар
басқарудың негізі құралы болғандықтан, ұжымдағы әлеуметтік қатынастардың
барлық жақтарын қамтығанарнаулы Ұжымның әлеуметтік даму жоспары тарауы
жасалатын. Өкінішке орай, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында жинақталған
тәжірибенің көптеген оң жақтары біртіндеп жойылып барады. Ұйымдардың
көпшілігінде тығырықтан шығу, яғни кәсіпорын пайдасы бірінші орында, ал
әлеуметтік мәселелер, қоғам мәселелері ең соңғы орындарға шегерілген.
Біздің іскер-менеджерлерімізрыноктың негізгі құндылықтарын мүлдем
өзгеше түсінеді. Шын мәнісінде, батыс елдері үшін алыс тарихта қалған
капитализмнің қалыптасуы мен дамуын бастан кешірудеміз. Посткеңестік
республикаларда орын тепкен бизнес этикасын зерттеушілер төмендегіше
сипаттайды:
- іс жүзінде қызмет көрсету дәстүрі мен әдетінің болмауы. Бұл
әсіресе, қызметкерлер арасында байқалады. Бірлескен кәсіпорындарға
қызметкерлер- ді іріктеп аларда батыстық әріптестер тарапынан мемлекеттік
сауда, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй шаруашылығында жұмыс тәжірибесінің
болмауы міндетті талап ретінде қойылуы кездейсоқ емес;
- өзін-өзі толық бағалы қызметкер ретінде сезінбеу, мойынсұнғандық,
нар тәуекелге бел байлап соңына дейін барудан қорқу. Сонымен бірге әп-
сәтте, таңғажайып баюға деген үміт;
- құлдық айбат, шыдамсыздық, коммуналды пәтер тұрғынының психоло-
гиясы;
- рантье психологиясы, тезірек пайда табу деген тілек, ақшаны сән-
салтанат бұйымдары, бағалы заттар, дүниемүлкіне салу (оларды істі
дамытуға инвестициялаудың орнына);
- тамыр-таныстыққа сүйеніп бәсекені шектеуге, монополизмге ұмтылу;
- дүниеқорлық психологиясы, тек өзі үшін жұлып алуға ұмтылу. Екі
батыс бизнесмені іске қатысты ұсынысты талқылаған кезде, пирогтың көлемін
бірлесе үлкейтуге тырысады, сонда ғана әрқайсысы үлкен үлеске ие болады. Ал
бізде тіптен басқа психология қалыптасқан. Пирогтың көлемі алдын-ала
белгіленіп қойылады да, әрқайсысының ендігі міндеті- өзіне деген үлесін
барынша жұлып алу;
- іскер адам имиджінің болмауы. Ол ойлау стилінде, киіну, өзін-өзі
ұстау манерасынан көрінеді.
Батыстың қазіргі заманғы өркениетті рыногы өзінің ар-ождан құндылық-
тарын, этикалық нормаларын қалыптастырды.Рынок- ол адамның жеке бас
мүддесін қоғамдық игілікке айналдыру механизмі деп табылады және бұл
адамның бүкіл мінез-құлық, жүріс-тұрысына әсер етіп, оның өнегелік
нормаларын анықтайды;
- қоғамға қызмет ету концепциясы. Ол көптеген танымал фирмаларға тән
және оған президенттен бастап жалдамалы персоналға дейін барлық
қызметкерлер тартылады. Дженерап моторсқа жақсы нәрсе – Америкаға да
жақсы, Жарқын өмір үшін; баршаның жақсы тұрмысы үшін жұмыс істейік,
Табысқа бірге жетейік және т.б. ұрандар көптеген батыс фирмала- рының
қызметінің мәнін ашады.
- шындыққа сыймайтындай, парадоксалды болғанмен де, ақшаға немқұ-
райдылық. Нағыз, тұтастай баурап алатын іс мінеки, бизнесменнің басты
байлығы. Ақшаға табынбау кәсіпкерге еркіндік беріп, (парасатты) тәуекелге
бел буып жол ашады;
- өз жетістігіне ұдайы қанағаттанбаушылық, салауатты атаққұмарлық
сезімі, табысқа ұдайы бағытталу, барған сайын күрделі де ауқымды
міндеттерді шешуге ұмтылу;
- адалдық, мейірімділік, ашықтық. Шыншыл болу әрқашанда тиімді. Адал
бәсекені тек қана мемлекет емес, кәсіпкерлердің мамандық бойынша құрыл- ған
ассоциациялары, одақтары, гильдиялары қорғайды;
- өз ісінің саласы мен ауқымына қарамастан, оны мақтан тұту. Батыста
мәртебелі бизнес жоқ. Тұтынушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етіп,
табыс әкелетін кез-келген бизнес мәртебелі.
Бүгінде Батыста жоғары бағаланатын іс-әрекеттің этикалық, ар-
ождандық нормаларын қарастыра отырып, келесі сәттерді де атап өтейік:
бизнес табысы қоршаған ортаның бұзылуы арқасында түспеу керек;
- пайданы бөлуде оның түсуіне қатысқандардың бәрі өз үлесін алуға
тиіс;
- еңбекте және басқаруда адамгершілікті насихаттау, қызметкерлер
арасында жоғары еңбектік моральді қалыптастыру. Бұл жерде жоғары
еңбектік моральді қалыптастыруда ерекше көңіл аударған жапондық
фирмалар тәжірибесін атап өту дұрыс. Еңбектік мораль жұмыс істеу
құштарлығы және ұйым мүшесінің сезімі сияқты екі компоненттен түрады деп
есептелінеді. Қызметкер тек жұмыс істеуге құштар болса, онда ол өзіне жақсы
орын мен еңбек жағдайын іздеумен ғана айналысады.
Бұл жағдайда мораль жеткілікті түрде жоғары болмауы мүмкін. Алайда,
моральдің екі құрамдастары жоғары деңгейден көрінсе, қызметкерлер өз ұйымы
қиын жағдайға ұшыраған кезде де одан қашып кетпейді. Олар өз еңбегін,
білімін және творчестволық потенциалын дағдарыстан өту жолын табуға және
бүкіл ұйымды қайта құруға бағыттайды.
Зерттеушілер ойынша, жапондық фирмалардың бәсекелестік артықшы-
лықтары тек әлеуметтік-мәдени дәстүр, яғни пассивті факторға ғана емес,
сонымен қатар қызметкерлердің жоғары еңбекті моральді ұстауына және өз
біліктілігін ұдайы жоғарылатуына негізделген. Көптеген жапондық фирмаларда
өндірілген өнімге, істеп жүрген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы
Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы
Тілдесу шеберлігі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Менеджердің менеджмент этикасы
Коносукэ Мацусита - жапон менеджментінің патриархы
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы
Левиннің зерттеулері
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Пәндер