Басқару этикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Басқару еңбегінің этикасы мен мәдениеті.

Қоғамдық еңбекті дамытудың маңызды белгісі оны бөлісу және біріктіру (кооперациялау) .

Басқару еңбегін ұйымдастыру - бұл ұжым алдындағы мақсатқа жетуге және аныкталған тапсырмаларды шешуге бағытталған адамдардың іс-қызметтерін құрылымды жүйеге келтіруге, үйлестіруге, реттеуге, біріктіруге арналған іс-қимылдар жүйесі.

Баскару қызметкерлерінің іс-қызметі төмендегідей жұмыс түрлері мен операцияларынан тұрады.

Творчестволық жұмыстар мен операциялар. Олар логикалық, ақыл-ой қимылдарынан тұрады: - салыстыру, талдау, синтездеу, нақтылау, абстракталық, тұжырымдар, қорытындылар, есептеулер, жобалау, шешімдер қабылдау. Бұл жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар және олар регламенттеуге келейді. Оларды іске асыру үшін басшы өзінің жұмыс уақытының 60% деңгейі, ал мамандар 40% дейінгі үлесін жұмсайды.

Логикалық жұмыстар. Олар белгілі бір тәртіпте және кезекте орындалады. Бұл жұмысты орындау үшін басшылар мен мамандар 20% дейінгі жұмыс уақыттарын жұмсайды.

Техникалық жұмыстар. Олар кеп жағдайда творчестволық, іске асырылуы қарапайым және жоғарғы мамандықты қажет етпейді. Мұндай жұмыстарға мәліметтерді жинау және өңдеу, құжаттау, т. б. жатады. Бұл жұмыстар регламенттеуте (көрсетуге) жеңіл көреді.

Этика - адамдардың моральдық сана-сезімдеріне, олардың өзара қатынастарына, қимылдрына ғылыми-теориялық дәлелдеме беретін және зерттейтін ғылым.

Этика неден қашу керек және нені істеу керек екендігін түсіндіреді. (Аристотель) .

Этика адамдарға өздерінен жоғары биікке кетерілуге, эгоизмнен арылуға және басқа тұлғалардан да тұлғаны керуге мүмкіндік беретін трамплин болып есептелінеді. (И. Кант) .

Этиканың негізгі бағыттары

Теориялық этика - моральдық мәні мен пайда болуын зерттеумен айналысады.

Нормативтік этика - заты болып адамның моральдық нормалар меи принциптерді ескере отырып қалай істеу керек деген сұраққа беретін барлық жауабы есептелінеді.

Кәсіптік этика (профессионалдық этика) - адамдардың нақты еңбек қимылдары шеңберіндегі этикалық принциптермен нормалар анықтайды.

Медициналық этика. Гиппократ - дәрігер әр жағдайда әділ, әдемі және кең жүректі адам болуы керек деп айтқан.

Педагогикалық этика - басты мақсатты адамның ішкі рухани байлығына еркін еңбек тәрбиелеу арқылы ықпал жасау.

Әскери этика. Армияның әскери күшін нығайту мақсатындағы оның баскару және ұйымдастыру деңгейін камтамасыз етуге бағытталған.

Басқару этикасы. Бұл профессионаддық этиканың бір түрі. Баскару этикасы - ол басқару іс-қызметіне бағытталған этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі.

Этикет - осы қоғамда қабылданған адамдардың қимыл тәртіптері және байланыстары.

Қызмет этикеті қызметкердің іс-қимыл аймағын (нормасын) және тек жұмыс жағдайындағы байланысын анықтайды.

«Басшы - бағынышты» қатынасының негізін қалайтын негізгі факторлар.

Бір-бірін сыйлау. Қызметкерлердің басшыға сыйластықпен қарауы, егер ол бағыныштыларымен ашық, әділ болса.

Өзара сенім. Егер басшы қатты бақылайтын болса, ол оның сеніміне енуге кепілдік келтірмейді.

Бір-бірінен үйрену. Бағыныштылар басшыларын сыйлайды, бағалайды, егер одан бір нәрселерге үйренуге болатын болса.

Этика және этикет талабы.

Үйлестіру қабілеті

Шешімділік және негізделген шегініс (жол беру, кері қайту)

Өзіне және басқаларға талап қоюшылығы.

Стрестік жағдайда жұмыс жасау қабілетінің болуы.

Қызмет қатынасындағы этикет тәртіптері

Әр уақытта өзіңіздің іс-қимыл, мінез-құлық тәртібіңізді басқаруды үйреніңіз. Өзіңіздің және басқалардың жақсы, жоғары көңіл-күйлерінің болуына тырсыңыз.

Жұмысқа келгенде, әріптестеріңмен амандас. Олармен жаңа жұмыс күнін бастауға қуанышты екендігіңізді және оларға сіздің көмегіңізге сенуге болатындығын байқатыңыз.

Бағыныштыларыңызға «Сіз» - деп сейлеу, ол жұмыс қатынасын және еңбек тәртібін ұстау құралы

Жиналысқа қатынасушыларға жоғары сыпайымдылық көрсетіңіз: бұндай жиналыстарға адамдар басқару шешімдерін шығару, қабылдау үшін келеді.

Басқаларды шыдамды таңдаңыз, айтылған ұсыныстарды өзіңіз онымен қарсы болсаңызда тындаңыз, қабылдаңыз, жиналыста қатысушылардың белсенділігін қуаттаңыз.

Әр жағдайда байсалдылық, өз-өзіңізді билеуді көрсетіңіз (соған қол жеткізіңіз) ; сыпайы болыңыз, бағыныштыларыңызды жұмсауда немесе оларға тапсырма бергенде, олар «бұйрықтан» гөрі «сұраймын» дегенді жақсы көретінін ұмытпаңыз.

Бағыныштыларыңызға әр уақытта ұқыпты болыңыз, әркез олардың жетістіктерін құрметпен атаңыз. Уақытында айтылған «Рахмет» ақшалай берілген құрметтерден тиімді болуы мүмкін. Егер біреуді айыптау керек болғанда әділ және нақты (дәлелді) болыңыз.

Айыптау түрін, көлемін таңдауда жұмысшының жасын, жынысын. темпераментін есепке алыныз және бұл айыптардың тәрбиелік зардабы (әсері) қандай болатындығын ескеріңіз.

Азаматтарды жеке сұрағымен қабылдаған кезде басқа жаққа алаңдамаңыз, қабылдаушыңызбен әділ, ашық, нақты болыңыз.

Сын механизмі - бұл адамдарға ықпал жасаудың күшті құралы, оған ұқыпты пайдалана білу керек: адамдарды дөрекі сөздермен әшкерлемеңіз. сынды дауға айналдырмаңыз, жөнді айтылған сынды қудаламаңыз. Олар сізді қателіктен, кемшіліктен арылтады, ұжыммен байланысыңызды нығайтады.

Дербес еркін қимылдайтын адамдарды бағалаңыз, жағымпаздардан қашыңыз. Одан сіз ұжымда мықты психологиялық климат болуына жәрдемдесесіз, оның еңбек тиімділігінің артуына көмектесесіз.

Жеке басшылықты шектен тыс пайдаланбаңыз, қоғамдық басқару органдарымен ақылдасыңыз.

Қызмет этикетін бұзған болып саналады:

Қызметкерлерге сенбеу.

Ұжым еңбегінің нәтижесін өзіне қосу.

Түсіндіру, көзін жеткізу орнына әміршілік ету, бұйрық беру.

Бағыныштылар қатарындағы қызметкерлердің қызмет этикеттеріне қойылатын талаптар:

Тапсырылған жұмысқа жеке тұлғалық жауапкершілік. Қызмет этикеті мұның ауқатында және сыйластықпен болғанын талап етеді.

Әрбір адам немесе қызмет, жұмыс байланысындағы адам ұнатуы не болмаса ұнатуына қарамай өзінің әріптестеріне сыйластық, сыпайышылдықпен қарауы керек.

Кейбір ерекшеліктерімен сипатгалатын басшы мен ұжым арасындағы өзара қатынастар

Біріншіден - ұжымдағы өзара қатынас сипатына белгілі ықпалды, басшы иеленетін құқықпен өкілеттілік жасайды.

Екіншіден - көпшілік ұжым үшін басшы деген тек қана лауазым емес, сонымен бірге ол мамандық, ұжымды басқару мен оның іс қызметін ұйымдастыруға керек болатын.

Үшіншіден - басшымен ұжым арасындағы өзара қатынас ұжымды ұйымдастыру, жұмылдыру және өзінің әлеуметтік функциясын (қызметін) орындау факторы болып есептелінеді. Басшы ықпалы оның құқы мен өкілетгілігімен ғана емес, сонымен бірге оның идеялық ықпалымен түсіндіруімен және үлгісімен анықталынады.

Тиі. мді басшы төмендегідей қасиеттерді иеленуі керек

1. Ол жаңалықтарға оң қарайды және ұжымдауға ұйымның мақсатына, міндетіне бағытталған өзгертулер мен жетілдірулерді құрметтейді, қуаттайды.

2. Ол өзі басқаратын ұжым өз іс-қызметінде барлық жаналық, жетістіктерді қолдануды қамтамасыз етеді.

3. Ол ұжымдағы ашық қатынасты және тиімді топтық дискуссияларды қолдайды.

4. Ол не істеу керек, қашан және қалай? яғни нақты тапсырмалар береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару еңбегінің мәдиниеті мен этикасы
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы туралы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы мәлімет
Бизнес этикасы мен бизнес психологиясы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы
Бизнестегі этикалық нормалар
Менеджер этикасы және әлеуметтік ролі
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы-қызметтік қатынастар негізі
Бизнес этикасы пәні
Заңгерлердің кәсіптік этикасының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz